Лекция 1 (2 часа) Тема: «основные понятия о государстве, праве и государственно-правовых явлениях»



бет2/6
Дата12.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#184853
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция 3
2 5415754890385301965, СӨЖ 1 Философия, pdf24 images merged

Заңды тұлға түрлері


Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны

  • Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.
  • Мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты (шартты) болуы мүмкін. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданға өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.
  • Біржақты мәміле дегеніміз - заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәміленің жиі кездесетін түрі-өсиет қалдыру.
  • Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса намесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
  • Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus- келісім) –келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res-зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет