Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет20/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)
Е. алимханов, Титулка СОЖ, Презентация (1) (1) — копия (2), асем жобаа
Дмитрий Игоревич Баландин (1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қ. туған) — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы.
2015 жылы Кванджуда (Корея) өткен жазғы Универсиада ойындарында дистанциясы 100 метр браспен алтын, ал дистанциясы 50 метр браспен қола медальдарға ие болған.
2016 жылдың 5 — 21 тамыз күндері аралығанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр браспен, Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы.
2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жеткені үшін, Дмитрий Баландин елбасымыздан II дәрежелі Барыс орденына, Казақстан Республикасының үкіметінен чемпион марапатты 250 000 АҚШ доллар өлшемінде, Алматы қаласының акімі Бауыржан Байбектен үш пәтерлі үй мен Toyota Land Cruiser 200 көлігіне ие болды, ал ҚР ішка істер министрі Қалмуханбет Қасымов Дмитрийді басқа жеңімпаздар сияқты «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальмен марапаталды.


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалалар:

  1. Су добының тарихы

  2. Суда жүзу спортының қашықтықтары

  3. Су спортынан Қазақстан жетістіктері



Лекция №11
Тақырыбы: Ұлттық спорт түрлерінің шығу тарихы
1. Ұлттық спорт түрлері
2. Ұлттық ойын түрлері



  • Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
  • Қазақстың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды. 1938 жылы Алматыда колхозшылардың республикалық спартакиадасы өткізілді, ал 1944-1947 жылдар аралығында қазақтың ұлттық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа әлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын нығайтуға икемді де епті, күшті де төзімді болып болып өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді. Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: «Қазақ күресі», тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты ойындары (көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз-қуу) сияқты ойын түрлері көне заманнан осы заманға дейін халықпен бірге жасасып келеді.


  • Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.


  • Қазіргі кезде ұлттық күрес, тоғызқұмалақ және ат спорты ойындарының түрлі үйірмелері ашылып, спорт мектептерінде арнайы жаттықтырушылар жаттықтыра бастады. 


  • Республикамызда әсіресе ат спорты ойындары кеңінен етек жая бастады. Кезінде Луговой жылқы заводынан шыққан Ақалтеке тұқымды «Абсент» атты сәйгүлік қазақ елінің мақтанышы болып қатарынан Рим және токио Олимпиадасында жүлдегер атанған. Қазір сол жылқының тұқымы осы заводта және Алматы облысындағы «Дегерес» жылқы заводында бар. Қазақстанда өткен әрбір бәйгелерге осы заводтың аттары әрдайым жүлдеген болып жүр. Ат спортындағы ең қызықты, тартымды көрермендерді қызықтыратыны осы бәйге. Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар, өйткені, аты жүйрік спортшы атының шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген шабандоз жеңіп кететін кездері аз емес.


  • Бәйгеге жеткілікті дәрежеде даярланған төзімді аттар қатыстырылады. Қазақ халқы әр уақытта жылқы тұқымын қасиетті жануар деп бағалаған, сондықтан бәйге өте кең тараған ат спорты ойыны. Қазіргі кезде ірі жиын, той, астарда бәйгеден жеңіп келген аттарға қомақты жүлде тағайындалып, темір тұлпар, машиналар жүлдеге тапсырылып жүр. Өте кең тараған ойындарының бірі көкпар, бұл ойын командалық ойын. Жарыс өткізу үшін шұңқыры, тасы жоқ, топырағы жұмсақ жер таңдалып алынады. Алаңның ұзындығы 300-400 м., ені 150-200 м. Осы алаңның ортасына диаметрі 9 метр шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына жалаушалар белгіленеді. Көкпарды екі команда қақпаға түсіру арқылы есептейді. Командалар шектеулі уақытпен ойнайды. Барлық ауылдарда көкпар ойыны кең етек алған. Бұл ойын Кеңес үкіметі тұсында тысқа ысырылып өз мәнін жоғалтып қоя жаздаған ойын.


  • Күрестің ұлттық түрі - қазақ күресі. Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл палуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған.


  • Ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бірінде қазақ күресінің өзіндік орны бар. ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан.


  • Қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған. 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткен. «Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп отырған. 


  • Қазақ күресінде шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша жатып күресуге болмайды. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Адамның ептілігі мен жылдамдығы, шымырлығы мен ой жүйріктігі басым палуандар жеңіске жетеді. Бұл күні палуандар тек алпауыт алпамсадай азаматтар ғана емес, орта салмақты, арықша келген азаматтарда бола алады. Себебі мұнда ең бастысы сенің жігерің мен ұмтылысың.


  • Қазақ тарихында жауырыны жерге тимеген батыр аталарымыз да жоқ емес. Аттың құлағында ойнап, ерлігімен, батырлығымен, батылдығымен, палуандылығмен көзге түскен. Махамбеттей ер тұлғалы батырлар, Балуан Шолақ сынды ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген палуан, қазақ елін әлемге танытқан Қажымұқандай аталарымызды айтпау мүмкін емес. 


  • Қазақша күрестің дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. «Қазақша күрес» федерациясын құрып, көптеген ғылыми еңбектер жазып, тұңғыш төраға болған - Ерғали Мұхитдинов ағамызды айтпай кету мүмкін емес. Ол кісінің ерең еңбегі мол. Алғаш рет «Қазақша күрес» федерациясын құрып, оның тұңғыш төрағасы болған адам. Осы шамада, яғни 1990 жылдары атақты балуан Әбілсейіт Айханов ағамыз өзі бас болып қазақша күрес ережесін жазып, ол ереже 1990-1995 жылдарға дейін қолданыста болды. Одан кейін күрес ережесін жетілдіріп, қазіргі палуандар киіп күресіп жүрген күрес киімінің негізін жасаған адам – Елемес Әлімханов. Бұл кісінің де қазақ күресіне сіңірген еңбегі зор. 2002 жылдардан бастап осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов сияқты мамандар қазір қолданыста жүрген ережені дүниеге әкелді. 2004 жылы Берлин қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация құрылып, оның басшысы болып Серік Төкеев сайланды.


  • 2004 жылы Алматы қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшылары қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқа да елдер болды.


  • Алғаш рет Азия біріншілгі 2006 жылдың шілде айында Ресейдің Алтай жерінде өтті. 2007 жылы Алматы қаласында «Күрес фестивалі» өтті. Фестивальға әлемнің 60 мемлекетінен спортшылары қатысты. 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында екінші біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің палуандары қатысып, Қазақстанның 4 палуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды. 2010 жылы Астана қаласында 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, оған 46 мемлекеттен 300-ден астам палуандар қатысты. Қазақ палуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.


  • Алғаш рет 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, ұлтжанды азаматымыз Арман Шораевтың жобасы негізінде «Қазақстан Барысы» турнирі өткізілді. Оған әр облыстан 4 палуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салынды. Бұл сайыста бірінші орынды Қызылордалық палуан Ұлан Рысқұл иеленді. Екінші рет 2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирі өтті. Бұл турнирде Тараздық палуан Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барыс» атанды. Үшінші рет өткізілген «Қазақстан барысында» Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғмаров атанса, сондай-ақ 2014 жылғы «Қазақстан барысын» Мұхит Тұрсынов иеленді.


  • 2014 жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Әлем Барысы» атты халықаралық турнир өтеді. Бұл – қазақ күресінің тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. «Әлем барысы» ауыр салмақта өтті. Оған бес құрлықтан 35 елдің жауырынды спортшылары келді. Бұл да болашақта Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан қойылып отырған талаптарға сай болуы үшін өткізілген жарыс. «Әлем барысына» Еуропа мен Азияны айтпаған күннің өзінде Америка да, Африка да, жалпы, бес құрлықтан 35 елдің спортшылары келді. Әр мемлекеттің намысын қорғау үшін сол елдің бір палуаны сынға түсті. Жарыс жоғары деңгейде, халықаралық турнир деген мәртебеге лайық болу үшін салмағы арнайы 90 келіден жоғары дүлей күш иелері келді. Әрбір жарысқа қатысушы өз елінің мақтанышы, бетке ұстар палуаны болды. «Әлем барысы» нар тұлға, сен тұр мен атайын деген алыптардың айқасы болды. Нағыз айқас, жан алысып, жан беріскен күрес болды. Төрткүл әлем «Әлем Барысын» тамашалап, қазақ күресінің таныды. Куба палуаны Оскар Рене Видал Брайсон алғаш рет өткізілген қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Брайсон Видаль — дзюдодан Олимпада ойындарының қола жүлдегері. Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құрады.


  • Халық «Әлем барысынан» жауырыны жерге тимеген палуандарынан үміт күткені шындық. Бірақ, спорттың аты - спорт. Біреуге жеңіс, біреуге жеңіліс болады. Бұл біздің палуандарымыз үшін сәтсіз болған күрес. Бірақ та, қазақ күресінің деңгейін әлемге танытты.


  • Қазақ күресі – бүгінгі күнде өз өмірін спортпен байланыстыратын адамдар үшін әлеуметтік саты болып табылады. Ұлттық күресті жаңа деңгейге көтеру қазақ елінің мәртебесі. Себебі, осы әлем күресі арқылы мыңдаған ел тамашалап, қазақ деген елді танып біліп жатыр десек қателеспейміз. Егер мемлекет болып, ел болып қазақ күресін қолға алсақ, әлемдік деңгейге көтерілуі мүмкін. 


  • Ұлттық күресімізді дамыту арқылы бұқараның көптеп спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуына ықпал жасау. Болашақтағы қазақ күресінің танымалдығын арттырып, мәртебесін жоғарылатуда спорт мектептері мен жекелей қазақ күресі үйірмелерінің жаттығу сабақтарын жүргізу мен болашақ балуандарды дайындаудың ауылдық, облыстық жарыстарды үйымдастырудың маңыздылығын өте зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет