Бағаналы жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus — бағана, діңгек; грек, kytos — жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы. Бұл жасушалардың ұрпақтары белгілі бір микроортада әртүрлі бағытта жетіліп, бір-бірінен құрылыс айырмашылықтары бойынша ажырап, әртүрлі жасушаларға айналады. Жануарлар эмбриогенезінде діңгекті жасушалар сарыуыз қапшығының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамып жетіліп, көпмүмкіндікті (полипотентті) жасушаларға айналады
Тромбоциттер ( грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы. Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: Белсендірілу фазасы
Достарыңызбен бөлісу: |