Лекция : 45 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ : 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ Жетісай-2009 9. Лекция сабақтарының жоспары №1 - лекция



бет3/7
Дата01.04.2017
өлшемі2,72 Mb.
#12788
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2009


9. Лекция сабақтарының жоспары

№1 - лекция

Сабақтың тақырыбы: Абайтану пәніне кіріспе


Жоспар:

1. Абай шығармаларының зерттелуі

2. Ұлы ақын мұрасын танып бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі

3. Абайтану саласының проблемалары



²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Қазіргі таңда қазақ әдебиеті әлемдік көркем ойға олжа салған озат әдеиеттер қатарына қосылып та үлгерді. Оған үдере даму жолына түскен қазіргі күндегі абайтану, жамбылтану, сәкентану, мұхтартану сияқты т.б. салалары- халқымыздың аз уақыт ішінде рухани дамуның қаншалықты терең сапа танытарлық айғақты дәлеліндей көрініс.


Міне осындай мақтанышты рухани мұрамызға айналған абай шығармалары советтік дәуірде ғана жан-жақты зертеліп, қазақ әдебиетінің бұл күнде “абайтану” деп аталатын қуатты саласы қалыптасты.Абайтанудың негізін салған әрі ол мұраны ғылыми тұрғыдан меңгеруде тарихи еңбек атқарған академик Мұхтар Әуезов болатын. Ұлы жазушы артына ұлан асыр көркем туындыларын, әсіресе, “Абай жолы” эпопеясы мен Абай шығармалары жайлы ұзақ жылдар бойы ізденуден туған зерттеу еңбектерін қалдырды.

Мұхтар Әуезов мұрасы, әсіресе, оның ұлы ақын шығармалары туралы ғылыми ізденістері мен тұғыры биік туындысы “Абай жолы” эпопеясы - қазақ елінің өткен дәуірі мен бүгінгі өмірінің рухани көпіріне, яғни дәстүрлер жалғастығына айналып отыр. Абай шығармаларының сырын, мән-мағынасын енді Әуезовтің зертеуллері мен ұлы туындысы “Абай жолы” эпопеясы арқылы танып білетін ғажайып түрдегі рухани құралға ие болып отырмыз.

2.Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда туған халқымыздың әдебиетші ғалымдарының қосқан үлесі де айтарлықтай. Жазушы творчествосы жөнінде сын пікірлер толығып, зерттеу процесін аға буын өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Б.Кенжеаевтар бастап берді.

Аға буын өкілдері салған ұлы дәстүрді соңыра Е. Ысмайлов, М.Ғадуллин, М. Фетисов, Т. Нұртазин, Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Е.Лизунова, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Х.Сүйіншәлев, З. Қабдолов, М. Сильченко, Н. Смирнова, Б. Құндақбаев, Л.Әуезова, Х. Әдібаев, Ә. Байтанаев, Р. Нұрғалиев, Б. Сахариев, Ә.Молдаханов, Қ. Тасболатов, Ө. Тыныбаева, С. Мұқашева т.б. жалғастыруда. Осы тұста М. Әуезов мұрасының әр түрлі саласынан монографиялық еңбектер жазылып, кандидаттық, докторлық диссертациялар да қорғалып жатты.

1961 жылы 10 август Қазақ ССР Минстрлер Советінің қаулысы бойынша М. О. Әуезовтің әдеби –мемориалды музейінің ұйымдастырылуы – жазушы мұрасының жиналып, бастырылуына жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізу ісіне елеулі қызмет атқарды.

Мұхтар Әуезов - ұлыларға тән көп қырлы дарын иесі.

Әрбір талантты қалам иесінің творчестволық өмірінде ғұмыр бойы құлай беріліп, ұзақ ізденістен туатын жан сыры ретінде жазылатын шығармалары болмақ. М. Әуезовтің де осындай көп жылғы ізденіп зерттеуінен туған бас шығармасы “Абай жолы” эпопеясы. Бірақ осы ұлы туындының жазылу тарихы мен дүниеге келу жолындағы сүйенер негізі, рухани қайнар көздері - Абайдың өмірі мен шығармаларына осы ақынның өмір сүрген дәуірі жөнінде ізденген, сарыла зерттеген еңбектеріне келіп тіреледі. “Абай жолын” жазу үстінде М. Әуезов әрі ғалым, әрі жазушы ретінде екі салада қатар ізденді. Осындай жалықпай ізденудің нәтижесінде абайтану саласында ғылыми өз тұжырымдары мен ұлы ақын туралы көркем туындыларын дүниеге әкелді.

3. Мұхтар Әуезов Абай шығармалары туралы ұзақ жылдарға созылған ғылыми -зерттеу жұмыстарын, әсіресе, ұлы ақын жайында жазылған көркем туындыларын жазу үстінде ізденістерін негізінен сегіз түрлі күрделі де кең тынысты проблемалар тұрғысынан жүргізіп отырған. Бұларды ғалымның өз жүйелеуі бойынша бас-басына атап өтер болсақ, олар мына мәселелерді қамтиды:

1) Абайдың ғылыми өмірбаяны;

2) Абай мұрасының деректік көздері (источниковедения) мен ақын шығармаларының текстологиясы;

3)Абай реализмі мен халықтығы;

4)Абай шығармаларының орыс (Европа) әдебиетімен байланысы;

5) Абай мұрасының Шығысқа қатысы;

6) Абайдың әдеби ортасы;

7) ХХ ғасыр басындағы демократтық бағыттағы қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі;

8) Қазақ совет әдебиетіндегі Абай дәстүрі.

Бұл тақырыптардың бәрі де Абайдың дүниетанымы мен ақындық мәдениетіндегі іштей түлеп өсудің эволюциялық даму жолын танытуға бірден-бір ғылыми тірек болған хронологиялық жүйені басшылыққа алып отыр. Бұл жағдай тек абайтану саласындағы зерттеулермен шектелмей, жазушының ұлы туындысы болған “Абай жолы” эпопеясын да қоса қамтиды.
2 – лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай өмірбаяны – абайтанудың іргелі саласы

Жоспар:

1.Абайдың тұңғыш биографы

2. Абай мұрасының 20-30 жылдарда зерттелуі

3. М.Әуезовтің монографиялық еңбегі



²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өміраянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле де бастады.

Бұл салада абайдың тұңғыш биографы – Кәкітай Ысқақұлы. Кәкітай ұлы ақынның немере інісі болуы себепті 12 жасынан бастап тікелей Абай тәрбиесінде өсті. Ес біліп есейген шағынан бастап Абай өмір сүрген ортаның сыры мен қырын танып, ақын өмірінде орын алған елеулі оқиғалардың бәріне де тікелей араласты. Көптеген Абай шығармаларының дүниеге келу сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында кімнен болса да анағұрлым жетік білді. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау жолында да көп еңбек сіңірді.

Кәкітай Ысқақұлы жазған Абайдың тұңғыш қысқа түрдегі өмірбаяны өз заманында елеулі қызмет атқарып, соңыра абайтану тарихынан лайықты орын мен бағасын алды да.

2. 20-30 жылдардағы абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектердің дені, негізінен, ақын шығармаларының әлеуметтік төркіні мен мұрагерлік жағына көп аялдады. Осымен қатар кейбір мақалаларда алғаш рет Абай өмірбаянын жаңа деректер негізіне сүйеніп, толықтырып қайтадан жазу талабы да көтеріледі.

20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты көркем шығармалары мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерімен үздік таныла бастаған М. О. Әуезовтің араласуы абайтануға үлкен зерттеушінің келіп қосылғанын бірден аңғартты. 1924 – 1925 жылдар аралығында Семейдегі оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, “Таң” журналында ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында тынымсыз әрекет етіп жүрген М.О. Әуезовті көреміз.

М. Әуезов 1922-1923 жылдары Ташкент оқу орындарында дәріс беріп жүріп те Абай өмірбаяны мен ақын шығармаларын таныту ісімен айналысады. 1924 жылы Семейде Абайдың қайтыс болуының жиырма жылдығына арналған әдеби кешті ұйымдастырады. М. Әуезов жетекшілік еткен осы әдеби кеште ерекше сипат алған нәрсе – ақын замандастарына Абай туралы естелік айттыруға төтенше мән берілді.

Кейін Абай еліне деректер іздестіру мақсатымен дүркін-дүркін соғып отырған. Тек баспасөзде жарияланған деректерге ғана сүйенгеннің өзінде: 1936 жылы Абай туралы жаңа деректер жию мақсатымен барса, 1943 жылы арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарып барады. 1944 жылы Е. Ысмайылов бастаған экспедицияны ұйымдастыруға ат салысса, 1945 жылы Абайдың жүз жылдық юбилейі қарсаңында Семей өңірінен басқа Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан тарапынан да арнайы экспедиция шығару мәселесін юбилей комиссиясы алдына қояды.

3.Абай өмірбаянын жазып, тұңғыш толық жинағын даярлаумен қатар М. Әуезовтің монографиялық еңбегі автордың көрсетуінше, 1925 жылы Ленинградта аяқталған.

Ленинград универсиетінде оқып жүргенде Абай өмірі мен мұрасын бүкіл Одақ халқына танытып, насихаттау ісіне ерекше мән береді.

1922 жылдан бастап М. Әуезов Абай шығармаларының толық жинағын құрастыру, Абай өмірбаянынан деректер жинау, ақын мұрасы жайлы ғылыми мақалалар жазып, Абай өмірі мен творчествосын баспасөз бен дәріс оқу орны арқылы насихаттау жұмысын қатар жүргізеді. Осы көп салалы күрделі жұмыстар арасында, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда әуелі қандай жол ұстанатыны жан-жақты ойластырып, анықтап алады.

М. Әуезов Абайдың бастан кешкен қайталанбас өмір жолындағы ақын санасына өз таңбасын қалдырған әр түрлі әлеуметтік ірі оқиғалар тарихымен тереңірек танысқан сайын, олардың ақын шығармаларындағы көрінісін аша түсуге ерекше ден қояды.

Алғаш, 1933 жылы жарияланған Абай өмірбаянының түпнұсқасында биограф ақынның творчестволық өнерпаздық жолының басталуы мен соңыра бастан кешкен түрлі әлеуметтік оқиғаларға араласқан өмір жолына байланысты 13 өлеңіне сүйенген.

1940 жылы Абай өмірбаянында және осыған қосымша ретінде берілген деректерінде жалпы саны 24 өлең (13 өлең-үзінді, ірі естелік сөз, 11 өлең аты аталған) қамтылған.

1945 жылы жазылған, бірақ әлі күнге дейін жарияланбаған Абай өмірбаянының үшінші нұсқасында ақын шығармаларын қамту сан жағынан да, сапа жағынан да молыға түскен. Аайдың 30 шығармасы қамтылып, аты аталады. М. Әуезов енді Абай ұстанған гуманистік- ағартушылық, ұстаздық жолмен айналысқан кезеңдерінде пайда болған шығармаларының өзекті сарынын да ақын араласқан оқиғалар шындығымен жалғастыра отырып табуға ұмтылады.

Абай өмірбаянының ең соңғы рет қайта жазылған төртінші нұсқасында (1950 ж.) ақын өлеңдерін қамту күрт кеміп, 19 өлеңге (16 өлеңнен үзінді алынады, 3 өлеңнің аты беріледі) түсірілген. Себебі ақын өмірбаянына тән көптеген деректер, немесе кейбір өлеңдердің жазылу тарихы “Абай жолы” эпопеясы желісінде айтылғандықтан әрі соңғы жазылған өмірбаянды тағы да тың редакциядан өткізіп, екшеуге байланысты шегерілгені байқалады.

М. Әуезов биограф ретінде Абайдың дүниетанымы мен рухани өсу жолындағы өзгерістер сырын туған халқының салт –сана болмысымен, ақын өмір сүрген тарихи әлеуметтік орта шындығымен бірлікте алып қарастырады. Бұлай ету – Абай өмірбаянын жазу үстінде ұстанған жетістіктердің бірінен саналмақ.

Биограф Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жазғанда оның арғы ата – бабалары Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай жайлы ел әңгімелері мен деректерді мол қамтыса, соңыра олар жөніндегі деректерді барынша ықшамдап Құнанбай мен оның заманына көбірек аялдайды. Өйткені Құнанбайды білмейінше, оның дәуірі мен өмірін тереңірек танымайынша, Абайды білу қиын болмақ деп қарайды.

Биограф Абайдың дүниетанымындағы өзгерістер мен өзіндік өмірлік күрес жолын таңдап алуына әсер еткен тарихи себептердің көзін табуға айрықша мән бере қарады.

М. Әуезов Абай жолының тарихи - әлеуметтік тамырларын да ақын өмір сүрген кездегі қазақ елінің өмірінен, қоғамдық болмысынан тауып отырады.

М. Әуезовте басқа зерттеушілерге қарағанда Абай өмірбаянын жазуда 1924 жылдан бастап шындап қолға алған кезге дейін – ақ ақын өмірі жайлы тобықты ішіндегі арғы-бергі ел әңгімелері мен ірілі-ұсақты болып өткен оқиғалардан, ата-баба шежіресінен хабардар, олардың шет жағасын өзі де көріп, біліп, жастай санаға сіңіп өскен артықшылықтар болатын-ды.
3 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абайтанудың алғашқы негізі

Жоспар:

1. Абай өмірбаянының ғылыми негізде жазылуы

2. М.Әуезов - биограф-ғалым

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1. Абайтанудың алғашқы негізі де М. Әуезов жазған абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім нәрсе. Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып, М. Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Бұлай етпейінше Аай өмірбаянын жазуға кірісудің өзі қиынға соғары мәлім еді. Себебі Абайдың жаңа типтегі ақын, қоғам қайраткері боп қалыптасу процесін көрсету үшін, сол дәуірдің тарихи шындығын, яғни жасаған әлеуметтік ортасы мен араласқан адамдарын, руларын билік атаулары мен жер аттарын, ақын шығармалары нәр алған бұлақтарын, Абай мұрасындағы жаңа бағытты, соны көзқарасты тудырған әлеуметтік мотивтерді, әсіресе, Абай өлеңдерінің жазылу себептерін, т.б. көптеген қосалқы мәселелерді қамту қажет еді.

Абай өмірбаянын қалпына келтірудегі басты әдіс – ауызша сұрау, тірі архив иелерінің естеліктерін жинау, жариялау. Ең бастысы Абай өлеңдеріндегі негізгі әлеуметтік сарындарға сүйену арқылы биограф көп шындықтың сырын ашады. Осы арқылы М. Әуезов Абай мұрасының зерттелу жолына зор үлес қосты.

Абайдың ғылыми өмірбаянын ойдағыдай жазып шығару арқылы М.Әуезов келешекте абайтану саласында зор көлемде жүргізер зерттеу жұмыстары үшін табан тірер ғылыми негіздегі ірге тасын жасап алды. 1924 жылдың өзінде-ақ М. Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. “Абай”, “Шолпан” журналындағы ақын жайлы пікірлері мен орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімінің Абайға арналған салтанатты кешіндегі “Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны” деген баяндамасы – осы әрекеттің айғағы.

Абай мұрасын зерттеушілердің ішінде алғаш рет ұлы ақын шығармаларымен толық танысып, өмірі жайлы деректерді тікелей сол ортаның ішінде жүріп, тірі архив иелерінен алып қалған М. Әуезовке абайтанудың негізін салу сияқты аса абыройлы тұғырға көтерілу тағдыры да бұйырды.

Жалпы қазақ әдебиеті тарихында Абайдай алып тұлғалы ақынның артында архив қазынасы, түрлі жазба деректері қалмаса да, негізінен, тірі архив иесі болған ақын замандастары естелігіне сүйеніп, әуелі Абайдың ғылыми өмірбаянын қалпына келтіру соңыра осы ізденістерінің негізінде дүниежүзілік мәні бар зор көлемдегі көркем туынды жазу - әдебиет әлеміндегі қайталанбас бірегей құбылыс.

2. М. Әуезов Абайдың тұңғыш толық шығармалар жинағын құрастырып, текстологиялық жұмыстар атқару мен Абай өмірбаянын жазу арқылы абайтану саласындағы болашақ зор көлемдегі ғылыми зерттеулер жүргізуге айтарлықтай қор жасап алды. Бұған нақтылы, айғақты дәлел – көп жылғы ғылыми зерттеулерінің қорытындысы ретіндегі Абай мұрасы жайлы монографиясы мен “Абай жолы” эпопеясы арасында іштей байланысып жатқан сабақтастықты еске алсақ та жетіп жатыр. Осы тұрғыдан қарағанда төрт рет қайта жазылған Абай өмірбаянының барлық нұсқалары мен “Абай жолы” эпопеясындағы өзекті творчестволық ішкі байланыстардың сырын ашу үшін, арнайы кең көлемдегі ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді. Биограф бірініші кезекте Абай дәуірінде қазақ елінің тұрмысына түскен ірі тарихи өзгерістердің негізі мен ақын шығармаларындағы басты әлеуметтік сарындарды тудырып отырған замана шындығына баса көңіл бөлген. Шоқан, Ыбырай, Абай іспеттес жаңа қоғам қайраткерлері мен күрескерлерін тудырған терең тамырлы тарихи себептерді танып білмей тұрып - Абай өмірі мен шығармаларындағы жаңалық пен есіклік арасындағы келімсіз күрестің тарих сахнасына шығу, пайда болу себептерін білудің өзі аса қиынға соғар еді. Биограф Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда, әсіресе, оның соңғы нұсқасында осы аталмыш мәселеге ерекше көңіл бөлген. Зерттеуші танымы бойынша ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы натуралы шаруашылықтың іргесі сөгіліп, ыдырауға бет алуының себебі анық капиталистік қатынастың шеңберінде тартылуында жатыр. Осы процесс негізінде туындаған әлеуметтік өмірдегі таптық жіктеліс күшейіп екі жақты езгіде қалған қазақ елінде үстем тап пен езілуші таптың мүдделері шекараланып, айқындала бастады. Отаршылық өкімет пен үстем тап мүдделері бірігіп, қалың бұқараны арсыздықпен тағыларша талауда ұрандасып кетті. Міне осындай терең әлеуметтік тарихи жағдайларды “... алдымен өздері аңғарып, халықтарға аңғартатын әр елден шыққан халық қамқоры болған халықшыл - демократтық озат ойдың қайраткерлері туды...”, - деп атап көрсетеді.

М. Әуезов ақын өмірбаянын қайта-қайта өңдеп, толықтырып жазу үстінде Абай өмірі мен заманы жөнінде ел аузындағы естеліктерді жинап, ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оны Абай шығармаларындағы басты әлеуметтік сарындармен салыстыра отырып, басты тарихи арнаны табады.

Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда шешуші орын алған сұрастыру, әңгімелесу, естелік жию жолымен жинастырған көл-көсір деректерді талдап, талғай қорытып алған ой тұжырымдарының көбі эпопея желісіне ендірудегі қайталанбас суреткерлік өнер бірден танылып та тұрады. Жазушы өз ойында қорытып, танып білген тарихи шындығын өлі дүниені қайта тірілткендей, жанды образ арқылы құлпырта берудегі творчестволық ерен еңбектің өзі – жазушы лабораториясының сырын ашуға арналған ғылыми зерттеуді тілейтін ерен тақырып.
4 – лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай өмірбаяны және ондағы тарихи деректер көзі

Жоспар:

1. Абайдың ғылыми өмірбаянында берілген 95 нақтылы деректер

2. Абай өмір сүрген дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығы

3. М.Әуезовтің жазушылық шеберханасы



²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезов “Абай жолы” эпопеясында Абайдың ғылыми өмірбаянында берілген 95 нақтылы деректерді, ірілі-ұсақты тарихи оқиғаларды, өзіндік соны ой тұжырымдарын эпопея желісінде творчестволық қиял күшімен қайта жасап, тарихи шындықты көркемдік болмысқа айналдырған. Осы аталмыш 95 деректің 10-ы Абай өмірбаянына қосымша деректер ретінде берілген әр түрлі естеліктерден алынғаны да байқалады. М. Әуезовтің арнайы ескертуінше роман үшін жинастырған көл-көсір деректері аса зор көлемдегі материалға айналғандықтан, романды жазу процесінде олардың көбі пайдаланылмай қалған. Өзі жинаған, өмірде шын болған нақты тарихи деректерді жазушы творчестволық қиялы арқылы көркемдік шындыққа айналдыру жолында олардың ең басты ең қажетті деген буындарын ғана іріктеп алып, басқаларын қалдырып отырған.

Абай өмірбаяны абайтану саласындағы бастапқы зор табысы болуы себепті де осы жөнінде қол жеткен ғылыми зертеулердегі жетістіктерін эпопеяны жазу үсітінде творчестволық жолымен молынан пайдаланып отырған: Абайдың тұңғыш рет ғылыми өмірбаянын жазуға даярлану ұзақ жыл бойы жинап, талдап екшеген антропонимдер, билік атаулары, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, Абай оқыған кітаптар мен Абай өлеңдері жайлы танымдардың баршасы “Абай жолы” эпопеясы желісіне алтын арқау боп еніп отырғаны ерекше назар аударады және олардың бұлай эпопеядан орын алуында көп себептер бар.

Биограф ақын өмірбаянын жазуға кіріспес бұрын Абаймен тікелей, жанама түрде күнделікті өмірде әрқилы талас-тартыс кезеңдеріне қатысы болған қилы-қилы тағдыры бар адамдарға зор көңіл бөліп отырған. Ақынмен араласқан адамдарды зерттеп, екшей келе, олардың ең қажеттілерін, ақын өмірінде белгілі орны бар дегендерін ғана өмірбаянға ендірген. Мысалы, Абай өмірбаянының бірінші нұсқасында 1933ж. 106 адам аты аталса, соның 25-і негізгі оқиғалар желісіне тек жанама түрде қатысатындар.

Бірінші нұсқадан басқа соңғы үш нұсқаны қоса алғанда әр жылға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде атықталып қосылған 184 адам аты тыңнан ендірілсе, соңғы үш нұсқаның өзінен ғана 148 адам аты алынып тасталған. Бірақ бұлардың бәрі де мүлдем ұмыт қалмай, бір сыпырасы “Абай жолы” эпопеясына түрлі ситуацияларға байланысты ендіріледі. Соңғы нұсқадағы аты аталған 128 адамның 74-і “Абай жолына” әр түрлі оқиға желісіне қарай басты, эпизодтық кейіпкерлер ретінде немесе диалог, авторлық баяндаулар мен лирикалық шегіністерде орын алуы көп нәрсенің сырына көзімізді жеткізе түседі.

2. Биограф Абай өмірбаянын жазуда ақынмен тікелей немесе жанама түрде байланысты болған тарихи адамдардың бәрі де белгілі бір рудан шығатыны себепті, ол рулар жайына да назар салып, терең танып білудің қажеттілігін алдын ала ойластырған. Этнонимдік атауларды олардың жігін, қарым-қатынасын терең танып білу – Абай жасаған әлеуемттік ортаның сырына бойлауға сол тұстағы рулар арасында орын алған әр қилы талас-тартыстың, әлеуметтік күрестің себебін ашуға көмектесетін тарихи қажеттілік болатын.Абай өмірбаянының бар нұсқасында жалпы 33 ру тілге алынады. Олардың бәрі де өмірде болған, Абай өмір сүрген әлеуметтік ортада жайлаған орта жүздің тобықты, найман, уақ, керей, қаракесек т.б. рулары болатын.

Абай өмірбаянын жазуда антонимдер мен этнонимдерді қолдану заңдылығы Абай өмірін көрсетуде елеулі орын алған топонимдік атауларды пайдалануда сақталған. Абай өскен ата мекен, өзен, тау, жайлау, қыстау сияқты жер аттары да араласқан оқиғалар мен әр түрлі күрес-тартыстарға байланысты алынып суреттеледі.

Абай өмірбаянының барлық нұсқаларында жалпы саны 104 топонимдік атаулар қамтылған.

Эпопеяда Абай өмірбаянына байланысты оқиғалар мен түрлі көріністегі әрекеттердің мол суреттелуіне байланысты аталатын 407 жер аттары ендірілсе, соның төрттен бірінен астамы өмірбаянында аталуы - “Абай жолын” жазуға даярлықтың қай дәрежеде жүргізілгенін аңғартады.

Биограф Абай өмірбаянына қажетті танытқыштық деректерді ақынға дос-туыс адамдар мен оған қарсы жау кісілер тобынан жазып алғанда сол дәуірдің саяси-әлеуметтік болмысын тарихи шындыққа сай тануға көбірек назар аударған.

Абай әлеумет ісіне қызу араласқан шағында патша өкіметі бұрынғыдай қазақ елін сырттай билеп төсеуді қойып, енді олардың ішіне еніп, билік жүргізуді жергілкті халық өкілі үшін болыстық шеңберден асырмай елді шын тізгіндеп ұстаған кезеңге тұс келді. Осы билік жүйесі негізінде қоздап туындаған биліктің түрлері мен атаулары осы қызметке тартылған атқамінерлердің ірілі-ұсақты өкілдерінің бәрі дерліктей Абай шығармаларында мол орын алды.

3.М. Әуезовтің жазушылық лабораториясына көз жүгіртсек, “Абай жолын” жариялау жөнінде “Знамя” журналымен пікір алысқанда, редакция алқасы жазушыға қазақ елінің екі жақты орталық езуде қалып, ұлттық қанауға ұшыратудағы отаршыл аппаратты толығырақ ашу керектігі жайында пікір ұсынған еді.

Абайдың “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Күлембайға”, “Сегіз аяқ”, “Тұлпардан тұғыр озбас не қылса да” деп аталатын өлеңдері негізінде қазақ арасында өтірік арыз, домалақ арыздың таралу себептерінің әлеуеметтік төркіні эпопеяда жан-жақты білгірлікпен суреттеледі.

Абай өмірбаянының барлық нұсқаларында 52 билік атауы қамтылса, олардың өзі өмірбаянда қайта жаңғыртып жазған сайын көп өзгеріске ұшыраған. Абай өмірбаянының ең соңғы нұсқасында қамтылған 22 билік атауларының 18 – і “Абай жолына” ендірілген. Ал жалпы “Абай жолында” 83-ке жетеді. Бұл сандар осы саладағы ізденістің қаншалықты зор көлемде жүргізілгенін көрсетеді емес пе?

Биограф Абай өмірбаянын о баста жазған кезден –ақ ақын шығармаларының тууымен Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуы жолында нәр алған рухани бұлақтарын да үңіле зерттеген. Осылар арқылы Абайдың ақындық кітапханасы сияқты аса күрделі тақырыпқа да ерекше көңіл бөліп отырған.

Ұлы ақын қол артқын рухани қазыналар көзін көрсету мақсатында батыс, шығыс әлемі шеңберінде 72 қисса, дастан, роман, тарихи-философиялық еңбектер қамтылады.

Қорыта айтқанда, М. Әуезов өзінің абайтану саласындағы ғылыми еңбектері мен ақын жөніндегі көркем шығармаларының соңғы нүктесін қойғанға дейін Абай мұрасының рухани нәр алған көздерін анықтау, нақтылы деректермен толықтыру жолында шындыққа саятын зор ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
5 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай өмірбаянының соны деректермен қорлануы

Жоспар:

1. Абай өлеңдері - ақын биографиясы жайлы деректер көзі

2. Абай өмірбаянының нұсқалары

3. Абай өмірбаянының архив деректерімен толықтырылуы



²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Биограф Абай өмірбаянын жазу жолында әрбір нұсқасын қайта-қайта өңдеп толықтыру үстінде ақын мұрасын тереңірек тану арқылы көп қырларының сырын жаңадан ашу, деректердің молығып сұрыпталуына байланысты көзқарастар болған өзгерістерге сай көптеген сонылықтар ендірген.

Абай өлеңдерінде ақын биографиясы жайлы нақты деректер өте аз көрініс береді, тіпті Абаймен тікелей араласып әр түрлі әлеуметтік қатынастарда түрлі байланыста болған жеке кісілер жөніндегі нақтылы деректердің өзі де уақыт өткен сайын көмескіленіп, өшіп кетуге айналған көптеген деректердің соңына түсіп, іздеу салу, тапқандарын жан-жақты салыстырып, зерттеу нәтижесінде автор бастапқы қалпына келтіреді. Әсіресе, Абайдың арнау өлеңдерін жинастырып, олардың кімдерге арналғанын анықтау ісіне зор еңбек етті. Осы арқылы ақын өмірінің кейбір беймәлім жақтарын тыңнан ашып, ол жазған кейбір өлеңдердің дүниеге келу, жазылу себептерін де қоса анықтап берді. Бұларды әрине ақын өмірінің кей жақтарын зерттеп білу арқылы анықтап отырды. Мысалы ретінде алсақ, “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінің жазылу тарихы ондағы балаларға қатысты көрініс өмірде болып өткен, Абай өзі куә болған тікелей шындыққа негізделгені М. Әуезовтің ғылыми – зерттеу еңбектерінде, әсіресе, “Абай жолында” барынша терең ашылған. Абай өмірбаянының әр нұсқасын жазуға оралған сайын көптеген өзгерістер ендіріп отырған. Бұрын керегі бар деп ендірген деректерді ол жайлы өз танымына сынмен қарап тастап отырса, жаңадан табылған соны деректерді жаңа таным тұрғысынан барынша екшеп, елеп алады. Биограф танымының тереңдеуіне байланысты бұл өзгерістердің бәрі де Абай көзқарасының қалыптасу, даму жолындағы өмір процестерімен, ақын өлеңдеріндегі әлеуметтік сарындармен сабақтастыра көрсетуді мақсат етті.

Абай өмірін көрсетуге лайықты деректерді жаңа таным тұрғысынан талдап алудағы осы жолды лайықтап ұстанған биограф соңыра Абай өмірбаянын жазуға ұмтылған С. Мұқанов, Ә. Жиреншин, Ә. Ысқақов еңбектеріне жазған арнайы кейбір деректерді таңдап алудағы кемшілік жайларын көрсеткен.

2.Абай өмірбаянының бірінші, екінші нұсқаларында ақын өмірін не шығармаларын танып білуге, тереңірек түсінуге қатысы жоқ, тек жанама деректерде кейбір оқиғалараға байланысты аты аталатын көптеген кісілер ұшырасады. Соңғы нұсқаларада осыларға үлкен сұрыптау жүргізіп, Абай өмірі мен шығармаларына тікелей қатысы барлары ғана іріктеліп алынады.Мысалы, бірінші нұсқада 106 адам аты аталса, екінші нұсқада оның 45-і қысқартылған, ал, үшінші нұсқада 56, төртінші нұсқада 47 адам аты түсіріліп отырған.

Абай өмірбаянының алғашқы нұсқаларында ақынның орыс достары Михаэлис, Долгополов, Гросс, Леонтьев т.б. атқарған қызметін, ақын дүниетанымына әсерін бағалаудағы алғашқы танымдарына батыл түзетулер ендіре бастады. Абайдың идеялық - мәдени іздену жолында қол артқан тірегінің негізі орыс классиктері мен революционер-демократтар тобының озық идеясы болғандығына, әсіресе, төртінші нұсқасын жазу үстінде ерекше тоқталады.

Биограф Абай өмірбаянын жазуға даярлау жолында оған қажетті материал атаулының бәрін де ауызша сөйлесу, әңгімелесу, естеліктер жазып алу, жаздыру жолымен жиналуы себепті Абай өмірінде орын алған елеулі де өзекті кейбір оқиғалардың шын болмысын, болған уақытын анықтау үшін үздіксіз ізденген.

3.Алматы, Семей архивтерін жағалай қарастырып, Абайдың Қоңыр Көкшеге болыс болған жылдарын нақтылы архив деректерімен анықтайды. Абайды ірі тергеуге ұрындырған арыздарды және 1877-1878 жылғы орыс-түрік соғысына байланысты Семей уезі болыстарының архивтен табылған үндеу хатына, әрі онда Абай Қоңыр Көкше болысы атынан қол қойған деректерге сүйенеді. Осы арқылы Абайдың Семейде ірі 12 іспен тергеліп, ақталып шыққан жылы - 1877- 1878 жылдары болғанын Абай өмірбаянының ең соңғы төртінші нұсқасын жазу үстінде түпкілікті анықтайды.

Осындай аса ірі принципті мәні бар мәселенің біріне Абайдың өзі өз өлеңдерін топтастыруды тапсырған жылын анықтау жататын – ды. Өмірбаянның алғаш нұсқасында ол мерзім 1898 жыл еді деп көрсетілген. Бірақ соңғы жылдарда табылған деректер мен ел аузынан жиылған естеліктерді салыстыру, Абай шәкірттеріне естеліктер жаздыру, әңгімелесу нәтижесінде ұзақ жылдар бойы салыстырып талдау арқылы ол мерзімді 1896 жылы екенін түпкілікті анықтап береді.

М. Әуезов абайтану саласында зор орны бар Абай өмірбаянын жазуға ерте кезден-ақ айрықша мән бере қарады. Ақын өмірбаяны жайлы естеліктер жиып, әңгімелесу арқылы ел аузынан сарыққан нақтылы деректерді талдап, тану жолында әрі тарихшы ретінде жұмыс жасады.


6 - лекция.

Сабатың тақырыбы: Абай өмірбаянының төрт нұсқасы

Жоспар:

1. Абай өмірбаянының 1933 жылғы нұсқасы

2. 1940 жылы Абай өмірбаянының қайта жазылуы

3. 1945 жылғы Абай шығармаларының тұңғыш академиялық толық жинағы

4. Абай өмірбаянының төртінші, ең соңғы нұсқасы (1950ж.)

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезовтің Абай өмірбаянын жазуға соншалықты зор мән беруінде ақын мұрасына неғұрлым тереңдеп енген сайын, ондағы Абай дүниетанымының өзекті тамырларын жете тануға бет алған.

Осы себепті Абай өмірбаянына жылдар өткен сайын қайта – қайта араласып, соңы, тың деректермен толықтырып, ғылыми мәнін арттырып отыруға көп күш салған. Осы аталмыш қиыншылықты ерте сезінген проф. Ғ.Сағди 1923 жылдың ішінде-ақ өзінің зерттеу тәжірибесінен айқын көріп, Абай Құнанбаев мұрасын зерттеудегі басты кедергінің бірі – ақын өмірбаянының жазылмауында екенін атап көрсетті.

М. Әуезовтің 1933 жылы баспа бетінде жарық көрген “Абайдың туысы мен өмірі” деген атпен берілген Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы болатын. М. Әуезов: “Менің тарапымнан Абай өмірбаянының төрт нұсқасы жазылды: біріншісі, 1933 жылы Абай шығармаларын бастыру үшін, екіншісі, 1940 жылғы басылым үшін, үшіншісі, 1945 жылы жазылған, бірақ жарияланбаған нұсқасы. Ең соңғы яғни, төртінші нұсқасы 1950 жылы жазылды. Осыны қазіргі күнде екінші рет редакциялау үстіндемін”, - деп жазған болатын 1951 жылы абайтану жайлы дискуссияда сөйлеген сөзінде.

Абай өмірбаянын ғылыми тұрғыдан жазуға М. Әуезов 1924 жылдың өзінде- ақ кіріскен. Абай туыстарымен әңгімелесу, Көкбай мен Тұрашқа естелік жаздыру, “Абай өмірбаяны туралы” баяндама оқытуы сияқты қызу әрекеттердің бәрі де Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуға даярлықтың алғашқы барысын көрсетеді.

Көкбай Жанатаев (1863-1927 ж.) – Абай өмірбаяны мен ақын өлеңдерін қалпына келтіруде абайтану саласында елеулі орны бар көрнекті адамдардың бірі.

Биограф өз деректерінде Абай өмір туралы мәліметтердің негізін Көкбаймен сөйлесу, әңгімелесу арқылы жазып алғанын атап өтеді. 1924 жылдан бастап жазылған Абай өмірбаяны 1924 жылы аяқталады да, тек 1933 жылы ғана жарық көреді. Осы нұсқасында қамтылған ақын өмірі жайлы деректердің көбі Көкбайдан және ақын туыстарынан алынды. Осы себепті 1933 жылы Қызылорада тұңғыш рет жарияланған Абайдың толық жиағында “Абай туралы Көкбай ақсақал мен баласы Тұрағұлдың естегілері” (385-402 беттер) деген тақырыппен аса құнды мәліметтерге толы естелік беріледі.

Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда М. Әуезовтің сүйенер жазба дерегі тек қана Кәкітай Ысқақов жазған Абайдың қысқаша өмірбаяны жайлы дерек қана болатын-ды. Оның өзі де толық емес, өте шағын, жалпы түрде айтылған еңбек еді.

2.“Абайдың өмірбаянын” 1940 жылы Абайдың тууына 95 жыл толу қарсаңында екінші рет қайта жазылып жарияланады. Биограф Абай заманы, өмірі, ақындық қызметі жайлы көптеген тың деректерді іздестіру арқылы топтап, оларды өмірбаянға толығынан пайдаланады. Абай өмірбаянының екніші нұсқасын қайта өңдеп, жаңадан табылған соны деректерді мол өндіре отырып жазу осы тұсқа кез келді.

3.М. Әуезов 1940 жылдан бастап Абайдың 100 жылдық юбилейін өткізудің даярлық жұмысына қызу кірісіп, ол жайлы ұйымдастыру жұмыстары мен өз тарапынан атқарылар ғылыми –творчестволық жұмысқа көп күш жұсап, уақыт бөледі. Осы жылдың аяғында – ақ 1945 жылы өткізілетін Абайдың жүз жылдық юбилейінде атқарылар әр түрлі жұмыстардың алғашқы жобасын жасайды. Жазушы архивінде сақталған осы жылдар аралығында М. Әуезов атқарған жұмыстардың жазбаша деректеріне сүйенсек, олар үш салаға бөлінеді: бірініші салаға, Абай өмірбаянының үшінші нұсқасын жазуға даярлану жолында атқарған жұмыстар мен жаңа деректер жиюдағы әрекеті жатады. Екінші салаға, Абай жайлы романның бірініш кітабын жазып, екінші кітабын жазуға даярлану мен “Абай әндері” атты көркем кинофильмнің әдеби сценариясын жазуға кірісуі жолындағы творчестволық жұыстары жатады. Ал, үшініші салаға, Абай юбилейін өткізуге сайланған үкімет комиссиясының мүшесі ретінде атқарған үздік ұйымдастырушылық қызметі мен ақын мұрасы жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарын жатқызуға болар еді.

4.Абай өмірбаянының төртінші, яғни ең соңғы нұсқасы 1950 жылы көп томды “Қазақ әдебиеті тарихына” байланысты қайтадан жазылды. Осы нұсқасының өзі де соңыра тең редакциядан өтіп, биографтың көзі тірісіндегі Абай шығармаларының басылымдарында (1957,1959 ж.) жарияланып жүрді. Абай өмірбаянының ең соңғы нұсқасын даярлауда биограф абайтану саласында болып жатқан өзгерістерді, осы салада жазылған еңбектерді, жаңа талапатарды ескере отырып, көлемі жағынан біршама қысқартты.
7 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Өмірбаяндық деректерді екшеу тәсілдері

Жоспар:

1. Өмірбаяндық деректердің жиналу, сұрыпталу процесі

2. Абай туралы деректердің ел ішінен жиналуы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Абай өмірі мен шығармалары жайлы шындықтың негізін анықтау процесіне көз жіберсек, деректердің жиналу, сұрыпталу процесіндегі әр түрлі орын алған ерекшеліктерді де көреміз:

Абай өмірбаяны жөнінде туыс, жора-жолдас, бірге жасасқан сыр мінез адамдармен араласып, солармен көп әңгімелесуге, өмір шындығына қанығуға олардан естігендерін қағазға түсіруге, әсіресе олардан естелік жаздырып алуға шешуші мән бере қараған. Абаймен бірге өмір кешкен Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным, Әуез, Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл, Кәкітайлармен тікелей кездесіп, көп әңгімелесу арқылы да Абай жайлы, ақын өлеңдеріндегі көп шындықтың желісін танып, сырына қанығады. Естелік жазып берген Көкбай мен Тұрағұлдар – ақын, жазушы, аудармашы ретінде сол орта, сол заман үшін аса білікті, Абай өмірі мен шығармаларының жазылу тарихына жетік кісілер ретінде айтарлықтай сенімді деректер көзіне айналды. Абай өмірбаянының 1924-1927 жылдары жазылған алғашқы нұсқасының желісінде негізінен Көкбай деректері пайдаланылғанын атап айтады. Абай өмірі, сол заман шындығы жайлы өздері араласып, көзі көрген көп нәрсенің сырын ішке жиған көкірегі шежіре, іші қазыналы, рухани байлығы мол адамдардан негізгі, өзекті деректер көзін сарқып алғаны ерекшеленіп тұрады.

Биограф Абаймен бірге жасасқан көп шындықтың айғақты куәгері болған бұл іспеттес кісілерден естігенін жазып алумен бірге оларды реті келген жерде көпшілікке ұсынып, баспасөз арқылы таныстырып отыруға да көп көңіл бөлген. Мысалы, 1933 жылы Көкбай, Тұраш естеліктері берілсе, 1940 жылы бұларға қоса Мәдияр, Қатпа, Әрхам, Мұсылманқұл әңгімелерімен үстей түседі.Ал 1943 жылы өзі экспедицияға барғанда естіген, жазып алған соны, тың деректер негізінде арнайы қосымша деректер тобын ұсынумен қатар “Ақын елінде” деген көркем очеркінің өзінде Абай өміріне қатысты аса мол деректер бар.

2.Абай өмірбаянын жазу мен романға деректер іздестірудегі негізгі ерекшеліктің өзі ел аузынан, Абай алдын көргендермен әңгімелесу, естеліктерін, керекті деген деректерін жазып алу жолымен жүргендігінде жатыр. 1924, 1936, 1943, 1945 жылы Абай еліне барғанда тағы да осы жолмен мол деректер көзін тауып қайтады. Абай өміріне байланысты көптеген тың деректерді Ермұса, Рахымжан, Сайра, Кәмен сияқты көпті көрген немесе көп әңгіме естіп, көнені ұққан саналы жандардан қаныға түседі. Осы жолда Салтанат жайлы әңгімені Ермұсадан естісе, Ербол жайлы көп шындықтың сырын Әмина Өмірзақованың анасы Ихиладан алады.

Абай өмірі жайлы деректерді үдете күш салып бір рет жиналуымен тоқтап қалмай, дүркін-дүркін уақыт өткізіп барып қайта аралап толассыз іздестірген М. Әуезов зерттеу, іздестіру жолында тапқан деректерін топтастырып, бір жерге жинақтап отырумен қатар (мысалы, ЛММА архиві, 28-29 п., т.б.) Абай өмірбаянын жазуға тікелей қатысы барларын жете пайдаланған.

Абай өмірбаянын жазумен ақын жайлы романдар сериясын жариялауда аса зор көлемдегі деректерді жинау - өз алдына атқарылар бір сала іс. Ал олардың табиғатын танып, терең түсінуге айтарлықтай өзекті тірек болған нәрсе – М.Әуезовтің сол ортада туып, жасынан көп дүниені көзбен көріп, өз үйі, ел арасына айтатын өткендегі шежірелі әңгіме – аңыздарға қанығып өсуінің де шешуші мәні болған.

Абай өмір тарихы, сол заман шындығы, сан қилы болып өткен ел басындағы елеулі оқиғалар жөнінде ұзақ жылдар бойы тынымсыз материал жинақтап оларды өмірбаянға не роман желісіне пайдалануға, оларға сергек сын көзімен қарап, таңдап алуға көп көңіл бөлген. Әрбір оқиғалы дерекке, әңгіме-естелікте атйылған пікірлерге, оны айтушының көзқарасына терең талдау жасап, олардың ақынға айтқан пікірлерімен қатты санасқан. Осы тұрғыдан қарағанда биографтың тек обьективті тарихи шындыққа ғана жүгініп отыратын әдетті соңғы кезде Абай өмірбаяны жайлы еңбек жазуға ұмтылған С. Мұқанов, Ә. Жиреншин, Әрхам Ысқақов қолжазбаларына жазған сын пікірлерінде де ашық байқалады.

Биограф, тіпті, Абайдың өз немере туысы Әрхам Ысқақовтың Абай өмірбаяны жөніндегі қолжазбасына берген жазбаша пікірінде ұлы ақын өміріне байланысты ірілі-ұсақты оқиғалар мен жанама түрдегі көптеген деректерді танып бағалауында автордың ескілікті көзқарас шеңберінен шыға алмауын қатты сынға алады.

М. Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үстінде, соңыра “Абай жолын” жазуға даярлану уақытында Құнанбай мен Бөжей арасындағы қосқыртысты жаулықтың шығу себебін, алыста жатқан түп төркінін көптеген қарт кісілермен тікелей сөйлесу арқылы жиналған көл-көсір деректерді салыстыру, талдау арықылы болып өткен тарихи шындықты анықтаған болатын. Өзі анықтап, шындыққа көзі жеткен оқиғаны сол қалпында пайдаланды да.

М. Әуезов қаламынан туған Абайдың ғылыми өмірбаяны - абайтану саласындағы бірегей еңбек. Өйткені Абай творчествосындағы заман талабы алға қойған озат пікірлердің дүиеге келуі мен ақын мұрат-мақсаттарының бейнеленуі сияқты күрделі рухани құбылыстарды тек Абай өмірбаянын, ақын жасаған заман шындығын терең танып білу арқылы ғана түсінбекпіз. М. Әуезов Абай өмірбаянын осы тәрізді күрделі ерекшелікті ерте танып, оның абайтану саласындағы келешекте жүргізілер жұмыстары мен “Абай жолы” эпопеясының жазылуына да зор танымдық негіз боларын жақсы ұғынған. Бүкіл әлемдік көркемдік ойға олжа салған ХХ ғасырдың ұлы туындысы - “Абай жолы” эпопеясында зор шабытпен суреттелген заман шындығын терең танып, сезіну жолында да Абай өмірбаянының атқарар қызметі мен салмағы өлшеусіз. Абайтану жайлы еңбектерді терең танып меңгерумен ақын шығармаларындағы көптеген күрделі ұғымдардың шешімін табуда да М. Әуезов жазған Абай өмірбаянына қол артпай отыра алмаймыз.
8 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов – Абай шығармаларын жинаушы және текстологы

Жоспар:

1. Абай шығармаларын түпнұсқа қалпына келтіру жолдары

2. М.Әуезов - Абай шығармаларының текстологы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:

1.Қазақ әдебиетін зертеу тарихында текстологиялық жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы да Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстармен бірге туды.

Абай шығармалары мен ақын өмірбаянын арнайы зерттеуді 20-жылдар басында саналы түрде қолға ала бастаған М. Әуезов ұлы мұраны тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да, ерте сезінді. 1924-жылдың ішінде – ақ Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып, жариялауда алдымен қолға алды. Тұңғыш толық жинақты құрастыру процесінде асыл түпнұсқа ретіндегі Мүрсейіт Бикеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдері мен әлі де хатқа түспей санаулы кісілер санасында сақталып келе жатқан, көпшілікке беймәлім шығармалары мен аса күрделі текстологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды.

Абай шығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен автор ақын мұрасын қамтыған деректер көзі мен текстологиялық зерттеулерді ақын өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысымен бірлікте жүргізді. М. Әуезов Абай мұрасын зерттеуді о баста-ақ бөліп жармай, тұтас алып, қарастыруды мақсат еткен. Абайтану саласында атсалысқан замандастары арасында М. Әуезов ақын шығармаларын хронологиялық принцип негізінде тұтас қамти зерттеуімен де дараланады.

М.Әуезов Абай мұрасы жайлы зерттеулерінде асыл түпнұсқаға тірек негіз болар сан қилы деректер көзіне айрқыша көңіл бөлді. Бірақ сол ортада туып, сол жерде өссе де, Абай қолымен жазылған асыл түпнұсқа қолға түспеді. Абай қолымен жазылып қалды деген автограф ретіндегі бір ғана хат пен “Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген шығармасының бір бөлігі ғана (2-бет) сақталған да қалған автограф түгелдей бүгінгі ұрпақ қолына жетпей қалды. Осы себепті М. Әуезов Абай шығармаларының асыл түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде таратыла бастаған Мүрсейіт Бикеұлы топтастырған көшірмелерді пайдаланған. Мүрсейіт көшірмелерінің өзі (қазір қолда бары 1905, 1907, 1910 ж. қолжазбалар) көптеген текстологиялық ақаулықтарға жол беріп алған. Мұнда, біріншіден, Абай шығармалары толық қамтылғаны көрініп тұр. Екіншіден, кейбір өлеңдері орынсыз біріктіріліп, кейбіреулері орынсыз, ретсіз бөлек өлең ретінде берілетін жерлері де ұшырасады. Үшіншіден, қолжазбада Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер де орын алған. Төртіншіден, ең маңызды нәрсе – Абай шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары да көрсетілмеген.

Міне, М. Әуезов осы олқылықтарды ескере отырып, Абай мұрасын түпнұсқа қалпына келтіру жолында тірек етіп сүйенер қосалқы деректер көзін дер кезінде ізденіп, мүлде ұмытылып, жоғалуға айналған Абай шығармаларын қалпына келтіруде теңдесі жоқ текстологиялық жұмыстар атқаруға кірісті. Бұл жолда Абай маңында үнемі болып, көп үлгі, өнеге алған үзеңгі жолдастары мен ақын шәкірттері қызу атсалысып, мол еңбек сіңірді. М. Әуезов осылардың санасында жатқа қалу арқылы сақталып қалған 45 өлеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Абай шығармаларын текстологиялық жақтан салыстырып зертеу жолында ертеде Мүрсейіт, Самарбай, Дайрабай сияқты қарттар арқылы көшіріліп жазылған қолжазбаларды Абай ауылының қыздары Уәсила, Әсия, Рахила, Ғалия, Рабиға, Қаныштардың қолында сақталаған нұсқалармен де танысқанға ұқсайды. Міне, Абай мұрасын асыл түпнұсқа қалпына келтірудегі деректер көзінің бір саласы осы аталып өткендермен шектеледі.

2.М. Әуезов ақын мұрасын жинау, текстологиялық жағынан зерттеуде Абай шығармаларының революцияға дейінгі таралу жолдарын да анықтап, оларға деректер көзі ретінде сүйеніп отырғаны байқалады. Зерттеушінің анықтауынша, революцияға дейін Абай шығармалары үш түрлі жолмен: а) баспасөз арқылы; ә) қолжазба – көшірме күйінде; б) ел арасында ауызша жатқа алынып тараған.

М. Әуезов Абай мұрасына ерте көңіл бөліп, оны жинастыру, деректер жию, жариялау, зерттеу процесінде негізгі қайнар көздері ретінде пайдаланған тірек- негіз іспетінде ұстанған арналары бар.


9 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының таралу жолдары

Жоспар:

1. Ақын мұрасын таратудың бір жолы – қолжазба көшірмелері

2. Абай мұрасының ауызша таралуы

3. Абай шығармаларының 1909 жылдан бастап баспа бетін көруі

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезов о баста-ақ Абай шығармаларының түп нұсқасы ретінде ұстанып келе жатқан қолжазба көшірме деректерге айрықша мән бере қараған. Абай қолымен жазылған түпнұсқа қалмағандықтан, оның орнын толықтырар сенімді тірек-негіз ретінде бірден бір жазба дерек осы көшірме қолжазбаларда жататын. Осы себепті текстологиялық салыстырулар, талдаулар жүргізіп барып, ақын шығармаларының бастапқы қалпына келтірудегі ұстанар бірден бір хатқа түскен негіздер о баста Абай ауылында пайда болған әр қилы көшірме қолжазбаларға кеп тірелетін-ді. Бұл іспеттес деректер көзіне кіші молда (Ғабитхан), Көкбай, Мүрсейіт, Кәкітай, Ақылбай,Мағауия, Шәкәрім, Тұрағұл т.б. арқылы көшірілген ақын шығармалары әр түрлі жолдармен ел арасына таралып жатты. Бұл қолжазбалар сапасы жағынан әрқилы сипат танытатын. Себебі, Көкбай, Шәкәрім, Кәкітай Абаймен тетелес боп, ақындық өнері шарықтаған шақта өмірі мен творчестоволық туындыларына тікелей куәгер болып өссе, соңғылары Абай басып өткен өмір жолы мен творчестволық актылар бастамасын естелік-әңгімелер арқылы жанама түрде біліп өскенін де ескермек керек.

Абай шығармаларының әр түрлі таралу жолына М. Әуезов ерекше ден қоя қараған. Ақын мұрасын таратудың бір жолы – қолжазба көшірмелерде жататын-ды.Ақын шығармаларына құмартушылар оны арнаулы кісілерге көшіртіп алып сақтайтын. Немесе өзі үшін көшіріп алушылар, не арнайы түрде көшіріп берушілер тобы да ақынның көзі тірісінде көптеп кездесетін-ді.

Абай өлеңінің шын мәнінде бізге дейін жетіп келген қолжазба көшірмелері де болды. Мұның ішінде ерекше керектісі – Мүрсейіт көшірген қолжазбалар. Мүрсейіт Абай шығармаларын 1896 жылдан бастап көшіре бастаған. Өзі құрастырып, асыл түпнұсқа ретінде көшіріп жинақтағандарын ел арасына қолқа салып, ақы төлеп алатындарға қайта көшіріп беріп қызмет етсе де, келешектегі қазақ әдебиеті үшін теңдесі жоқ тарихи қызмет атқарып жатты. Абай айналасындағылар ақын шығармаларын көшіруді дәстүрге айналдырса, артынан осы дәстүрді Ғабитхан, Мұхаммедкәрім, Махмұт, Самарбай, Ыбырай, Хасен, Дайрабай сияқты бір топ сауатты жастар жалғастырып әкетті. 1974 жылы Шыңғыстаудан табылған Абай өлеңдерінің қолжазбасы да ( көлемі 44 бет) жоғарыда атап өткен дәстүрдің бір көрінісі десе болғандай.

Абай мұрасының көптеген қолжазба көшірмелерімен сол ортада туып өскен М. Әуезов ерте танысты. Есейе келе аталмыш жазба деректерге сынмен, ғылым талғамымен қарап, онда кеткен текстологиялық ауытқуларды тамыршыдай танып өскеніне екі түрлі жағдай әсер етіп, көмектескендей: мұның бірі – М. Әуезов балауса бала кезінде Абай шығармаларын жатқа білу болса, екіншісі, Абаймен жолдас, туыс болып, қатар өмір сүрген білікті, ақындық өнермен танылған бір топ талантты кісілермен әңгіме-дүкен құрып, солар айтқан Абай өлеңдерімен ерте қанығуында жатқан сияқты.

Қазіргі күнде қолда бар 1905, 1907, 1910 жылдары көшірілген Мүрсейіт қолжазаларын бір-бірімен салыстыра қарағанда елеулі текстологиялық өзгерістер ұшырасады.

Абай мұрасын бастапқы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолындағы басты деректер көзінің екінші арнасы - Абай өлеңдерінің 1909 жылғы Петербургте басылған тұңғыш жинағы мен мерзімді баспасөзде қазақ, орыс тілінде жарияланған басылымдарымен шектеледі. Тұңғыш жинақ Абай шығармаларын түпнұсқа қалпын жақсы білетін Кәкітай мен Тұрағұл тарапынан даярланып, алғаш рет өлеңдердің жазылған мерзімдері қойылуымен де ерекшеленеді. Осы себепті бұл жинақ Абай шығармаларын бастапқы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолында жүргізіліп келе жатқан текстологиялық жұмыстардың сүйенер тірек негізі ретіндегі басты қайнар көзге айналып отыр. 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған “Абай термесінде” тұңғыш рет 1-қарасөзі мен 7 өлеңі басылды. Бұл басылымға да М. Әуезов назар аударып, абайтанудан оқыған лекцияларында сөз етіп отырған.

2. Абай мұрасын оның ұмтылған шығармаларымен, кейбір өлең жолдарымен толықтыру кезінде ауызша тараған өлеңдері де ілгері дерек көзі боп табылмақ. Бұл М. Әуезов жүргізген текстологиялық жұмыстардың нәтижесінен көрінеді.

Дәстүрге енген салт бойынша ақын мұрасын ауызша тарату жолында Абай маңында топталған көкірек көзі ашық өнерпаз ақын, жыршы, әнші, шежіреші Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Бейсембай, Әлмағамбеттер әрекет етті. Осымен қабат алыстан ат арылтып кеп, қона жатып, Абай өлеңдері мен әндерін үйреніп, өнеге үлгісін елге жаюшы Біржан, Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Мұқа, Мауқай, Шашубай, Ажар, Зейнеп, Сара, Қуандықтар сияқты көптеген өнерпаздар арқылы да ақын өлеңдері ауызша таралып жатты.

Советтік дәуірде ең алғаш М. Әуезов шығармаларын жинастырып, тұңғыш толық жинағын құрастыру жолында асыл түпнұсқаны толықтырып, ұмыт болған шығармаларын қайта тірілтуде бірден-бірге жатқа біліп, ауызша тарату дәстүрі өз жемісін көптеп берді.

Абай әрі ақын, әрі композитор. Әсіресе, Абай өлеңдерінен - арнайы ән шығарғандары қазақ даласына айрықша мол әрі тез таралған. Абай өлеңінің әнмен таралуында, әсіресе, Абай маңында болған Мұқа, Әлмағамбет, Мұқаметжан, Әйгерім сияқты атақты әншілердің орны ерекше болғаны зерттеу негізінде табылған деректер бойынша беріледі, ол әндердің, тіпті, халықтық репертуарға айналып кеткені аяулы да ару қыз-келіншектер мен жас жігіттер арқылы ойын-той, әр түрлі жиындарды суреттеу үстінде көрсетіледі. Абай өлеңдерінің таралу тарихы мен жолдары өмірде болған шындық негізінде ғылыми зерттеу жұмыстары мен көп томды эпопея желісінде бір негізде беріліп отыратынын көреміз.

Абай шығармаларын түпнұсқа қалпына келтіріп, толықтыру жолында осылардың арасында Абайдың көп жыл үзеңгі жолдасы болған Көкбай сіңірген еңбекке М. Әуезов айрықша мән берген.

Абай өлеңдері революцияға дейінгі дәстүрде ауызша түрінде мол таралып отырумен қатар, сол ауызша таралған өлеңдердің кейбірі баспасөз бетіне де түсе бастады. “Қан сонарда бүркітші шығады аңға”, “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы”, “Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман”, “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” т.б. өлеңдері Қазан, Уфа баспаларында жарияланған кітап беттерінде жарық көріп жатты. Бірақ олар асыл түпнұсқа ретінде салынған Абай қолжазбаларынан алынбады.

1945 жылғы юбилейі қарсаңында басылуға тиісті толық жинаққа осы іспеттес екі өлең ұсынады. Зейнелғабиден ибн Әміре әл Жәуһари әл-Омскаудің 1909 жылы Уфада жарияланған “Насихат-Қазақия” кітабында басылған бір топ Абай өлеңдері ішінен “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек”, “Ал енді жақсы дейміз кімді қалап” деген атпен басылған екі өлеңі М.Әуезов өз қолымен көшіріп ендірген. 1903 жылы Қазанда басылған “Байлар жүр жиған малын қорғалатып” өлеңі бөгде кісі атынан айтылады әрі тексі жағынан да көп өзгеріске түскен.

Зейнелғабиден өз замандастары арасында Абай мұрасын, әсіресе, ақын тілі мен көркемдік қуатын аса жоғары бағалайды. Абай шығармаларын қазақ поэзиясының гауһары деп танып, татар оқытушыларына қазақ әдебиетінің классикалық үлгі - өнегесі ретінде танытады.

Абай өлеңдері ауызша айтылуынан баспасөзге түсуімен қатар, кейде ауызша жаңа вариантпен жырланып, хатқа түскен түрі де кездеседі.

М. Әуезов, тіпті, өмірінің соңғы жылдарына дейін ауызша таралған Абай өлеңдері тағдырына, ондағы текстологиялық сырына үңіле түсіп, оларды үнемі жинастырып отырған.

М. Әуезов 1933 жылы: “Абайдың әдетінде бір жазған өлеңін қайта түзеп жазып, қайтадан қарастыру машығы жоқ. Жалғыз ғана “Сегіз аяқ” деген өлеңінің басын қайта бір түрлі ғылып айтып еді деген сөз бар”, - деп ескертеді. Абай өз шығармасын бір жазған соң өзгертпейтініне ақын замандастары куәгер.

М. Әуезов жоғарыда аталған әр түрлі жағдайда туған ерекшелігі бар деректер көзін пайдалану, оны зерттей отырып пайдалысын, асылдарын екшеп алудан тартынбаған. Абай мұрасын канондық бір ізге түсіру жолында аталып өткен деректер көзін тұтас қамтып, дер кезінде іздену нәтижесінде Абай шығармаларына көптеген өлең жолдарын, тұтас күйінде табылған сом алтындай жаңа өлеңдер тобын қосып, ата мұрамызды өлшеусіз байытты.

3.Абай шығармалары қазақ тілінде 1909 жылдан бастап таңдамалы, толық жинақ түрінде үздіксіз жарияланып келеді. 1909 жылы Петербургте, 1916 жылы Орынборда жарияланған тұңғыш жинақты еске алмасақ, соңғы басылымдардың бәрі де советтік дәуірде жарық көрді.

1924 жылдан бастап-ақ даярланса да, тек 1933 жылы шыққан Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағы кейінгі дәуірде дүркін-дүркін жарияланып келе жатқан әр түрлі көлемдегі таңдамалар мен толық жинақтардың бәрі де М. Әуезов даярлауымен, редакциялауымен немесе редколлегия мүшесі ретінде кеңес беріп, жол басшылық етумен шығып келеді.

1922 жылы Ташкенттегі В.И. Ленин атындағы Орта Азия университетінде еркін тыңдаушы ретінде оқып жүрген кезінде-ақ кейбір оқу орындарында қазақ әдеиетінен дәріс беріп, Абай мұрасы жайлы терең танымын, ақын мұрасын ұзтаздық, ғылыми творчестволық жолмен насихаттап жүргені байқалады.

Ұлы ақын мұрасын жинау, жариялау, ғылыми зертеулер жүргізу ісі М.Әуезовтің абайтануда жүргізген ұлан ғайыр жұмыстарының рухани өзегіне айналған саласы десе болғандай.

Алғаш рет М. Әуезов С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде 1942 жылдан бастап қазақ әдебиетін оқыту тарихында абайтанудан арнайы курс пен семинар сабағын жүргізе бастады.

М. Әуезов әуелі 1909 жылы Петербургте басылған тұңғыш Абай жинағына енбей қалған Мүрсейіт қолжазбаларындағы ақын шығармаларына назар аударды. Мүрсейіт қолжазбасында бар шығармалардан жинаққа енбей қалған 17 өлең (626 жол өлең), бір аударма поэма (“Вадим”), 45 қарасөз, 1 тарихи шығарма бар екенін анықтайды.

Ақын мұрасының үштен біріндей өз қалпына келтіру жолындағы М. Әуезовтің бұл тарихи еңбегі теңдесі жоқ мол табыс екендігін бүгінгі ұрпақ әрдайым ризалықпен еске алады.


10 – лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерін түпнұсқа қалпына келтіру

Жоспар:

1. Текстологиялық зерттеу саласындағы Мүрсейіт қолжазбасының орны

2. Ақын шығармаларын бастапқы қалпына келтіру жолдары

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезов атқарған текстологиялық зерттеулердің ірі саласына Мүрсейіт қолжазбасында бар, бірақ бастапқы асыл түпнұсқа қалпынан өзгеріп барып, текстологиялық ауытқуға ұшыраған өлеңдері мен кейбір өлең жолдарын өз қалпына түсіру жолындағы жұмыстары жатпақ. Қазіргі күнде асыл түпнұсқа ретінде ұстанып отырған Мүрсейіт қолжазбасында Абайдың бірнеше өлеңдері мен өлең жолдарының түсіп қалуы, текстің өзгеріп кетуі, не араласып, бытысуы сияқты елеулі текстологиялық алалықтар бар. Мысалы, 1907 жылы көшірілген Мүрсейіт қолжазбасындағы “Өлең деген әр сөздің ұнасымы”, “Көк тұман - алдындағы келер заман”, “Бір сұлу қыз болыпты хан қолында”, “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”, “Масғұт”, “Жас өспірім замандас қапа қылды” , “Қарға мен түлкі”, “Жолға шықтым бір жым-жырт, түнде жалғыз”, “Ауру жүрек ақырын соғады жай”, “Тілім саған айтайын” тәрізді шығармаларда 2 өлең жолынан 52 өлең жолына дейінгі аралықта кейбір өлең жолдары түсіп, ұмыт қалған, не бір өлеңнің басы мен екінші өлеңнің соңы қосылып, бір шығарма ретінде беріліп отырған.

Мысалы, қолжазбадағы “Ата-анаға көз қуаныш” өлеңі “Тайға міндік” деп басталатын өлеңмен қосылып, бір өлең ретінде берілген.

Мүрсейіт қолжазбасында өлең атауларының өзінде де өзгеріске ұшыраған немесе сөздер орны алмасып түскен тұстары да бар. Мүрсейітте “Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында” деп басталатын өлеңі “Бір сұлу қыз болыпты хан қолында” деп берілген. Әрі бұл өлең қолжазбада екі ретінде берілген.

Міне, Мүрсейіт қолжазбасының өзі осындай текстологиялық аутқылықта болғанын, оны шын мәніндегі табиғи қалпына келтіру жолындағы М. Әуезов ізденістері қазақ әдебиеті тарихы үшін қаншалықты зор мәні барлығы қадам басқан сайын сезіледі.

2.“Масғұт” поэмасы да Мүрсейітте 124 жолмен (31 шумақ) берілген. Яғни бұл поэманың бірінші бөлімі тұтас әрі тексі түпнұсқадан ауытқымай дәл беріледі. Ал екінші бөлімінің ең соңғы екі шумағы өз алдына дербес, жеке өлең ретінде “Сонымен бет-бетімен тарқап кетті” деген жолдан басталып берілетіні бар. Осы екінші бөлімі 1909 жылғы жинақта мүлде жоқ. Мүрсейіт қолжазбасы мен жинақта жоқ қосалқы екінші бөліміндегі кейіннен табылған 44 жол өлеңді (11 шумақ) Көкбай, Тұрағұл т.б. жәрдемімен бастапқы қалпына келтіріп, тұтас бір шығарма ретінде алғаш рет толық жинаққа табиғи түрде қосылуы М. Әуезов еңбегінің жемісі болатын – ды.

Жиырмасыншы жылдар ішінде тек қана М. Әуезов зертеулері арқылы ғана мүлде жоғалып кетуге бет алған өлең жолдарын қайта жаңғыртып хатқа түсірумен жеткен шығармалар екенін жазушы архивінде сақталған деректерден ғана білеміз. Ақын шығармаларын бастапқы қалпына келтірудегі Көкбай атқарған зор тарихи мәні бар еңбектерді, тіпті орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімі архивтері де айғақтай түседі.
11 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің жазылу мерзімін анықтау

Жоспар:

1. Абай шығармаларының жазылу кезеңін анықтаудың алғашқы кезеңі (1908-1909)

2. Екінші кезең 1924-2927 жылдар аралығында жүргізілді

3. 1933 жылдан Абай шығармаларының толық жинақтарының құрастырылуы



²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1. 1924-жылдары-ақ М. Әуезов құрастырып даярлаған толық жинақ 1933 жылға дейін жарияланбай келеді. Ол Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуы қарсаңында 1933 жылы ғана жарық көрді. Бұл басылым – республикамыздың рухани өмірінде,әсересе, абайтану тарихында теңдесі жоқ зор мәдени құбылыс болды. Қазақ халқы өз классигі ұлы ойшыл ақын Абаймен алғаш рет толық тануысуға мүмкіндік алды. Абайтану саласында жазылған зерттеулер мен ғылыми мақалалар да енді асыл түпнұсқа ретінде қабылданған шығармалары тексіне сүйене бастады.

Алғаш жинақтардың бәрі де жинақ сапасы мен түзілімі, тексі, өлең өрнегі дұрыс сақталмауы жағынан орын алған кемшіліктерді Ғ. Сағди, І.Жансүгіров, М. Әуезов тарапынан сол кезде ашып көрсетіліп, елеулі түрде сынға да алынған болатын.

Абай мұрасын зерттеушілерді жоғарыда аталып өткен қиыншылықтардан біржолата арылтып зерттеу өрісін кеңейткен әрі сүйенер түпнұсқа негізін нақтылы қолға ұстатқан зор еңбек М. Әуезов құрастырған тұңғыш толық жинақ пен Абайдың ғылыми өмірбаяны болатын.

1933 жылғы толық жинақты құрастыру үстінде М. Әуезов Абай өлеңдерінің жазылу мерзімдерін тағы да анықтай түсті де, ғылым тарихында сыннан өткен орыс, европа әдебиеті тарихында көптен қолданып келген хронологиялық жүйемен беру принципін ұстанды. Абай шығармаларын хронологиялық жазылу ретімен берудегі басты мақсат – Абай дүниетанымы мен ақындық өнердегі шеберліктің эволюциялық табиғи даму жолдарын ғылыми тұрғыдан бағдарлап тереңірек тануда жататын. Ақын мұрасының табиғатын тереңірек тануда сенімді де ұрымтал тәсілі ретінде хронологиялық жүйені алғаш рет саналы да мақсатты түрде басшылыққа алды. Осы хронологиялық жүйенің абайтану саласында монографиясы мен атақты “Абай жолы” эпопеясының жазылу процесінде де басшылыққа алынғанын көреміз. Осы себепті болса керек, М. Әуезов Абай шығармаларының текстологиялық сапасын көтеріп, баспақы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолында жүргізілген ғылыми зерттеулерінің бір желісі үнемі ақын туындыларының жазылу мерзімін анықтауға кеп тірелетіні бар. Абай шығармаларының жазылу мерзімдерін хронологиялық тұрғыдан әбден анықтап алмайынша, Абайдың ақындық өнері мен дүниетанымындағы өзгерістерін, эволюциялық жетілу жолдарын танып білудің өзі қиынға соғар еді. Сондықтан Абай өлеңдерінің жазылу себептерін анықтап хронологиялық тәртіпке түсіру ғылыми тұрғыдан алғанда алғы шарт ретінде аса қажетті кезек күттірмейтін міндет деп қаралды. Болашақта абайтану саласында ірі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, хронологиялық жүйеге сүйене отырып зерттеудің маңызы өлшеусіз зор болатынын М. Әуезов кімнен болса да ертерек танып ұғынды.

Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтауға ұмтылған әрекеттің екі дүркін жүргізілгенін көреміз:

Бірінші кезең 1908 жылы жүргізілді. Мұнда да Мүрсейіт қолжазбасында бар Абай шығармалары түгел қамтылмай, 1909 жылы тұңғыш жинаққа енген өлеңдерге ғана алғаш рет жыл мерзімдері қойылды.

2. Екінші кезең 1924-1927 жылдар аралығында жүргізілді. Бұл тұста 1924 жылғы жинақ құрасытырлыған кезде Абаймен бірге өмір сүрген бір топ білікті өнерпаз шәкірттері Көкбай, Шәкәрім, Тұрағұлдармен бірге ақын замандастары, Абай шығармасын арнайы түрде көшіруші қарттар да тірі болатын. Міне, осылардың көмегі мен куәлігіне сүйене отырып, Абайдың тұңғыш толық жинағына енген өлеңдердің жазылған жыл мерзімдері анықталды. Яғни Абай мұрасының жылдарын қою екінші рет 1927 жылы жүргізілді.

3.1933 жылдан бастап басылып келе жатқан Абай шығармаларының толық жинақтарында 21 өлең ғана бір жыл іргелі, не бір жыл кейінгі шегіндірілген өзгерістер байқалады. Тек үш өлеңде ғана мерзім жағынан елеулі түрдегі алшақтық бар. Мысалы:


  1. “Қанжар” өлеңі 1909- жылғы жинақта –1898, 1933-жылғы толық жинақта-1896, 1957 жылғыда – 1896 жыл деп көрсетілген.

  2. “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі 1909, 1933- жылғы жинақтарда 1895, ал 1957- жылғыда –1900 жыл деп көрсетілген.

  3. “Жүректе көп қазына бар бәрі қызық” өлеңі 1909 жылғыда – 1889, 1933 жылғыда- 1899, 1957 жылғыда-1899 жыл деп көрсетілген. Жазылу мерізмі жағынан айырмашылығы он жылға созылып тұр.

М. Әуезов және онан бұрын Абай шәкірттерінің куәлігімен қойылған ақын шығармаларының жазылу жыл мерзімдерін қоюы, негізінен, бастапқы қалпына дұрыс келгендігін уақыт межесі мен советтік дәуірде қалыптасқан абайтану саласында жазылған еңбектерде көрсетіп отыр. О баста Абай өлеңдерін жазылу мерзімін Абай творчествосымен тікелей байланыста болған білікті адамдар қойса, соңыра М. Әуезов Абай шәкірттерінің куәлігіне сүйене отырып және ақынның дүниетанымына, ойшылдық пікірі мен ақындық өнердегі шеберліктің табиғи өсу, даму, толығу жолдарына қарай қойылды.

М. Әуезов, әсіресе, абайдағы лирикалық өлеңдерді жазылған жылдары бойынша хронологиялық ретпен көрсетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар, бір жылда дүниеге келген, молырақ жазылған өлең топтарын тақырыптық жағынан жіктей зерттеуге де көңіл бөлгені сезіледі. Осы тұрғыдан қарасақ, 1886 жылы жазылған, ақындық өнер жолына біржолата құлай берілген ақын беталысын аңғартатын өлеңдерді тақырыбы жағынан үш салаға жіктей топтастырып, оларды: 1) “Қанық – сыры- қоғамдық ”, 2) “Ат сыны, жаз, табиғат”, 3) “Жас буынға” деп жіліктейді. Осы тақырып аясындағы ақын ой желілері зерттеушінің ғылыми еңбектеріндегі талдауларында да анық белгі беріп отыратыны бар.

Міне, Абай шығармаларының тексін бастапқа асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолында айрықша терең ғылыми маңызы бар ақын өлеңдерінің жазылу мерзімін анықтап, жылдарын дәл көрсетуде де М. Әуезов бірегей теңдесі жоқ еңбек сіңірген зерттеуші ретінде абайтануға елеулі үлес қосып отырғаны ешқандай талас тудырмайтын шындық.
12 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы арнау өлеңдердің жазылу сыры

Жоспар:

1. Абай жазған арнау өлеңдер саны

2. Ақынның арнау өлеңдері - саяси-әлеуметтік мәні бар туындылар

3. Ақынның өз басына байланысты туған шерге толы арнау өлеңдері

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1. Арнау өлең – Абай шығармаларына тән құбылыстардың біріне жатады. Осы себептен болса керек осы жанр табиғатына ұлы ақын үлкен сынмен қарап, келелі пікір де білдірген. Әрі өзі де бір топ шығармаларын осы жанр түрімен жазған.

“Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы” деген өлеңінде Абай өзіне дейінгі ақын, жырау, жыршыларға сын айтқанда “Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап” деп, арнау өлеңінің үлкен әлеуметтік мәні бар өткір сынға құрылмай, мақтауға, мадақтауға арналғанын сынап өтеді.

Абай 20- жылдық әдеби-творчестволық өмірінде өзі де талай рет арнау өлең жазып, үлгі өнеге де көрсеткен. Абай жазған арнау өлеңдер саны 35-ке жетуі бұл жанрға ұлы ақын қаншалықты мән бергенін аңғартады. Абайдағы арнау өлеңдерінің жазылу себептері мен оны тудырған жағдайлар әр түрлі боп келеді. Бірде арнау өлең экспромтты түрде әзіл-ысқақ, әжуа-қалжың түрінде туып жатса, кейде олар аса өткір әлеуметтік-саяси тақырыптарға орай туындайды. Абайдағы арнау өлеңдердің бұл түрі, көбінесе, басым жатуымен де ерекшеленетіні де бар. Ал бір топ арнау өлеңдері (8-өлең) нысанаға алған нәтижесін тура, тікелей сөз етпей, жанама түрде меңзеу арқылы білдіріп отырады (мысалы, “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”).

1909 жылғы жинақта Кәкітай мен Тұрағұл Абай жазған арнау өлеңдерден бес өлеңді ғана (“Біреуден біреу артылса”, “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, “Мәз болады болысың”, “Болыс болдым мінекей”, «Бөтен елде бар болса») ендіреді. Бірақ бұл өлеңдер кімдерге арналып жазылғанын атап көрсетуден бой тартып қалады. Әсіресе, Абайдағы сатиралық уыты күшті арнау өлеңдерін жинаққа ендіруді қажетсіз деп табады.

2. Абайдағы арнау өлеңдер, әсіресе, ақын өмір сүрген әлеуметтік орта мен сол дәуірдің саяси-әлеуметтік оқиғаларын, заман шындығын танып білуде аса терең ғылыми мәні бар туындылар тобына жататын. Абай дүниетанымын білуде, көзқарасын тануда бұл арнау өлеңдердің мән-мағынасы зор, жөні бөлек болатын. Осы ерекшелікті ерте таныған Мұхтар Әуезов Абай жазған арнау өлеңдерді түгел жинап, олардың кімдерге, қандай жағдайда жазылғанын анықтауға ерекше күш салды.

Арнау өлеңдер Мүрсейіт қолжазбасында біршама қамтылса да, олардың жазылу мерзімі мен кімдерге арналғаны атап көрсетілген емес.

М. Әуезов осы жолдағы ізденістің аяқтан алар қиынға соғар кедергілер жайлы тоқатала келіп: “Абайдың ақындық мұрасында өмірбаяндық деректер жоқтың қасы. Оның өлеңдерінен көптеген адамдар мен жеке кісілерге байланысты деректер өшірілген. “Тоғжан туралы” өлең де жоғалған.

Арнау өлеңдерді мен өзі жинастырып, көптеген кісі аттарын қалпына келтірдім”, - деп арнау өлеңдер жайын анықтау жолындағы зерттеу жұмысынан хабар береді.

Арнау өлеңдер жайлы мағлұматтардың молыға түсуі 1939-1940 жылдары басылған толық жинақтан да көрінеді. Осы жолы Абай жазған арнау өлеңдердің 23-іне түсініктеме беріп, жазылу себептері де анықталады. Ал 1945 жылғы юбилейлік толық жинақта бұндай өлең саны 28-ге жеткізіледі. Ал соңыра Абай өлең арнаған, тарихта болған кісілердің бірсыпырасы “Абай жолы” эпопеясына еніп, өткен дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығы мен оқиғаларын суреттеуге арқау болғанын да көреміз.

Абайдың ақындық өнерге құлай берілмей, бірақ ақындық қуаты шешек ата бастаған тұста көбірек туындағаны “Шәріпке”, “Абыралыға”, “Жақсылыққа” деген өлеңдерінен де байқалады.

Абай соңыра ақындық ұлы тұғырға отырған тұстарында да тастамай, реті келгенде әзіл-оспақ, қалжың ретінде айтып отырған. “Назарға”, “Баймағамбетке”, “Күлеңбайға”, “Дүйсенқұлға”, “Разаққа”, “Көжекбайға” деген арнау өлеңдер табиғаты әзіл – сықаққа құрылған туындылар.

Арнау өлеңдердің екінші бір тобына жататын “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, “Сап, сап, көңілім, сап көңілім”, “Қуанбаңдар жастыққа”, “Мен боламын демеңдер”, “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай”, “Жазғытұры қылтиған бір жауқазын” туындыларына да М. Әуезов ерекше көңіл бөлген. Өйткені өл өлеңдерде кісі аты аталмайды, бірақ өлеңде жол жөнекей біреулер сөз болып, меңзеумен, ишаратпен ғана білідіретіні аңғарылып тұрады. Мысалы, “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлең Абайдың эстетикалық танымын, ақындық өнер жайлы жаңа көзқарасын, өнерге қояр талабын барынша ашық білдіретін шығармаларының бірі. Міне, осы өлеңіндегі Абай сынына ұшыраған, бірақ аттары аталмаған ақындар тобында да алғаш рет анықтап, олардың Көкбай мен Әріптер екенін М. Әуезов көрсеткен болатын.

“Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінің дүниеге келу себебі мен жазылу тарихын аша отырып, оның мүлде жоғалып кете жаздағанын да ескертеді. Өйткені хатқа түсті деген осы өлеңнің өзінде екі шумақ (6-7 шумақтар 8 жол) өлең жолдары мүлде ұмтылған, тек ғана өлеңнің жазылу тарихын зерттеу үстінде салыстыру арқылы ғана қалпына келтіреді. Бұл өлең жеке адамадарға, яғни, Абайдың туған ағасы Тәкежанның үй-ішіне арналуы себепті, жазба түпнұсқасы сақталса да, өшірілген екі шумақ өлең Көкбай, Тұрағұл арқылы хатқа түсіріледі. Аталмыш өлең тарихын көп сұрастырып, жазылу себебі мен қандай жағдайда жазылу тарихын жан-жақты зерттеп білуі М. Әуезовке “Абай жолы” эпопеясындағы “Кек жолында” деген тараудың жазылуына, ондағы оқиға желісін өрбітуіне арқау болғаны бірден сезіледі. Осы аталмыш өлең тексі жағынан бастапқы табиғи қалпына оралуына, өлең мазмұны сол тұстағы өмір шындығымен орайлас кең ашылып, дәл бүгінгі күндегі танып отырған дәрежеге көтерілуінде сөзсіз М.Әуезов зерттеулерінің орны ерекше.

3. Абайдағы арнау өлеңдердің М. Әуезов айрықша көңіл бөліп, көп қарастырған бір тобы – Абайдың тікелей өз басына байланысты үй-ішілік мұң-наласынан туған шерге толы өлеңдері Оспанға, Әбдірахманға арналып жазылған жоқтау сарыны басым өлеңдерді қамтиды.

М. Әуезов арнау өлеңдер табиғатын терең тани отырып, Абай басылымдарында қалыптасып үлгерген жаңа атауларды, яғни өлең мазмұнына лайықты анықтап, тақырыптарын қайта қояды. Бірақ арнау өлеңдерге жаңадан қойылған тақырыптардың бәрін де міндетті түрде жақшаға алып (мысалы, “Әбдірахман өлгенде” деген сияқты) отырады.


13 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: Абай поэзиясының өрнек – үлгісін қалыптастыру

Жоспар:

1. Абай өлеңдерінің бастапқы табиғи қалпы

2. Абай шығармаларындағы ауытқулар

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1. Абай шығармаларының ақын қолынан шыққан бастапқы түпнұсқасы сақталмай, оның орнын толтырар бірден-бір түпнұсқа қолжазбалар – Мүрсейіт көшірмелері арқылы жетуі – Абай өлең құрылысындағы бастапқы табиғи қалпы жайлы мәселені де яғни өлең өрнегіндегі өзіндік ерекшелікті де текстологиялық тұрғыдан зерттеп, бастапқы қалпына келтіру қажеттігін көрсетті. Абай өлең құрлысының бастапқы табиғи қалпы Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақта біршама сақталған. Мүрсейіт қолжазбасында, әсіресе, 1909ж. жинақта өлең жолдарын рет-ретімен, өз табиғи орнымен түпнұсқа өрнегімен берілмей, ара-жігі ажыратылмай жолма жол жалғастырылып беріледі. Өлең жолдарының жігі тек (=) белгімен ғана берілуі себепті, оқырманға ақын өлең өрнегін танып білуіне елеулі қиындық келтіреді.

Абай өлең өрнегіндегі ерекшелікті бастапқа табиғи қалпына келтіре отырып, оқушығы ұсыну міндетті де осы тұста көтеріледі. Қазақ өлең құрылысына ұлы өзгерістер ендіріп, түр жағынан барынша жетілдіріп, соны өрнектермен мейлінше молыға түскен ақын поэзиясындағы өлең өрнегінің көрінісі Абай қаламынан туған бастапқы табиғи қалпында берілмей келді.

Тұңғыш толық жинаққа дейінгі Абай басылымдары мен көшірме қолжазбаларда ақын өлең құрылысындағы өзіндік ерекшеліктер, жаңа түрлер бұрын-соңды қазақ әдебиетінде байқалмаған соны өлең өрнектері бір ізділік сақтай бермеді. Мәселен Мүрсейіт қолжазбасы мен 1909 жылғы жинақта берілген “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлең 6 жолды, бір шумақты болып келетін табиғи қалпын сақтай бермеген.

2. Өлең өрнегіндегі ауытқуларды былай қойғанда, тіпті өз алдына екі бөлек шығармалар араласып кетіп, бір өлең ретінде берілетін жерлер де ұшырасып отырады. Мысалы, 1909 жылғы жинақтың өзінде “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек” өлеңі мен “Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол” бір боп тұтасып кетсе, “Алланың өзі де рас, сөзі де растың” ішінде “Жүректегі қызықтың бәрі асыл тас” өлеңі араласып жүр. Немесе “Интернатта оқып жүр” мен “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі кітаптың 2-8 бөлімдерінде бір шығарма ретінде ұласып берілгенін көреміз.

Абайдағы өлең өрнегі қазақ поэзиясын сапалық өзгеріске түсірген аса күрделі жаңалық болып табылатын. Ақынның өлең өрнегі сонылық белгілі бір өлшеммен жазылғанын ұлы ақын “Уәзінге өлшеп тізілген”, - деп ескертетіні де бар. Осындай тамыры терең тартар дәстүрлерді творчестволықпен пайдалану, үлкен теориялық даярлықпен 7 өлеңнің ұлттық топырағынан нәр алған өлең түріндегі жаңалық көздерін бірден танып келтірудің өзі де зерттеушіге оңай болмаған. Осы ерекшеліктен болса керек, Абай мұрасының бірегей білгірі деп танылған М. Әуезовтің өзі де Абай өлең құрылысындағы табиғи қалпын түгелдей, бірден бастапқы түпнұсқа қалпында бере алмаған. Мысалы, “Қор болды жаным”, “Қатыны мен Масақбай” тәрізді ерекшелігі мол өлеңдер тұңғыш толық жинақта бастапқа табиғи қалпын сақтай бермеген. Бұл тәрізді өлең өрнегіндегі табиғи ерекшеліктер 1939-1940 жылдардағы екінші толық жинақта ғана өз қалпына түскен.

Міне, Абай өлең кестесіндегі өзгеріс табиғатын терең танып, оны асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолы – ұзақ жылдар бойында М. Әуезов атқарған қажырлы еңбектің нәтижесінде текстологиялық күрделі жұмыстардың бір саласы боп қалыптасты.

Өлең жолындағы сөз өзгерістерін анықтау.

М. Әуезов атқарған текстологиялық жұмыстардың бір желісі – Абай өлеңдерінде түпнұсқа қалпынан ауытқыған сөздер мен кейбір өлең жолдарындағы өзгерістерді бастапқы қалпына келтіру жолындағы жемісті еңбегінде жатыр.
14 - лекция.

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің - текстологиялық зерттеулері

Жоспар:

1. Ақын шығармаларының канондық тексін жинаудың негізі

2. М.Әуезовтің тікелей басшылығмен шыққан ақын шығармаларының толық жинағы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1. Абай шығармаларының текстологиялық жағынан барынша сұрыпталып, бастапқы асыл түпнұсқа табиғатын сақтау жолында М. Әуезов атқарған ұзақ жылдарға созылған текстологиялық ізденістерінің бір қырын әр жылдарда жаряланып отырған Абай басылымдарындағы ақын өлеңдеріндегі өлең жолдарындағы елеулі өзгерістерден де көреміз.

М. Әуезовтің өз ескертуінше, Абай романын жазуға бір жола бет бұрысымен – ғана, яғни 1937 жылдан бастап, ұзақ жылдар бойы өзі жинастырған Абай өмірі мен тврочествосы, заманы, сол дәуірде болып өткен әр қилы оқиғалар қайта қарап, сұрыпталуға кірісу үстіндегі зор көлемдегі терең дарялықтар – екінші рет басылған толық жинақтың жаңа сапа соны нышан танытып, текстологиялық жағынан мейлінше толығып шығуына тікелей себепкер болғаны да бар.

Абай шығармаларында текстологиялық жұмыстың жан-жақты ойластырылып жүргізілгені осы басылымда арнайы көңіл бөлінген шеттен енген сөздерден де көреміз. Осы сөздердің түп-төркінін қаулап, мағынасын ашуға ұмтылған зерттеуші екі жүзден астам шет сөздерін бөлек жазуда түсінік жазуы – іргелі зерттеу ісінің нақтылы да айғақты дәлелі десе болғандай.

Абай мұрасын жариялау жолында М. Әуезовтің өз қолымен соңғы рет даярлап, көп күш салған ақын шығармаларының толық жинағы 1957 жылғы екі томдық болатын-ды. Бұл кезең М. Әуезовтің абайтану саласында ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келген ғылыми зерттеулері мен творчестволық шығармаларындағы ой толғаныстарын қорытындылаған жылдарына тұс келеді.

2. М. Әуезовтің тікелей басшылығымен шыққан 1957 жылғы толық жинаққа 7487 өлең жолы мен 46 қара сөздері енді. Толық жинақтың 1 томына төл өлеңдері ретінде 172 шығарма (5712 өлең жолы), 2 томына аудармалары ретінде 56 шығармасы (1775 өлең жолы) мен қарасөздері беріледі.

Абай шығармаларын бастапқа асыл түпнұсқа қалыпна келтіру жолында М. Әуезов тарапынан әр жылғы басылымдар қарсаңында аса ыждаһаттықпен жүргізілген текстологиялық жұмыстар нәтижесін, әсіресе, Абай шығармаларының әр жылғы басылымдарындағы өлең жолдарындағы елеулі өзгерістерден көруге болады: 1909ж. жинақта Абай өлеңі –139, өлең жолы- 5399, 1933 ж. толық жинақта Абай өлеңі –204, өлең жолы-6580, 1945ж. толық жинақта Абай өлеңі –233, өлең жолы – 7255, 1957 ж. толық жинақта Абай өлеңі – 228, өлең жолы – 7487, 1977 ж. толық жинақта Абай өлеңі - 230, өлең жолы – 7495. Бұдан әрі басылым сайын өлең саны молығып, өлең жолы біртіндеп көбейіп, үстемелеп қосылып отырғаны байқалады. 1909-жыл мен 1977-жыл аралығында Абай шығармаларына 2096 өлең жолы тыңнан қосылғаны көрініп тұр. Мұншалықты орасан көп өлең жолдарының әр түрлі жағдайлар мен себептерге орай қосылып отырғанын айрықша ескерген жөн.

М. Әуезовтің Абай шығармаларын текстологиялық жағынан жетілдіру саласындағы әрекеті мен ұстанған жолдары ақын мұрасының болашақта бір жолата орнығар канондық текстің негізін салып, қалыптасуына шешуші түрде ықпал етті.


15 - лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет