Тлешова Жібек Кеңесбекқызы, Қр президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының доценті Астана. 3 шілде. Baq kz – Қр президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»



бет1/15
Дата08.07.2017
өлшемі1,19 Mb.
#20793
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Пресс-досье на 3 июля 2014 года
Новости Академии
Ғылыми әлеуетті арттыру – мемлекеттік мүдденің бірі

03 Шілде 2014



http://baq.kz/kk/news/49588
Тлешова Жібек Кеңесбекқызы,

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік

басқару академиясының доценті
Астана. 3 шілде. Baq.kz – ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында алға қойылып отырған маңызды бағдардың бірі – ғылыми әлеуетті арттыру болатын. Егемендік алған кезеңнен бастап мемлекетіміздің даму тарихына зер салсақ, білім және ғылым саласында қабылданған көптеген шешімдердің қабылданып, жүзеге асырылғандығын көреміз. Соның нәтижесі ретінде биылғы жылғы Жолдауда аталған ғылыми әлеуетті арттыру бағыты осы кезеңге дейінгі қабылданған шешімдердің сабақтасқан жалғасы деп тануға болады. 

Ғылыми әлеуетті арттыруда жоғары оқу орындары негізгі роль атқаратын әлеуметтік институт екендігі даусыз. Осының дәлелі: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ғылыми іс-шаралар әлемдік деңгейдегі шетелдік жоғары оқу орындарының ғылыми істі жүргізу тәжірибелерінен үлгі ала отырып, ғылыми негізде ұйымдастырылуында. Сол іс-шаралардың алдыңқы қатарына Академияның ғылыми әлеуетін арттыруға көзделген бағыттарға Академияның Өңірлік хабты ұтымды қолдана отырып, ғалымдардың, сарапшылардың және практиктердің байланысын (Network) құруы. Осы платформа шеңберінде Академия 21 бағытта жүргізілетін ғылыми зерттеулер бойынша пікір бөліседі. Зерттеулер тақырыптық жоспар, тапсырыс бойынша бағдарламалық нысаналы қаржыландыру, гранттық қаржыландыру негізінде іске асырылады. Бұл Академияның мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жасауы Академияның ғылыми әлеуетінің көрсеткішінің белгісі және оны одан әрі дамыта түсуге мүмкіндіктердің мол екендігінің нышаны.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде аталмыш жоғары оқу орны профессорлар оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми әлеуетін қалыптастыру және дамыту процесіне де басты назар аударып отырады. Біріншіден, Академияның профессорлар оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысуына мүмкіндік жасай отырып, оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің белсенділігін арттырып отырады. Өз кезегінде бұл профессорлар оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, оның нәтижелерін конференция платформаларында ортаға салу, оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмыстарын магистранттар және докторанттармен бірлікте жүргізуі магистранттардың және докторанттардың ғылымға тартылуына және олардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына ықпал жасайды. Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің шетелдік жоғары оқу орындарында арнайы ұйымдастыратын ғылыми семинарлар мен ғылыми жаздық мектептер курсына қатысуға мүмкіндік жасай отырып, онда алынған білім мен тәжірибенің тиімді және қолайлы тұстарын Академияның оқу және ғылыми жұмыс процестерін арттыру ісіне енгізуге жағдай жасалынады. Академияның ғылыми іс-шараға маңыздылықпен қарайтындығының тағы бір дәлелі - оның экономикалық, қаржылық, әлеуметтік салалардағы қазіргі заманғы мәселелерді шешу жолдарын табуда әлемнің озық ойшылдарын, ғалымдарын біріктірген халықаралық ғылыми бас қосу платформасы болып табылатын Астана экономикалық форумының бір ұйымдастырушы мүше ұйым ретінде атсалысатындығы.

Жоғары оқу орнының ғылыми әлеуетінің жоғары болуы - оның кадрларының ғылыми әлеуетіне тікелей байланысты және негізгі ғылыми әлеует көзі. Оған дәлел ретінде мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде өткен ғылыми тағылымдамадан алған тәжірибені ортаға салсақ - онда Ұлыбританиядағы Кембридж университеті оқытушылар құрамының ойларынан байқалатын пікірмен бөлісуге болады. Тағылымдама барысында жүргізілген зерттеу тақырыптарының бірі Кембридж университетінің ғылыми дәрежесі жағынан жоғарғы рейтингте болуына ықпал жасайтын себептерді анықтау болды. Осы мақсатта екі факультеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне жүргізілген сұхбат нәтижесінде оқытушы құрамының, факультеттің, одан әрі университеттің ғылыми әлеуетінің жоғары болуына ықпал жасайтын факторлар төмендегідей болып табылды: Кембридж университеті ғалымдарының пікірі бойынша, біріншіден, маңызды нәрсе - оқу-ұйымдастыру ісінің құрылымы. Ұйымдастырылған оқу ісінің құрылымы ғалым-оқытушылардан талап ететін үш нәрсе бар: дәрістер, семинар-сабақтар; ғылыммен айналысу және административтік жұмыстар (жиналысқа қатысу, есептер жазу, мәліметтер беру, комиссия мүшесі болу т.б.). Ғылыми зерттеулер әр факультеттің кіріс көзі және халықаралық рейтинг кілті болғандықтан, ғалым-оқытушыларға қойылатын административтік жұмыстарды факультет басшылары мейлінше азайта отырып, ғылыммен айналысу уақытын арттыруды жолға қойған. Дәрістер мен семинар-сабақтар (магистратура және докторантура бағдарламасында) ғылыми зерттеу жұмысымен ұштастырыла жүргізіледі, оған қоса дәрістер мен семинар-сабақтар зерттеу әдіснамасын меңгеруге бағытталған. Оқытушылық қызметте ғылыми жұмысты немесе дәріс-сабақ берудің қайсысын алғашқы басымдылыққа қоясыз деген сұраққа, Кембридж ғалымдары ғылыми жұмыстың маңыздылығын басып атады. Себебі, ғылыми жұмыспен айналысу креативтік ой мен көзқарас әкеледі. Оны практикаға енгізу ортаны өзгертуге және ортаның бәсекелестік қабілетін арттырады деген пікірді ұстанады.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде профессорлар оқытушылар құрамы үшін маңызды категорияның бірі - ғылыми зерттеудегі лидерлік. Сұхбат жауаптары университет жұмысында профессорлар оқытушылар құрамының зерттеу жұмысымен айналысуына ынталандыратын, зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған жаңашыл идеяларына көрсетілетін қолдау және оны практикаға енгізудің алға қойылған жолдары ғылыми зерттеу әлеуетін арттыратын біртұтас процестің бар екендігін көрсетті. Ғылыми зерттеудегі лидерлік профессорлар оқытушылар құрамының, бірінші жағынан, жаңашыл ойларын ортаға салуына, оны жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан жауапкершілік те арттырып отыратындығын көрсетеді.

Кембридж университетінің ғылыми ортасына тән категория – зерттеу жұмысына басшылық тарапынан (административтік) қолдау көрсету, яғни зерттеу жұмысы қалай жүргізіледі, қандай административтік процестер зерттеуді ұйымдастыру мен басқаруға мүмкіндік береді. Бұл университеттің ғылыми әлеуетіне жоғары ықпал жасайтын фактор деп есептелінеді. Себебі, ықпалды ғылыми зерттеулер жасау сандық және сапалық зерттеулер жүргізуді және олардың пәнаралық байланыста болуын қажет етеді. Осы тұста факультет өз тарапынан сол жердің зерттеумен айналысатын профессорлар оқытушыларына зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті саладағы мамандарды табуға, семинарлар мен кездесулер ұйымдстыруға және есептік қағаз жұмыстарын менеджерлерге аудару арқылы тәріздес административтік қолдау көрестеді.

Төртінші – зерттеу жұмыстырын қаржыландыру көзі. Бұл категория қандай отандық және халықаралық қаржыландыру көздері бар, ол қаржы қалай бөлінеді, сырттан қаржыландыратын қандай көздер бар және профессорлар оқытушылар құрамы оған қалай қол жеткізе алады деген мәселені қарастырады. Бұл жерде факультет басшылығы отандық және халықаралық грант көздерін іздеуге және гранттық конкурстарға құжаттарды даярлау, кеңес беру және т.с. мәселелердің жолын шешіп беру ісі арқылы профессорлар оқытушылар құрамына зерттеу жұмысымен айналысуға жағдай жасайды.

Бесіншіден – зерттеушілердің карьералық сатысы. Бұл категория қалай жоғары оқу орнындағы негізгі зерттеушісі бола алады, сол орынды иелену үшін қойылатын көрсеткіштер, қалай карьералық өсу мүмкіндігі берілген. Кембридж университетінің бұл категория бойынша қалыптасқан өзіндік жүйесі бар. Алтыншы категорияға зерттеу жұмысын жүргізуге ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып анықталды. Бұл категория жоғары оқу орны, институт және кафедра деңгейінде зерттеу мәдениетін қалыптастыратын қандай құрылымдар мен процесстер, жоғарғы оқу орнында, институт және кафедра деңгейінде зерттеу лидерлігі қалай жұмыс жасайтындығы мәселесін көздейді. Бұл жерде профессорлар оқытушылар құрамына және ғылыми қызметкерлерге ішкі және сыртқы ғалымдармен, сарапшылармен ынтымақтастықта ғылыми зерттеулер жүргізуге және ол зерттеулердің нәтижесін дәріс және семинарларарда ашық талдау жасауға жағдай тасалынады. Осы тұста атап өтетеін маңызды ерекшелік – бұл дәріс-семинарлар магистранттар мен докторанттар және сырттан келушілерге де ортақ бола отырып, ол дәріс-семинарларда ғылыми зерттеудің әдіснамасын талдауға басты назар аударылады.

Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу ісін ұйымдастыру тәжірибесін ескерсек, онда ғаламдық экономикалық дамудың басты негіздерінің бірі жаңа нәтижелерге ғылыми зерттеу арқылы қол жеткізу. Ғылыми зерттелген жаңа нәтижелер жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алып келеді. Ең бастысы - ғылыми зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштер немесе ашылған жаңалықтар білім экономикасында жаңа білім болады. Білім экономикасының қорын толтыратын және оның деңгейін көтеретін ғылыми зерттеулерге қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін Елбасының осы жылғы Жолдауы Қазақстанның ғылыми әлеуетін одан әрі артуына серпін беретін бағдарлы және жоғары мүддені көздеген құжат екені анық.

Политические новости
Елбасы Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимаратының

ашылу рәсіміне қатысты

03.07.2014



Мемлекет басшысы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларын, түлектері мен оқытушы-профессорлар құрамын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, мұнда жоғары білікті әскери кәсіпқойларды даярлайтын орталық құрылуы тиіс екенін айтты.

– Бұл жерде зерек, әскери ғылымды білетін және тілдерді меңгерген, білімді офицерлер тәрбиеленуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар қорғаныс университетінің жаңа ғимараты әскери ғылымның ең заманауи талаптарына сай келетінін атап өтті.

– Мұнда зертханалар жұмыс істеп, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдер жүргізіледі, докторанттар даярланып, диссертациялар қорғалатын болады. Ең үздік әлемдік тәжірибелерді оқыту үшін университет оқытушыларды Ресейден және басқа елдерден шақырады – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы университеттің әскери мамандарды оқыту мен даярлау жөніндегі нақты жоспары жоқтығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әскери оқу орындары шетелдердің осындай оқу орындарынан үлгі алуы қажеттігін, олар жай ғана кәсіпқойларды емес, нағыз көшбасшыларды даярлайтынын айтты. Қазақстан Президенті Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимаратын пайдалану тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін қазіргі заманда мемлекеттің ұрысқа қабілетті армиясы болуы керектігіне де назар аударды.

– Қазақстан өзінің сыртқы саясатының арқасында шекараның өн бойында тыныштықты қамтамасыз етті, қуатты одақтастар тапты. Бұған қоса, біздің мемлекетімізде қуатты, сақадай сай армия және парызына адал офицерлер болуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ұлттық қорғаныс университетінің оқу үдерісінің мониторинг орталығын, оперативтік өнер кафедрасы мен кітапханасын аралап көрді.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.

Ұлттық қорғаныс университеті – магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару буындары үшін әскери кадрлар даярлайтын Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары әскери оқу орны. 


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет