Курстың мақсаты мен міндеті Мақсаты



бет4/29
Дата01.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#151351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
балалар адеб лекция
балалар адебиет тест kaz
1.Сапарғали Бегалин өмірі.
2.Сапарғали повестеріндегі ауыл адамдарының өмірі.
3.Сапарғали шығармаларындағы мал шаруашылығының суреттелуі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар., Алматы-1979 ж
2. Ж. Аймауытов. Шығармалар Алмати., 1989 ж
3. Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті., Алматы 1974 ж
4. Ш. Ахметов. Қазақ совет балалар әдебиеті., Алматы 1976 ж
5. А. Байтұрсынов. Шығармалар., Алматы 1989 ж
6. Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы., Алматы 1963 ж
7. З. Қабдуллов. Сөз өнері.,Алматы 1992 ж


б) қосымша:
8. Қазақ совет балалар жазушылары.,Алматы 1987 ж
9. Ә. Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы., Алматы 1994 ж
10. М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті., Алматы 1974 ж

Лекцияның мәтіні:




1. Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі аға жазушы Сапарғали Бегалин өз өмірбаянымен оқушыларын былай деп таныстырған еді.
“Мен 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында тудым. Есейе келе өз үйімнің аз ғана малын бағып, қолғанат болдым. Әрі ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныдым. Содан соң керуенмен Семейге келдім, осы жерде менің нағыз еңбек қызметім басталды. Бір уақыт пристаньда жүкші болдым. Бұдан кейін Семейдегі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болыстым. Ол кісі кешкіліктерде маған орыс тілін үйренуге көмектесті. Соның көмегі арқылы мен приход мектебіне түстім, оны 1915 жылы бітірдім. Жаз айларында пристаньда жұмыс істедім.
1916 жыл патша үкіметі қазақтарды тыл жұмысына алғанда мен де Петроград түбіндегі Колипино станциясына тап болдым, мұнда көп нәрсені көріп, бастан өткердім, 1917 жылғы февраль революциясынан кейін март айында ғана үйге қайттым.
Октябрь революциясынан кейін ұзақ уақыт бойына совет қызметінде, болыстың атқару комитетінің председателі, уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары және тағы басқа қызметте болдым. 1923 жылдан 1928 жылға дейін аудандық халық соты қызметінде болдым.
Отызыншы жылдары қазақ ауылында колхоз құрылысы, қоныстандыру жұмысы жүрген кезде мені қазақ жер халық комиссариятының қоныстандыру секторы дегенге қызметке жіберді. 1935 жылы июльде “Теміржолшы” газетінің редакциясына ауыстым да, осында әдеби қызметке шындап араласуға мүмкіндік алдым. Газетте жұмыс істеуім, сайып келгенде, мені Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтына, кейінірек республика Жазушылар одағының аппаратына алып келді, мұнда мен ұзақ уақыт бойы консультант болдым.
Менің әдеби қызметім 1914 жылдан басталды. “Қазақ жастарына” алғашқы өлеңім осы кезде Троицкіде шығып тұратын “Айқап” журналында жарияланды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойына творчестводан қол үздім. Тек 1925 жылы В.И.Лениннің қайтыс болуы әсерінен оның ескерткішіне арнап мен өлең жаздым, бұл “Қазақ ақындары мен жазушыларының үні” жинағына кірді. 1935 жылдан бастап әдеби қызметке шыдап араластым.
Көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған менің алғашқы кітабым – “Қыран кегі” поэмам 1944 жылы шықты. Мұны оқушылар жылы шыраймен қарсы алды. Бұдан кейін жас аңшы туралы “Сәтжан” атты повесім шықты, бұл тұңғыш рет орыс тіліне аударылды, әрі конкурсте сыйлық алды. Бірінші жолы ол Москвада 30 мың дана тиражбен, екінші жолы 300 мың дана тиражбен шықты. Сондықтан да мен кітапты жас оқушылар жақсы қабыл алды дей аламын. Бұл повесть азербайжан, өзбек, армян және корей тілдеріне аударылды. Польшада “Сейіттің ботасы” деген әңгімелерім жеке кітапша болып шықты”.
“Көксегеннің бастан кешкендері” повесім 1949 жылы басылды. Осы кезде Қазақстан малшыларына арналған менің “Төлбасылар” атты әңгімелер жинағым шықты.
Балалар үшін мен зор сүйіспеншілік әрі ынтамен жазамын. Бұларға мен “Ермектің алмасы” атты әңгімелер жинағын, “Жеткіншектер” мен “Бақыт” повестерін, “Жас бұтақ” әңгімелер жинағын арнадым. Әр уақытта менің бұрын шыққан шығармалар жинағым, оның ішінде “Мектеп түлектері”, “Ананың қайраты”, “Жұмбақ кілт” және басқалар басылды. Бұдан басқа мен қазақ тіліне Мамин Сибиряктың әңгімелер жинағын, Лесковтың повесін, Пушкиннің, Лермонтовтың, Шевченконың, сондай-ақ осы заманғы ақындарының өлеңдерінен аудардым. 1963 жылы Л. Соловьевтің “Қожанасыр” повесін аударып шығардым. Қазір Шоқан Уалихановтың балалық шағы туралы повесім шықты.
2. Қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атаған болар едік. Сапарғали – балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы.
Сапарғали Бегалиннің балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтағанда, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс», «Тоятқан тауынан тауылыпты». Бұл повестері мен әңгімелері аңшылық тақырыбына арналған.
Туған өлкесінде, көбіне ауылда жүріп қызмет еткен Сапарғали жаратылыстың алуан түрлі байлығымен танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер салады.Бұл ретте С. Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып бүкіл одақтық бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн. «Күштінің күштісі – ақыл, ақылдың иесі - адам» дегенде, қандай жыртқыш, қандай күшті болса да, соның бәрін ақылмен жеңетін – адам. «Сәтжан» повесіндегі Сәтжанның образы дәл осындай әрекетті сипаттайды.
Халықтық шығармаларда әр алуан табиғат құбылыстары мен оның дүлей күштері адамнан өктем, керемет те ғажап дүние ретінде суреттелетін. Оның үрей тудырарлық ғажап көріністерінен қорқып, оған жалынып, жалбарынып, сыйынуға дейін баратын.Ал Сапарғали әңгімелеріндегі аңшылық өміріне байланысты суреттелетін табиғат сұрапылдары мен табиғат кереметтерін зерттеу, игеру, адам оны өзіне бағындыру тұрғысынан көрсетіледі. Табиғат өз бойындағы байлығын еңбек еткен адамға ғана ашпақ. Қандай табиғат тағылары болса да үйретіп ала білетін ұлы қасиет тек адамда ғана болмақ. Қорыта айтқанда, «Сәтжан» повесінің барлық желісінен «талапты ерге нұр жауар» деген халықтың даналық ойын сезінеміз.
Сапарғали Бегаллиннің аңшылық ісіне байланысты жазылған повестерінің қай – қайсысы болса да өлке тану жұмысына көп септігін тигізетінін байқатады. Қараса адам көзі тойғысыз табиғаттың әсем де сұлу көріністерін Сапарғали жақсы білумен бірге, оны өзі де жақсы суреттейді... «Көксегеннің көргендері» повесінен Алтай өлкесінің бай табиғатының ортасында, самырсын саясының жаңбыр тиіп көрмеген құстөсектей былқылдайтын құрғақ мүгі үстінде жүргендей эстетикалық әсер аласың. Алтай өлкесінде жайқалған егін мен шабындыны, суы толған балық пен құндызды, тауы толған бұғы мен маралды жазушы өмір дастанындай етіп суреттейді. Мұндағы Өтеш, Зарқұмар, Оралхан, Көксеген самырсын арасынан балқарағай іздеп жүрген қолы бос еріккен балалар емес, олар колхоз шаруашылығына көмектесу үшін пішен шабуға келген балалар. Сонымен бірге Алтай қияларындағы қырыққұлақ тепсеңінде сілеусінмен кездесуі, Қалаумен барып қасқыр атқаны, қалың жыныс самырсын арасында аюмен жекпе-жек айқасы, асты толқын, асуы қиын жартастан таутекені атқаны – осының бәрі адамдағы айла – амалды, қауіп – қатер басқа төнгенде саспайтын батылдық пен тапқырлықты көрсетуге арналған.
Осындай ұтымды тақырыптарды таба білу де жазушының шеберлігін танытады. Жас өспірімдер Сапарғалидің әңгімесін оқымас бұрын, ең алдымен оның тақырыбына қызығады. Мысалы, Сапарғали бір әңнгімесінің тақырыбын «Алданған жолбарыс » деп қойыпты. Әңгімені оқымас бұрын – ақ жолбарыс қалай алданды екен деген ойға қалады. Осы бір таң қаларлық қызықты ой әңгімені бастан – аяқ оқып шығуға мәжбүр етеді. Аң аулау қызығына шомып отырған бала оқиғаға өзі араласып отырғандай сезініп, кейде әңгіменің тез аяқталғанына өкінеді. Айталық, мергендер өмірі – балалар үшін ең қызықты, ең тамаша тақырып. Бұл жас өспірімдерді спорт жұмысының ең жақсы түріне үйретеді. Олардың шынығып өсуіне әсер етеді.
3. Сапарғали Бегалиннің балалар әдебиеті саласында көтерген күрделі тақырыбы – балалардың мал шаруашылығымен айналысуы. «Шопан даңқы», «Төлбасылар», «Сұрапылда», «Керкиік», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» деген әңгімелерінде мектеп балалары оқуды мал бағумен тығыз байланыстыра жүріп, өмір танығанын көрсетеді. «Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі»деген даналық сөздің төркіні неге байланысты туғанын жазушы мал шаруашылығына арналып жазылған бірнеше әңгімелері арқылы суреттей келіп, тәжірибелі шопандардың жұмысын балалардың алдына үлгі етіп ұсынады.
Мал өрісінің тетігі – жақсы қоныс. Сапарғали мал шаруашылығына байланысты әңгімелерін алдымен мал өрісі жайлы қонысты суреттеуден бастайды.Мұның өзі табиғаттың мол байлығының көзін тауып, осыны қалай пайдаланудың тетігін білуге үйретеді: «Шопан даңқы» әңгімесінде малдың жайлы қонысын суреттеу соның негізгі арқауы болып өріс алады. Отан соғысы жылдарында, ер азаматтар майданға кетіп мал азығы дайындалмай, жетіспей жатқан уақыттарда, мал басын жұттан аман сақтап, жол тауып кеткен тәжірибелі іскер шопандардың ерлік істерін көрсетеді.
Жалғыз бұл емес, «Сұрапылда» деген әңгімедегі жылқышы Қалиманың қақаған борандарда ықтап кеткен жылқыларын апаттан аман алып қалғаны да осындай суреттелген.
Сапарғалидің балаларға арнала жазылған әңгімелеріндегі аң аулау, спорт, мал шаруашылығына байланысты жазылғандарының бәрінде де ондағы кейіпкерлердің өмірге, өндірістік іске тікелей араласып, мектептен алған білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастырып, екі жақты бурдей жетіліп, өсіп келе жатқанын танытады. «Адамның оқу оқып, тәрбие алатын шағында оқу мен тәрбие адам өмірінің ең басты қазығы болуға тиіс, ал бұл үшін шәкірт қолайлы ортаның құшағында болуы керек » - дейді К.Д. Ушинський. Сапарғали әңгімелеріндегі басты кейіпкерлердің бәрі де Ушинський айтқандай, өз оқуын өмір тіршілігімен тығыз байланыстырып, қолайлы ортаның қоршауында, еңбек майданының ортасында жүреді. Сол арқылы жас өспірімдердің еңбекке деген құштарлығын, ынтасын арттыра түседі.

3 лекция




М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірлі құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет