Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет66/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе
81392

2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары мен міндеттерінің мазмұнын ашу, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шараларға тарихи баға беру.


3.Лекция мазмұны.
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар
2.Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасы
3.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
1. 1989 жылы көктемде Наурыз Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан республикаларында жалғасты. Еліміздің тәуелсіздігімен қайта жаңғырған «Наурыз мейрамы» жалпы халықтық мерекеге айналды. Наурыз Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. «Наурыз мейрамы» - бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Бұл мерекемен қатар республикамызда тұратын басқа да ұлттар мен ұлыстардың ұлттық мерекелері, салт-дәстүрлері, мәдениеті қатар дамып келеді. Мәдениет министрлігінің мәліметіне сүйенсек 1995 жылы мәдени-ағарту мекемелері – 180 мыңдай мәдени шара өткізіп, оған 24 миллиондай адам қатысқан. Театрсахналары мен музыкалық ұжымдар репертуарында Қазақстан тақырыбы басымдыққа ие болды. Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев және басқа да мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына арналған фестивальдер өтті. Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерекесі құрметіне республикада 156 жаңа қойылым көрсетілді.Мамандандырылған музыка өнерін дамыту мақсатында халықаралық конкурстар мен фестивальдер өткізілді. Алматы қаласында «Азия дауысы», «Үкілі домбыра», «Жігіттің сұлтаны», «Қыз сыны», «Жас қанат», «Ермек Серкебаев шақырады» т.б. мәдени-көпшілік шаралары ұйымдастырылды.
Тәуелсіздіктен кейінгі үш-төрт жылдың ішінде жиырмадан астам қазақ тіліне арналған оқулықтар мен оқу құралдары оқырманға жол тартты. 1992-1995 жылдар аралығында қазақ тілінде оқитын орта мектептерде өтетін пәндерге байланысты 112 төлтума оқулық жарық көрді. 1995 жылы Қ.И. Сәтбаевтың алғы сөзімен жарияланған (Москва, Центроиздат, 1927) «Ер Едіге» эпосы қайта басылды. Ғ. Қараштың «Заман», С. Ақынжановтың «Қыпшақтар Қазақстанның орта ғасыр тарихында», «Қазақтың ғашықтық жырлары», «Қазақтардың ерлік жырлары» басылып шықты. «Құран» тұңғыш рет қазақшаланды. Әл-Фарабидің, Шәкәрімнің еңбектері, Қожа Ахмет Иасауи трактаттары, М. Дулатовтың екі томдығы, Х. Досмұхамедовтың еңбектері, М.Ж. Көпеевтің екі томдығы, «Қазақ», «Айқап», «Дала уәлаятының газеті» деп аталатын жинақтар мен осы іргелі басылымдардың библиографиялық көрсеткіші жарыққа шықты. 1976 жылы КОКП туратып тастаған «Көшпенділер. Эстетика» кітабы жарияланды. Ғылым Академиясының құрамындағы философия институты жанынан құрылған «Ақыл кітабы» ғылыми-баспа үйінен ағылшын және орыс тілдерінде «Новый Казахстан: 5 лет независимого развития», авторлар ұжымының «Философия. Наука. Общества», «Права и свободы человека в Казахстане», «Казахстанская философия канун ХХІ века», кезеңнің күрделі проблемалары талданған «Казахстан на пути к устойчивому развитию», «Евразийская интеграционная политика Республика Казахстан: проблемы и перспективы», «Политическое лидерство в современном Казахстане», «Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе», т.т. көптеген кітаптар жарық көрді.
Тарих және басқа да қоғамдық ғылымдар саласынан академик М. Қозыбаевтың «История и современность», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Тарих зердесі», К. Нұрпейісовтың «Алаш және Алашорда» сынды кітаптары, Ғ. Ақпанбектің «Қазақ халқының дүниетанымы», Қ. Жарықбаевтың «Ұлттық психология», М. Орынбековтың «Предфилософия протоказахов» кітаптары, Қазақстанның даму институты әзірлеген «Қазақтар» анықтамалығы, тарих және этнология институтының ғалымдар ұжымы шығарған «История Казахстана: белые пятна», «История Казахстана с древнейших времен до наших дней» көп томдығы, М. Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі», М. Тәтімовтың «Қазақ әлемі» кітаптары жарық көрді.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің қанды құлпының астында қалған есімдер халқымен қайта қауышты. Осы кезде республикалық баспалардан тұңғыш рет «Мұхаммед пайғамбар» (Ф.Оңғарсынованың аудармасы), Шәкәрім Құдайбердиевтің «Менің өсиетім» («Өнер»), «Родословная», Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ тілінің мәселелері» («Ана тілі»), Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» («Рауан»), С. Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» («Санат»), Халел Досмұхамедовтың «Аламан» («Ана тілі»), Ә. Диваевтың «Тарту», Телжан Шонанұлының «История о казахском земельном вопросе» («Санат»), Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қазақ шежіресі», Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылмандық негіздері», Әубәкір Кердерінің «Қазағым», Бұқар жыраудың «Ай, Абылай, Абылай», Махмұд Қашғаридің «Көне түрік тілдерінің дамуы», Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақстанның көне мәдениеті», Мұхамеджан Тынышбаевтың «История казахского народа», сондай-ақ Әлихан Бөкейхановтың, Мұстафа Шоқайдың, Тұрар Рысқұловтың, Сұлтанбек Қожановтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың жеке шығармалары, көп томдықтары басылды. Зерттеу еңбектері жарық көрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет