Лайықты қабылданғанқағида) нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан



Дата06.01.2022
өлшемі14,72 Kb.
#110125
Байланысты:
Назгүл Сунақбай геометрия
2 сит, Документ Microsoft Office Word (2), ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАГЫ - Эк ж ТК

            7 сынып геометриясындаоқытылатын аксиомалар

 

Аксиома (көне грекше: — лайықты қабылданғанқағида) — нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан логикалық дәлелдеусіз алынатынқағида; теорияның ақиқат (шындық) ең бастапқықағидасы.“аксиома” терминіертедегі грекияда пайда болған. Ол алғашрет аристотельдің (біздің заманымызданбұрын 384 — 322 жылдары) еңбектеріндекездеседі. Ал евклид (біздің заманымызданбұрын iii ғасырда) аксиомалық жүйені пайдаланаотырып өзінің басты еңбегі — “негіздерді” жазды.



математикалық теорияның негізі болыптабылатын аксиомалар жүйесі де аксиомаларсияқты үнемі өзгертіліп әрі жетілдіріліп отырады. Аксиомалар жүйесіне оның қайшылықсыздығы, тәуелсіздігі және толықтығы сияқты негізгіталаптар қойылады. Аксиомалықтәсілдер геометриядаарифметикадаықтималдықтар теориясында тағы басқа салалардакеңінен қолданылады. Қазақша аксиомалық әдіс.

 

1 аксиома

Түзу қандай болса да, оның бойында жататынжәне оның бойында жатпайтын нүктелертабылады. Әрбір екі нүкте арқылы бір ғана түзужүргізуге болады.

2 аксиома

Түзу бойындағы үш нүктенің тек біреуі ғанақалған екеуінің арасында жатады.



3 аксиома

а) Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар.


ә) Кесіндінің ұзындығы оның әрбір нүктесі менбөліктерінің қосындысына тең.

4 аксиома

Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.



5 аксиома

а) Әрбір бұрыштың нөлден үлкен градустықөлшемі болады.


ә) Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыштыңқабырғаларының арасы арқылы өтетін кез келгенсәулемен бөлінетін бөліктерінің қосындысынатең.

6 аксиома

Кез келген сәуле бойынан оның бастапқынүктесінен бастап, ұзындығы берілген кесіндініөлшеп салуға болады және ол жалғыз болады.

 

7 аксиома

Кез келген сәуле бойынан берілген жартыжазықтықта градустық өлшемі берілген бұрыштыөлшеп салуға болады және ол жалғыз болады



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет