Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет8/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық
8 класс Волшебная, 3-сабак Қаз тілі, ПРЕЗ, Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3, Рабочая тетрадь Труд человека кормит. Составное глагольное сказуемое.
جحلا كسانم
тастары бес таудан: Синай, Ливан, Елеон, Жуди (Нұх 
пайғамбардың (
ғ.с.
) кемесі тоқтаған тау), Нұрдан 
(Мұхаммед пайғамбарға (
с.а.с.
) Алла тағаланың уахи 
сөздері алғаш жеткен тау) әкелінген.
бесінші дерек
– Нұх пайғамбар (
ғ.с.
) кезінде 
Жер бетін топан су қаптап, Алланың алғашқы үйінің 
ірге тасын шайып кеткен екен. Содан сүбхана Алла 
тағала Ибраһим пайғамбар мен оның ұлы Исмайылға 
(
ғаләйһимас-сәләм
) Қағбаның ірге тасын көтеруге 
Жәбірейіл періште арқылы әмір жіберген екен. Ол жай-
ында Құран кәрімдегі «Бақара» сүресінің 127-аятында 
былай делінген: «Ибраһим Үйдің ірге тасын көтергенде 
Исмайыл: «О, Жаратқан Иеміз! Бізден қабыл ал, өйткені 
Сен – бәрін естисің, білесің», – деді». 
Сонымен Қағба дегеніміз – төрт бұрышты тас 
ғимарат. «Кағба» – араб сөзі, текше (куб) деген мағына 
береді. 
Қағбаның төрт бұрышы төрт жақты көрсетеді.
Шығыс бұрышты «әр-рүкн әл-әсуәд» («қара 
бұрыш») деп атайды, өйткені, ол бұрышта қасиетті 
Қара тас бар. Қара тас күміспен жиектелген, жерден бір 
жарым метр биіктікте орналасқан. 
Діни аңыздар бойынша Алла тағала жұмақтан 
қуылған Адам атаға (
ғ.с.
) күнәсін мойындағаны үшін 
осы тасты сыйға тартқан. Алғашқы кезде оның түсі ақ 
болды. Кейін күнәһарлар ұстаған тас қарайып кетеді.
Солтүстік бұрышты «әр-рүкн ал-ирақи» («Ирақ 
бұрышы»), батысты көрсететін бұрышты «әр-рүкн 
әш-шәми» («Шам елі бұрышы»), ал оңтүстік жақты 
меңзейтін бұрышты «әр-рүкн әл-йәмәни» («Йемен 
бұрышы») деп атайды. 


20
Қажылық
Жыл сайын Зул-хижжа айының 9-күні Қағбаға 
жаңа жапқыш – кисуа жабады. Кисуа – Қағбаның 
қабырғаларын жабу үшін жібектен тоқылған қара мата. 
Кисуада 
«Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәд рәсүлуллаһ»
(«Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – Алланың 
елшісі»), 
«Аллаһу жәлл жәләлуһ»
(«Құдіретті де күшті 
Алла»), 
«Сүбханаллаһи уә би-хамдиһи»
(«Аллаға мақтау 
мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет