Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет1/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық
8 класс Волшебная, 3-сабак Қаз тілі, ПРЕЗ, Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3, Рабочая тетрадь Труд человека кормит. Составное глагольное сказуемое.


Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы
Алматы, 2010
جحلا كسانم


УДК ?
ББК ?
Л ?
Құрастырушы: 
шығыстанушы-дипломат
Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы
Л ? 
Қажылық جحلا كسانم – Ал ма ты: 2010. – 214 бет.
ISBN 9965-
Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Сауд 
Арабиясының қасиетті жерлері – Мекке мен Мединаға 
келіп, Жаратқан Иеміз Алла тағалаға құлшылық жасағанда 
оқылатын дұға-тілектерді, қажылықтың рәсімдерін осы 
кітаптан тауып алуға болады.
Қолдарыңыздағы кітап барша оқырман қауымға 
арналған.
УДК ?
ББК ?
ISBN 9965-
© Ламашәріп Қ.Қ. 2010
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ 
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ МА ҚҰЛ ДА ҒАН


3
 
ҚАжыЛыҚ
Қажылық – қадым заманнан келе жатқан көне 
ғибадат. Қажылық дегеніміз – Жер бетіндегі ең бірінші 
тұрғызылған Үйге барып, Алла тағалаға құлшылық 
ету. 
Қажылық – жыл сайын Сауд Арабиясының Мек-
ке шаһарында Зул-хижжа айының 7-13 күндері ара-
сында өтетін діни әдет-ғұрып. Қажылық – Исламның 
бес қазығының бірі, өмірінде бір рет болса да оны 
орындауға шамасы жететін мұсылманның парызы.
Мұсылман қажылық жасамастан бұрын мына 
шарттарды орындай алатынына көзі жету керек:
Ақыл-есі дұрыс болу. Мәжнүн адамға қажылық 
• 
жасауға болмайды, ал егер оның ақыл-есі орны-
на келіп, сау адамдар қатарына қосылса, онда 
қажылық оның парызына айналады.
Кәмелетке толу.
• 


4
Қажылық
Қажыға барып келгенше бала-шағасына жететін 
• 
қаражаты болу және қажылық жасауға шамасы 
жететінін сезіну.
Бар жасаған қиянаттарын мойнына алады. Өзін 
• 
ренжіткен адамды кешіреді.
Қажылыққа кететін қаражатына, жол шығынына 
• 
өкінбейді. Қажылыққа жұмсалатын пұл адал 
жолмен табылған болу керек.
Жиналған ақшадан зекет салығы алынады. 
• 
Қайыршы, мүсәпірлерге садақа таратады.
Меккеге барып-қайтуға мұсылман адамның шама-
шарқы жететінін мына үш жағдаймен анықтайды:
а) Денсаулығы жол сапарына, қажылықтың әдет-
ғұрыптарын орындауда төзімді болу керек.
ә) Жол амандығы, яғни сапар шегетін жолда соғыс 
қаупі, ұры-қарақшылар болмау керек. Егер он-
дай кауіп-қатерлер байқалса, онда қажылықтан 
бас тарту күнәға жатпайды. Алайда, мұсылман 
қауіп-қатерге бас тігіп, қажыға барса, оның 
қажылығы қабыл болады.
б) Сауд тарапының талабы бойынша қазіргі уақыт-
та қажыға ұшақ не кемемен баруға болады.
Әйел де еркек секілді қажыға барады. Алайда, 
күйеуге шыққан әйел қажыға барғысы келсе, алдымен 
күйеуінен рұқсат сұрайды. Егер әйел алғаш рет қажыға 
барғалы тұрса, онда күйеуі міндетті түрде рұқсат 
береді. Ал егер әйел адам қажыға екінші рет барғалы 
тұрса, не бірнеше рет барған болса, онда ол күйеуінің 
айтқанын тыңдайды. Әйел адам қажыға күйеуіне еріп, 
не туысқанымен ғана бара алады.


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет