Курстың мақсаты



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі50,29 Kb.
#86091
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
адам анатомиясы мен физиологиясы факультатив
8-наурыз, Алг 8 сын
Гормондар

Ағзадағы бездер

Қалқанша безі

Қалқанша маңы безі

Бүйрекүсті безі

Гипофиздің
алдыңғы бөлігі

Гипоталамус

Аталық аналық бездер

Тестостерон



















Норадреналин



















Эстрадоил



















Паратгормон



















Окцитоцин



















Өсу гормоны



















Вазопрессин



















Тироксин



















Адреналин



















Қорытындылау: Тест сұрақтары:


1. Тимус безі орналасады:
а) бас миында ә) мойын бөлімінде б) кеуде бөлімінде в) құрсақ бөлімінде
2. Ағзада кальций алмасуын реттейтін гормон:
а) тироксин ә) адреналин б) инсулин в) паратгормон
3. Йодтың жетіспеуі қай бездің қызметін төмендетеді?
а) ұйқы безі ә) қалқанша без б) бүйрек үсті безі в) тимус
4. Ішкі секреция бездерін атаңыз:
а) май безі ә) қалқанша безі б) сүт безі в) сілекей безі
Жауаптары: 1-б, 2- в, 3-ә, 4-ә

Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №2. Бұлшықеттің қажуы


Мақсаты: Қол бұлшықетінің бүгу күшін анықтау және изотониялық және изометриялық жаттығудан кейінгі қажуды салыстыру.
Зертханалық жұмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен түсініктерді қарастыруы қажет:
Бұлшықет жасушалары, басқа да жасушалар сияқты, қалыпты жұмыс істеуі үшін оттегі мен энергияны қажет етеді.
• Бұлшық ет изометриялық және изотониялық жаттығуларды қосқанда түрлі әрекеттерді атқарады.
Орындалатын жұмыс туралы қысқаша ақпарат
Біріңғай салалы бұлшықеттер өздері жиырылады да автономды жүйке жүйесімен реттеледі. Олар ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан, соның қатарында өкпенің бронхыларын, қуықты, асқазанды, қантамырларды, көздің қарашығын, және жатырды астарлайды. Адам ағзасында болатын басқа да үрдістер сияқты бұлшық еттердің жиырылуы энергияны қажет етеді. Бұлшық еттерді қозғайтын энергия АТФ молекуласынан алынады.
Бұлшық еттер жүйкелер мен нейробұлшықеттің бірігуі бар қозғалыс бірліктерінен тұрады, олар жүйке мен бұлшық еттерді байланыстырады. Осындай ұйымдасу жалғыз жүйкеге аталған қозғалу жүйесіндегі барлық бұлшық ет клеткаларына белгі беруді және қозғалу бірлігіне бір уақытта қысқаруды мүмкін етеді.
Бір жүйкенің серпіні бұлшық еттің тырысуына әкеліп соғады. Бұлшық ет ынталандырылады, содан кейін максималдық созылуға дейін босайды. Егер серпінді беру тоқтаусыз жалғасса, онда бұлшық еттік тырысу артады, өткені бұлшық ет бұлшық еттік жиырылулар арасында тынығып үлгермейді. Жасушалық бұлшық еттердің тынығусыз, ұзақ созылмалы бұлшық еттік қысқаруы «түйілу» деп аталады. Бұл ретте АТФ деңгейі төмендейді де, бұлшық еттік қажу пайда болады.
Изометриялық жаттығу
Изометриялық жаттығуды орындау кезінде бұлшық еттер жиырылады, бірақ қозғалмайды, сондықтан бұлшық ет талшықтары қалыпты ұзындықты сақтап отырады. Жаттығулар әдетте қозғалмайтын беткейіне қатысты жасалады, мысалы қабырғаны алақанмен басу. Изометриялық жаттығу белгілі бір бұлшық етті немесе бұлшық ет тобының күшін дамыту үшін тиімді болып табылады.
Изотониялық жаттығу
Изотониялық жиырылуды орындау кезінде дене бөліктері қозғалады және бұлшық еттер жиырылып және созылып отырады. Отырып –тұру, еденнен тартылу және биікке тартылу изотониялық жаттығуларға жатқанмен, ауыр затты, мысалы гантельдер мен штангілер көтеру, изотониялық жаттығудың классикалық мысалы болып табылады.
Жұмыс барысы:
Жұмыс алдында оқушыларға мынадай проблемалық сұрақтар қойылады:

  1. Изотониялық жиырылудың бір минутынан кейінгі қысу күші изометриялық жиырылудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай өзгереді деп ойлайсыз?




  1. Сіздің басым қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күші басқа қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай өзгереді деп ойлайсыз?

Тәжірибені нұсқаулық арқылы орындайды:


1. Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибе бастаңыз.
2. Спирометрді мәліметтер жинау жүйесіне қосыңыз.
3. Кестеде х осіндегі уақытпен салыстырғандағы у осіндегі күшті көрсетіңіз.
4. Резеңке тіреуішті күш датчигінің алдыңғы жоғарғы бетіне орнатыңыз.
Мәліметтерді жинау үш қайтара жүргізіледі: жаттығуды орындағанға дейін, изотониялық жаттығудан кейін, изометриялық жаттығудан кейін.
PASKO оқулығындағы нұсқау бойынша барлық жаттығулар жасалып мәліметтер жиналады. Мәліметтерді талдау үшін кестеге түсіріп, алынған өлшемдер белгіленеді.
Мәліметтерді талдау үшін сұрақтар қарастырылады:
1. Жаттығуды орындағаннан кейін қысу күші қалай өзгерді?
2. Изотониялық жаттығудан кейінгі қысу күші изометриялық жаттығудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай өзгереді?
3. Жаттығуды орындағаннан кейінгі алғашқы 60секундтан соң басым және басым емес қолдардың нәтижелері өзгеріске түсті ме? Түсіндіріңіз.
Сыни ойлауын дамытатын сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыз, қандай бұлшықеттер тезірек шаршайды: жиі қолданылатын бұлшық еттер ме, әлде сирек қолданылатын бұлшық еттер ме? Түсіндіріңіз.
Тақырыпты қорытындылауға арналған тест сұрақтары:
1. Бұлшықеттік жиырылудың қандай түрінде бұлшық еттер қысқармайды және ұзармайды?
A. Қажу кезінде
B. Изотониялық
C. Изометриялық
D. Изотониялық және изометриялық
2. Бұлшық ет жете алатын және бұлшық еттің ауқымына тікелей сәйкес келетін күштің сол бір басым бөлігін суреттеу үшін қандай ұғым қолданылады?
A. Қуат
B. Қарсылық көрсету
C. Күш
D. Көрсеткіш
3. Бұлшық еттердің ауыр зат көтеру кезіндегі қысқарулары қалай аталады?
A. Изотониялық
B. Изометриялық
C. Санасыз
D. Рефлексті
4. Бұлшық ет анаэробтық шектен асқанда қандай қышқыл шығарылады?
A. Сүт қышқылы
B. Сірке қышқылы
C. Лимон қышқылы
D. АТФ

Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №3. ЭКГ: жүрекке әсер ететін факторлар


Мақсаты: Оқушылар электрокардиограмма датчигін пайдаланып жүрек бұлшықетінің электр белсенділігін бақылайды:
• ЭКГ жүрек электр әлеуеті толқындарының үш аралығының физикалық жүктемеге дейінгі және одан кейінгі уақыт бойынша ұзақтығын анықтау.
• Қыз балалар мен ұл балалардың денесіне түсетін жүктемеге дейін және кейінгі ЭКГ бойынша уақыт аралықтарын салыстыру.
•Тапсырмалардың осы деңгейіне қосымша ретінде жүрекке әсер ете алатын басқа әсерлерді ұсыну.
Зертханалық жұмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен түсініктерді қарастыруы қажет:
• Адамның қан айналым жүйесі жүректен, қан тамырларынан және онда ағатын қаннан тұратындығын сабақ барысында танысу.
• Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану арқылы жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алуға болатыны туралы пікір алмасу.
• Дене шынықтыруы жаттығуларын орындау кезінде, дене бұлшықеттерін қан мен оттегімен көбірек мөлшерде қамтамасыз ету үшін жүрек тезірек соғады. Жаттығу неғұрлым қарқындырақ болса, соғұрлым жүрек тез соғады. Сондықтан, жүректің жаттығу кезінде соғу жиілігін бақылау –жаттығу қарқындылығын бақылау үшін тамаша әдіс.
• ЭКГ жүрек соғу жиілігін көрсетеді. Ол жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын бақылауға мүмкіндік береді.
Орындалатын жұмыс туралы қысқаша ақпарат
Дене белсенділігі тыныштық күйге қарағанда жүректің қаттырақ соғуына әкеледі. ЭКГ датчигі жүрек камералары жиырылғанда өндірілетін әлеуетті электртолқындарды өлшейді. ЭКГ –бұл жүрек бұлшықетінің қызметін тікелей өлшеу емес. Тыныштық күйде өлшенетін ЭКГ көрсеткіштерін және дене белсенділігі кезіндегі ЭКГ мәліметтерін салыстыру дене белсенділігі кезіндегі жүрек жиырылуындағы өзгерістерді көрсете алады.
ЭКГ жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын көрсетеді. Жүрек соққан сайын жүрек кардиостимуляторы электр толқынын өткізеді. Электр ағыны синустық –жүрекше түйін арқылы жүректің жоғарғы оң камерасына және екі төсенгі камерасына, жүректің қарыншаларына өтеді. Әр жиырылу электр белсенділіктен кейін пайда болады. Бүкіл дене бойынша орналасқан электродтар жүректен шыққан сигналдарды жазады. Электрокардиограмма сигналының кәдімгі бес толқыны бар:
• Р толқыны – қанды төменгі камераларға өткізу үшін жүрекшенің жиырылуына дейін пайда болатын жүректің жоғарғы камераларындағы электр сигналы болып табылады.
• Q,R,S толқындары –жүректің қарыншалары қанды қолқа арқылы денеге өткізуіне дейін пайда болатын электр сигналы болып табылады.
•Т толқыны –жүректің жоғары камераларының кеңеюі мен аса толуы алдында пайда болатын электр сигналы болып табылады.
Үлгілі ЭКГ-ның бір бөлігі –электробелсенділіктің жоқтығын көрсететін түзу сызық немесе із. Бұл сызық изоэлектр сызық деп аталады. Осы сызықтан ауытқу жүрек бұлшықеттерінің электробелсенділігін көрсетеді.
Әдеттегі ЭКГ-де изоэлектр сызықтан алғашқы ауытқуы –бұл жоғарғы тамыр соғысы, одан кейін изоэлектр сызық орнына келеді. Бұл Р толқын деп аталады, оның ұзақтығы -0,04 секунд. Бұл толқын жүрекшенің деполяризациялануынан және жүрекшенің жиырылуынан пайда болады.
Изоэлектр сызық оралғаннан кейін жүректің АВ түйіндері деполяризацияланып өткізгіш талшықтардың атриовентикулярлық байламы бойынша Пуркинье талшықтарына сигнал бергенше жүректің қан қуыстарының барлық бөліктеріне дерлік бір кезде деполяризациялануына келтіретін кішкентай кідіріс пайда болады.
АВ түйіні деполяризацияланғаннан кейін Q толқын деп аталатын төмен қарай жүретін соққы пайда болады. Q толқынынан кейін тез арада R толқын деп аталатын сызық қаттты көтеріледі, содан S толқын сызығы төмен түсе бастайды және изоэлектр сызық орнына келеді. Осы үш толқын бірге QRS кешені деп аталады. Бұл кешен жүректің қан қуыстарының деполяризациялануынан пайда болады және жүректің қан қуыстарының жиырылуына байланысты.
Аз уақыттан кейін жиырылуға қатысты химиялық иондар бастапқы орнына қайтып келеді. Бұл иондардың қозғалысы изоэлектр сызыққа оралатын жоғарғы толқынды тудырады. Бұл жоғарғы импульс Т толқын деп аталады және жүректің қан қуыстарының қайта поляризациялануын білдіреді.
Р толқыннан Т толқынға өту жүректің бір циклі болып табылады. Осындай циклдердің бір минуттағы саны жүрек ырғағының жиілігі деп аталады және тыныштық күйінде жүректің бір минутта 70-80 соғуына тең.
Жұмыс барысы:
Тақтаға ЭКГ үлгісі жазылып бес толқын белгіленеді. РR аралығын белгілеу: РR аралығы жүректің қарыншаларының деполяризациялануынан
(Р толқынының басы) жүрекшелердің деполяризациялануына дейінгі (QRS кешенінің басы) кезең болып табылады.
QRS кешенінін белгілеу: QRS кешені жүрек қарыншаларының деполяризациялануы кезеңін көрсетіп, Q толқынының басынан S толқынының аяғына дейін созылады.
QТ аралығын белгілеу: QТ аралығы Q толқынының пайда болуынан Т толқынының аяқталуына дейін өлшенеді. Бұл жүрек қарыншаларының деполяризациялануының басталуынан жүрек қарыншаларының қайта поляризациялануының аяқталуына дейін созылатын кезең.
Тапсырмалар нұсқаулық бойынша орындалады.
1. Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибені бастаңыз.
2. ЭКГ датчигін мәліметтерді жинау жүйесіне жалғаңыз.
3. Кернеуді у осінде милливольтпен х осінде уақыт бойынша секундпен өзгертуді таңдаңыз.
4. Үш электродты тілікшені қағаз астарынан босатыңыз. Бірінші электродты оң білезікке жақсылап жапсырыңыз. Екінші электродты оң шынтақ қуысына салыңыз. Үшіншісін сол шынтақ қуысына салыңыз.
5. Әр электродты тілікшені қолдың ішкі жағында орналастырыңыз, электрод сымының шетіндегі көзі төмен қарай көрсетіп тұрсын және датчик сымы бос салбырап тұруы үшін электродты тілікшенің ұшын бұрамаңыз.
6. Қара «қолтырауын» қысқышты электродты тілікшемен білезікте жалғаңыз.
7. Жасыл «қолтырауын» қысқышты оң шынтақ бүгілісіндегі электродты тілікшеге жалғаңыз.
8. Қызыл «қолтырауын» қысқышты сол шынтақ бүгілісіндегі электродты тілікшеге жалғаңыз.
9. ЭКГ-ге түсірілетін адам босаңсып, тыныш күйде болуы керек. Оның тыныш дем алғанын бақылаңыз.
10. Мәліметтерді жазуды бастаңыз.
Дене жаттығуларын орындағаннан кейін бақылауды дәл осылай қайталайды. Тәжірибелердің барлығының нәтижелері құрылғының жадында сақталады. Жасалған тәжірибелердің нәтижелерін мына графиктерді үлгі ретінде қолдана отырып талдауға болады.
Әр сарамандық сабақты жүргізгеннен кейін оқушылардың тақырыпты толығырақ түсінуі және сыни ойлау қабілеттерін ұштай түсу үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды талдау қарастырылады.
Талдауға арналған сұрақтар:
1. ЭКГ РR аралығының тыныштық күйіндегі және жаттығудан кейінгі ұзақтығын салыстырып, айырмашылығын түсіндіріңіз.
2. ЭКГ –жүректің белгілі мәселелерін анықтайтын құрал, ЭКГ арқылы жүректің қандай күйлерін анықтауға болады?
3. Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін жазылған ЭКГ аралықтарының ұзақтығы мен аралықтардың үлгілі ұзақтықтарын салыстырыңдар. Олар денсаулығыңыздың жағдайы туралы не дейді?
4. Қыздар мен ұлдардың ЭКГ аралықтарының ұзақтығын салыстырыңыз.
Сыни ойлауға арналған сұрақтар:
1. Спорттық жаттығу барысында энергетикалық сусындар ішу ЭКГ жазуындағы өзгерістердің себебі болуы мүмкін ба?
2. Кофедегі кофеин немесе газдандырылған сусындар ЭКГ жазуына әсер етуі мүмкін ба?
3. Банан немесе басқа да калийге бай азық-түліктерді жаттығулардан кейін үнемі пайдалану жүрек жұмысына қалай әсер етуі мүмкін?
Тақырыпты бекітуге және қорытындылауға тест сұрақтарын пайдалануға болады.
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
1. ЭКГ жазуына әсер етпейтін жағдай:
A. дене күйі
B. кофеин
C. темекі
D. балмұздақ
2. Адамның тыныштық күйіндегі және дене жаттығуларынан кейінгі QRS кешені ұзақтығын салыстырыңыз. QRS кешенінің ұзақтығы денеге түсетін ұзақтықтан кейін қалай өзгерді?
A. Сол қалпында қалады
B. Ұзақтығы көбейеді
C. Ұзақтығы азаяды
D. Көбейеді, сосын азаяды
3. Р толқынынан Т толқынына дейінгі цикл қалай аталады?
A. Жүрек соғу жиілігінің ең көп жиілігі
B. Жүрек соғу жиілігі
C. QRS кешені
D. Электрокардиограмма
4. Жүректің жоғарғы камералар арқылы өтетін электрбелсенділігі қалай аталады?
A.QRS кешені
B. Р толқыны
C. Т толқыны
D.SТ толқындар кешені
Сабақты қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет