Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет3/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Элементтердің Периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орналасуы

Топ

III

IV

V

VI

VII

VIII

2-период

B

C

N

O

F

Ne

3-период




Si

P

S

Cl

Ar

4-период







As

Se

Br

Kr

5-период










Te

I

Xe

6-период













At

Rn

Периодтарда элементтер атом ядроларының зарядтары саты- лап өсуіне байланысты, ал топтарда, негізгі топшаларда эле- менттің реттік нөмірінің өсуіне қарай атомдық радиустары жоға- рылайды да, металдар атомына қарағанда бейметалдар атомда- рының сыртқы электрондарды тартуы күштірек болады. Бар- лық бейметалдар атомдарының сыртқы валентті электрондық деңгейінде 3-8 электроны бар (тек Н – 1е, Не – 2е). Бұған бей- металдар қосылыстарындағы тотығу дəрежелерінің алуан түрлі- лігі сəйкес келеді. Бейметалдарға тəн ерекшелік – олардың атом- дарының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны- ның (металдармен салыстырғанда) жоғарылығы. Бұл олардың жоғары тотықтырғыштық белсенділік көрсетуіне жəне қосымша электрондар қосып алу мүмкіндігіне əкеледі. Бейметалдарда то- тықтырғыштық қасиеті басым болады, яғни олардың электрон- дарды қосып алу мүмкіндігі басым келеді. Бұл қасиеттер 2 жəне 3-периодтың негізгі топшасындағы бейметалдарда ерекше анық байқалады. Фтор F – ең күшті тотықтырғыш. Бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеті олардың электртерістігінің сандық көрсеткішіне тəуелді жəне мына қатарда артады: Si, B, H, P, C, S, I, N, Cl, O, F.


Бейметалдарға электрон қосып алудың жоғары мəні, жоғары электртерістілік жəне тотығу-тотықсыздану потенциалының жо- ғарылығы тəн. Бейметалдардың иондану энергиясының жоғары

мəніне байланысты, олардың атомдары екідайлы элементтермен жəне бейметалдардың басқа атомдарымен ковалентті химиялық байланыс түзеді. Нағыз металдар қосылыстарының құрылысының ионды табиғатына кері, жай бейметалдар жəне олардың қосы- лыстарының табиғаты ковалентті құрылысты болып келеді. Олардың кристалдық торлары молекулалық немесе атомдық бо- лады. Ол бейметалдардың физикалық қасиетін анықтайды. Олар газ түрінде, сұйық жəне қатты агрегаттық күйлерде болады, ал металдардың барлығы дерлік қатты заттар болып келеді (сынап- тан басқасы):



    • газ күйінде – H , O , N , Cl , F ;

2 2


    • 2
      сұйық – Br ;

2 2 2


    • 2
      қатты заттар – I , At, S, Te, P, As, C, Si жəне В.

Кейбір бейметалдар аллотропиялық түр өзгерістерін береді, мысалы, оттек (О2 жəне О3) жəне көміртек (графит, алмаз, карбин, фуллерендер).
Бейметалдардың түстері алуан түрлі келеді: фосфор – қызыл, күкірт – сары, күйе – қара, бром – қызыл қоңыр, азот, оттек, сутек түссіз болады. Ал металдардың түстері ашық түстен қара қоңыр түске дейін өзгереді (алтын мен мыстан басқалары). Бейметалдарға иілгіштік қасиет тəн емес, олар электр тогын жəне жылуды өткізбейді, металдық жылтыры болмайды. Металдар мен бейметалдардың физикалық қасиеттерінің арасындағы айырма- шылықтың себебін олардың əртүрлі құрылысымен түсіндіруге болады. Барлық металдардың кристалдық торы бар, ал оларда
«электронды газдардың» болуы оларға тəн майысқақтығы, электр- жəне жылуөткізгіштігі, жылтыры мен түсі сияқты жалпы қасиет- терінің болуын түсіндіреді.
Табиғатта молекулалық түрде жай заттар ретінде азот N2 жəне оттек O2 (ауада), күкірт (жер қыртысында) кездессе, көбінесе олар химиялық байланысқан түрде: су жəне суда еріген тұздар,
минералдар жəне тау жыныстары (əртүрлі силикаттар, алюмо- силикаттар, фосфаттар, бораттар, сульфаттар жəне карбо-



наттар) түрінде кездеседі. Бейметалдардың жер қыртысында таралуы əртүрлі. Ең көп тарағаны – оттек, кремний жəне сутек (O, Si, H); ал сирек кездесетіндері – күшəн, селен, йод, теллур (As, Se, I, Te).
Периодтық жүйе элементтерінің бейметалдар шамамен 20 %-ын ғана құраса да, олардың ішіндегі тек екі элемент – оттек О пен кремний Si жер қыртысы массасының 76 %-ын құрайды. Бейметалдар өсімдік массасының 98,5 %-ын, ал адам массасының 97,6 %-ын құрайды. Тіршілік көзі деп есептелетін маңызды барлық органикалық заттар көміртектен C, сутектен H, оттектен O, күкірттен S, фосфордан P жəне азоттан N тұрады. Жаһандық əлемнің негізгі элементтері сутек H пен гелий He Күнмен бірге барлық ғарыштық нысандар осы элементтерден тұрады. Біздің өмірімізді бейметалдар қосылыстарынсыз елестету мүмкін емес, өмірлік маңызы жоғары химиялық қосылыс – судың өзі сутек пен оттектен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет