Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу



бет91/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар

Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу



Ортақтасу (общение) адамдар арасындағы рәміздік жүйе арқылы қоғамдық тәжірибе мен мәдени мұраны бірден бірге өткізуге және бірлікті іс-әрекет ұйымдастыруға бағышталған өзара әлеуметтік ықпалдасты қатынас түрі.

Ортақтасу әрекеті өзінің мазмұны, қызметі және құрал-жабдықтары

бойынша ажыралады.



Ортақтасу мазмұны көп мәнді, оның мақсаттары атқаратын қызметтерімен байланысты келеді. Психологияда ортақтасудың төрт не- гізгі қызметі аталады: ақпараттық тілдесу (ақпарат қабылдау және жеткізу); реттеу-тілдесу (адамдардың өзара бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағышталған интерактивті саналық қатынасы; қабылдау-тиімділік (адамдарды әлеуметтік нысан ретінде қабылдап,

олардың көңіл-күй аймағына ықпал жасау); көңіл-күй сезім шарпуы

(адамның өзіндік көңіл толғанысын сездіре білуі).

Қолданылған құрал-жабдықтарына орай ортақтасу тікелей және жанама, тура және қосымша, сөздік (вербалды) және ым-ишаратты (паравербалды) болуы мүмкін.



Ортақтасутехникасы психикалық байланыстар құру, ортақтасқан адамға ықпал жасау үшін әрқилы психикалық тәсілдерді қолдану; ортақтасу формасына сәйкес құрал-жабдықтар таңдау.

Ортақтасу формалары: іскерлік, кәсіби, тұрмыстың, жеке және көпшілікпен байланыс жасау.

Сөйлесудің (коммуникация) негізгі құралдары – лексикалық және синтаксистік ұйымдасқан табиғи ауызша сөз. Сөйлесу барысында хабар- лаушы айтатынын рәміздік (код) жүйеге келтіреді де ақпарат қабылдаушы оны рәміздік күйден ұғымға келтіреді (декодирование). Ақпаратты рәмізге түсіру, оны сөздік құрамға келтіру ақпараттың мән-мағынасын алдын ала ұғып алуға байланысты орындалады. Ал ақпаратты қабылдау сөздік сигналдардың рәміздік шешімін табу (декодирование) және олардың мағынасын ұғу үдерістерінің бірлігімен атқарылады.

Сөйлесу үдерісінің құрылуы – күрделі іс-әрекет түрінен, алдымен адамда сөйлесу әрекетіне деген ынта-ықылас (мотив) туындайды, кейін айтар ойын бағдарламаластырады, лексикалық және синтаксистік тұрғыдан өрнектейді, іштей (күбірлеп) айтып шығады, содан соң ғана дауыстап, хабарлайды. Ауызша сөйлесуде бұлардың бәрі бірқалыпты (стереотипті) қайталанып барады.



Айтушының сөзі экспрессивті (сезімдік) аталады, ал тыңдарманның қабылдау әрекеті импрессивті сөзбен байланысты. Импрессивті сөз талдаумен (қабылданатын ақпарат құрамды бөлік, мәнді элементтерге ажыралады) және біріктірумен (синтез – сөйлемнің жеке элементтері біріктіріліп, мағыналық сұлбаға түсіріледі) бірге жүреді.

Тек өкілінің сөзі оның мәдени деңгейін, жан дүниесін, психикалық өзіндік реттеулер ерекшеліктерін байқатады, яғни «ауызын ашса – көмекейі көрінеді». Дұрыс әрі соны өз ойын өрнектей алмау – адамның ой шорқақтығының белгісі. Сөйлеу мәнері мен ортақтасу тәсілі – тұлғаның дүниетанымын, нәзік сезімталдығын, ой-өріс, ақыл мүмкіндіктері мен жалпы сауаттылығын танытады.

Ортақтасу барысындағы мәнді ақпарат алмасудың (сөйлесу) және бір жағдаяты бұл мәлімет жеткізудің және оны қабылдаудың сөздік емес (паралингвистикалық), яғни ым-ишаратты құралдары.

Мұндай жабдықтардың үш түрі ажыралады: дыбыстық (фонационды),



қозғалыстық (кинетикалық) және графикалық (жазба).

Дыбыстық паралингвистикалық құралдар қатарына – дауыс ырғағы, сөйлеу жеделдігі мен көтеріңкілігі, екпін тұрақтылығы, дыбыстау ере- кшеліктері және іркілістер мезетіндегі әрекеттер кіреді.

Сөйлеудің қозғалыстық қосымшалары – дене қимылы (жесты), дене қалпы (поза), ым-ишара (мимика).



Адам ым-ишарасы өз бастауын жануарлар әлемінен алады. Адам мен жануардың ортақ ым-ишаралары баршылық, мысалы қорқыныш, үрку, қатерлену сезімдерін білдіру өзара ұқсас келеді. Алайда, тек өкілі – адам өзіне тән ерекше ишараларымен жануарлардан бөлектенеді: шабыттану, таңдану, көңіл білдіру жануарлар мимикасында жоқ белгілер.

Тілдесудің сөздік не сөздік емес құралдары ортақтасу мақсатына, формасына, әріптеске болған қатынасқа орайлас болуы шарт. Көптеген көңіл-күй – шарпулы сезімдер астар саналы (подсознательные) келіп, ортақ әңгіменің жасырын сыр-қырларынан мәлімет беруі ықтимал (көз астынан сүзе қарау – ашу белгісі, айқара құшақ жаю – шын ниет белгісі, қол ұшын әзер ұсына сәлемдесу – менсінбеу, т.б.). Оқыс сөз, кібіртіктеу, аңдамай сөйлеу – бұлар да ортақтасу субъекттерінің астар саналы бағыт- бағдарынан хабар береді.



Ортақтасу барысында тұлғаларды өзара түсіністікке келтіретін негізгі тетіктер- ұқсату (идентификация), басқаның көңіл-кейпіне ене білу (эмпатия), субъекттің өзін-өзі тануы мен басқаның кейпін сезе білуі (рефлексия).

Ортақтасу тұрғысынан идентификация бұл тұлғаның өз сұхбаттас не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық қабылдау мақсатымен ой аймағында оған ұқсап бағуы және өзін оның орнына қоя, бағалауы. Эмпатия – бұл да тұлғаның оймен өзін басқаға сәйкестендіруі, бірақ бұл үдерістегі негізгі мақсат – әріптестің толғаныс не күйзеліс сезімдерін түсіне, көңіл білдіру.

Өзара түсіністікке келу проблемасындағы рефлексия мәні – әрбір тұлғаның өз бойындағы қасиеттерін әріптесінің көзімен ой сарабына сала білуі. Өзара түсінісу барысында рефлексия субъекттердің қатынас жасау әрекет-қылығын бағыттап, қалыптастыруға, олардың бір-бірінің ішкі жан-дүниесі ерекшеліктерін барластыруға жәрдемдесетін ерекше кері байланыс құралы ретінде қабылданған.

Қарым-қатынас барысында кері байланыс әріптес әрекет-қимылы, оның сөйлесу мазмұнына болған қатынасы – кең қолданылады. Әріптестің

ішкі ойын, жасырын сырларын жарыққа шығару үшін оны кері байланыс әрекеттеріне әдейі келтіру де көзделеді.

Қарым-қатынас жасау, әңгіме-сұхбат жүргізу шеберлігі әріптестердің әрқайсысы өзін сұхбаттас адамының орнына қоя білуі, ол ойлағандай ойлауы, төңіректегілерді ол қабылдағандай қабылдай білуі, әріптесінің көңілі тұрғысынан оның әрекеттеріне сипаттама бере алуы сияқты психологиялық қабілеттерден құралады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет