Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет22/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)
Е. алимханов, Титулка СОЖ, Презентация (1) (1) — копия (2), асем жобаа
Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.
Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.
Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр
ҚЫЗ ҚУУ - ұлттық ат спорт ойыны. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген. Соның бәрінен мүдірмей өткен жігітке «енді қызды қуып жетсең қал ыңдығың болады» деген талап қойылған.
Осы «езде қыз куу спорттың бір түріне айналды. Қыз қуудың бұрын тұрақты ережесі болмаған. Қыз қуудан Қазақстанда алғашқы спорттық жарыстар 1923 жылы ұйымдастырылды. Содан бері мейрам, түрлі мерекелердің программаларына енгізіліп жүр. Жарыс ұзындығы 300-400 м, ені 30-40 м тегіс жерде өтеді. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттің алдында 10 м жерде тұрады, бұдан кейін төрешінің белгісі бойынша жарыс басталады.
Жарыста жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстіңде құшақтап сүйеді. Бұл - жігіттің жеңгейі. Ал қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгені. Жарыс барысында өз атын қарсыласының алдына тоқтатуға, қаптал сызықтан өтіп кетуге, айналып кайтатын жерге жетпей жарты жолдан қайтып оралуға болмайды. Ережені бұзған спортшылар жарыстан шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет