Лауазымдық НҰСҚаулық Арнайы педагог Әбдірахман Аймереке Камаладинқызы Алматы



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі18,38 Kb.
#181076
түріКодекс
1   2   3
Байланысты:
Дефектолог лауазым

2. Қызметтері
2.1. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алуға, өтеуге және түзетуге бағытталған түзете дамыту үдерісіне қатысу.
2.2. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың зерделік және сенсорлық дамуының деңгейін, әр түрлі генезді ерекше бұзылыстар мен кемшіліктердің құрылымын анықтау үшін оларды тереңдете тексеру.
2.3. Органикалық мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыста сенсорлық, зерделік, сөйлеу тілдің дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мен бұзылған атқарымды өтеу бойынша апробацияланған түзете дамыту әдістемелерін практикалық пайдалану.
2.4. Балалардың дамуындағы ауытқушылықтар, оқушылардағы зерделік, сенсорлық бұзылыстарды саралай диагностикалау және мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері мәселелері бойынша ата-аналарға (олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру.
3. Лауазымдық міндеттері
3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу
3.2. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу. Түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету.
3.3. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу.
3.4. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы зерделік немесе сенсорлық бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, зерделік және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу.
3.5. Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу.
3.6. Сабақ өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психофизикалық, сенсорлық және зерделік жағдайын, олардың жас шамасын есепке ала отырып, топтарды жинақтау.
3.7. Мектепте жүргізілетін қолдау үдерісі мен түзете білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің (әкімшілік, педагогтар ұжымы, ата-аналар) және оқушылардың арасында делдал болу.
3.8. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардыңзамануи білім беру кеңістігінде бейімделу жобаларын жүзеге асыру саласындағы тектептің болжалдық мүмкіндіктерін талдау.
3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру:
- мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру; - педагогтардың арнайы педагогика және психология саласындағы кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысының үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету; - оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру; - оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі; - мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы қабылданған шешімдерді орындау.
3.10. Әзірлеу және пайдалану: - оқушылардың даму бұзылыстарын жеңуге бағытталған түзете дамыту жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын; - мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын; - мектеп және жанұя жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар.
3.11. Мектептің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың бұзылыстарын жеңу бойынша түзету жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру жұмсын жүргізу.
3.12. Қатысу: - әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне; - тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге; - Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналықпедагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; - ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинарпрактикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.).
3.13. Балаларды тексеруге және түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар.
3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті (тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін, берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, ПМПк үшін балаларды тексеру және түзету жұмысы нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау.
3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда мектептің жарғысын, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау.
3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет