Курсты оқыту мақсаты: Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту. Оқыту міндеттері



Дата20.02.2023
өлшемі18,26 Kb.
#169500
Байланысты:
Алаш идеясы

1. Түсінік хат

1. Алаш қозғалысы – қазақ елі тарихының жарқын бір беті, ұлттық рух пен мемлекеттілік идеясының, отандық ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың айқын көрінісі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтандақ» беттері Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда тарихымен тікелей байланысты.


2. Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы – тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Білім беру үдерісінде ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, оқиғалар, тұлғалар, еңбектер туралы оқушылардың түсінігін, талдау дағдысын қалыптастыру – ел тәуелсіздігі талаптарымен орайласып жатқан көкейкесті міндет.
3. Бағдарлама оқушылардың Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметін білу арқылы отаншылдық қабілетін арттыруға бағытталған.
Курсты оқыту мақсаты:
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
Оқыту міндеттері:
1) жаңа замандағы білім беру үдерісінде Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғалар келбеті, сан салалы еңбектер туралы оқушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру;
2) оқушыларды Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
3) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш қозғалысы тарихы арнасында қалыптастыру;
4) қазақ мемлекеттілігінің тәжірибесі санатындағы Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы және Түркістан автономиясы сияқты тарихи құбылыстар туралы оқушылар санасында жүйелі білімді орнықтыру;
Оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат


нәтижелер бойынша оқушылар:
1) Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу тәжірибесін;
2) тарихи үдерістерді дербес талдай білуді, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдарды жасай білуі тиіс.

Тақырыптық жоспар



Тақырыптар

Сағат саны

Күні

Ескерту

1

Кіріспе

1







2

Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы

1







3

Алаш қозғалысының шығуы мен өріс алуы.

1







4

Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлі

1







5

Оян, қазақ!» тұжырымдамасы.

1







6

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы

1







7

Ұлттық мұраттар. Діни-ағартушылық тұғырнамалар

1







8

1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі және Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс

1







9

1917 жылғы Қазан төңкерісі және Алаштың көзқарасы.

1







10

Қазақ қоғамы және Алаш партиясы

1







11

Қазақ ұлттық-либералдық партиясының бағдарламалық жобасы.

1







12

Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы

1







13

Ойыл уәлаяты. Түркістан Мұхтарияты

1







14

Алашорда және Кеңес өкіметі.

1







15

Алашорда және Уақытша Сібір үкіметі қарым-қатынастары

1







16

Алашорда үкіметі және оның қызметі.

1







17

Алашорда және Алаш атты әскерін жасақтау. Алашорда бөлімдері

1







18

Алашорда және ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде

1







19

Алашорда және Түркістан байланыстары

1







20

Алашорданың 1919 жылғы тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі

1







21

.Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-1920 жж.)

1







22

Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық-саяси қызметтері

1







23

Большевиктік өкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты

1







24

Ұлт қайраткерлерін қуғындау, репрессиялау науқаны

1







25

Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным-түсінік эволюциясы

1







26

Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен құнды деректер.

1







27

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – ұлттық қозғалыс көсемі:

1







28

Алаш қайраткерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі

1







29

Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі

1







30

Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі

1







31

Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы

1







32

Алаш» баспасөзі және қазақ қоғамы: «Қазақ» газеті

1







33

Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт азаттығының сарындары

1







34

Ұлт әдебиетшілерінің «Алқа» тұжырымдамасы

1







35

Қайталау

1







36

Қорытындылау

1






Пайдаланған әдебиеттер


1. Дүниежүзі тарихы 9кл Алматы,2013ж

2.Қазақстан тарихы 9кл Алматы,2013ж


3.География 9кл Алматы.2013ж


4. Қазақ тілі 9кл Алматы .2013ж


5.Қазақ әдебиеті 9 кл Алматы.2013ж


6.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында». Алматы, Өнер, 1996ж


7. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030». Алматы, 1998ж


8. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы, 2003ж


9.Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері». Оқу құралы.Алматы,1997ж




10. «Егемен Қазақстан»,

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет