Курсты оқытудың міндеттері



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі65,71 Kb.
#84413
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
9-10-11 Абайтану
0000c2e4-a2dcb172, Pravila pretendenta

Түсінік хат
Еліміз өзінің дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық сана-сезімінің өсуіне, халқымыздың рухани қуатының молая түсуіне кең өріс ашылды. Осы мақсатта Жалпы орта білім беру ұйымдарында 9-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген. 9 сыныпқа тақырыптық-күнтізбелік жоспар осы бағдарлама негізінде әзірленді.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағат бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
«Абайтану» бағдарламасы мектеп оқушыларын Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып, терең ұғындырып, Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін танып білуге баулиды.
Тақырыптардың өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан топтастырылуы, жалғастығын табуы курстың басты ұстанымы етіп алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет