Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері



бет24/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ МПФК, ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі дене шынықтыру тарихы, 20.10.20. Экономика (Жадыра).., 20.10.20. Экономика (Жадыра)..
Остеохондроз

Омыртқа аралың шеміршектің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру — остеохондроз деп аталады. Оның себебін жоғарыда айттық.

Остеохондроздың белгілері сан алуан. Оны функционалды және морфологиялы деп екіге бөлуге болады. Оның біліну белгілері зақымданған омыртқа бөлігіне, адамның тұлгасының жетілуіне, жасына тікелей байланысты.

Остеохондроз мойын, кеуде, бел омыртқаларын қамтиды. Сондықтан осы аталған бөліктердің остеохондрозы дейді.

Қазіргі кезде дәрігерлер көптеген неврологиялық белгілерді анықтады. Кейбір еңбектерге сүйенсек, оның 52 түрі кездеседі екен. Организм-дегі функционалды озгерісті науқас адамдар елемей жүре беруі мүмкін. Дәл сол кезден бастап емдік гимнастиканы қолданса үлкен жетістікке жетуге болады.

Функционалды белгілерге мыналар жатады: мойын бұлшық еті жылдам шаршайды, иық, арқа, екі қолдың еті салдырап, тез талып қалады. Ңа-далып күні бойы қозғалмай столда отыру, жазу, ой еңбегімен шұғылдану осы белгілерді асқын-дырып жібереді. Сол сияқты мойын, арқа еттері шымырлап ауыра бастайды, бұл жұлыннан шыққан нерв талшығының қысылуы, бұлшық еттер-дің жиырылуы.

Органикалық өзгеріс болғанда: мойын омырт-қа тұсында, иық пен жауырын буындарындақұяң ауруларының белгісі білініп, бұлшық ет қабынгандай болады. Бел остеохондрозы бел мен сегізкөзді тұтастырып ұстап қалатын құяң (ради-кулит) ауруындай білінеді.

Неврологиялық белгілер жеке-жеке кездеспейді, бірімен-бірі байланысып, бірге білінеді. Қандай түрі болмасын, неврологиялық синдром (белгі-лердің бірнеше түрі) науқастың сол зақымдан-ган бөлігінде қозғалысты, сезімталдығын, зат алмасуын тежейді. Соның әсерінен иық үсті, жа-уырын, қол бұлшық еттерінің кейбіреулері қабынып, іспектеліп кетеді. Иық буыны ауырған адамдар оны көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит деп шатастыруы да мүм-кін.

Остеохондроз болғанда омыртқа арасынан, желке тұсынан шыққан жұлынның талшықтары қысылып қалса, жүрек тұсы шаншады. Кейбі-реулер оны инфаркт не стенокардия ауруымен шатастырып, дәрі іше бастайды. Тек бұған тән бір жәй — электрокардиография жасағанда жүректен ешбір ақау табылмайды және қолданған дәрілер (валидол, нитроглицерин) көмек бер-мейді. Біраз қимыл-қозғалыс жасап, көңілін ау-ласа жүрек шаншуы басылып қалады.

Мойын омыртқа остеохондрозында миды қо-ректендіріп тұрған қан тамырлары қысылып, 12 пар ми сүйегі мен мидың нервтері зақымда-нуы мүмкін. Мұнда неше түрлі белгілер білінеді. Бас ауырады, айналады, вестибулярлық өзгеріс-тер байқалады, көзге, жұтқыншаққа да әсер етеді. Бас желкеден тартып ауырып, кейде лоқсып құсады. Бейне бастың сақинасы ұстағандай болады.

Вестибулярлы өзгерістер кезінде адам тепе-теңдіктен айырылып, түзу жүре алмайды. Әсіресе, транспортқа отырып түскен кезде бір жағына жамбастап кетіп қалатын уақыт болады.

Көзге әсер еткенде, көздің алдын көлбеңдеп перде байланғандай немесе ұсақ шыбын-шіркей ұшып жүргендей сезіледі. Кейің көздің түбі суырып ауырады. Әсіресе, басты шұлғып не ептеп қозғағанда айқын байқалады.

Жұтқыншақ белгісі сирек кездеседі. Онда адам жұтынғанын, тілде, ауыз ішінде дәмді сезбейтін жағдайға тап болады. Ауру асқынған кезде дауыс шықпай, қырылдап қалады.

Сонымен қатар адамда әлсіздік, тез ашулану, өкпешілдік, қорқыныш, абыржу, ұйқының бұзылуы, ұмытшақтық, көңіл-күйдің, мінездің өзгеруі байқалады. Осының бәрі желке остеохондрозы-ның симпатикалық белгілері.

Бел омыртқа зақымдану ересектер арасында жиі кездеседі. Екінің бірі осы аурудың белгісін өзінен тауып жатады. Әйтсе де радикулит бел-гілері көбінесе ер адамдар арасында (20—40 жас-та) жиі кездеседі.

Ең алғашқы белгісі — белдің ауруы. Бүл күт-пеген жерде кенеттен ұстап қалады (люмбага) немесе ұзақ уақыт сыздап ауырып жүреді (люм-балгия).

Кенет ұстап қалатын түрі бел бұлшық етте-рінің бірден ңатты жиырылып, шымырланып қалуы себебінен. Ол ауыр жүк көтергенде, шүғыл қимыл жасағанда, ңатты жөтелгенде, түшкірген-де, зорланғанда болады. Қақсап не сыздап ауыру тек белдің тұсында байқалады, басқа жаққа бе-рілмейді.

Ұзаққа созылған люмбалгия түрінде ауыра-тын нүктені көрсету қиын. Ол отырып-тұрған кезде, не шамадан тыс ауыр жұмыс атқарғанда ғана білінеді.

Қалай ауырса да, оның негізгі себебі — бел омыртқа арасындағы шеміршектің кеселі. Соның әсерінен бел және сегізкөз тұсынан шыққан нерв талшықтары түбінен қысылып, адамның жағда-йын кетіреді.

Радикулитке (құяң) тән белгілер: бел тұсының ауыруы, оның сезімталдыгы, өткізгіштігі, қозғалт-қыш-қимылдатқыш қасиеттерінің төмендеуі бо-лып саналады. Нерв түбі қысылганда белдің тұсы удай ашып, дуылдап күйдіргөндей, түйрегендей, шаншып ауырады. Ол тек бір жерде топтаспай, бөксе мен ұршыққа, санға, аяққа, тіпті өкшеге дейін беріледі.

Осындай қатты ауырғанда науқас қалай да бір ыңғайлы жағдай іздейді. Ондай жағдай әр түрлі болады. Мәселен, шалқадан жатып, тізені бүгіп бауырға жинап, сондай-ақ қырымен, ет-петтеп немесе еңбектеп тұрса, ауырғаны сәл ба-сылып, жанға сая табылады.

Бұл жағдайлар жұлыннан шыққан нерв тал-шықтарын босатып, белдің ішке қарай майы-суын азайтады.

Радикулит белгісі білінген остеохондроз ау-руынан кейін адамдар сол тынымын алған жерді босаңсыту үшін бір жағына ңисайып, не еңкейіп жүреді. Бұлшық еттердің, нерв талшықтарының қабынуы біржола басылғанда, адам бұрынғы ңалпына келеді. Дегенмен уақытында емделмесе, созылмалы түріне айналуы ықтимал.

Мұнан кейін — бел түсындагы сезімталдық қасиеттің кемуі байқалуы мүмкін. Ол көбіне аяқтың басында білінеді. Өйткені белден, сегіз-көзден шыққан нерв талшықтары аяқты қам-тамасыз етеді. Мұндай кезде бөксе, жіліншік, та-бан бұлшық еттері солып, семіп қалуы да ықти-мал. Бұл қозғаушы күштің кемуінен.

Остеохондроздың осы аталған белгілерінде вегетативтік өзгеріс те байқалады. Мәселен, аяқ-қол іспектеліп, когілдір тартып, терлеп, тері тү-леп, құрғап, тырнақ өсіп, денені түк басып кететін кездері болады.

Аурудың асқынатын және бәсеңдейтін кездері бар.

Енді осы індетті емдеуге көп күш салу керек. Оған дәрі-дәрмек, ортопедиялық ем, инемен ем-деу, массаж және дене тәрбиесін қолданады.

Емдік гимнастика ауру асқынган кезде ғана емес, оның алдын алу үшін де кеңінен пайдала-нылады. Дене тәрбиесін тағайындағанда әр адам-ның жеке басының ерекшелігіне, жасына, жыны-сына, аурудың шоғырланған жеріне, оның кезе-ңіне баса назар аударады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет