Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет94/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар

Дау-дамай психологиясы



Дау-дамай (конфликт) – әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы.

Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді.



Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді: тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топ- тар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар.

Тек өкілдері арасындағы дау-дамайлар мен кіші топтар арасындағы жанжалдар тайталасқа түскен тараптардың әрекет-қылықтарымен көрінетін мүдделер сәйкессіздігінен болады. Ал ірі топтар арасында бола- тын дау-дамайлар негізі көпшілік көңіл-күйі мен қоғамдық пікірлердің қарама-қарсылығынан туындайды.



Дау-дамайлар әлеуметтік біртекті құрылымдар ішінде – горизонталды және басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында – вер- тикалды – пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол өз ара алшақтауға, тайталасқа алып келеді, көбіне – жауласу мен жеккөрушілікке тоғыстырады. Жанжалдар қатынастардың бір саласында пайда болуымен шектелмей, екінші аймақтарына өтіп, жаңа келіспеушіліктер жүйесінің туындауына себепші болады.

Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа де- ген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған си- пат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолда- рына мән берілмейді.

Айырым кезеңдерде негізсіз ойдан жасалған қайшылықтардың се- бебінен жалған, әдейі ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. Мұндай тайталас екінші тарап ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін шындық тезінен өткізбей түсінуден келіп шығады. Кейде адамдар өздеріне қаратылған ақпарат қателігінің көп мәнділігін ұқпай, оның арасынан өз пайымына сай мәліметті орынсыз бөліп алып, жанжалды қатынастарына арқау етеді.



Әлеуметтік жүйені дамытудағы рөліне орай дау-дамайлар бітістіруші

(конструктивті) не бұзақы (деструктивті) болып ажыралады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет