Латын әліпбиіне байланысты сұрақтар Президент мақұлдаған латын графикасына негізделген әліпби жобасының алдыңғы акутты жобадан басты айырмашылықтары неде?


Президент мақұлдаған әліпби қашан ресми түрде бекітіледі және ол қолданысқа қай кезде енгізіледі?



бет5/24
Дата23.01.2022
өлшемі37,31 Kb.
#113512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Латын сұрақ жауап (1) (2)
Баяндама Латын, латын баяндама орыс тілінде, 04.05, 1634707827 (1)
5. Президент мақұлдаған әліпби қашан ресми түрде бекітіледі және ол қолданысқа қай кезде енгізіледі?

Орфографиялық жұмыс тобы даярлаған әліпби жобасы 2020 жылдың қараша айында Президентке таныстырылғанын білесіздер. Президент ол әліпби жобасын мақұлдап, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына байланысты құрылған ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссияға жолдады. Ұлттық комиссия отырысын ақпан айында өткізу жоспарланып отыр, егер Ұлттық комиссия мүшелері Президентке таныстырылған әліпбиді дұрыс деп мақұлдаса, онда бекітуге ұсынылады.



6. Бекітілген әліпби нұсқасын кімдерден бастап оқытасыздар? Осы жөнінде толығырақ айтсаңыздар.

Егер әліпбиді Ұлттық комиссия мақұлдап, Президент ресми түрде бекітсе, ең бірінші, оқытушылар даярланады. Яғни латын әліпбиін үйрететін оқытушыларды даярлау үшін, республика көлемінде оқыту курстары жүреді. Оқыту курстары 12 және 36 сағаттық болады. Ол курстың арнайы бағдарламасы мен оқыту құралы дайындалып жатыр. Курсқа қатысушылар жаңа әліпби құрамы мен латын әліпбиіне негізделген емле ережелерін толықтай меңгеріп шығады. Осы курстан оқып шыққан оқытушылар өз өңірлеріне барып, латын әліпбиі мен емле ережелерін үйрететін болады.



7. Әліпби бекітілген соң, жалпыхалықтың өз бетінше үйренуіне арналған қолжетімді құралдар дайындала ма?

Әрине, оқу құралдары дайындалады және латын әліпбиін үйретуге арналған оқу құралдарын республиканың кез келген тұрғыны пайдаланып, курсқа қатыспай-ақ өз еркімен үйрене алады. Оқу құралдарының барлығы электронды форматта, арнайы сайттарда жарияланады. Латын әліпбиін үйретуге бағытталған нұсқаулықтар, кітапшалар балаларға, егде жастағы адамдарға немесе сала мамандарына лайықталып жасалатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет