Лекция №1 Пәнге кіріспе


Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасы



бет60/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе
81392
Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасы. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде саяси этносаралық қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар болған кезде Қазақстан ішкі саяси тұрақтылықты, оның ішінде ұлтаралық қатынастар саласында да сақтап қана қоймай, оны нығайта алды.
Ұлт Көшбасшысы көптеген баяндамалары мен жарияланымдарында елдегі ұлттық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығы туралы: «Қазақстандық қоғамның полиэтникалығы кемшілік емес, керісінше мемлекеттің ұлы артықшылығы болып табылады» деп атап көрсетеді.
Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасын қабылдау біздің халқымыздың бірігуінде маңызды рөл атқарды. Әлемде осындай сияқты көптеген құжаттар бар. Мысалы, бір кездері қабылданған Монро, Конфуцийдің доктриналарын айтуға болады.Ұлттық бірлік доктринасын талқылау бұрын-соңды болмаған және қызықты өтті. Арнайы жұмыс тобы құрылып, жекелеген азаматтардың талап-тілектері, сарапшылардың ұсынымдары негізінде 500-ден астам түрлі ұсыныстар келіп түсті. Тәуелсіз Қазақстан тарихында өте маңызды, өте күрделі мемлекеттік тұрғыдағы ұлтаралық мәселенің болашағын белгілейтін құжат дүниеге келді. Доктрина 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Мемлекет басшыларының Саммиті өткен жылы қабылданғаны маңызды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болуының маңызды белгілерінің бірі- Қазақстан үшін үлкен мәнге ие болған толеранттылық мәселесі күн тәртібіне қойылыуы.
Ел бірлігі доктринасында біздің мақсатымыз және басты міндетіміз – даңқты ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық - егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздегі азаматтық бейбітшілік, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді болашақ ұрпаққа тапсыру парызымыз туралы айтылады.
Қазақстан халқы үшін Доктрина әртүрлі себептер мен жағдайларға қажет болды. Біріншіден, бұл құжат полиэтникалық Қазақстан халқының, мемлекетқұрушы қазақ этностың шоғырландырушы рөлімен, әрі қарай дамуының стратегиялық бағыты болып табылады. Екіншіден, доктрина Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдан астам уақыт бойы жинақталған озық тәжірибесінің ұстанымдары. Үшіншіден, бұл құжат әлемде шиеленіс пен қақтығыстардың жаңа ошақтары пайда болуына байланысты Қазақстан халқы үшін топтастырушы ролін атқарды. Төртіншіден, доктрина Қазақстанның табысты және тұрақты мемлекет ретінде халықаралық имиджін жоғарлатуда ықпал етті. Бесіншіден, ұлт бірлігі доктринасының қабылдануы Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа бейбітсүйгіш ішкі және сыртқы саясатының ашықтығын дәлелдеді.
Ұлт Бірлігі Доктринасы үш маңызды бөлімнен тұрады. «Бір ел – бір тағдыр» бірінші бөлімінде елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз – тарихи тағдырымыздың ортақтығы екендігі негізге алынады. «Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әрбір азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну. Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген».
«Тегі басқа – теңдігі бар» екінші бөлімінде біздің ұлттық бірлігімізге негізделген басты қағидат – этностық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына, әлеуметтік жағдайына қарамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беріледі деп көрсетілген. «Әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын» және «оған ешқандай кедергі болмайды».
«Ұлт рухының дамуы» атты үшінші бөлімінде «рухани бастау – ұлтты бір тұтастыққа біріктіретін күш. Халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы зор. Біздің ұлттық рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар мыналар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс пен жеңіс рухы» деп көрсетіледі.
Қазақстанның Ұлттық бірлік доктринасының қабылдануы тарихи маңызы зор болды. Бұл құжат мемлекеттің этносаралық саясат саласындағы жаңа стратегиялық бағдарлама ретінде қызмет атқарады. Доктрина этносаралық қатынастар саласында тиімді шарттарды қалыптастыруға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуге негіз болды. Бұл құжат саяси ғалымдарға, ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдеріне, сондай-ақ ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне басшылық етеді. Доктрина жаһандану, өркениеттер қақтығысы проблемаларына лайықты және қолайлы жауап болды.
Бүгінгі күні Қазақстан бейбітшілік пен келісім сақталған этностардың жарасты өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Этносаралық келісім мен бейбітшілік әлемде баламасы жоқ қазақстандық үлгісі қалыптасып, қарқынды даму жолына түсті. Ол келесі факторларға негізделген:
Біріншіден, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен этносаралық татулық мәселесі биліктің назарында алынды. Этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық саясаттың өзегіне айналды. Ол ұлт қалыптастырушы қазақ ұлтының этносаралық келісім мен ынытымақтастыққа, ұлтты біріктірудің шоғырландырушы ретінде өзге этностардың құқықтарының шектелмеуіне деген жауапкершілігін жүктейді.
Екіншіден, қазақстандық үлгіде Қазақстан халқының бірлігі, өзара түсіністік пен татулық дәстүрлері маңызды рөл атқарады. Соңғы 130 жыл ішінде бізде ұлтқалыптастырушы қазақ халқымен көптеген этникалық диаспоралар бейбітішілік пен келісімде полимәдени қоғам болып құрылды.
ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ жеріне Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды қоныстандыру, одан кейінгі 1937-1944 жылдарында жеке халықтарды – неміс, кәріс, поляк, еврей, қалмақ, Солтүстік Кавказ халықтарын, депортациялау бізді ғаламшардың бірегей өлкесіне айналдырды. Бүгінгі Қазақстанды өз Отанына айналдырған түрлі этностар мен этникалық топтардың татулықта бірге тұруы ерекше қазақстандық менталитетті қалыптастырды. «Бірлігіміз сан алуандылығымызда».
Үшіншіден, ашықтық, толеранттылық, қонақжайлық, үлкендерді құрметтеу сияқты дала өркениетінің қасиетін бойына терең сіңірген қазақ халқының ұлттық болмысы осы кезде шешуші рөл атқарды.
Халқымыз ынтымақ, бірлікті, татулықты қалаған елдің ұрпағы. Елбасының осы туралы дәл тауып айтқан: «Халықтар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры қазақтарға тән асыл қасиеттерде жатыр» деген сөздері бар.
Төртіншіден, Қазақстан мұсылман үмбетінің бір бөлігі болып табылады, мұсылмандық этностар демографиялық тұрғысынан белсенді. Елімізде дәстүрлі болып табылатын сүнниттік исламның ханафи мазһабы үлгісі қабылданған. Ханафи мазһабы сүнниттік бағыттағы исламдық құқықтық ілім, жергілікті наным-сенімдер мен ғұрыптарға, дәстүрлі ұлттық мәдениетке төзімділігімен ерекшеленеді. Қазақстан өзінің ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастығы тәжірибесі арқасында ислам мен оны ұстанушылардың дау-жанжалға себепші емес екендігін дәлелдеуде.
Бесіншіден, полиэтностық Қазақстанның құрылу ерекшелігі. Этностардың басым көпшілігі патша өкіметі мен большевиктер жүргізген еріксіз, мәжбүрлі, күштеу миграциялар, депортация нәтижесінде пайда болды. Қиын-қыстау заманда осы жерге күшпен қоныстандырылған түрлі ұлт өкілдерін бауырмал қазақ ұлты құшағын жайып қарсы алды. Сондықтан бұл этникалық топтардың өкілдері ұлтаралық қақтығыстарға бармайды. Олардың бәрі де қазақтың даласында ұлтымызбен бірге жасап келеді. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеяның сессиясында Елбасы барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет