Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8



бет7/155
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#4431
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   155
Сабақтың түрі : лекция сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Түркілер Ү-ҮІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер - қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзірбайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, тұтас түркі елі. Түркілердің түпкі Отаны - қазіргі қазақ жері.
Түрік қағанатының негізін құрғән Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болып, кейінгі ұрпақтарынын біліксіздігінен қағанат екіге бөлініп, көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болады. Елу жылдан кейін Елтеріс ханның тұсында бостандыққа қол жеткізеді.
Елтеріс қайтыс болған соң( артында қалған ұлдары Білге - жеті жаста, Күлтегін бес жаста екен. Мұрагерлері жас болғандықтан, елді інісі Қапаған билейді. Жиырма төрт жылдан кейін ған Білге қағандықты алып, Күлтегін әскербасы болады. Тонұқұқ ақылшь кеңесші болып отырады.
Орхон ескерткіштері дегеніміз - осы тарихи тұлғаларға арнап жасалған жәзулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Мұндай тарихи тастар бұрын қәзақ жерінде көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.
Орхон ескеркіштеріндегі жазулардың негізгі мазмұны - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.
Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас.
Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.
Тіл тірі организм секілді өзгеріп отырады. VIII ғасырындағы ата-бабалар тілі мен бүгінгі тілде айырмашылықтар болуы заңды. Көрші елдермен қарым-қатынастарға байланысты біздің олардан, олардың біздің тілімізден сіңіргені аз емес. Сондықтан, бүгінгі оқушыға түсінікті болу үшін зерттеуші ғалымдар қазіргі тілімізге аударып берген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   155




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет