Л. С. Выготский дамуында ауытқушылығы бар баланың тұлғалық ерекшелігі оның отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өткен



бет1/4
Дата25.06.2020
өлшемі48,81 Kb.
#74497
  1   2   3   4
Байланысты:
6-бөлім логопедия
1 закон термодинамики-08 12 2012

Молдабекова Гүлбану,

Абдықалықова Мадина,

Ерманова Гүлбану,

Әбуталип Айдана.

6-бөлім.

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында тәрбиелеудің компенсациялық негізі.

Баланың коррекциялық тәрбиесінде отбасының рөлі.

Л.С.Выготский дамуында ауытқушылығы бар баланың тұлғалық ерекшелігі оның отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өткен.

Отбасындағы тәрбиенің кері әсері баланың психикалық дамуының тежелуіне, тәртібінің және тұлғалық ерекшелігінің дамуына әсерін тигізеді. Осыған байланысты мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиелеп отқан отбасына арнай мамандардаң, мемлекеттің және қоғамның көмегі коррекциялық көмектің негізі болып табылады.

Бұл сөздің мәні тереңде жатыр. Тәжірибе көрсетіп отқандай бүгінгі күні ата-аналарадың көпшілігі дерлік психомоторлы дамудың бұзылысын жеңу жолында медикаментозды емге жүгінеді. Шыныныда да соңғы жылдары миды дамытатын және оның қызметін жақсартатын көптеген нәтижелі препараттар пада болды. Бірақ, ең күшті деген медикаментозды препараттарды қолданғанның өзінде баланың жағдайының жақсаруы үшін отбасы жағдайы мен ата-ананың арнайы жаттығуларды жүргізуі маңызды. Баланы отбасында тәрбиелеу коррекциялық әсер болып табылады, себебі ол емдік-педагогикалық кешеннің жаңа бағыты.

Мүмкіншілігі шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің маңыздылығы мемлекеттік деңгейде айтылады.

Тәжірибе көрсеткендей отбасында мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиеленетін болса, бұл отбасына мемлекеттік және арнайы мамандардың көмегі маңызды.

Коррекциялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру ерте жастан және мектеп шағындағы балаларды тәрбиелеудің және оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Аталған жаңа жүйенің барлығы өсіп келе жатқан жасөспірімдерді тәрбиелеудің әлемдік стандарттарын біріктіріп, жақындасқан, біріктірілген және бәр білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Коррекциялық тәрбие негіздерін ин еграциялық оқу барысында бала қарым-қатынасқа түсетін адамдар да біле керек (тәрбиешілер, педагогтар)

Жалпы айтқанда баланың проблемасын оны қоршаған адамдар неғұрлым тереіңрек білсе, онымен қатынасқа түсу соғұрлым оңай болады.

Коррекциялық жұмыстың негізгі жағдайы

Коррекциялық жұмыс барысында баланың құқығы туралы Конвенцияда көрсетілген бөлімдерді сақтау керек: баланың тұлғалық дамуына, ақыл-ой және психикалық дамуына бағытталған білім алуға құқығын, еркін қоғамда баланың тұлғалық қабілетін сақтауға мүмкіндік беру.

Коррекциялық жаттығуларға барлық балалардығ, соның ішінде күрделі кемістігі бар балаларды да қосып, әр балаға жеке даму бағдарламасын ұйымдастыру қажет.

Динамикалық дамуын бағалауда баланы басқа балалармен емес, өзінің бұрынғы жағдайын ескеру керек.

Бала үшін жағымды және қауіпсіз орта жағдайын жасау керек. Педагог баланың қабылдау ерекшелігін ескере отырып, оғын арнайы жағдай жасау керек.

Баланың динамикалық дамуын коррекциялық және адамгершілік жағынан қарастыру маңызды. Педагогикалық болжам педагогтық оптимизмге, яғни әрбір баланың бойынан сақталған психомоторлы қызметтерін таба отырып, оның тұлғалық дамуында оң жақтарын таба білуі қажет.

121

Баланың ойындық, заттық-тәжірибелік, зейінге ойын арқылы көңіл бөлу коррекциялық жұмыста маңызды. Олар келесілер:



  • Даму ерекшелігі мен дефект құрылымын ескере отырып әр түрлі методикалар әзірлеу;

  • Дамудың еерте жастан ынталандыру жүйелерін қадағалау;

  • Бала үшін жақын дамдар жағынан ыңғайлы жағдай жасау ;

  • Баланың оқуы мен тәрбиесінде баланың отбасы мен оларды ауыстырушы адамдарға жағдай жасау;

  • Ата-ана және бала жүйесінде қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • Диагностикалау мен коррекциялық жұмыстарға комплексті қатынас жасау, яғни әр сала мамандарымен кеңесе отырып жұмыс жасау;

  • Жұмыс барысында ата-аналармен тығыз байланыста болу;

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды ьәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологиялары

Педагогтар, тәрбиешілер мен ата-анларға коррекциялық тәрбиелеудің негіздерін түсініп, оны ұтымды пйдалана білу оқыту-педагогикалық процес барысында маңызды. Баланың жасы неғұрлым кіші болса оның жағдайы психикалық жарақатқа алып келуі мүмкін. Бұл баланы ерте жастан тәрдиелеу мен оқытудың дұрыс бағытты жүруі маңызды. Бұл үшін коррекциялық жұмыс барысында ата-ана мен бала және бала мен педагог қарым-қатынасы бағдарламасы жасалуда.

Осы уақытқа дейін ауыр кемістігі бар балалар оқуға қабілетсіз деп танылып, ол балалардың ата-аналарына баланы әлеуметтік қамтамасыз етілетін орындарға өткізуге кеңес берілді. Бірақ соңғы жылдары тәжірибелер көрсеткендей мүмкінщілігі шектеулі баланы ерте жастан қолға алып, тәрбиелеу әсіресе баланың анасының бала кемістігін түсініп, ерте жастан қолға алуы баланың қалыпты балалардың қатарына жақындауына мүмкіндік туғызады. Бұл жұмыстар кемістіктің ерте жастан анықталуына байланысты да өз нәтижесін береді. Медициналық-коррекциялық жұмыстың нәтижелілігі баланың отбасындағы жағдайлармен де тығыз байланысты. Әсересе баланың сөйлеу тілі, психо-моторлы дамуы барасында баланың анасымен қарым-қатынасының орны маңызды екенін атап өткен жөн. Сондықтан да коррекциялық жұмыс барысында ананың арнай мамандармен қатар баламен жұмыс жасауы маңызды. Ол жұмыстар арнай мамандармен кеңесе отырып, баланың мүмкіншілігін ескере отырпы жасалынады.

Соңғы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі балалар соның ішінде БЦА балалар да арнай мектепте оқытылып келсе, ал бүгінгі күні ол балаларды жалпы мектептерде оқыту кеңінен белең алуда. БЦА баламен жұмыс барысында оқытушы бұл баланың ерекшеліктері мен кездесетін қиындықтармен таныс болуы қажет. Педагог ол қиындықтың қай кзеңде қалыптасқанын және сол қиындықтың себебін таба отырып, одан өту жолдарын қалыптастыруы қажет. Баланың жалпы мектепте оқыту үшін, оның жағдайының жақсы болуы және нәтижелі болу үшін педагог пен ата-ананың байланысы маңызды.

Балаға қажетті коррекциялық көмек көрсету барысында оның интеграциялық орнын анықтау маңызды. Сонымен қатар қоғамның дайындығы да баланың коррекциялық жұмысында маңызды орын алады. Оларды интеграциялауды неғұрлым ерте бастаса, жұмыстың нәтижелілігі арта түседі. БАҚ құралдары арқылы да адамгершілік тәрбиені қалыптастыру керек. Балалардың интеграциялық жұмысы барысында ата-аналрдың күнделікті әсері маңызды болып табылады. Уйдегі коррекциялық жұмысты ұйымдастыру ата-ананың міндеті.

Баланың күнделікті оқуы мен қол жеткізген табыстары маңызды. Сабақта бұл жұмысты арнай маман дефектолог атқарады.

Мұндай балаларды оқыту барысында олардың келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:мүмкіншілігі шектеулі балалар қандай қызмет болса да тез шаршайды, оларға арнайы демалыстар қажет. Тағы да оларды оқыту барысында олармен арнай жеке жұмыс жүргізу қажет. Әсіресе бұл қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балалармен жұмыста ескеру маңызды.

Баланы отбасында тәрбиелеу коррекциялық бағытта болуы қажет.

Отбасына көмек көрсету барысында оның негізгі бағыттарының бірі бала тәрбиесіне арнайы педагогикалық жағдайды қалыптастыру. Ата-аналар арнайы мамандар жағынан көмектер алып отырады.

Бұзылысты ерте және нақты анықтау баланың уақытылы коррекциялық көмек алуға мүмкіндік алады, бұған балалар және ата-аналар мұқтаж.

Ерте жастан көмек көрсету қызметі- бұо 0-3 жас аралығындағы ерекше көмекті қажет ететін бала мен оның отбасына қажетті көмек көрсетудегі кешенділік негізіндегі құрылым. Бұл қызметке медициналық, биологиялы және әлеуметтік факторлардың нәтижесінде арнай көмекті қажет ететін балалардың отбасылары, дамуы артта қалған немесе келесі бұзылыстар байқалуы мүмкін: қимыл-қозғалыс бұзылысы, сөйлеу тілі дамуы, әлеуметтік және эмоционалды даму бұзылысы бар балалардың отбасылары, сонымен қатар ата-ана қарауынсыз қалған балалар және олардың тәрбиелеушілер.

Ерте жастан көмек көрсету қызметінің негізгі мақсаттары келесідей:



  1. Отбасының және ата-аналардың мәліметтік және әлеуметтік-психологиялық көмегі: ерекше көмекті қажет ететін бала дүниеге келгенде оныі ата-анасы мен отбасына көмк көрсету; баланың ерекшеліктері мен оның дамуының оңтайлы жолдарын қарастыруда ата-анаға кеңес беру, қажетті көмекті ұйымдастыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жайлы, әлеуметтік жеңілдіктер мен м.ш.б.-ның мүддесін қорғайтын заңдармен таныстыру.

  2. Бала мен отбасының басым және әлсіз жақтарын анықтау: баланың даму деңгейі (танымдық, ерік-жігер, қимыл-қозғалыс, тіл және өзіне-өзі қызмет көрсету жағы), баланың психикалық жағдайы мен оның отбасымен және ата-анасымен қарым қатынасының сапалық ерекшеліктері, отбасы мен баланың негізгі қажеттіліктерін анықтау;

  3. Отбасында балаға ерте жастан көмек көрсету-отбасы мен балаға жеке көмек көрсету; қабылданған бағдарлама бойынша бала мен отбасына көмек көрсету; ерте жастан көмек көрсету, егер қажет болған жағдайда бағдарламаға өзгерістер енгізу.

  4. Баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыру-баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыруды жоспарлау мен дайындау; баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыру.

  5. Ертен жастан көмек көрсету бағдарламасы туралы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, мамандандырылған ұйымдарға хабар беру.

Ерте жастан көмек көрсету орталығының қызметкерлері: дәрігер-неонатолог, мұғалім-дефектолог, педагог-психолог.

Ерте жастан көмек көрсету ұйымының негізгі принциптері: арнай көмек көрсету ұйымының арнайы көмекті қажет ететін баланың отбасы мен оны қоршаған ортасын профессиональді бағыттау; салаарлық-әр түрлі сала мамандарының отбасына көрсетілетін көмегінің комплексті жағы.

Баланың м.мкіншілігі шектелген екені анықталғаннан кейін бір айдың көлемінде медициналық-әлеуметтік сараптама жасалынып, баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты мүмкіншілігі шектеулі баланы реабилитациялау жұмысының бағдарламасы жасалынады. Бұл жұмыстардың барысында жүргізілген реабилитациялық жұмыстардың көлемі, өткізу уақыты және өткізген мамандар тізімі көрсетіледі. Бұл жұмыстың бағыты баланы мүмкіншіліктерін қалыпқа келтіруге бағытталған :тұрмыстық, оның мүмкіншіліктері ескрілетін оқу бағдарламасын меңгеруге, қызығушылықтарын, соматикалық жағдайын, психофизиологиялық шыдамдылығын, баланың әлеуметтіки деңгейін көтеруге және әлеуметтік ортадағы мүмкіншіліктерін дамытуға бағытталған.

Реабилитациялық жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі баланың негіздік психикалық процестерін дамыту болып табылады. Бұл қызметтердің дамуы баланың тәжірибе жинау барысында өте маңызды. Ол 75-100 арлығындағы интеллектісі бұзылған балаларда маңызды орын алады. Бұл бағдарлама арнайы психологиялық-коррекциялық ойындардан және қабылдауды дамытуға бағытталған жаттығулар жиынынан тұрады. Олар келесі психикалық функциялардың оңтайлы дамуына өз ықпалын тигізеді:танымдық қызмет, зейінғ есте сақтау, ойлау, сөйле тілі, тәртіп пен ерік-жігер сферасы.

Педагогикалық реабилитация қоғамға интеграциялау барысында өз ықпалын тигізетін және даму бұзылыстарын әр аймақта қалыпқа келтіруде дамушылық, тәрбие, оқыту әдістерінде қалыптасушылық, коррекциялық және компенсациялық қызметтерді іске қосу жұмыстары.

Педагогикалық коррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты өз құрамына оқыту, тәрбиелеу мен дамуды қоса отырып, әлеуметтік реабилитация мен қоғамға интеграциялау.

Коррекциялық тәрбие-қоғамға бейімделуге мүмкіндік тудыратын сапаларды дамыту.

Коррекциялық даму ақыл-ой және физикалық кемістіктерді жетілдіру мен психофизикалық жағдайды одан ары жақсарту.

Шет елдегі ерте педагогикалық көмек бағдарламсы(дамуға ерте жастан араласу)

Үйде оқытылатын бұл бағдарлама ата –аналардың дайындығы мен белсенді қатысуларына негізделген. Бұл бағдарлама әр түрлі кемістігі бар, сонымен қоса церебральді сал ауыратын балаларға арналған ерте жастан көмек көрсету бағдарламасы. Ол үш жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы балалардың қимыл-қозғалыс аппаратын, сөйлеу тілін, танымдық қызметтерін және өзіне қызмет көрсетуін дамытуға арналған. Бұл жағдайда ата-ана мен педагогтың және басқа сала мамандарының серіктестігі негізге алынған.

Ата-ананың мұндай бағдарламаларға қатысу балалар мәселесінің мұндай аймағынан қаншалықты хабардар екенін білу мақсатында анкета толтырудан басталады.

Бағдарламаның болжауы:

- баланы оқыту бағдарламасын іске асыруға ата- ананың белсенді қатысуы;

- отбасымен жеке консультация жүргізу

- ата- аналардың баламен арнайы әдістемені қолдану арқылы жүргізілетін сабақтармен танысуы.

Аналарға баламен күнара 10-20 минут сабақ жүргізу үшін нақты оқу пособиясы ұсынылады. Анасы баланың физикалық іс-әрекетін бақылап, өзін –өзі ұстау үлгісін көрсете отырып баланың ақыл - ой қабілетін дамыта алады. Арнайы маман баламен ананың арасындағы байланысты орнату мақсатында маман отбасына аптасына 1-2 рет барып тұрады.

Әр түрлі ауырлық дәрежесіндегі дене және ақыл ой кемістігі бар балаларға арнайы бағдарламалар жасалып жатыр. Бұл бағдарлама кемістігі бар балалаарға қалыпты балалармен бірдей бір балалабақшада тәрбиеленуге мүмкіндік береді.

Оқытудың жаңа формаларын маман бірінші өзі өткізіп көреді, кейін ата-ананың баламен жұмысын бақылайды. Әр аптада ата-анаға нақты жұмыстың мақсаты мен қалыптасқан іс әрекеттерін жақсарту жұмыстары белгіленген таблица жасалынады. Осы таблицаға қарап ата-ана баласының кунделікті іс әрекетін және оқудағы жетістіктерінің нәтижесін талқылайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан оқытуға арналған шет елдерде жасалған «Каролина» және «Пор тадж» сияқты отандық модельдік араласулар қатер тобындағы сәбилерді ойын арқылы дамыту бағдарламасын жасап шығарған.

Әлеуметтік эмоционалдық қатер тобындағы сәбилерге арнап жасалынған ерте психотерапиялық араласу ерекше қажеттілікті талап ететін сәбилер мен отбасының мүшелеріне арналған ерте

9

психотерапиялық араласу барлық топтарға таралған.



«Даун синдром» ассоцациясы Даун синдромы бар балаларды тәрбиелеу мәселесін шешуге «Маленькие ступеньки» атты дамуында ауытқуы бар балаларға ерте педагогикалық көмек көрсету бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламада әр түрлі жаттығу түрлері берілген. «Маленькие ступеньки» бағдарламасына Е.М. Мастюкова адаптация жасаған және ол осы баспаның ғылыми редакторы болып табылады.

Мамандар мен ата-аналардың арақатынасының негізгі формалары.

Дамуында ауытқуы бар балалардың отбасымен сауықтыру коррекциялық процесстерін жүргізетін мекемелердің формалары.

Жиі қолданылатын сауықтыру-коррекциялық процесстерінің формалары:

* консультативті-ұсыныстық

* ақпараттық

* ата-аналарға арналған тәжірибелік сабақтар

* ата-аналарға арналған домалақ үстелдер, семинарлар, конференциялар, клубтар.

* бала және оның ата-анасымен жеке сабақ жүргізу

* психотерапия және психокоррекциялық арттерапия

* топтық сабақтар.

Отбасымен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтағаннан кейін коррекциялық-педагогикалық-психологиялық жұмыстың және мамандар мен ата-аналардың бірлескен іс әрекетінің тиімді тәсілін таңдау керек.

Тәжірибеде көрсетілгендей косультативті-ұсыныстық формасы кең пайдаланылады.Бірінші консультацияда ата-ана мен маман арасындағы белсенді қатынас басталады.

Алдымен ата-аналардан педагогтың баламен жүргізілген

10

жұмысын бақылап ,сол жаттығуларды үйде қайталатуға талап



қойылады. Кейбір отбасыларда аналары сабақтың барысында жүргізілетін ойын эпизодтарына қатысады: маман мен бала бір топта, ал анасы серіктестік рөлін ойнаса, кейін анасы мен маман өз рөлдерін ауыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет