Лекция 1 Тақырып: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері Экономикалық теория пәні



бет1/5
Дата21.10.2022
өлшемі477,51 Kb.
#154237
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
427421.pptx
3 лабка (2), ИТАЛИЯ

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институті
Факультет истории и искусств
Жалпы қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы
Лекция 1
Тақырып: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері
1. Экономикалық теория пәні
2. Экономиканың зерттеу әдістері
3. Экономикалық теорияның функциялары
Пән атауы: Экономика негіздері Лектор: Тобылов К.Т.
1. 1. Экономикалық теория пәні
Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминнін мағына-сы үй шаруашылығы (ойкос - үй, шаруашылық; номос - заң) деген ұғымды білдіреді.
«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А. Монкретьен. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көріп, онда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған.
Саяси экономия ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ ғасырлар аралығында пайда болды.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері:
Меркантилизм - Ең алғаш экономикалық ілім XVI­-XVII ғғ. меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда).
Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократтар - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдеріФ.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет