Лекция №1 Бәзілханова Мейраш Оразханқызы



бет1/3
Дата16.10.2022
өлшемі39,25 Kb.
#153294
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Практика 4
Проектирование автоматизированных систем, CРО Методика преподования 5-8 klassy 0 1, Сынып сағатын өткізу және оны талдау әдістемесі семинар

Лекция №1

Бәзілханова Мейраш Оразханқызы



  1. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогикалық ғылымдарда пəнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-əрекет, қарым-қатынас, дамыту, əлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі.

  2. Ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың мәні. Педагогиканың философия, психология, əлеуметтану, физиология жəне басқа ғылымдармен байланысының түрлері.

  3. Философиялық заңдар, заңдылықтар.

  4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мəні мен мазмұны.

  5. Педагогика ғылымының əдістері.

  6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы.

  7. Мұғалімнің зерттеушілік іс-əрекетінің əдістері.

  8. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру жəне өткізу əдістемесі.

Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет