Л. С. Выготский дамуында ауытқушылығы бар баланың тұлғалық ерекшелігі оның отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өткен



бет2/4
Дата25.06.2020
өлшемі48,81 Kb.
#74497
1   2   3   4
Байланысты:
6-бөлім логопедия
1 закон термодинамики-08 12 2012
Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында корррекциялық тәрбиелеудің міндеті мен формасы.

Маман үшін ең басты мәселе ауру баланы тәрбиелеп отырған отбасына тек сауықтыру мен тәрбиелеу туралы ұсыныстар беріп қоймай, сонымен қатар отбасы мүшелерін бұл мәселені шешуде максималды ынталандыру қажет. Мамандар өздерінің бақылау және тексеру әдістерімен жұмыс жасағаннан кейін шыққан нәтиже туралы ата-анасына ақпарат беріп, бірге талқылайды. Ата-ана баланы реабилитациялаудың жеке бағдарламалардың мақсаты одан шығатын нәтижені білуі тиіс. Танысқан сәттен бастап ақ ата-анасының әр түрлі мамандармен бірігіп жұмыс жасауға дайндығын, меңгеруге тиісті коррекциялық жұмыстың көлемін анықтау керек.

Жеке реабелитациялық бағдарламаларды жасау кезінде ата-аналарды ең алдымен баланың ауруының ерекшелігімен таныстыру қажет. Ата-ана бұл процесссте ең қызығып қатысушылардың бірі, олар баланы қоршаған ортаға беімдеуге, еңбекке үйретуге бар күшін салады.

Ата –ана мен мамандар баланы тәрбиелеу процессінде өз алдына баланың жасына сай коррекциялық міндеттерді қояды. Өмірінің бірінші жылы баланың психикалық дамуы сенсорлық және моторлы функциясымен тығыз байланысты болады. Сондықтан эмоциялық жағымды процесс сенсоматорлық функциясының дамуы кезіндегі бала мен анасының арақатынасы барлық психикалық функцияларының қалыптасуының негізі болып табылады: сөйлеу тілі, зейіні, есте сақтауы, бағытты әрекеті, эмоциялық өрісі, ойлауы және түсінігі.

Көру және заттарды бақылау іс-әрекеттің дамуы баланың жағымды эмоцияларының пайда болуына әкеледі: алғаш

11

күлуі,бірінші дауыстың рекциялары. Сонымен қатар баланы әрдайым қуантып, әртүрлі түстегіойыншықтарды көрсете отырып, баланы қимыл қозғалысқа келтіреді.



Бірінші жылының соңында ақ баланы заттардың формасымен, көлемімен, түсімен және қарапайым заттық іс-әрекетпен таныстыру керек.

Баланың психикалық дамуына зат пен іс-әрекеттің және сөйлеу тілінің өзара байланысы маңызды рөль алады.

Баланы тәрбиелеу барысында дағдарыс кезеңіндегі өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін ескеру қажет.

Үш жасқа толғанда баланың сөйлеу тілі психикалық дамуында негізгі орын алады. Үш жасында бала өзі туралы бірінші жақта сөйлей бастайды, балада «мен» концепциясы қалыптасады. Бұл кезеңде бала өз бетімен әрекет жасауға тырысады. Ата-ананың араласқанын жақтырмайды, араласқан жағдайда бала бәрін керісінше жасайды, ақырында ол өзін қоршаған әлемнен бөле бастайды.

Осы кезеңдегі баланың мінез-құлық және басқа да даму әрекеттері үлкенднрге байланысты. Бұл кезең үш жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл жаста баланың жаңа психологиясының қалыптасу,яғни қоршаған адамдардан жекелеу қалыптасады, балада тұлғалық қалыптасу жүреді.

Сонымен қатар осы кезеңде дамуында ерекше мәселелері бар балаларда психопотологиялық бұзылыстар бірден байқалады. Мысалы: өзін қоршаған ортадан жекелеу ерте балалық аутизмге сәйкес келеді.

Бәрін ескере отырып ата-ананың коррекциялық процесстің міндеттері баланың жасына сай екенін түсінеміз.

0-3 жас аралығында ата –ана баланың психофизикалық дамуын эмоционалды жылы қатынасы тактильді ынталандырумен, көру және есту қабілеті, сөздік белсенділігін, кеңістікті бағдарлауын дамытады.

3-4 жасында баланың зейіні, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, жалпы және ұсақ моторикасы дамиды, қарым-қатынас жасау дағдылары және ортасы қалыптасады. Өзіне өзі қызмет жасайды, тазалық сақтайды, ата -анасы рөлдік және сюжеттік рөлдік ойындар ұйымдастырады, демалысын ұйымдастырады, балабақшасын таңдап, мамандармен бірігіп жұмыс жасайды. Ата – ана тек сырттай бақылап, күнделік жазады.

5-6 жастағы баланың ата-ана мамандармен бірлесіп баланы мектепке дайындайды. Ата-аналар баласының еңбек дағдысын қалыптастырып, өзімен өзі дамуына үйретеді.



Ата-ананың негізгі реабилитациялық міндеттері:

  • Үйдің атмосферасын, жағымды, тыныш, баланың жағдайына сай жасау;

  • Балаға уақтылы дәрісін беру;

  • Әрдайым күнделікке баланың соматикалық және психикалық жағдайын бақылап, жазып отыру;

  • Дамуында ауытқушылығы бар және инвалид балаларға қатысты заңдарды білу;

  • Дамуында кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған бірлестіктерге қатысу;

  • Ата-ана баланың дамуының барлық ерекшеліктерімен танысып, кемістікке оң қарап, баланы қоршаған ортаға бейімдеу қажет.

Негізгі коррекциялық сабақ формалары: жеке сабақ ,шағын топтармен ата-ананаң қатысуымен жүргізілетін сабақ.

Баланың нақты білім деңгейін анықтау үшін әңгімелесу барысында сұрақ- жауап әдісін қолдануға болады. Тексеру кезінде балада агрессия, негативизм, жүйке жүйесінің қозғыштығы байқалса баламен қатынасқа түсу мүмкін емес. Бұл кезде баланы тек сырттай ойын барысында бақылай аламыз.

3 жастағы Витяны тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың жеке бағдарламасы.

Диагноз: Сөйлеу тілініңжәне психикалық дамуының артта қалуы.

Тексерудің нәтижесі: бала өзі сенімді жүреді, бірақ секірмейді, қолдың моторикасы дамымаған. Жекеше сөздерді айтады, өзіне айтылған сөзді түсінеді.

Ата-анаға арналған бағдарлама өзіне жалпы және сөйлеу моторикасының дамуын қосады.

Жалпы қозғалысты, секіруді, аяқтың қшымен жүруді дамыту керек. Бір аяқпен тұру,тепе-теңдікті сақтауды үйрету керек және қол моторикасын жаттықтыру қажет.

Ата-ана 3 сатымен оқытуды жүргізу қажет:



  1. Алдымен балаға не істеу керек екенін түсіндіру

  2. Кейін қажет болған жағдайда көмек көрсету

  3. Жағдайды сәтті аяқтап, баланы жасаған тапсырмасы үшін мадақтау.

Дамуында ауытқушылығы бар баланың еңбекке икемділігі төмен келеді, ЦНС. Сондықтан олар ең алдымен ұйқысының жеткілікті болғанын қалайды. 1 жастан 3-4 жасқа дейін бала тәулігіне 14-15 сағат ұйықтау керек.

Дамуында ауытқушылығы бар бала үшін ең маңыздыс арнайы сабақтар ол үшін қызықты болу керек.

Ауа райының өзгеруі кезінде, әсіресе ауа қысымы жоғары болғанн кезде, көп балалардың жағдайы нашарлай түседі, олар мазасызданып жылай береді.

Ойын әрекетін қалыптастыру.

Ерте бала кезеңдегі және бастауыш сынып жасында бала үшін маңызды қызмет түрі ойын болғандықтан ата-аналарға, тәрбиелеушілер мен ұстаздарға балалардың ойындағы мүмкіншіліктер мен қызметтеріне баса назар аударуы қажет. Қалыпты дамуы бар балада ойын қызметі кезеңмен дамитыны белгілі. Бірінші кезеңде балалар қызметінің негізгісі-заттық әрекет болып табылады. Бұл ойындар негізінен заттық әсер етуші ойындар болып келеді.

Бала үшін ең бірініші ойыншық-балының өзі. Ол өз қолын көру арқылы оны зерттей бастайды, ал аузы арқылы оны сезеді. Өз өмірінің бірінші жылынан бастап бала айналасындағы заттарды зерттейді, барлық затқа қол созып, өзіне қарай тартады. Оның барлық әрекеті зерттеу мен тануға жұмылдырылған.4-8 айлық бала өзіне таныс затты алыстан танып, оған қол соза алады. Ата-аналар ойын барысында балалардың танымдық әрекетін дамыта отырып, оларды қайталап, жаңа элементтермен толтырып отырулары маңызды.

Ата аналар балаға ыдыстан су ішудә қасықты дұрыс ұстауды үйретуі қажет. Бұл мақсатта су құю мен төгу ойынын ойнаған маңызды.

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Баланың қимыл қозғалысы дамыту мен кеңістікті бағдарлау әрекетін қалыптастыру.

Дамуында мүмкіншілігі бар балалардың әсіресе бірінші жылдары қимыл-қозғалысында қиыншылықтар кездеседі.

Бала өзі қимылдағанымен оның жүрісі тұрақсыз болып келеді. Көп жағдайда ата-аналар балаларына сүйемелдеу көрсетіп, оның дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл баланың қимыл-қозғалыс тәжірибесінің бәсеңсуіне алып келеді де, өз-өзін ұстауы мүлдем болмайы мүмкін. Ата—аналарға балалардың моторикасын дамытуға барынша мүмкіншілік жасауға тырысу керек.

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) . Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

* есте сақтау қабілетін дамыту;

* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:

1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);

2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);

3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);

4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);

5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);

6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.

Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.

Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:

1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;

2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;

3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);

4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.

5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру .

Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелері.

Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта, бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі бойынша балалар емханаларында (бөлімдерінде) жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық мекемелер (консультациялық-диагностикалық орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция орталықтары, реабилитациялық мекемелер) денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек көрсетеді.

Қалалық балалар емханасы (бөлімі) – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының ең басты емдеу профилактикалық мекемесі болып табылады. Соматикалық, репродуктивтік, психикалық денсаулық туралы ақпараттарды жинап, біріктіріп, сараптап, балалардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінің сапасына жауап береді. Осындай жұмыстардың негізінде профилактикалық, емдеу-салауаттандыру және коррекциялық жұмыстардың негізгі басымдық бағыттарын анықтайды, сол территорияның балаларының денсаулығын сақтаудың негізгі міндеттерін құрастырады.

Үздіксіз медициналық бақылау жүйесінде учаскелік педиатрлар басты, координациялық маңыз атқарады. Олар профилактикалық емдеу, реабилитациялық жұмыстардың мезгілінде, кешенді және қажетті көлемде жүргізілуіне тікелей жауапкершілікте болады.

Бұл міндеттер орындалуы үшін балалар емханасында (бөлімінде) педиатрлар бөлімі (кабинеттері), ағарту мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, салауаттандыру шаралары, клиникалық-эксперттік комиссия және т.б. параклиникалық, қосарлы қызметтер жұмыс істейді.

Педиатриялық бөлімдер жаңа туған сәбиден17 жасқа дейінгі балаларға жедел және созылмалы ауруларға қарсы амбулаториялық және үйге барып көмек көрсету, диспансерлік бақылау, жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерге профилактикалық шаралар жүргізу қызметін атқарадаы.

Репродуктивтік денсаулық жөніндегі мамандардың (балалар гинекологы, андрология …) қатысуымен арнаулы көмектер көрсетіледі.

Оқу-ағарту орындарындағы медициналық көмек көрсету бөлімдері, жалпы және коррекциялық типтердегі интернаттарға, кәсіптік білім беру орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әскери комиссариатпен тығыз байланыста болып, ер балаларды әскерге дайындау жұмыстарын және дәрігерлік-мамандық кеңес беру, мамандыққа бағыт беру жұмыстарын жүргізеді.

Медициналық-санитарлық көмек беру бөлімі жанұяның медициналық - әлеуметтік қауіпті факторларын анықтап, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.

Емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық-эксперттік комиссиясы уақытша еңбекке жарамсыздыққа экспертиза жасау мақсатында қызмет етеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толған соң балалар емханасынан жалпы ересектер емханасының бақылауына ауыстырылады. Мұнда диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді толық тексеруден өткізіп, комиссия шешімін көрсету арқылы ауыстырады.

Балалардың міндетті түрде медициналық бақылауда болу мерзімі, құрылымы, кезеңдері Денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттары бойынша анықталады. Мектептерде денсаулық жағдайының ауытқулары бар балаларға салауаттандыру шаралары жүргізіледі.

Жоғары тыныс жолдарының жедел салқын тиген ауруларымен жиі ауыратын балаларға арнаулы, жеке тәртіп жасалып, витаминдерге (А,В,С) фитонциттерге (сарымсақ, пияз) бай тағамдармен қанықтырылыған рационалды тамақтану, арнаулы бағдарламадағы денешынықтыру тәрбиесі, қажетті шынығу процедуралары, симтоматикалық емдік дәрілер, кариес тістердің санациясы, УФ т.с.с тағайындалады.

Табиғи физикалық факторлардан ең қолайлысы климатотерапия (аэротерапия, гелиотерапия, серуендер) болып табылады. Арнаулы зерттеулер арқылы минералды сулармен емдеудің диуретикалық тиімділігінің жоғары екендігі, жақсы иммунологиялық өзгеріс беретіндігі анықталған. Экологиялық Қолайсыз жерлерден келген балаларға минералды ванналар жақсы көмектеседі.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелерінің шарттары бойынша аталған көмектің 3 кезеңін бөліп қарастыруға болады:

1-кезең:Бұл орталық жүйке-жүйесі бұзылған балалар мен қатер тобындағы балаларға арналған мамандандырылған көмек көрсету. Бұл көмек босану мекемелерінде басталып, арнайы психоневрологиялық, әр салалалы ауруханаларда, арнайы мамандардың бақылауымен жүреді.

Бірінші кезеңде жұмыстар алғашқы кездегі медициналық көмек пен емдік-коррекциялық жұмыстар болып келеді және ол жұмыстар балалардың кемістіктерін уақытылы анықтап және мүмкін болатын кемістіктерді болжауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде балаларғы арналған медициналық көмекпен қоса профилактикалық шараларды ұйымдастыруға мүмкіншілік береді, себебі алғашқы уақыттағы кемістіктер одан кейін де екіншілік кемістіктерді тудыруы мүмкін.

Босану үйлерінде түрлі жарақаттармен, асфексиямен жіне ақаулықтармен туылған балалар үшін арнайы бөлмелер бар. Үлкен босану мекемелерінде биохимиялық, иммуналогиялық және цитогенетикалық , дыбыстық зерттеулер арқылы балада дамып келе жатқан ақаулықты анықтауға болады.

Босану үйлерінде сонымен қатар жеке емдеу бөлмелері де болады.

Екінші кезеңде мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнайы көмектер стационарларда, шипажайларды, балабақшаларда, балалар үйінде, емханалар мен психоневрологиялық диспансерлерде кездеседі.

ОНЖ-сі ерте органикалық зақымданған балалар үшін, күн ваннасын өмірлерінің 1-ші жылында шынықтыру құралы ретінде пайдалануға болмайды. Бұл олардың көбісінің ішкі ми қысымының көтерілуіне, кейді ОНЖ-нің тітіркенуі мен тартылуына бейім екендігімен байланысты болады.

Дамуында ауытқушылық бар барлық балалар үшін олардың моторикасын, функциясын дамыту бойынша арнайы сабақтардың, әсіресе қозғалыс координациясы, тепе-теңдік функциясын, түзу тұруын, жүруін, кеңістікте қозғалтуын және ритмін дамыту бойынша сабақтардың маңызы ерекше.


146

Дамуында қалыңқыраған көптеген балаларда қозғалысты орындау ритмі бұзылған. Бұл әсіресе қозғалуы және сөйлеуі бұзылған балаларда ерекше жиі кездеседі. Сол себепті баланы қозғалысты берілген ритмге сай орындауға үйрету қажет. Ол үшін баламен есеппен, шапалақпен, музыкамен байланыстыра арнайы тапсырмалар өткізу керек. Қозғалысты берілген ритмде орындау баланың момторикасын жақсартып қана қоймай, оның ынтасын белсендіреді, көңіл-күй (эмоциялық) тонусын көтереді, оның тіл дамуын сәйкестендіреді.

Дамуында ауытқушылық бар балаларда, әдетте жылдамдық, икемділік, күш және төзімділік сияқты физикалық қасиеттер жеткіліксіз дамиды. Сондықтан олармен негізгі қозғалыс дағдыларын құратын және физикалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететін арнайы жаттығулар орындаған өте маңызды. Мұндай жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, сондай-ақ ойыншықтармен және заттармен жасалатын әртүрлі әрекеттер жатады. Баланы мүмкіндігінше ертерек көлемі, пішіні және салмағы бойынша заттарды ұстауға, қозғалтуға және оларды жабық көзбен сезіп байқауға үйреткен маңызды.

Дамуында ауытқушылық бар баланы тәрбиелеу оның денсаулығын қатайтумен тығыз байланыста жүреді. Ең алдымен оның ұйқысы мен тамақтану режимін бір қалыпқа келтіру қажет. Баланы анасының қолында ұйықтауға үйретпеген дұрыс. Бұны қатты қажет жағдайда ғана, мысалы ауырғанда жасауға болады. Баланы ұйықтауға күнде бір уақытта жатқызған дұрыс. Түнгі ұйқы алдында баламен қыдырған, бірқалыпты,тыныш ойындармен ойнаған пайдалы; ұйықтар алдында оны еркелетіп еліктіруге, жаңа ойыншықтар сыйлауға, жаңа кітаптар оқуға болмайды. Күнде бір ойынға ойнаған, балаға жақсы таныс әрі өзі ұнататын кітабын оқыған тиімді. Баланы ұйықтататын үлкен адам неғұрлым сабырлы болуы қажет.


147

Қозғалысы дұрыс емес, әсіресе ДЦП бар сәбиді түнгі ұйқысы кезінде бір жағынан екінші жағына аунатып жатқызған дұрыс. Егер бала ішімен ұйықтап жатса, оның басы бір жаққа қарай бұрылып жатуы қажет. Олай болмаған жағдайда, оны ішімен жатқызбау керек.

Егер сәби нормадан көп ұйықтаса, қобалжымаңыз, есіңізде болсын, оның нерв жүйесі өте әлсіз және демалысты қажет етеді.

Егер баланың сіңірі тартылатын болса, анасының түнгі ұйқы кезінде өте абай болғаны дұрыс; жанұя мүшесінің бірі баламен бір бөлмеде ұйықтағаны, тіпті жақсы болады.

Дамуында ауытқушылық бар кей балалар түнде оянбастан айқайлауы, кейді тіпті тұрып, бөлме ішінде жүруі мүмкін.

Егер бұл жағдай үнемі, яғни ұйықтағаннан кейін күнде бір уақытта болатын болса және сол уақытта бала сиіп қойса ата-анасы міндетті түрде дәрігерлермен ақылдасуы қажет, себебі мұндай жағдайларда арнайы ем қажет болуы мүмкін.

Ауру баланы тамақтандыру кезінде оның әртүрлі тағам түрлерін қалай сіңіретіндігіне назар аудару керек. Психомоторикалық дамуында қалыңқыраған кейбір балалардың зат алмасуы туылғаннан бұзылған болуы мүмкін, соған байланысты олар әртүрлі өнімдерді, мысалы сүт, қант, белоктық заттар, нащар игереді. Бұл жағдайлардың барлығында да дәрігерге қаралып, ол тағайындаған диетаны қатаң ұстау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет