Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі1,46 Mb.
#35578
1   2   3   4

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 1. Цивилизации Древнего Востока. М.,2006.

  2. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,

  3. Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997

  4. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992

  5. Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового Запада. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992

  6. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. ХI-ХIІІІ вв. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992

  7. Всемирная история до ХХ столетия. Систематический справочник. М., 1997

  8. Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003

  9. Семенов В.Ф. История средних веков.-М., 1970.

  10. История средних веков (под ред. Сказкина) М., 88


7- тақырып. Орта ғасырлардағы Шығыс өркениеттері.

  1. Шығыстағы орта ғасырлар дәуірінің хронологиялық шекаралары.

  2. Қытай өркениеті және Жапон өркениеті.

  3. Үнді өркениеті.

  4. Араб- мұсылман өркениеті

Шығыс түсінігінің кеңістік бағыты ғасырлар барысында өзгеріп тұрды, бірақ қазіргі замандық ориенталистикада Шығыс деп көбірек Азия -Африкалық аймақ түсініледі. Шығыс - бұл шартты түрде алынған Ескі Дүниенің европалық емес көптеген бір - біріне ұқсамайтын өркениеттері туралы түсініктерді біріктіретін мәдениеттанулық ұғым десек қате болмайды.

Батыста Шығысқа деген қызығушылықтың пайда болуында XVI - ХVІІғғ. христиан миссионерлерінің көрген - білгендері үлкен роль ойнады. Олар бірінші болып европалақтардың ол жердегі адамдардың саяси құрылысы және құндылық салаларындағы өзгешеліктерге көңіл бөледі. Миссионерлердің мәліметтері Шығысты бағалауда - панегириялық және критикалық екі жөнелісті пайда етті. Біріншісі бойынша Шығыс, бірінші кезекте Қытай - жаппай оқымыстылық және ғылымпаздық елі болып, оны европалық монахтарға басқарудағы даналық үлгісі сипатында үлгі қылып көрсетілген. Екінші бағыт тараптарлары шығыс деспотиясындағы тоқырау және құлдық рухына көбірек көңіл аударады. Бірақ Батыстың отарлық экспансиясы нәтижесіндегі батыс және шығыс өркениеттерінің глобалдық кездесуіне дейін европалық ғалымдардың көбісі шығыс халықтарының дүние жүзілік тарихтағы өзінің орыны барлығына күмән келтірмеген. Сонымен бірге Шығыста да XIX ғ. аяғына дейін шығыс өркениетінің моральдық - этикалық көзқарастан абзалдығы жөнігдегі және «батыс варварлары» мен машина технологиясынан басқа үйренетін еш нәрсе жоқ деген көзқарас үстем болған.

Шығыстанушылардың пікірі болйынша европалықтар қоғамның дамуы дәрежесін техниканың анық ғылымдардың даму деңгейімен өлшеуге әдеттенген, бірақ дамудың басқа да, мәселен, этникалық өлшемі де болуы мүмкін.

Егер бірнеше мың жыл барысында шығыс қалыптастырған жоғары құндылықтар өлшемін Европаға қолданса, ол артта қалғандай болып көрінуі мүмкін. Мұннан тысқары Шығысты Батыс пен салыстырудың өзі дұрыс емес деген ойлар көбірек кездеседі. Ол бүкіл дүние жүзілік - тарихи процестің басталу нүктесі есептеледі. Бірінші өркениеттер Шығыста, бірінші мемлекеттер қалыптасқан жерде пайда болды.

Орта ғасырларға келіп Шығыста өркениеттердің 5 «ескі» ошағы қалған еді: Қытай, Үндістан, Кушан патшалығы, Парфия және грек-рим дүниесінің Шығыс бөлігі. Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның халықтары қытай өркениеті әсерінде болды. Солтүстік үнді өркениеті ықпалында Үндістан және Орта Азия халықтары еді; Орта Азия өркениеті өз кезегінде Солтүстік - Батыс Үндістанға, Орталық Азияға және Қытайға да әсер еткен. Орта ғасырларда тарихи процеске жаңа, қоғамдық дамудың едәуір төмен сатысында тұратын халықтар белсенділікпен қосыла бастады және жаңа өркениеті ошақтары пайда бола бастады. Нәтижесінде Шығыс ортағасырлары тарихи әрекеттердің орасан кең алаңы дәуірі болды. Бұл кезеңде тек тілдері, сенімі және салт-дәстүрлері бойынша ғана емес, ал экономикалық және әлеуметтік принциптері бойынша бір-біріне ұқсамайтын қоғамдық коллективтердің жалпы саяси шекаралар ішінде бірігуі жүзеге асты. Өркениет ошақтары өздерінің жергілікті өзгешеліктерін бірте-бірте жоғалта бастады.



Шығыстағы ортағасырлар дәуірінің хронологиялық шекараларын анықтау бүгінгі күнде үлкен қыйыншылықты тудырады. Өйткені батыс европалық материялы негізінде пайда болған және феодализм дәуірін білдіретін орта ғасырлар түсінігін шығыстың қоғамдардың дамуын анализ қылуда толық пайдалану мүмкін емес. Өйткені олар әлеуметтік-экономикалақ, саяси және мәдени жақтан бір-бірінен ажыралып тұрады. Алайда осы дәуірдегі Шығыс және Батыс тарихында олардың дамуына белгілі дәрежеді әсер еткен жалпы оқиғалар болып өтеді. Ортағасырлардағы осындай оқиғалардың біріншісі халықтардың ұлы көшулері және варварлық басын алулар. Шығыста әртүрлі аймақтарда түрлі кезеңдерде басталған күрделі эволюциялық процесс барлық жерде европалық варианттағы феодалдық құрылыстың орнауына алып келмеді. Сол себепті қазіргі заманғы ориенталистер европалық орта ғасырлардың хронологиялық шекарасындағы Шығыстың даму деңгейін және сипатын анықтау мәселесінде түрлі пікірлерге ие: біреулері «шығыс феодализмі» концепциясын қолданады, басқалары «мемлекеттік өндіріс әдісі», үшіншілері - «ежелгі, орта ғасырлар және жаңа дәуірдегі Шығыс қоғамдарына капиталистік формацияға дейінгі формацияны» қолдануды ұсынады. Бірақ бұл версиялардың барлығына тән бір жалпылық - бұл Шығыстың өркениеттік дамуының өзгешелігін мойындау.

Шығыстың ортағасырлық өркениеттерінің дамуының ең негізгі өзгешеліктерінің біріне ежелгі дәуірден ортағасырларға өтудің анық хронологиялық шекарасының жоқтығы жатады. Қоғамның біртекті сипатқа ие болмауы, яғни, онда екі компонентінің - егіншілік қоғамы және көшпелі периферияның болуы, мемлекет және бюрократияның қоғамда айрықша роль ойнауы, қауымның ұзақ уақыт сақталып қалуы да Шығыс өркениетінің өзгеше белгілерінің қатарына кіреді.

Осы белгілердің бар-жоқтығына байланысты Шығыс қоғамдарының капитализмге дейінгі типологиясын анықтау. Орыс шығыстанушылардың зерттеулері бойынша орта ғасырларда Таяу Шығыс аймағы басқа елдерге қарағанда даму деңгейінің жоғарылығымен айырылып тұрған (тауар-ақша қатынасы және өнеркәсіп дамуы) және «феодалдық» моделге жолмен жүрген. Әлеуметтік -экономикалық дамудың жоғарғы дәрежесіне жеткен Қытайдың қоғамдық ұйымның «нағыз феодалдық» түрінен біраз алшақтай кеткендігін бақыласа болады. Үндістан орташа даму дәрежесін көрсеткенімен анық феолдалдық белгілерге ие. Оңтүстік - Шығыс Азияның даму деңгейі өте төмен болғанына қарамастан жалпы әлеуметтік құрылысы нағыз феодалдық моделге жақын.

Шығыс цевилизацияларына мемлекеттік меншік, шығыстық деспотия, дәстүрлік сияқты құбылыстар тән. Өкімет пен меншіктің тұтасып кетуі, құқықсыз қауым мүшелері шығыстық деспотияның сақталып тұруына ықпал еткен. Шығыстық диспотияның жалпы белгісі деп мемлекеттің қоғамнан үстем болып тұруы, азаматтық қоғамның жоқтығын есептейді. Бұл әлеуметтік институтың орта ғасырларда қайтадан жөнделіп шығылуына шет жерлік ақсүйектердің күшімен жаратылған көптеген империялар және мемлекеттердің пайда болуы жағдай жасады. Шет елдіктер диспотиялық өкімет жәрдеміне басып алған саяси және әлеуметтік позицияларын нығайтты.



Шығыс өркениетіне тән белгілердің біріне дәстүрлік, яғни өткен дәуірдің әлеуметтік және рухани образдары негізінде қалыптасқан өмір салты жатады.

Ғасырлар бойы Европалықтар шығыс пен батыс өркениеттерін қарама-қайшы деген түсінікпен келді. Зерттеушілер батыс пен шығысты салыстыра отырып, шығыстың кейін қалу себебіне тоқталады. Әрқашанда шығыс кейін болды ма, әлде ежелгі дүниедегі жоғарғы деңгейде дамыған шығыс өркениеті не себепті батыстан кейін қалды.

XVIII ғасырға дейін шығыста барлық жағынан батыспен салыстырғанда жоғары болды. Шығыс елдерінің қалалары өте көп мөлшерде халықты, бай, әрі тәртіпті болды. Атақты саяхатшы Марко Поло 17 жыл қытайда тұрып, сол жақтағы қалалар мен адамдардың өмірі туралы баяндағанда батыстықтар оны қиялшыл, өтірікші деп жариялады. Ал оның баяндағаны шындық болатын. Шын мәнінде де Қытайда жарты милиондық халқы бар ірі қалалар мен сауда орталықтары, көшелерінде қолдан отырғызылған ағаштар, түзу көшелер керемет үйлесімділікпен орын алатын. Батыс өркениеті көшпелі тайпалардың шапқыншылығын соңғы рет XIII ғасырда көрсе, шығыста бүл шапқыншылықтар тағы бірнеше ғасырға созылды. Көшпелі тайпалар ескі шығыстың ірі өркениеттерін жойып жіберіп отырды. Шығыста ежелден келе жатқан Қытай, Үнді өркениеттерімен қатар жаңадан қүрылған, өзіне тән ерекшеліктері бар Мұсылман өркениеті мен Жапон өркениеті бой көтерді.

Ежелгі дүниеден орта ғасырларға өту кезеңі Қытайда байқаусыз деуге болатындай яғни қоғамдық өмірге еш өзгеріске үшырамай өтті. Қытайда орта ғасырлар әлдеқайда ерте басталды. Б.з.д. XI ғасырдан III ғасыр аралығында басталған феодализмнің негізгі тірегі патшаның ел көлеміндегі бүкіл жерге иелік етуі болып табылды. Шығыс елі болып табылатын Қытайда билік деспоттық түрде болып, патша бүкіл елдегі қоғамдық, саяси, әлеуметтік ұйымдардың барлығын өзінің қатаң бақылауында ұстады.

Қытайда ірі жер иеленушілік те болды. Бұл феодалдар әулеттерін "Ауқатты үйлер" деп атап, шаруалардың жерлерін тартып алып, орталық үкіметке салық төлеуді азайтты. Бұл жағдай патшаның беделінің азаюымен жергілікті феодалдардың ықпалының артуына себеп болды. Шаруалар ауық- ауық көтерілістерге шығып, бүрынғы өздерінің жерлеріне қауышуына тырысты. Династиялардың ауысуымен реформалар жүргізу арқылы жер мәселесін қайта қарады. Ірі меншік иелерін феодалдардың өсуін тоқтата алмай, мемлекет ішінде феодализм қалыптасты. Бірақ батыс феодализміне қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды. Патша қалаған уақытында феодалдың жерін тартып ала алды. Қолөнершілер мен сауданы да өз ықпалында ұстаған патша қалаған уақытында бағаларды азайта немесе көбейтеалды.

ХVІ-ХVП ғасырларда ел өнеркәсібінде елеулі ілгерлеушілік болды. Манфактуралар пайда болып, жалдамалы жүмысшылар еңбегі пайдаланды. Қытай тарихында елеулі өзгеріс конфуцияндықтың пайда болуымен өзгеріске үшырады. Оның негізін қалаушы философ, ұстаз Кунцзы (б.з.д. 551-479ж.ж.) болып, мемлекеттік басқаруда мүлтіксіз жүйе құруға тырысты. Конфуцияндық мемлекеттік жүйе мен қатар жанұя, этикалық нормаларды құрды. Конфуцияндықта мемлекетті үлкен жанұя ретінде қарастырып, оның әр мүшесінің өзін қалай ұстауының қағидалары берілген. Шенеуніктер мәселесіне тоқталып, қатаң қадағалау мен міндеттерін қарастырған. Шенеунік мемлекеттік қызметке кірмес бұрын конфуцияндық ілімінен емтихан тапсыратын болған. ХVІ ғасырда мемлекеттің жағдайының нашарлауына байланысты батыл шенеуніктер императорға реформа жүргізуге ұсынды. Жазалаулар мен қатаң бақылаулар әсер етпестен конфуцияндық іліміне шын берілген шенеуніктер өз дегендеріне жетті.

Қытайдың рухани өмірі конфуцияндықпен шектелместен, басқа көптеген діндердің де ықпалында қалды. Ең басым бөлімі-даосизм дінін бенімседі. Бұл діннің құрушысы Ляо-цзы өз ілімінде табиғатпен ұштасып, енжар өмір сүруге шақырды. IV-V ғасырларда Қытайда буддизм діні кең өріс алды.

Ежелгі қытай білім адамдарының өздері тарихындағы циклдық жүйені көрді. Белгілі бір династия билік басына келгенде мемлекетте ілгерлеушілік басталып, уақыт өте әлсірегенде халық көтерілістері арқылы бұл династия биліктен тайдырылды. Мемлекеттің күшті бір орталыққа бағындырылуы, феодализмдегі вассалитетің қүрылуына кедергі келтірді. Конфуцияндық ілім болса жанүялық-яғни коллективті түрде жауап беруге ұмтылдырды. Бұл рулық-феодалдық жүйенің күшеюіне себеп болды.

Қытай қоғамында жай халықтың ішінде теңдей мүмкіндік болды. Яғни жай шаруа емтихан тапсыру арқылы шенеунік бола алатын еді. Кіші шенуніктерді үлкендері "қорғап" осылайша шенеуніктік аппарат қалыптасты. ХVІІ-ХVШ ғасырларда қытай күш қуаты толысқан мемлекет болатын. Тек XIX ғасырда Европа елдерінің отарлау саясатының күшеюімен бас иуге мәжбүр болды.

Жапон тарихының өзіндік ерекшеліктері болды. Жапон аралдарында алғашқы адамдар бірнеше мың жыл бұрын пайда болса да мемлекет ретінде тек IV-VI ғасырларда ғана қалыптасты. Алғашқы кезде ру басшыларынан сайланған патшалар, негізгі халық шаруалардан салық төлеп отырды.

VI ғасырдан бастап Жапония жылдам қарқынмен дами бастады. Бұл жылдам дамудың негізгі себебі, Жапонияның басқа елдердің тәжірибесінен көптеп қолдануы болып табылады. 604-605 жылдары шахзада Сетоку-тайси қытайларға қатты еліктеп, буддизм мен конфуцияндық іздерін тасыған жаңа заңдарын қабылдады. Қытай мен Кореядан көптеп қолөнершілерді жинақтап, жапон жастарын осы елдерге оқуға жіберді.

VII ғасырда төңкеріс арқылы билік басына келген шахзада Кару Қытайға барынша еліктеп, жаңа реформаларды бастады. Қытай иероглифтерінен бастап, жапон ұлттық діні синтоизмнің ішіне буддизм мен конфуцияндықтың көптеген элементтерін енгізді. Кейбір зерттеушілер тіпті жапон өркениетінің қытайдікінен айырмашылығы жоқ дегенге келеді.

XVI ғасырдан бастап Жапон өркениеті "жабық түрде" жүргізіле бастады. Тек Голландия мен қытайлықтарға ғана сауда жасауға рүқсат берілді. (тек белгілі жерлерде ғана) Бүл "жабық есік" саясаты екі ғасырға созылып, тек XIX ғасырда ғана шет елдік технологияны үйрену үшін шекараларды ашып, өз өркениеттерімен батыс өркениетінен үйренгендерімен үйлестіріп, жаңа даму жолына кірді. Билік жүйесінде де Қытай көшірмесіне ұқсас жол таңдаған жапондықтарда император "Тенно" яғни Аспан ұлы нақты билікке қол жеткізе алмады. Өйткені бүл жақта күшті аритократия қалыптасып, негізгі билікті солар жүргізді. (VІІ-ХІ ғасыр аралығында Фудзивара әулеті жүргізді) Император мемлекетте тек абыздық қызмет атқарды. Қытаймен салыстырғанда феодалдар орталыққа төлейтін салықты ең аз мөлшерге түсіріп, өөздеріне қалдыруға тырысты. Бұл жағынан олар Батыс Европа феодалдарына үқсады. XI ғасырда жапон феодалдары өз жерлерінде сот және әкімшілік құқықтарға қол жеткізді. Жерден түскен салық толығымен тек феодалға тиесілі болып, орталыққа тек сол аумақта түратын шаруалардың салығы түсті. Европадағы тәріздес жапон шаруалары басыбайлы болып, өз жерлерін тастап кетуге тиым салынды.

Жапон феодалдарының тағы бір ерекшелігі-жеке кәсіби әскери топтар-самурайларды құрды. Феодалдар бұл әскери топтарды өз аймағындағы тәртіпті қадағалау мен шаруалар көтерілістерін басу үшін пайдаланды. Самурайлардың өздерінің жеке кодекстері болып, өз иелеріне қатты берілген, дұшпандарына өте қатал болды. ХПІ-ХІV ғасырларда жапон қалалары өсе бастады. Кейбір қалалар өз еркіндіктеріне қол жеткізді. Жапон бұйымдары шет елдерге шыға бастап, ол жақта қатты бағаланды. ХV-ХVІ ғасырларда жапон территориясы бірнеше аймаққа бөлініп кетті. өзара соғыстардың шығуы, шаруалар көтерілістері халықтың саяси-әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізді.

1603 жылы Иэясу Токугава бүкіл феодалдарды біріктіріп, жаңа заңдар қабылдады. Бұл заңдар бойынша феодалдардың бұрынғы құқығы сақталумен қатар, өзара соғысқа тиым салынды. Сонымен қатар орталыққа қарсы шығуға тиым салынды. Қалалардағы феодалдардың билігіне соң беріліп, қарсы шыққан феодалдардың жері кәмпескеленіп, өздері жазаланатын болды. Қолөнершілерге кейбір товарларды шығаруға, шаруаларға өз жерлерін тастап кетуге тиым салынумен қатар жібек киім киюге, үйлерін әшекейлеуге тиым салынды. Сегунат 1867 жылға дейін өмір сүріп, елді бір орталыққа бағынуды күшейтті. Экономикалық дағдарыстардың алдын алды. 1860 жылдан бастап Жапония батыс өркениетіне қайта бет бүрды.

Үндістан тарихының әр түрлілігіне бірнеше факторлар әсер етті. Бұлардың ішінде діннің адамдардың саяси-әлеуметтік өміріне ерекше әсері басты орын алады. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Үндістанда ведалар (қасиетті жазбалар) діні етек алып, адам жанының басқа жанға айналуы туралы - карма ілімі қалыптасты. Бұл ілім адамдар арасында касталық жүйенің қалыптасуына әсер етті. Касталық жүйе өте өміршең болып, осы күнге дейін сақталып қалған.

Екінші бір сенім - буддизм. Әлемдік дін буддизм Үндістанда б.з.д. VІ ғасырда пайда болып, оның негізін қалаушы Сидхартха Гаутама (б.з.д. 624-544ж.ж.) 29 жасынан бастап осы дінді уағыздай бастады. Ол елдің солтүстігінде кшатрий руынан шыққан (князь). Будда діні төрт ақиқаттан түрады: өмір-азаптан тұрады, азаптың негізі-нәпсі, нәпсіден құтылу-нирванаға жеткізеді, бұған жету құтқаруға жеткізеді.

Будца адамдарды өзін танып білуге шақырды, нирванаға жету бүкіл әлемдегі ләззаттардан жоғары деп үйретті. Будца адамдарды кастаға бөлуге қарсы болып, тек нәпсілеріне қарай сыныптады. Осылайша ең төменгі каста иелері де нирванаға жету мақсатында тең құқыққа ие болды.



Кейбір патшалар буддизмді елді біріктіру мақсатында қолданғысы келсе дағы, тек уақытша жетістіктерге ғана жеткізді. Буддизм Үндістандағы өмірге әлсіз әсер етті. Қатаң түрдегі жүргізілген касталарға бөлінуге күшті соққы бере алмады. Өйткені буддизм құрлымы жағынан мемлекеттік дін емес болатын. Ол дін адамдарға жекеленген түрде бағытталды. Сонымен қатар жай халық үшін өте күрделі болып келді. Бұл жағдайдан ең көп пайдаланылған брахмандар (абыздар) болып, діндегі өз рөлдерін жоғалтпау мақсатында күресе білді. Ведаларға өзгерістер кіргізу арқылы буддизммен байланыстырып, индуизм дінін қалыптастырды. Буддистер өз дінінің жай халыққа да түсінікті болуы үшін реформа жүргізіп, махаяна (үлкен пәуеске) деген атпен аскеттік жолсыз-ақ нирванаға жетуге тырысты. Махаянада ведаларға да жол беріліп, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға кең тарады. Бірақ Үндістанда оншалықты мықты болмады.

Азия өркениетінің дамуында көшпелілер айтарлықтай роль ойнады. Евразияның көптеген аймақтарының этникалық құрамына осы көшпелілер тарапынан бірнеше рет өзгерді. Олар отырықшы халықтардың мемлекеттерін қиратып империялар жаратумен бір қатарда бір өркениеттердің мәдени жетістіктерін басқаларға жеткізу қызметін де орындаған.

Евразияның бірінші көшпелілері ежелгі үнді аралы тайпалары еді. Біздің заманымыз қарсаңында Шығыстан ғұндар жылжи бастайды. V ғасырдың 2-ші жартысында ғұн империясы жоқ болып кеткеннен соң тарих сахнасына түркі халықтары шығады. Түркілер көшпелілердің жылдамдығын асыратын қатты ер-тұрманды, үзенгі, киіз-үйді ойлап табады. Түркі тайпаларының бірі селжүктер XI ғасырда Таяу және Орта Шығысты жаулап алуға аттанды. Олар әзербайжан, түрік және түркмен халықтарының қалыптасуында қатынасады.

Түркілердің Азияға аттануларының екінші толқыны көп этностық Оспан империясы пайда болуына әкелінді. Монғолдардың орасан ірі жаулап алушылығы да XIII - XIV ғасырларда Азиядағы үлкен өзгерістерге алып келген. Көшпелілер империяларының көпшілігінің өркениеттік – мәдени өзгешелігі олардың өздерінің көшпелілік тәртіп - қағидаларын сақтап қала тырып отырықшы халықтардың құндылық идеалдарын (ислам, буддизм) және әлеуметтік-саяси институтарын қабыл қылын (игеріп) алуы есептеледі.

Орта ғасыр тарихында әсіресе арабтар айрықша роль ойнады. VIII ғасыр ортасында олар мұсылман империясы - Араб халифалығын құрады. Көшпелі араб тайпаларының бірігуінің және араб эксиансиясының табысты болуының ең маңызды себебі ислам болған болуы керек. 622ж. Меккеден Мединеге көшіп өтіп, бірінші мұсылмандар, рулық байланыстарын үзіп, жаңа ілімді тарату үшін қарулы күресті бастайды.

Араб жаулап алушылығы өркениетті аудандардың арабтасуы және исламдасуымен қатар жүрді. Хадистер және Құран шариат негізінде айналады (мұсылмандардың юридикалақ құндылықтары, діни өмірінің принциптері және қағидалары)

Жаңа ислам мемлекеттігі діни және мемлекеттік әкімшілікті бір тұлғада-халифта бірлестіреді (теократия). Халиф юридикалық шешім қабылдау және жоғары сот қызметін орындауы мүмкін болған, бірақ заң шығару, шариатына өзгеріс кіргізу құнына ие болмаған. Ол Алланың әмірін орындаушы болған. Сол себепті өкіметке бағыну жалпы түс алады. Өкіметке бағынбау діннен безумен тең болған.

Бұл айрықша белгілер ислам дүниесінің мәдени жетістіктерінде анық көзге тасталады. Х ғ. келгенде араб тілі мұсылман елдерінде халықаралық тілге айналады. Кез- келген оқымысты мұсылман құран тілін меңгеруге ұмтылады. Араб тілі ғылыми тіліне де айналады. Дамалиқ, Куфа, Басра, Бағдат және т.б. ғылым және мәдениет орталығына айналды. Оларда мешіттер, сарайлар, көп қабатты үйлер, моншалар, керуен-сарайлар, емдеуханалар құрылып, «Ғалым үйлер» және медреселер ашылады, қолөнері және сауда өркендейді. Көпшілігі білімді болған қала тұрғындары Араб халифалығының 1/6 бөлігі құрады (VIII - ХІІғғ).

Көп санды халықтар мәдениетінің ұзаққа созылған өзара әсері нәтижесінде араб тілі негізінде мұсылман мәдениеті қалыптасады. Халифалар тарапынан қолдап - қуатталған кең аудармашылық қызметі араб - ислам әлемінің эллинистік - римдік мәдениеті мұрасын меңгеруіне жол ашып берді. Грек - рим және үнді жетістіктеріне сүйеніп араб медицинасы, математикасы, астрономия, геогоафиясы дамиды. Араб - мұсылман философиясы пайда болды. Халифалық ғалымдары Аристотель, Платон еңбектерін оқып үйренеді, араб тіліне аударады, өздерінің шығармаларында көп мәселелерді талқылайды (құдай материалдық дүниемен байланысы, рухты, ойды, материяны білу, жақсылық пен жамандық, «идеалдық адам» және т.б). Алайда антикалық дүниенің бай мәдени мирасына олар теңдей қарамаған. Антикалық философиядағы жеке адамның рухани құндылықтарын мұсылман мәдениеті қабыл етпейді. Арабтар Гомермен де, басқа ұлы драматургтермен де таныспайды. Ислам тәлімінің өзінің біртұтас өзгеше дүниетанымы қалыптасады. Ал XIII- ХІVғғ. Таяу және Орта Шығыста ғылыми білімдер көркеюінің тамаша дәуірі аяқталады, ислам дүниесінің мәдени жақтан оқшаулану тенденциясы күшейеді. Нәтижеде Ислам Шығысының жергілікті ұлттық мәдениеттері қалыптасады.
Қорытынды сұрақтар:

1.Қытай өркениеті және Жапон өркениетінің ұқсастықтарын атаңыз

2. Үнді өркениетінің ерекшеліктері мен оған мұсылман өркениетінің ықпалын көрсетіңіздер

3. Араб-мұсылман мәдениетінің қалыптасу жолдарына сараптама жасаңыз.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 1. Цивилизации Древнего Востока. М.,2006.

  2. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,

  3. Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997

  4. Беляев Е.А. Арабы, ислам и Арабский халифат в раннее средневековье. М., Наука, 1965

  5. Большаков О.К. История халифата. Т.1. М., 1989

  6. Всемирная история до ХХ столетия. Систематический справочник.

М., 1997

  1. История Китая с древнейших времен до наших дней. Учебное пособие.

М., Наука, 1974

  1. Качановский Ю.В. Рабовладение, феодализм или азиатский способ производства? Спор об общественном строе древнего и средневекового Востока, доколониальной Африки и доколумбовой Америки. М., Наука, 1971

  2. Никифоров В. Восток и всемирная история. М., Наука, 1977

  3. Очерки истории арабской культуры I-ХI вв. М., Наука, 1982

  4. Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003

  5. Тортаев С.А. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

  6. История стран зарубежной Азии. Л., 1970.

  7. Китай: между прошлым и будущем. М.1999.



8- тақырып. Жаңа дәуірге өту кезеңі

  1. Батыс Европа және АҚШ-та капитализмнің орнығу жолдары.

  2. Ресейдің даму ерекшеліктері.

  3. Жаңа дәуір адамы

XVII ғасырлардың ортасынан бастап адамзат баласы жаңа заманға- индустриялды өркениетке аяқ басты. Бұл өркениеттің ерекшелігі ғылым мен техника саласындағы модернизация нәтижесінде жаппай урбанизация (қалаларға жаппай көшу) басталды. Қалалар ауылдарды ығыстырып, XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болған машиналарды өнеркәсіпте кеңінен қолдану басталды. Модернизация қоғамға да әсер етіп, саяси алаңда өзгерістерге (демократизацияға) себеп болды. Жаңа заман адамдары орта ғасырлардағы өздерін белгілі бір қағидалармен шектеп қойған замандастарынан әлдеқайда алда болып, сословиесіне қарамастан жаңалықтарға ұмтылғыш, заман ағысына ілесуге тырысатын жандар болды.

Капитализмге өту кезеңі әлеуметтік төңкерістермен қатар басталды. Алғашқы кезеңде ревоюция аумағы шектеулі болып, ХҮІ-ХҮШ ғасырларда Батыс Европаның тек үш мемлекетін - Голландияны (1566-1609), Англияны (1642-1653), Францияны (1789-1794) қамтыды. Зерттеушілер сонымен қатар Америкадағы колониялардың тәуелсіздік үшін күресін де революция деп санайды. Революция мемлекет ішінде терең саяси-әлеуметтік қайшылықтардың туындауынан басталады. Мысалы, Англиядағы революциядан бұрын ел ішінде терең қаржылық қиыншылық туындап, король Яков I мен Карл І-нің калвинист прудоншыларды қуғындауынан бастау алды. Америкадағы революция ағылшын үкіметінің бұл жерде шектен тыс көп салық салуынан туындады. Франциядағы революцияның туындауының өзіндік ерекшелігі болды. Сауда мен өнеркәсіп тоқырауда болып, мемлекет қазынасы сарайдың шектен тыс көп ысырапшылдығы нәтижесінде қаңырап, король ұзақ мерзімнен кейін шақырылған Бас Штаттардың құқығын шектеуінен басталды. Революцияның алғы шарттары ретінде зиялы қауымның еңбектерін де қосуға болады. АҚШ -тағы тәуелсіздік декларациясы әлемдегі ең алғашқы адам құқықтарын қорғаушы құжат ретінде саналып, келесі революциялар үшін өрнек болды. Француз революциясы нәтижесінде 1789 жылы қабылданған декларациясында да адам құқығы қорғалатындығы баяндалды. Революциялар нәтижесінде корольдердің беделі түсіп, билікте бостық пайда болды. Бұндай жағдайларда билікке халықтан шыққандар қол жеткізе бастады, Голландияда-Бас штаттар, Англияда-парламент, Францияда-Ұлттық жиналыс, АҚШ та-Конгресс болды. Революциялардан соң бірнеше жылға созылған жаңа қоғамның қалыптасу кезеңі болады. Бұл кезеңде Франциядағы Наполеон кезеңі, Англиядағы Кромвель протектораты сияқты уақытша диктатуралар орын алды. Бұл кезеңнен соң 1660 жылы Англияда, 1815 жылы Францияда монархия қайта жанданды. Бірақ бұрынғы абсолюттік билікке еш ұқсамайтын, қоғамның әсер ете алатын билік түрі орнады.

Модернизацияның түрлі екпінділікпен дамуы нәтижесінде батыста және әлемде күштердің қайта қалыптасуы орын алды. Жалпылама алғанда Батыс күшті өркениетті Шығысты басып озды. Ресей Шығыс пен Батыс арасында таңдау жасап, ХVІІІ ғасырдан бастап Батыс өркениетіне бет бұрды. Бұл кезеңдегі елдер "орталық" және "периферия" деп екіге бөліп қарастырылады. "Орталық" тобындағы дамушы елдердің ішінде АҚШ, Англия, Голландия орын алса, "периферия" тобына кіретін мемлекеттер: Ресей, Швеция, Германия, Испания, Италия.

Италия мен Германия мемлекеттерінің орталыққа бағынбауы, соның нәтижесінде феодализмнің әлі үстем болуы олардың артта қалуына себеп болды. ХVШ-ХІХ ғасырларда манфактуралардың пайда болуымен бұл мемлекеттер де дамушылардың қатарына кірсе дағы бірінші топтағы мемлекеттермен болған арақашықтықты жою қиынға соқты.

АҚШ- тың даму сатысы біраз өзгеше болатын. 1607-1775 жылдар аралығында Американың шығыс жағалауларында британ колонистерімен қатар голландықтар, немістер, шотландықтар, ирландықтар, француздар мекен етті. Бұлар әр түрлі этностардан тұрғанына қарамастан барлығының бір ғана мақсаты болды. Өмірді жаңадан бастау үшін барлық күш жігерлерін аямауы мен қатар жаңалықтарын да бір-бірлерімен бөлісе білді. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ алғашқы қалалар пайда болды. Алғашқы кезеңде ауыл шаруашылығына сүйенгенімен көп өтпей-ақ өнеркәсіп басып озды. Солтүстік Америкаға феодалдық құрылысты орнықтыру мақсаты жүзеге аспай қалды. Оңтүстік штаттарда болса феодализмге ұқсас даму байқалғаныменен сыртқы саудада капитализм іздері сезілді. Ал Солтүстік болса толығыменен капитализмге негізделген өнеркәсіпке бет бұрды. Ауылшаруашылығы капиталистік жүйедегі фермерлікке бет бұрды. Жердің кең болуы, еркіндіктің ерекше сезілуі өзіндік басқаруға жағдай жасады.

ХVШ-ХІХ ғасырларда Ресей мен АҚШ тың дамуында ұқсастықтар байқалды. Екеуінің де орасан зор территорияға үстемдік жүргізуі ұқсастық болса, феордализм шырмауындағы Ресейдің даму қарқыны әлдеқайда төмен болатын.

Мемлекеттердегі модернизацияның дамуы капитализмге жетудің кепілі болды. Даму сатысы Батыста мемлекеттердің сыныптарға бөлінуінің негізгі критерисі міндетін атқарды. Сонымен қатар капитализм шығыс пен батыстың арасындағы бәсекелестіктің оның жағдайын белгілеп берді. Батыс өте жылдам шекілде ілгеріледі. Ресей шығыс пен батыс арасындағы таңдауын ХVІІІ ғ. анық жасады. Батыс өркениетінің ішнде капитализм мен модернизацияға байланысты 2 топқа бөлінді: Орталық және Пемферия. Алғашқы капитализде топ бастаған мемлекеттер Голландия, Франция; Англия-ішкі құрылысындағы жаңалыққа деген қүштарлық тежеуде болған әдетшілікті жеңе білді. Кәрі құрлық Европадағы кейін қалған мемлекеттер: Германия, Испания, Италия жаңа заманға аяқ басқанда капитализмнің іздері әрі көрінбеген еді.

Англия, алғаш капитализмге өтуші мемлекет ретінде "корольдің өте мөте бағалы өнімі" яғни шүғаны манфактуралық жолмен дамыту барысында алғаш рет өзінің "қанды зандарын" қолдана отырып, шамамен 70000 шаруаны дарға асып, ауылшаруашылығымен қатар буржуазияны өзара байланыстыра отырып, дамуға аяқ басты. Англияның ауылды жерлер мен қаланы бірлестіре отырып дамытуы нәтижесінде дүниежүзілік саудада ерекше орын алып, 1588 жылғы Испаниямен теңіз үстемдігі үшін күресте жеңіске жетумен капитализмге нық аяқ басты.

Голландия ХҮІ ғасырға дейін отар мемлекет болғанына қарамастан халықтың тығыз орналасуы мен кальвин дінінің мемлекеттік болуымен тез арада дамыды. Испанияға қарсы жүргізген тәуелсіздік соғысы нәтижесінде (Нидерланды буржуазиялық ревоюциясы) тез арада даму сатысына өтті. Дүниежүзілік сауда орталығының Голландияда орналасуымен кеме жасау ісі жолға қойылып, Верьфтегі шеберханада мұхит суына шыдамды, жүк кемелері жасалынып қана қоймай сонымен қатар теңіз саудасында ерекше орын алды. Жаңа заманда голланд кемелерін "теңіз күймелері" деп атады. Бүкіл теңіз порттарында голланд кемелерін кездестіруге болатын. Отар жаулап алумен де айналысқан Голландияның алғашқы қоныс тепкен жері Оңтүстік Африкада орналасқан Қап отары болып, Португалдықтарды Индонезия аралдарынан ығыстырып шығарды. Үшінші дамушы мемлекет Франция алғашқы екеуіне қарағанда баяу дамып, халқының жартысы католик, жартысы протестант (Францияда гугенот) дінінде болып, енеркәсіпте меркантализм жолымен капитал жинақтаған буржуазия ХҮІІ-ХVШ ғ.қалаларда ерекшеленіп, меркантализм арқылы дамыды. (ақшаның еселенуі арқылы өсу) Француз ауылы ағылшындікіне қарағанда әлдеқайда әлсіз болып, қаламен байланысы болмады деуге де болады. Сонымен қатар халықтың 90% ауылды жерде түруы қалалардың дамуына кедергі келтірді. XIV Людовиг кезеңінде финанс министрі Ж. Колбердің бастауымен реформалар жүргізіліп, мануфактуралар мен кеме жасау істерін қолға алып, Ост-Индия, Вест-Индия компаниялары құрылды.

Ресейдегі даму барысы абсолютті монархия болғандықтан билік басындағы патшаларға байланысты болды. Әсіресе Петрдің кезіндегі реформалар мемлекетті толығымен Византия мәдениетінің дәстүрінен жирендіріп, батысқа бет бұруға бағыттады. Бұл кең көлемде жүргізілген реформалар әдетшілдікке қарсы күшті соққы болып, модернизацияға аяқ басты. Мемлекет қызметкерлерін рангамен бөлу, дворяндардың арасында тек жүмысқа қыры барларының ғана жоғарлауына жағдай жасады.петрдің реформаларының жетістіктерімен қатар кемшіліктері де болды. Ең бастысы жоғарыдан бұйрықпен орындалған реформация ішкі қайшылықтарға себеп болды. Мемлекет пен қоғам арасында туындаған қарама-қарсылықтың себебі батыстағы тәріздес реформа табаннан яғни халықтың қалауымен емес, жоғарыдан болуы. Халықтың басым бөліғі крепостнойлықта болуы, бұл реформацияларды түсінбеуі, капиталистік қатынастарда басыбайлылардың еңбегін кеңінен пайдалануы (бұл еңбек өнімділігін төмендетті) қайшылықтың негізгі себептері болып саналады. Соған қарамастан Ресейдің жетістіктері де болды. XVII ғасырда елде 2000 жуық манфактура пайда болып, Европада шойын өндіруден бірінші орынға шығып, түсті металдарды шет мемлекеттерге сатуды бастады. Бірақ капитализмді дамытуға әлеуметтік-эконмикалық жағдайы шектеулі болатын.

ХVІІ-ХVІП ғасырларда Европада тек капитализм ғана емес сонымен қатар жаңа адамның типі де қалыптасты. Бұл адам типі орта ғасырлыққа қарағанда дін мен еңбекке басқаша көзқараспен жақындайтын Кальвиндік рухта тәрбиеленген протестанттық этикаға сүйенген буржуазия болып саналды. Сол кезеңнің әдебиетшілері де қиындықтан қорықпайтын, жұмысқа, жаңалыққа ұмтылғыш типтерді жазды. Бұлардың басында Даниел Дефоның "Робинзон Крузо" еңбегі орын алды.

Жаңа заманның кезеңінде ағартушылық маңызды роль ойнады. ХVІІ ғасырда Англияда бастау алған ағартушылық ХҮІІІ ғасырда шарықтау шегіне жетіп, Францияда ерекше дамып, Европаның басқа елдеріне тарады. Ағартушылық кезеңінде рационализм жеңіске жетіп, атеизмнің қалыптасуына жол берді. Құдайға емес ақылға сүйенуге шақырған атеистер орта ғасырлық сенімге толығымен балта шапты. Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "қоғамдық келісім" атты еңбегінде билеуші мен халық арасында ерекше келісім болуының қажеттілігін баяндайды. Бұл теориядан халық өз ойынан шықпаған билеушіні тақтан тайдыруға құқығы бар дегенге саяды. ХҮІІІ ғасырда Локк теориясын ең көп талдаған ағылшын, американ ағартушылары болды. Ағартушылардың ілімі ғасырлар бойы қалыптасқан "құдай патшалығы" түсінігін жоққа шығарып, адамдарды өздерінің үкім сүретін жаңа патшалық құруға шақырды. Кейбір ағартушылар жаңа қоғамда барлық адамзат тең болуы қажет деген түсінікке тоқталды (материялдық, жағынан да) Бірақ мұның мүмкін еместігі іс жүзінде белгілі болды. Ағартушылар билікті өзгертуге ашық шақырмағанмен адамдардың қоғамды өзгерте алатындығына көз жеткізді.



Қорытынды сұрақтар:

1. Батыс Европа және АҚШ-та капитализмнің орнығу жолдарын атапңыз

2. Ресейдің даму ерекшеліктерін көрсетіңіз

3. Жаңа дәуір адамының ерекшеліктерін атаңыз
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,

  2. Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997

  3. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992

  4. Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового Запада. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992

  5. Лернер М. Развитие цивилизации в Америке. Образ жизни и мыслей в современных Соединенных Штатах. М., Радуга, 1992

  6. Беляев Е.А. Арабы, ислам и Арабский халифат в раннее средневековье. М., Наука, 1965

  7. Всемирная история до ХХ столетия. Систематический справочник. М., 1997

  8. Громыко А.А. Внешняя экспансия капитала: история и современность. М., Мысль, 1982

  9. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т. 1-4. М., Наука, 1989

  10. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М., Наука, 1966

  11. Шнирельман В.А. Возникновение производящего хозяйства. М., 1989.

  12. Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003

  13. Кондорсэ Ж.А. Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума. М., 1936

  14. Вико Дж. Основания новой науки об общей природе наций. М.; Л., 1940

  15. Гизо Ф. История цивилизации в Европе от падения Римской империи до Французской революции. СПб., 1860

  16. Даниловский Н.Я. Россия и Европа. М., 1991

  17. Шпенглер О. Закат Европы: образ и действительность. М.; Пг., 1923

  18. Современные теории цивилизаций. М., 1995


9- тақырып. Индустриалды өркениеттердің қалыптасуы

1. Модернизация жолдары.

2. Индустриалды қоғамның рухани мәдениеті.

3. Жаңа дәуірдегі Шығыс өркениеттері және отарлық жүйе.

XIX ғасырда Европада өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Бұл жетістікке Шығыс елдерінің тек кейбіреулері ғана (Жапония) жете алды. Дамудың бұл сатысында қол еңбегінін орнын машиналар басты. Дамудағы шектен тыс жылдамдық ғылымға байланысты болып, өндіріс пен ғылымды бірінші болып ұштастыра алған мемлекет Англия алғашқы кезеңнен бастап дайын өнімді беру мен тұрмыстық ыңғайлылықты калыптастыра білді. Ол кездерде индустрияланудың адамзатты табиғат тәуелділігінен кұтқаруына сенім күшті болды.

Жаңа өркениетке аяк басумен бұл уақытқа дейін белгілі болмаған кедергілер кездесе бастады. Ағылшын экономисті Т. Мальтус "Халыктардың қоныстануының тәжірибесі" еңбегінде (1798ж.) адамзаттың барлық жағдайын жасаған кезеңде өлім азайып, туу көбейіп, ашаршылық басталатыны жайлы жазады. Сол үшіи төменгі тап өкілдерінің көбеюін қолдан азайту қажет деп санады. Басқа бір ағылшын экономисті Д. Рикардо (1772-1823ж) индустиялды қоғамның қарыштап дамуымен жердегі шикізат таусылады деген тұжырым жасады.

Бұл кезеңдегі энергия көздері ағаш, тас көмір болғаныменен 1870 жылдардан бастап мұнай мен электр негізгі тұтынушы товар болды. Құрыштың өндіріске ендірілуімен машиналар ұзақ мерзімге шыдам беретін сапалы болды. Химияның дамуы нәтижесінде энергияның жаңа көздері табылды. Өнеркәсіптің дамуы жұмысты ұйымдастыру барысында жаңа жолдарды іздестіруге себеп болды. Монополистік капитализм калыптаса бастап, картельдер - бағаларды реттеу мен товарларды сату аймақтарын бөлуге бағытталды. Синдикаттар-товарларды бірлесе сатуды ұйымдастырды. Трестерде - товар шығару мен сатуды бірдей қарастырды. Ең үлкен орталық – концерн - моногполиялық орталықтарға тәуелді болды. Монополиялардың күшеюі жеке кәсіпкерлерге зиянын тигізгендіктен 1880 жылдың өзінде-ақ АҚШ-та монополистерге қарсы қатаң шектеулер қойылды. Осылайша бұл кезеңде индустрияланудың даму жағымен катар теріс әсер ететін жақтары да орын алды.

XIX ғасырда капитализмнің дамуы бірқалыпты болмай, "орталык" пен "шеткі" мемлекеттердің арасында бәсекелестік барынша шарықтау шегіне жетті. Кейбір елдер (Германия, Ресей т.б.) феодализмнің қалдықтарын жоюға тырысты. Капитализмнің дамуымен Еуропа елдерінде төңкерістер де белең алды. Жаппай революция 1830 және 1848 жылдары Еуропаның көптеген жерлерін қамтиды. Тек Францияда 4 рет революция орын алды. Сонымен қатар эволюциялық жолмен капитализмге аяқ басқан елдер де болды (Скандинавия). XIX ғ. бастарында капитализмнің дамуында Наполеон соғыстары маңызды рөл ойнады. Ол жаулап алған жерлерде өзінің заңдары арқылы феодализмді жойып, халықтар теңдігін орнатты.

XIX ғасырдың аяғында Германия (1871ж) бірігуін аяқтап, өнеркәсіптің дамуы бойынша Еуропада бірінші, әлемде екінші орынға көтерілді. Италия бірігуін аяқтағанмен өнеркәсіпте ондай жетістіктерге жете алмады. Бірақ отарлар жаулап алуға атсалысты.



Испаниядағы абсолютистік монархия өз үстемдігінен айырылғысы келмеді. Ол өзінің ұлан байтақ отарларынан айырылуымен негізгі кіріс көзінен қол үзді. Сондықтан да Испанияда негізгі экономикалық салаларда шет ел капиталы маңызды рөл ойнады.

Өнеркәсіптің дамуына отарлар тікелей әсер етіп, жаңадан қалыптасқан капиталистік елдердің басып озуы байқалды. Өнеркәсіп төңкерісінің басталған жері Англия XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында дамуда алғаш рет АҚШ-қа, көп ұзамастан Германияға жол беруге мәжбүр болды.



Франция даму сатысында өте баяу болды. Негізгі капитал бұл жерде меркантилизм жолына бас қойып, банктерге маңыздылық берілді. Индустрализация техниканың жаңартылуын талап етіп отырды. Сондықтан да жаңадан дамушы елдер капитализмге бірден кіре алды. Дамушы елдердің қатарына кірген Германия тез арада ауыр өнеркәсіпті меңгеріп, отар жаулап алу мақсатында тез арада жаппай қаруланға бет бұрды. Жартылай демократияланған мемлекет болғандықтан бұл жердегі халықтың негізгі ойына шовинистер әсер етіп, соғысқа деген ынталарын туғызды.

Ресей өнеркәсіп төңкерісіне кеш аяқ басқанына қарамастан әсіресе ауыр өнеркәсіпте ерекше жетістіктерге жетті. 1861 жылы басыбайлылықты жоя алды. Рухани алаңда екі топ ерекшеленді. "батысшылар" мен "славянофилдер". Батысшылдар батыс өркениетін өздеріне жол бастаушы ретінде қабылдап, толығымен сол бағытта дамуға тырысса, славянофильдер даму жолында өзіндік қасиеттерінен айырылып қалу қәуіпі болғандықтан шығыстық дамуды да қосқысы келді. Мемлекет ішіндегі қоғам мен үкімет арасындағы байланыстың болмауы түрлі ағымдардың туындауына себеп болды. К. Маркстың ілімін өздеріне жол бастаушы етіп қабылдаған радикалдар ішінде 1903 жылдан бастап большевизм пайда болды. XX ғасырдың басында Ресейде бір - біріне қарама қайшы бірнеше топ пайда болды. 1905 жылға дейін орыс буржуазиясының өзінің жеке партиясы да болмады.

АҚШ- ында да өзіндік қарама қайшылықтар ен жайды. Оңтүстіктегі құл иеленуші қоғам мен Солтүстіктегі капиталистік қоғам арасындағы қарама-қайшылық күшейіп, халык арасында қарулы күреске дейін жетті. Оңтүстіктегілер әрбір негр құлға жылына тек 20 доллар жұмсап, плантациялар арқылы капитализмге аяқ басты. Солтүстіктегілер болса, машина жасауға бет бұрып, толассыз жаңартуға мәжбүр болғандықтан капиталы завод-фабрикаларда болды. Бұл шиеленіс 1861-65 жж болған азаматтык соғысқа себеп болып, солтүстік жеңіске жетті. XIX ғасырдың соңғы 30 жылында АҚШ та өнеркәсіп күрт артты. Бүл дамудың себебі ғылым мен техниканың дамуы, өнеркәсіппен ұштасуы болып табылады. 1860-1900 жж АҚІІІ та 700 мыңға жуық өнертапқыштык патенттер берілді. Үкімет ғылым мен техникаға мән беруі және қаржы бөлуі нәтижесінде дамуға қол жеткізді. Қоғам мен үкіметтің арасындағы байланыстың жақсы болуы нәтижесінде бұл жерлерде ешқандай көтерілістер болған жоқ.

Америкадағы демократиялық түрде басқару да қоғамның дамуына себепкер болды. Радикализм бұл жерде тамыр жая алмады. Өйткені қоғам оған жол бермеді.

Жаңа құрылған индустриялды өркениетте үміт пен күту орын алды. ХVШ-ХІХ ғасырларда әдебиетте, бейнелеу өнерінде, Философияда, экономикада, тарихта ерекше романтизм атты дүниетаным қалыптасты. Романтиктер өздерінше бір әлем құруға ниеттенді. Кейде ол әлемді өткен шақтан іздеді, өздеріне тән құндылықтар ойлап, өткен шақтардағы құндылықтарды жоққа шығарды. Романтиктердің идеалындағы адамзаттың ақынжандылығы мен жұмбақтылығын жаратылыстанушылар жоққа шығарды.

Ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің жаңалығы дін адамдарымен қосымша романтиктерді де қорқытты. Адамзат жануармен бірге жаратылып, бір бірінен айырмашылығы шамалы болуын дәлелдеген Дарвиннің пікірі үлкен соқкы болды. Адамзатты одан сайын "жануарға" айналдырған 3. Фрейд (1856-1939) ашқан жаңалық болды. Ол адамзаттың "өркениетті" түсінігінен бөлек жануарға тән инстингтерін күмарлығын ашты. Бірақ адамның осы қүмарлықтарын ауыздықтап отыратын ерекше түйсігі болатынын баяндап кетті.



Дарвин мен Фрейдтің жаңалықтары бұл уақытқа дейінгі адамзат құндылықтары мен түсініктерінде керемет дәрежеде топалаңын шығарды. XIX ғасырдың ішінде капиталистік қоғамдағы экономикалық өзгерістермен социалист-утопистердің туындауына себеп болды. Оның көрнекті өкілдері: А. Сен-Симон, Ш. Фурье, Р. Оуэн коллективті түрде дамуды ұсынды. Бұл көзқарас марксизмге өте жақын болып көрінгенімен ерекшеліктері болды. Кейінірек марксизм аясында социал - демократиялық козғалыс басталды. Олар радикалдық бағыттан бас тартып, мемлекетпен бейбіт түрде келісуге тырысты. Мемлекет ішінде билік пен қоғамның арасындағы байланыс күшті болған елдерде (Англия, АҚШ) марксизм, социализм түсініктері орныға алмады. Ал жартылай феодалдық, деспоттык түрдегі басқарудағы елдерде (Россия, Германия, Испания) XIX ғасырдың соңында радикалды түрде күрес жүргізуге тырысқан топтар халык арасында өздеріне тірек тапты.

ХVІІ-ХVШ ғасырларда Европалықтар территорияларын кеңейтуге кірісті. Ұлы географиялық ашылымдар кезеңінде жекеленген кемелермен жүргізілген жорықтар енді армадалар хәліне жетіп, отарлау саясатына кірісті. Алғашқы кезеңдерде европалықтарды жаулап алған жерлерінің түрғындарының руханияты мен әдет ғұрыптары қызықтырмады, олардың әлеуметтік - саяси өміріне араласпады, тек экономикалық пайданы ғана көздеді. Шығыс еркениеттерінің іздерінің әлі күнге дейін сақталғаны да осы себептен.

Еуропа елдері отарларды экспансиялау үшін өзара күресті. Бұл күрес нәтижесінде ХVШ-ХІХ ғасырларда Англия жеңімпаз болып шықты. Алдымен Голландияны, содан соң Францияны отарлар үшін күресте жеңіп негізгі отарлаушы мемлекетке айналды. Латын Америкасында Испания мен Португалияның үлкен отарлары болғаныменен өздерінің дамуы нашар болғандықтан көп өтпей-ақ отарларынан айырылатыны белгілі еді.

Бұл кезде Африканың басым көп жері әлі игерілмей қалып, европалықтар бұл континеттің тек жағалауларын ғана басып алды. Бұл жерлерді еуропалықтар Америкаға негр-құлдарды алып кету үшін, сонадай-ақ пайдалы қазба байлықтар мен шикізаттарды алып кету үшін пайдаланған.

ХVІІ-ХVШ ғасырларда халықаралық аренада Ресейдің беделі күрт өсті. Отар жаулауда Ресей өз территорияларымен шекаралас аумақтармен қанағаттанды. Отарлау жүйесінде өнеркәсіпті дамытуда әртүрлі жолдарды таңдады. Испандықтар мен Португалдықтар қүл еңбегін кеңінен қолданса, Голландықтар басыбайлы шаруаларды қанау арқылы дамуды көздеді. Тек солтүстік Америкада даму бірден капиталистік жолға бет бұрды. Тәуелсіздікке қол жеткізумен ерекше өркениет қалыптасып, Европа елдерімен бәсекелесе алды. АҚШ тың құрылуы отарлау жүйесіне алғашқы күшті соққы болды.

XIX ғасырдың басында отарлау жүйесі қалыптаса бастаған кезеңнің өзінде бүл жүйедегі әлсіз жерлер байқала бастады. 1804 жылы Латын Америкасындағы Гаити аралында тәуелсіздік үшін басталған күрес жеңіске жетіп, республика жарияланды. Бүл үшқынмен Латын Америкасындағы көптеген елдерінде революциялар басталып, тәуелсіздікке жеткенімен, іштегі тұрақсыздық нәтижесінде көршілес күшті елдерге жем болды. (АҚШ)



XIX ғасырдың орталарында Англия толығымен Үндістанды жаулап алды. Қытай "апиын" соғыстары нәтижесінде тізе бүкті. XIX ғасырдың екінші жартысында Африканы жаулап отарлау күрт күшейіп, XX ғасырдың басында тек екі Африка мемлекеті ғана тәуелсіз болды.(Эфиопия, Либерия). Отарлардың жетіспеуі нәтижесінде Осман империясы территориясына ауыз салды. Империя құрамындағы мемлекеттердің кейбіреуі өзі, ал кейбірі басқа мемлекеттердің көмегімен тәуелсіздігін алды. Бірақ көп өтпей-ақ көршілес күшті мемлекеттердің ыкпалында қалды. 1877-1878 жылдарғы орыс-түрік соғыстары нәтижесінде түріктер Европадағы бүкіл территориясынан айрылды. Бар күш-жігерлерін өз мемлекетінің дамуы үшін жүмсаған түріктер тез арада даму сатысына көтерілді.

Қорытынды сұрақтар:

1. Модернизация жолдарын атаңыз және сараптама жасаңыз

2. Индустриалды қоғамның рухани мәдениетіндегі ерекшеліктер

3. Жаңа дәуірдегі Шығыс өркениеттеріндегі өзгерістерді атаңыз

4.Отарлық жүйе ерекшеліктері

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,

  2. Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997

  3. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992

  4. Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового Запада. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992

  5. Лернер М. Развитие цивилизации в Америке. Образ жизни и мыслей в современных Соединенных Штатах. М., Радуга, 1992

  6. Беляев Е.А. Арабы, ислам и Арабский халифат в раннее средневековье. М., Наука, 1965

  7. Всемирная история до ХХ столетия. Систематический справочник. М., 1997

  8. Громыко А.А. Внешняя экспансия капитала: история и современность. М., Мысль, 1982

  9. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т. 1-4. М., Наука, 1989

  10. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М., Наука, 1966

  11. Шнирельман В.А. Возникновение производящего хозяйства. М., 1989.

  12. Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003

  13. Кондорсэ Ж.А. Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума. М., 1936

  14. Вико Дж. Основания новой науки об общей природе наций. М.; Л., 1940

  15. Гизо Ф. История цивилизации в Европе от падения Римской империи до Французской революции. СПб., 1860

  16. Даниловский Н.Я. Россия и Европа. М., 1991

  17. Шпенглер О. Закат Европы: образ и действительность. М.; Пг., 1923

  18. Современные теории цивилизаций. М., 1995

10- тақырып. ХХ ғасырдағы постиндустриялдык өркениет

  1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.

  2. Индустриялды өркениетті елдердін әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  3. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері және салдарлары.

XX ғасырға аяқ басқан кезеңде әлем индустриялды мемлекеттердің дамуы мен бәсекелестігін көрді. Өркениет түсінігі де өзгеріске ұшырап, дамушы және оларға жетуге тырысқан мемлекеттер болып бөлінді. Жаңа өркениеттің жақсы жақтары өзін тез байқатты. Даму тек экономикалық алаңда емес сонымен қатар қоғамдық өмірде де байқалды. Өркениетті елдерде азаматтық деген түсінік қалыптасты.

Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде шикізатқа деген сұраныстың артуымен дамушы елдер мен "перифериялық" мемлекеттер арасында қайшылықтар туындады. Дамушы елдер отар жаулап алудан кеш қалғандықтан жаңа бөлісуді көздеді. Алғашқы соғыстар аймақтық болды. Оларға жапон-қытай (1894-1895), АҚШ-Испания (1898), ағылшын-бур (1899-1902), орыс-жапон (1904-1905) соғыстарын жатқызса болады. Бұл алғашқы қақтығыстар келешекте үлкен, дүниежүзілік соғыстың болатынын көрсетті.

Соғысқа дайындалған мемлекеттер арасында одақтар құрыла бастады. Алғашқы одак 1882 ж. Германия, Италия, Австрия-Венгрия арасында құрылды (Үштік одақ). 1907 жылы Үштік одаққа қарсы Ресей, Англия, Франция кіретін Антанта одағы құрылды. Бұл әскери одақтар арасында алғашқы шиеленіс 1908 жылы Австрия-Венгрия мен Ресей арасында "Оқдәрі" бөшкесі атанған Балқан үшін болды. 1914 жылы Сараевода тақ мұрагерінің өлтірілуімен бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, 34 мемлекет қатысып, 70 млн жауынгер қару ұстады. 10 млн қаза тауып, 20 млн адам жараланды. Бұл соғыс әсіресе Ресей мен Германия үшін қиын болды. Ресей соғыс кезінде экономикалық жағынан әбден әлсіреп, өз одақтастарынан қарыз алуға мәжбүр болды. Әскер қатарындағы кешегі шаруалар саяси сауатсыз болғаны үшін большевиктердің өз үкіметтерінің жеңілуі үшін жүргізген насихаттарына ерді. Большевиктердің хабарынсыз 1917 жылы Петроградта стихиялы көтеріліс шығып, билік шаруалар мен солдаттардың қолына өтті. 2 наурызда II Николай тақтан бас тартты. Уақытша үкімет билік басына келгеніменен жағдайды түзете алмады. Бұл бостық ішінде тек большевиктер ғана системалы түрде күресіп, билікті басып алуға тырысты. 6-7 қазанда төңкеріс жасап, билікті колдарына алып, Ресейді дүниежізілік соғыстан шығарды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1918 жылы 11 қазан күні Германияның тізе бүгу туралы құжатқа қол қоюмен аяқталды. 1919 жылы шілде айындағы Версаль келісімінен соң Еуропадағы шекаралар өзгеріп, Германия бүкіл отарларынан, және Еуропадағы біраз жерлерінен айрылды. Ресейде большевиктер билікке қол жеткізген соң өздерінің пікіріне қосылмайтын адамдар тобын жойып, өзіндік "Тотаолитарлық" басқару жүйесін құрды. Рухани алаңда жаратушының орнына Маркс, Энгельс, Ленин, кейінірек Сталин қойылып, 1924 жылы Лениннің өлімімен оның денесі балзамданып, бүкіл СССР тұрғындарының табынатын орнына айналды. 1930 жылдан бастап тоталитарлық жүйе қалыптасып, СССР дүниежүзілік революциядан бас тартты. Тоталтарлық жүйе диктатурадан үкімет ішіндегі адамдардың жеке өмірін қадағалауға бағытталған, киім үлгісіне, балалардың тәрбиесіне де әсер етіп, демократияға бәсекелес ретінде калыптасты. Өнеркәсіп СССР де тез дами бастады. Әсіресе әскери өнеркәсіп жақсы дамыды. Үкімет басшылары қоғамға капиталистік елдердің қоршауындамыз деп түсінік берді. Бұл капиталистік елдердің бір күн болмаса бір күн шабуылға шығатындығын білдірді.

Демократияға бәсекелес ретінде туындаған тоталитаризмнің радикалды түрі фашизм Батыс Европада, Солтүстік Америкада күшті ықпалын көрсетті. Фашизмнің классикалық түрі Италия мен Германияда туындады. 1920 жылдардың ортасында Италияда фашизм Муссолинидің басшылығында орнады. Ал Германияда 1933 жылы Гитлер басшылығында билікке келді. Фашистер мемлекет ішінде қалыптасқан наразылықты, экономикалық түрақсыздықты жақсы пайдалана білді. Гитлер бірінші дүниежүзілік соғыстағы жоғалтқан жерлер мен басылған көңілдердің мәселесін қозғай отырып, халықтың сезімімен ойнап өз жағына тарта білді. Германияның сыртқы саясаты 30 жылдардың ортасына қарай агрессивті түрге ене бастады. Фашистер "өмір сүру" алаңын "жоғарғы нәсіл" үшін жаулап ала бастады. 1935 жылы Италия Эфиопияны жаулап алып, Германиямен біріге отырып, Испаниядағы фашизмді ашық түрде қолдай бастады. 1938 жылы Германия Австрия мен Судет облысын өзіне қосып алды. Судет облысын қосып алу мүмкіндігі Англия мен Францияның "тыныштандыру" саясаты нәтижесінде болды. 1939 жылы март айында Германия бүкіл Чехославакияны өзіне бағындырды. Италия өзіне Албанияны қосып алды. Европа елдері "тыныштандыру" саясатының жүзеге аспауына байланысты тез арада әскери одақтар құруға кірісті. Франция мен Англия одақ қүрып СССР мен келісуге тырысса да ол ел Германиямен 1939 жылы өзара шабуыл жасаспау туралы әрі жасырын келісімде Польшаны бөлу туралы келісіп қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германиянын Польшаға шабуыл жасауымен екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық жағдай өзгерді . АҚШ бірінші орнын нығайту үшін шексі зат шығаруға кірісті. Бүл жағдай 1929-1932 жылдар аралығында әлемдік экономикалық кризиске жол ашты. АҚШ президенті Ф. Рузвельт 1933 жылы "жаңа бағыт" деп аталатын теориямен кризистен шығуға тырысты. Европада Шведтік тәсіл деген атпен белгілі болған кәсібодақтарды карқылы кризистен қүтылуға кірісті.

1920-1930 жылдары шығыс елдері мен Латын Америкасының бірқатар елдерінде даму байқалды. Жапония, Түркия, Латын Америка еледерінен Аргентина, Мексика, Уругвай, Бразилия, Чили дамуда жақсы көрсеткіштерге жетті. Бұл дамудың негізгі себептерінің бірі ғылым мен техникадағы жаңалықтарға деген ұмтылыс болды. 1945 жылы атом бомбасы ойлап табылды.

1945 жылы соғыс аяқталып, ең зардап шеккен мемлекеттердің бірі СССР болды. Сонымен қатар еврей халқы геноцкдке ұшырап, тарихка Холокост деген атпен кірді. АҚШ Маршал жоспары деген атпен 13 милиард долларды карызға берді. Бұл жағдай соғыс зардаптарын тез жоюға мүмкіндік берді.

1950 жылдан бастап, Европада экономикалық жағдай қалпына келе бастады. СССР мен АҚШ арасында бәсекелестік басталды. Себебі СССР жаулап алған территорияларында социалистік қоғам орната бастады. Бұл бәсеке жаппай қарулану жарысына айналды. АҚШ қаруланумен қатар басқа өнеркәсіптер алаңын да дамытуда болса СССР бүкіл күш жігерін қарулануға жұмсағандықтан тез әлсірей бастады. 1949 жылы Қытайда социалистік қоғамның орнауымен күш деңгейлері шамалас болып қалды. Алғашқы қақтығыс 1953 жылы кореядағы болып екі жаққа да ірі державалардың көмектесуімен соғыс еш нәтижесіз бітті. Келесі шиеленіс 1962 жылы төңкеріспен Куба аралында комунистердің билігі орнады. СССР ашық көмектесумен қатар жасырын түрде атом бомбаларын кіргізуі дағдарысқа жол ашты. Бұл кезеңде "қырғи қабақ" соғысын жүргізіп отырған екі жақ та жаулап алу соғыстарында жеңілістерге ұшырады

XX ғасырдың соңғы он жылы көптеген өзгерістерге куә болды. КСРО жаппай қарулану нәтижесінде әбден әлсіреп, қоғамда өзгерістер жасауға мәжбүр болды. 1985 жылы Горбачев "қайта кұру" саясатын енгізумен елде демократиялық қозғалыстар басталды. 1991 жылы желтоқсанда КСРО өмір сүруін тоқтатты. 15 тәуелсіз мемлекет қалыптасты. Ғылым мен техниканың тез дамығаны сонша ілесу өте қиын болып кетті.

Мәдениет саласында көне рухани құндылықтардың орнын "атақты" яғни модаға еліктеулердің орын алды. "қырғи кабақ" соғысының аяқталуы мемлекеттер арасындағы жаппай қарулануды тоқтатып, дамуда сәл де болса тепе теңдік орнатты.
Қорытынды сұрақтар:


    1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасу жолдарын атаңыз

  1. Индустриялды өркениетті елдердін әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктеріне сараптама жасаңыз

Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері және салдарларын атаңыз
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

  1. Бадак А.Н. с.

  2. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 1. Цивилизации Древнего Востока. М.,2006.

  3. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,

  4. Древнейшие цивилизации. Под ред. Г.М. Бонгард-Левина. М., Мысль, 1989

  5. Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997

  6. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992

  7. Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового Запада. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992

  8. Лернер М. Развитие цивилизации в Америке. Образ жизни и мыслей в современных Соединенных Штатах. М., Радуга, 1992


Қосымша:

  1. Массон В.Н. Экономика и социальный строй древних обществ. Л., 1976.

  2. Мец А. Мусульманский ренессанс. М., ВиМ, 1973

  3. Никифоров В. Восток и всемирная история. М., Наука, 1977

  4. Гизо Ф. История цивилизации в Европе от падения Римской империи до Французской революции. СПб., 1860

  5. Даниловский Н.Я. Россия и Европа. М., 1991

  6. Шпенглер О. Закат Европы: образ и действительность. М.; Пг., 1923

  7. Современные теории цивилизаций. М., 1995

  8. Гуджоник г.С. Цивилизация: развитие и современность // Вопросы философии. 1986 №3

  9. Бурин С.Н. История мировых цивилизаций. М., 2002

  10. Ерасов Б.С. Сравнительное изучение цивилизаций: Христоматия. М., 1999

  11. Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового запада М., 1992

  12. Никифоров В.И. Восток и Всемирная история М., 1917

  13. Васильев Л.С. История Востока т.1. М., Высш. шк. 1994

  14. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.:

Ф.М.Ацамба., З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М., МГУ, 1987

  1. Калайков И. Цивилизация и адаптация..М.,1984

  2. Даниловский Д. История мировых цивилизации. М., 2000г.

  3. Васильев А. История Востока. М., 2002г.

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ (МОДУЛЬ) СҰРАҚТАРЫ:

1 – аралық бақылау

1.«Өркениет» ұғымы

2.Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ерекшеліктері .

3.Ежелгі Шығыс қоғамындағы билік және қоғам

3.Крит- Микен өркениеті.

4.Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің ұлы жетістікері

5.Ежелгі грек өркениетінің көркеюі.

6.Ежелгі Рим өркениетінің ерекшеліктері

7. Рим империясы дәуірі.

8.Рим өркениетінің ерекшеліктері.

9.Византия -Рим империясының мұрагері.

10.Византиядағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері.

11.Византияның рухани өмірі.

12.Батысеуропалық өркениеттің негіздері.

13 Батысеуропалық қоғам мен биліктің ерекшеліктері.

14.Орта ғасырлардың рухани әлемі.

15.Ренессанс пен Реформация

16. Категориялары: қоғамдық-экономикалық формация, өркениет категорияларының тарих пен әлеуметтану ғылымында атқаратын міндеттері



17. Тарихи заңдылық. Альтернативалық көзқарастар



2 – аралық бақылау

  1. Шығыстағы орта ғасырлар дәуірінің хронологиялық шекаралары.

  2. Ортағасырлардағы Қытай өркениеті және Жапон өркениеті.

  3. Ортағасырлардағы Үнді өркениеті.

  4. Ортағасырлардағы Араб- мұсылман өркениеті

  5. Жаңа дәуірге өту кезеңі

  6. Батыс Европа және АҚШ-та капитализмнің орнығу жолдары.

  7. Ресейдің даму ерекшеліктері.

  8. Жаңа дәуір адамы

  9. Индустриалды өркениеттердің қалыптасуы

  10. Модернизация жолдары.

  11. Индустриалды қоғамның рухани мәдениеті.

  12. Жаңа дәуірдегі Шығыс өркениеттері және отарлық жүйе

  13. Индустриалды өркениеттердің қалыптасуы

  14. Модернизация жолдары.

  15. Индустриалды қоғамның рухани мәдениеті.

  16. Жаңа дәуірдегі Шығыс өркениеттері және отарлық жүйе.

  17. ХХ ғасырдағы постиндустриялдык өркениет

  18. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.

  19. Индустриялды өркениетті елдердін әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  20. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері және салдарлары.


Қолануға, талдауға және баға беруге негізделген сұрақтар:


  1. Ежелгі Шығыс қоғамындағы билік және қоғам туралы түсініктерді салыстырыңыз

  2. Құқықтық немесе құқықсыздық. Билік шектері және бостандық кеңістігі жайлы ой толғаныстарды салыстырыңыз

  3. Батысеуропалық өркениеттің негіздері жөніндегі көзқарастарға баға берріңіз

  4. Батысеуропалық қоғам мен биліктің ерекшеліктерін негіздеңіз

  5. Орта ғасырлардың рухани әлемі сипаттамаларына баға беріңіз

  6. Тарихи заңдылық жайындағы альтернативалық көзқарастарға баға беріңіз

  7. Жаңа дәуір батырлары. Ағартушылар: түсінуге тырысқан адамдардың ой-толғаныстарын өзара салыстырыңыз

  8. Шығыстағы орта ғасырлар дәуірінің хронологиялық шекараларын негіздеңіз

  9. Индустриалды қоғамның рухани мәдениеті ерекшеліктерін талқылаңыз

  10. Индустриялды өркениетті елдердін әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін өзара салыстырыңыз

  11. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері және салдарларын сыни бағалаңыз

  12. Әлеуметтік және тарихи заңдар туралы түсініктердіталқылаңыз

  13. В.Шубарт пен П.Сорокиннің мәдени-тарихи талдауларының ерекшеліктеріне көрсетіңіз

  14. Қазіргі заманғы ұзын толқындар жөніндегі теориялардың маңызын сыни бағалаңыз

  15. Әскери циклдар теориясы ерекшіліктерін көрсетіңіз

  16. Постиндустриализм концепциясы жөніндегі Д.Беллдің көзқарастарын сыни бағалаңыз

  17. Ғаламдық өркениет немесе өркениеттердің қақтығысуы жөніндегі түсініктерді өзара салыстырыңыз



Түсінуге негізделген сұрақтар:


  1. Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің ұлы жетістікеріне мысал келтіріңіз

  2. Крит- Микен өркениеті ерекшеліктерін анықтаңыз

  3. Ежелгі грек өркениетінің көркею белгілеріне мысал келтіріңіз

  4. Рим империясы дәуірі өркениеттерінің сипаттамасын түсіндіріңіз

  5. Византия – Рим империясының мұрагері екендігі дәлелдерін түсіндіріңіз

  6. Византияның рухани өмірі жетістіктерінне мысал келтіріңіз

  7. Қоғамдық-экономикалық формация, өркениет категорияларының тарих пен әлеуметтану ғылымында атқаратын міндеттерін түсіндріңіз

  8. Орта ғасырлардағы Шығыстық өркениеттердің өзара ықпалдастығын анықтаңыз

  9. Модернизацияның германдық жолының айрмашылықтарын көрсетіңіз

  10. Ресей өркениетінің даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз

  11. «Жаңа дәуір адамы» ұғымын түсіндіріңіз

  12. Индустриалды өркениеттердің қалыптасу жолдарын көрсетіңіз

  13. Жаңа дәуірдегі Шығыс өркениеттері және отарлық жүйе мәселесіне түсіндіріңіз

  14. Индустриалды өркениеттердің айрмашылығын көрсетіңіз

  15. Модернизация жолдарын түсіндіріңіз

  16. Индустриалды қоғамның рухани мәдениеті түсіндіріңіз

  17. Постиндустриялдық дәуәі айырмашылықтарын көрсетіңіз


Білімге негізделген сұрақтар:


  1. «Өркениет» ұғымы және оның түрлеріне анықтама беріңіз

  2. Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ерекшеліктерін атаңыз

  3. Ежелгі Шығыстық өркениеттердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіңіз

  4. Ежелгі Грециядағы екі түрлі қоғам белгілерін атаңыз

  5. Рим өркениетінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз

  6. Ерте Рим өркениетінің тарихи маңызын көрсетіңіз

  7. Византия қоғамының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін атаңыз

  8. Қытай өркениеті және Жапон өркениеті айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атаңыз

  9. Ортағасырлық Үнді өркениеті ерекшелікткрін атаңыз

  10. Араб- мұсылман өркениетінің қалаптасуы және әлемдік өркениетке қосқан үлесін сипаттап жазыңыз

  11. Жаңа дәуірге өту кезеңі белгілерін атаңыз

  12. Батыс Европа және АҚШ-та капитализмнің орнығу жолдарын сипаттап жазыңыз

  13. Ренессанс пен Реформация сипаттамаларын атаңыз

  14. ХХ ғасырдағы постиндустриялдык өркениеттің қалыптасу жолдарына көрсетіңіз

  15. Постиндустриялық өркениет белгілерін атаңыз

  16. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы көрсетіңіз және белгілерін атаңыз

  17. ХХғ. «Үшінші әлем» елдерінің даму жолдарына анықтама беріңіз

Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет