Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару. Орындаған: Жұматаева Н. Тобы: хт-09-6к Жетекшісі: Қалдыбаева б шымкент – 2011 жыл Мазмұны


Суыту - технологиялық процестердің талаптарына сәйкес температураны төмендету; Құрамында



бет10/20
Дата24.08.2020
өлшемі296,34 Kb.
#76723
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
stud.kz-19533
stud.kz-80931
Суыту - технологиялық процестердің талаптарына сәйкес температураны төмендету;

  • Құрамында сүті бар өнімдер - өнімнің құрғақ заттарындағы сүттің құрғақ заттарының үлес салмағы кемінде 20%, сүт құрамына жатпайтын майларды және (немесе) белоктарды қоса алғанда, сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен және (немесе) сүт құрамына жатпайтын құрамдас бөліктерден дайындалған тағамдық өнім;

  • Ашыған сүт өнімдері - тірі ашытқы микроорганизмдерін қамтитын, рН-ді және белок коагуляциясын азайтуға әкеп соғатын ашытқы микроорганизмдерін пайдалана отырып, сүттің құрамдас бөліктерін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті және (немесе) сүт өнімдерін және (немесе) олардың сүтке жатпайтын құрамдас бөліктердің қоспаларын ашыта отырып әзірленетін сүт немесе сүттің құрамдас өнімі;

  • Сүт өнімдері - қайта өңдеуге арналған функционалды қажетті ингредиенттерді қамтуы мүмкін сүт құрамына жатпайтын майларды және белокты пайдаланбай-ақ сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен дайындалатын тағамдық өнім;

  • Сүтті қайта өңдеу - сүттің бастапқы қасиетін өзгертетін технологиялық операциялар кешені;

  • Сүтті тазарту - сүтті механикалық қоспалардан тазарту процесі;

  • Сүт-шикізат (шикі) - термикалық өңдеуге түспеген сүт;

  • Табиғи сүт - сүттің құрамдас бөлшектері реттеуге ұшырамаған сүт;

  • Табиғи сүт өнімі - табиғи сүттен дайындалған сүт өнімі;

  • Термоөңдеу - сүтті немесе сүт өнімдерін термикалық өңдеу процесі;

  • Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъекті) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

  • Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - өндіру (дайындау) объектісі) - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі кәсіпорын;

  • Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), ендірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты қауіпті факторды іске асыру және оның салдарларының ауыртпалығы мүмкіндігінің үйлесімін ескере отырып, жол берілмейтін қатердің болмауы;

  • Ультражоғары температуралық өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін 135оС-дан астам температурада кемінде 2 секунд ұстай отырып, сүтті және оның ағынындағы қайта өңдеу өнімдерін термоөңдеу;

  • Ферментті препараттар - сүтті қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезінде орын алатын биохимиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті белоктық заттар.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет