Лаборатория жұмысына даярланғанда және оларды орындағанда сақтыққа қажет қауіпсіздік техникасы ережелері



бет4/4
Дата03.07.2020
өлшемі17,94 Kb.
#74871
1   2   3   4
Байланысты:
Лабораториядағы қауіпсіздік техникалары

Жартылай микроәдіс дегеніміз – макро және микроәдістердің аралығындағы әдіс, яғни тәжірибелерді жүргізгенде реактивтердің ең аз мөлшерін пайдаланады: ерітінділердің көлемі 0,1–0,3 мл-ден аспайды. Құрғақ заттардың мөлшері, макроәдіспен салыстырғанда 20–50 есе аз алынады, ал ыдыстарға келсек 4-6 мл-лік пробиркалар, 50-100 мл стакандар толығымен жеткілікті.

   Жартылай микроәдістің құндылығы:

1)Жұмыс жүргізуге уақыттың ұтымдылығы: макроәдіспен салыстырғанда, қолданылып отырған әдіспен екі есе көбірек(бірдей уақытта) тәжірибелер жүргізуге болады;

2)Реактивтерді үнемдеп, шығымын қысқартады;

3)Жинақты, ұқыпты, тез және үлкен дәлділікпен жұмыс жасауға үйретеді;

4)Жұмысты суырғыш (вытяжной) шкафсыз, су құбырынсыз орындауға мүмкіншілік береді;

5)Жартылай микроәдіске өту өте жеңіл орындалады. Ол үшін өте арзан, құрылысы жөнінен жай қондырғыларды керек етеді, яғни: үлкен пробиркаларды кішкентайларға (4-6 мл-ліктерге), реактивтік ыдыстарды пипеткалармен ауыстыруға болады, тек штатив қажет. Кейбір реакцияларды жай шыны пластинкаларда да жүргізуге болады;

6)Өте аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс жасау – қазіргі нарық экономикасына сәйкес лаборатория жұмысының ғылыми деңгейіне жауап береді.   

Реактивтер, ыдыстар, қондырғыштар

Нұсқауда келтірілген барлық жұмыстарды орындау үшін, барлығы 60 реактив қажет. Ол реактивтерді сақтайтын сатылы жәшік-штатив  жасауға  болады. Жәшік-штативті өздеріңе ыңғайлы етіп құрастыруға болады, тек ескеретін жағдай жәшіктің әр полкасына реактивтер склянкаларын  қоятын 15-20 ұяшықтар (гнездо) жасау керек. Қатты реактивтерді және ерітінділерді  ыдыстың сыртына атын жазып, сол ұяшықтарға орнықтырып қояды. Концентрлі қышқылдар мен сілтілерді суырғыш шкафта сақтайты.

 Күнделікті қолданылатын сұйық реактивтерді антибиотиктерден босаған шыныларға (пузырьки) салуға болады. Тек сол шыныларды  резинка немесе пластмасса тығындары арқылы орнатылған тамшылатқыш пипеткалармен жабуға болады. Тамшылатқыш пипеткаларды өздеріңізге жасауға болады, ал құрғақ реактивтерді сол шыныларға (антибиотиктен босаған) салып, резинка тығынмен жауып қояды. Шыныдан немесе металдан микрошпатель (микроқасық) жасауға болады. Жасалған микроқасықты резинка тығынға орнатса дұрыс болады. Микроқасықты шыныдан жасау үшін, диаметрі 2 мм шыны таяқшаны горелка жалынында жұмсағанға дейін қыздырып, сосын қышқашпен (плоскогубцы) қатты қысса, таяқша жалпайып,  микроқасық (микрошпатель) дайар болады. Ал алюминий таяқшасын (диаметрі 2мм) қызарғанша қыздырып, ол жұмсағанда темірдің үстіне салып балғамен ұрса микроқасық болады.

 Пробиркаларды пробиркаға арналған штативте сақтаған жөн. Жұмыс жүргізуге түбі сүйірлеу келген пробиркалар ыңғайлы, себебі, аз мөлшердегі химиялық процесс кезіндегі өзгерістерді (тұнба түсу, түсінің өзгеруі, ерітінділер қабатының пайда болғанын) байқауға жеңіл. Сұйықтықтарды араластыру үшін шыны таяқша болу керек. Мүмкін болса, колбалар – Эрленмейер колбасын алған жөн.



Жұмысты ұйымдастыру және лаборатория журналын қолдану

Әр лаборатория жұмысын жүргізу үшін оқушы даярлықты оқулық, жұмысшы дәптері және лаборатория жұмысына арналған нұсғау бойынша жүргізеді. Лаборатория жұмысын жүргізген кезде оқушы лабораториялық журналға жазып отырады. Журналға: жұмыс жүрген күннің, жұмыс тақырыбының реттік санын, атын, жұмыстың реттік санын, атын, жүргізу тәртібін, реактивтердің санын, атын, байқаған құбылыстарын, процестің химиялық теңдеуін және жұмыс туралы қысқаша қорытындысын жазады. Жүргізген тәжірибе негізінде жасалған дұрыс қорытынды тақырыпты жақсы игеріп, материалдар жақсы түсінгенін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет