Курстық жұмыс Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі


Вербалдану (етістік қатарына өту)



бет9/11
Дата20.06.2022
өлшемі204,5 Kb.
#146855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Êóðñòû? æ?ìûñ Òà?ûðûáû Ñ?ç òàïòàðûíäà?û ñåìàíòèêàëû? ò?ñ³ëä³? ?
25 марта, Документ 3, 10-nuska 5 (1)
2.2.3 Вербалдану (етістік қатарына өту)
Вербалдану (етістікке айналу) - баска сөз таптарына жататын сөздердің етістікке ауысуы. Вербалдану негізінен морфологиялық жолмен туады. Мысалы: күрек - күректеу, балга - ба/іга/іау, үлкен - үлкею, қол - қолдану
Вербалданған сөз тіркесі құрамында етістікке айналатын сөз табы – сын есімдер, сан есімдер, зат есімдер. Олар сөз тіркесінің екінші сыңарында болып, алғашқы сыңарлар зат есім не есімдік болады. Мысалы, біз екеуміз, мен жаспын, сен баласың. Махамбет- ақын, Махамбет- батыр.
2.2.4 Адвербиалдану (үстеуге айналу)
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер басқа сөз таптарына қарағанда ең кеш қалыптасқан лексика- грамматикалық категория болып саналады. Ғалымдардың барлығы да үстеулердің зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің негізінен қалыптасқандығын, аталған сөз таптарының өзінің бастапқы тұлғалық қалпын (формасын) сақтай отырып үстеулер тобына ауысқандығын айтады. Шынында да, үстеулердің дербес грамматикалық категория болып қалыптасуында басқа сөз таптарының адвербиализациялану процесінің атқарған ролі ұшан-теңіз. Адвербиализация процесінің нәтижесіндегі басқа сөз табындағы кейбір үстеулер қатарына мүлдем, біржола өтсе, (мысалы, негізгі үстеулер), ендігі бір сөздер өздерінің бұрынғы категориясынан біржола қол үзіп кетпей, өзінің белгілі бір мағыналық тұлғалық қалпын сақтап қалды. Ондай сөздер дыбыстық тұлғалану жағынан екі сөз табына да ортақ болып, өзара лексика- грамматикалық омонимдер қатарын құрайды. Лексика- грамматикалық омонимдер белгілі бір сөз табындағы сөздердің екінші сөз табына ауысуы өте ұзаққа созылатын прцесс әрі ол сөздердің өздеріне тиесілі позициясынан басқа функция да ұдайы, тұрақты қолдануын қажет етеді. Қазіргі қазақ тілінде сөздердің бір сөз табынанбасқа сөз табына ауысуының нәтижесінде жасалған лексика- грамматикалық омонимдер өте көптеп саналады. Оны, мысалы, үстеулер мен сын есімдер құрамынан молынан ұшыратуға болады: 1. Тез (сын есім), тез (үстеу). 2. Жылдам (сын есім), жылдам (үстеу). 3. Еріксіз (сын есім), еріксіз (үстеу). 4. Жедел (сын есім), жедел (үстеу). Үстеу деп танылып жүрген сөздер өздерінің алғашқы лексика-семантикалық белгілерінен толық ажырамаған, екі жақты қызметі мен сипаты бар, қолданылу ыңғайына қарай аралық жағдайда сипатталатын, толық адвербиалданған сөздер. Біздің ойымызша, адвербиализация процесі үстеулердің жеке сөз табы болып қалыптасуында бірден –бір шешуші роль атқарған фактор сықылды. Неге десеңіз, тілдің даму барысында басқа сөз таптары адвербиализация процесінің нәтижесінде үстеулер тобына тікелей немесе белгілі бір формада көнеріп барып өткендігі байқалады. Соңғы жағдай, негізінен, қазіргі кезде әбден үстеуленген зат есім формаларына тән. Септік жалғауларындағы зат есім формалары кейбір оқулықтарды жазылып жүргендей, көнелену арқылы үстеу болып қалыптаспаған. Олардың үстеу болып танылуы ең алдымен адвербализация процесінің нәтижесі. Олардың үстеуленуіне бірден- бір себеп септік формаларының өзіне тиісті бастауыштық және толықтауыштық функциядан бөлек, басқа бір сөз табының синтаксистік қызметінде, яғни, пысықтауыштық позицияда тұрақты әрі жиі қолданысы. Сөйте тұра, қазақ тіл білімінде үстеулердің сөз табы болып қалыптасуының бірден- бір жолы – адвербализация процесіне жете мән беріле бермейді. Мұның өзі қазақ тіл білімінде үстеулердің жасалуы жайында белгілі бір жаңсақ пікірлердің қалыптасуына себеп болды. Соның бірі, мысалы, үстеулерді сөз тудырудың морфологиялық тәсілімен жасалады деу. Қазіргі қазақ тілінің барлық оқулықтарында үстеу туралы сөз болғанда, үстеулерморфологиялық тәсілмен де жасалынады делінеді де, үстеу жасайтын қосымшалар ретінде -сыз/-сіз, -лай/- лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, -ша/-ше, -қары/-кері т.б. формалар көрсетіледі. Мұндай пікірлер белгілі бір мөлшерде тілдік факті табиғатымен шын үйлесім таба бермейді, сондықтан ондай қорытындыларға бүтіндей қарсы дау айтуға тура келеді. Өйткені -сыз/-сіз, -лай/- лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, -ша/-ше т.б.қосымшалардың, әдетте, сын есім жасайтын өнімді жұрнақ екені мәлім. Ал -қары/-кері тұлғасы болса, ол тіпті, сөз тудыратын қосымша емес. Ол- түркі тілдерініңкөне дәуірінде (V- VII ғ.ғ.) барыс септік мәнінде жұмсалған. -ғару/-геру, -қару/-керу тұлғасының бүгінгі тілде санаулы сөздің құрамында сақталған (негізінен, мекен үстеулерінде) қалдығы. Ал, жалғаудың ешқашан сөз тудырмайтындығы айдан анық. Адвербиализация процесіне тек қана жалаң үстеулер емес, сондай-ақ күрделі сөздер де ұшырайды. Белгілі бір сөз табындағы сөздердің үстеуленуін синтаксистік тәсіл арқылы пайда болды деу оны морфологиялық тәсіл негізінде қалыптасады деумен бір болып шығады. Қысқасы адвербиализация процесі үстеулердің дербес, жеке грамматикалық класс болып қалыптасуының негізгі жолы әрі оның өзңне тән бірден- бір сөз тудыру тәсілі болып табылады. Демек, адвербиализация арқылы үстеулер сөз табы ретінде дамып, өз қатарларын үнемі басқа грамматикалық категориялардың есебінен толықтырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет