Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері



бет32/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ МПФК, ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі дене шынықтыру тарихы, 20.10.20. Экономика (Жадыра).., 20.10.20. Экономика (Жадыра)..
Лекция №10.

Тақырып. Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика

Мақсаты: Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру негізін оқып білу. Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастиканы қолданып уйрену.

Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсерін зерттеп білу.

Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар.

Дәріс тезистері:

Өмірдің жалғасы, болашағы, келе-шегі — ұрпақтардың денсаулығын сақтау өте үлкен, ауқымды мәселе. Ңазақта «баланы бастан» деген мақал тегін ай-тылмаған, оны дүрыс тәрбиелеп, ойда жігер, бойда қайрат болуын, тепсе темір үзетін мықты бо-луын қалайды. Дені сау бала өзі де отырмайды, лақтай секіріп, жүгіріп, үнемі қозғалыста жү-реді. Оған тіпті арнайы жаттығудың қажеті де жоқ. Өйткені оның көңілі көтеріңкі, өсіп-жеті-луі, дамуы — бәрі ойдағыдай. Енді осы туа біткен қорды сақтап қалу үшін — үлкен азамат бол-ғанша адам үнемі қимыл-қозғалысгіен, дене тәр-биесімен айналысу керек.

Өкінішке орай, бүлдіршіндер арасында да неше түрлі аурулар аңғарылуда. Оған себептер де көп. Өзімізді қоршаған ауаның ластануы, транспорттыңкөбеюі, теледидар алдында бірнеше сағаттан отыру, бірнеше қатар биік үйлердің са-лынып, баланың еркін жүгіретін жерінің кемуі. Осылардың бәрі жас организмнің дамуын тежеп, әр түрлі ауруларға шалдығуына әсер етеді. Соның нәтижесінде әлжуаз, әлсіз, төзімсіз, нәзік балалар қазір көбейіп кетті. Күн салқындаса болды, олар түшкіріп-иысқырып, тымау тие бастайды. Ата-ана оған' салғырт қарап, уақытында емдетпесе баспа, тымау т. б. аурулар асқынып, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан сияңты ішкі ағзаларды зақым-дайды. Сонда ғана дәрігерлерге жүгіріп, диспан-серлік тізімге ілінеді. Міне, осыдан бастап мек-тепте, институтта олар арнайы медициналық топ-қа бөлініп, емдік гимнастика немесе дене тәр-биесі жаттығуларымен айналысады.

Сондықтан жаттығулар жиынтығы осындай, бойында ауруы бар немесе аурудың қалдыгы бар балаларга, студенттерге тағайындалып, оны одан әрі асқындырмауға күш салады. Арнайы меди-циналық топқа дәрігердің нұсқауымен алынады.

Барлық оқушыларды денсаулығына байла-нысты негізгі, дайындық және арнайы деп ата-латын үш топқа бөледі.

Негізгі топқа денсаулыгы жақсы немесе аз-даған кемшілігі бар, күш-қуаты жеткілікті бала-лар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Олар жарысқа қатысып, ГТО комплексін жасына қарай тапсырады.

Даярлық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты онша жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың қалдығы бар, кейде ауруы жоқ балалар дайындалады. Оқу про-граммасы мен жүргізілген дене шынықтыру са-бағы біртіндеп басталып, оны еліктіріп өзіне тар-татын болу керек. Денені жетілдіру үшін, күш-қуатын асыру үшін қосымша сабақ өткізеді. ГТО комплексін бөлшектеп тапсыруға рұқсат бері-леді.

Арнайы топ — бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша не үнемі дәрігерлердің, мұғалім-инструкторлардың бақылауында болады. Жатты-ғуларды байқап, өте сақтықпен қолданады.

Олар жеке оқу программасымен дайында-лады және ГТО нормасын тапсырудан босаты-лады.

Студенттерді не оқушыларды осындай топқа бөлгенде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кімді қандай топқа жіберу тек дәрігердің жұмысы. Ол үшін оның ой-өрісін, жалпы жеті-луін, күш-қуатын — бәрін ескереді. Негізгі табан тірейтін дәлел — оның диагнозы, қандай аурумен ауырғаны. Мәселен, баспа (ангина)— ол тек та-мақтағы бадамша безінің қабьшуы. Бала уақы-тында емделіп, жазылып кетсе 10—15 күннен кейін сау балалармен бірге дене шынықтыру са-бағына белсене қатысып кетеді. Ал ол толық жа-зылмаса, оның уыты организмге жайылады. Міне, мұндай кезде дене шынықтыру сабағына мүлде қатысуға болмайды.

Осындай болымсыз аурулар індеттің козі бо-лып табылады. Сондықтан дәрігер не білікті мұ-ғалімдер егер баланың тісі ауырса (қаңғұрт), гайморит (гаймор қуысының ңабынуы), холецис-тит болса осы жагын ескерген жөн. Бұл аурулар онша қорқынышты емес, біраң көпшілікпен бір-ге дайындалған бала организмі көтере алмай, бір-ден асқынып кетуі мүмкін.

Әр топтың өзіндік мақсат, ерекшелігі бар. Олар дене гимнастикасымен айналысатын адам-дардың мінез-құлқына, жетілуіне, күш-қуатына тікелей байланысты.

Арнайы медициналық топтағы дене тәрбие-сінің міндеті:

сана-сезімді, рухани қабілетті, қимыл-қозға-лысты арттыру;

функционалды кемшіліктерден қүтылу, орга-низмді шынықтыру;

адам бойындағы ауруды асңындырмауга ық-пал жасап, біртіндеп денені жұмысқа үйрету;

денсаулықты нығайтып, оқу мерзімі аяқтал-ғанша жұмысқа, оқуға қабілетін, іскерлігін арт-тыру; аңырындап ГТО нормасын тапсыруға да-йындау;

дене шынықтырудың барлық тәсілдерін оқу үстінде, үйде, далада қолданып, бойына сіңіру.

Мектепте, институтта арнайы дене тәрбиесі сабақ ретінде өткізіледі. Оған қосымша ертеңгі гигиеналық гимнастика, өндірістік жаттығулар, туристік саяхат, серуен, спорттық шараларды қолданған дұрыс.

Оқу орындарында әр курсты, не бірнеше клас-тарды қосып, ауруларының ұқсастығына байла-нысты топтастырады. Мәселен, мектепте 1 — 3, 4—6, 7 — 8, 9—10 кластар немесе 7 — 9, 10—12, 13 —14, 15—16 жастағы балаларды бір топқа ала-ды. Мектепте аптасына екі рет 45 минуттан са-бақтан тыс жаттығулар жасатады (немесе 30 ми-нуттан аптасына 3 рет). Институтта күн тәртібіне енгізіп, аптасына 30 минут, әйтпесе 45 минуттан сабақтан тыс айналысады.

Қолданылатын жаттығулар барлық мүшені жетілдіруге, жеке тепе-теңдікті сақтауға арнал-ған. Сондай-ақ дем алу, спорттық шапшаң ойын-дар, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу күнделікті өмірде үлкен орын алу керек.

Алғашқы кезде денені түзу ұстауға дағды-ланады. Онан соң тыныс алуды қадағалайды. Мәселен, жүрек-тамыр және өкпесі ауыратындарға демді іште көп ұстап тұруға болмайды. Ал асқазан-құрсақ ауруына шалдыңқандарға көк етті керуге, іштің бұлшық етін зорлауға, секі-руге болмайды. Бұл көзі нашар көретін, бүйрегі ауыратын балаларға да қатысы бар.

Нерв жүйесі зақымданған балаларға айғай-шу, денені зорлау керек емес. Керісінше көңіл-күйді көтеретін, жеңіл, өзіне белгілі, шамасы келетін жаттығулар жасағаны дұрыс. Соның нәтижесінде оларда өз күшіне деген сенім пайда болады. Ол үшін жеңіл спорт ойындары, жүру, баяу жүгіру, бұлшық етті босаңсыту сияқты жат-тығулар жасайды.

Қаңқа сүйек, буын ауруына берілетін жатты-ғулар ішкі ағзаларға арналған жаттығулардан мүлде басқаша. Сабақтың негізгі бөлімі дененің бұлшық етін жетілдіруге және түзетуге арна-лады. Жаттығу әр баланың науқасына лайықтап беріледі. Дененің тұлғасын, сымбатын қалпына келтіру үшін көңіл көтеретін әуен мен би өнері-нен үзінділер алады. Баланың әр қадамының түзу, дұрыс басуымен, басын, кеудесін тік ұстауы бақыланады. Ол адамды ширықтырып, нерв жүйесін қалпына келтіреді.

Нәтижеге жету үшін кім де болсын қиынсын-бай күнделікті өз-өзімен айналысуы керек. Сон-дай-ақ емтихан, каникул кездерінде де тоқтатпай, жаттыгулар жиынтыгын үш-төрт апта сайын ауыстырған жөн.

Бастапқы кезінде көпке белгілі, қарапайым жаттығулардан бастап, біртіндеп күрделендіре-ді. Үй жағдайында да, әркім білетін жасаумен бірге серуенге шыгу, жүру, шаңғы тебу, денені шынықтыруды күнделікті тіршілікке айналды-руы тиіс. Тек сонда ғана өсіп келе жатқан жас организм өмірдің қиыншылығына төтеп бере алады. Өз бойына жиналған күш-ңуатын дұрыс үнемдей білу де үлкен жетістік. Басқа түссе адам-ның жеңбейтін қиындығы жоқ. Осы жерде атақ-ты цирк артисі В. И. Дикульдің «ерлігін» айта кетуді жөн көрдім. Ол бел омыртқасы жарақат-танып, аяқтары жансызданып, екі жыл төсек тартып жатқан. Өзінің ңайсарлығымен, еңбек-қорлығымен жаттығуды күнделікті жасаудың нәтижесінде қазір қайта өз аяғымен жұмысқа шығып жүр.

Дұрыс тамақтандыру бүлдіршін-дердің денсаулығын ойдағыдай саңтаудағы алғы шарт. Соған орай мектеп жасындагы балаларды үйінде және басқа да көпшілік орындарында дүрыс тамақтандыру-дың маңызы зор екенін айта кеткен орынды. Ңа-зіргі мектептердің қай-қайсысы болса да бұл күндегі хабарлар тасңынының үдере дамып оты-руынан туған барлық тілек-талаптардың тұргы-сынан көрінулеріне мүмкіндіктері мол. Мектеп жасындағы балалардың физиологиялық ерекше-лігі дене бітімінің интенсивті түрде өсуімен және энергиялық күш-қуатты жұмсаудың артуымен айқындалады. Осы кезеңдегі жас балдырған-дардың қай-қайсысында болса да мектептегі са-бақңа, өндіріс процесіне және спортқа байла-нысты санаға және денеге түсетін салмақтың артатындығы белгілі. Сондықтан да әрбір пірім даму кезеңінде жан-жақты дұрыс жетілу үшін оларды дер кезінде дұрыс тамақтандырып отырудың орны ерекше.

Дұрыс тамақтандыру дегенді қалай түсінуге болады? Тамақтану жөніндегі ғылымның күн сайын жетіліп келе жатуына байланысты ол әр жас адамның физиологиялық қажеттілігіне бай-ланысты тамақтанудың жаңа нормативін ұсынып отыр. Сонымен бірге тамаңтандыру мәселесі оқу-дың және еңбек процесінің жағдайын ескеріп отыруға тиіс. Әр бала мектепте, орта есеппен, төрт-алты сағат уақыт болған кезде сабақта ой-лануына және басқадай қимыл-қозгалысына мөлшері 600 килокалориядай қуат жұмсайды екен, ал оның орнын толтырып отыру үшш бір күнде ішетін тамағының 20—25 процентіне тең келетін ыстық және сүт тағамдарымен мектепте тамақтануы қажет. Ал, мектепте бір тәуліктің 8—10 сағатын өткізетін оқушылар бұған қоса тағы да түстік тамақ ішуге тиісті.

Сондай-ақ, әр баланың күніне ішетін тама-гының мектепте қанша мөлшерін және қай уа-қытта ішуінің маңызы зор. Егер бұл шарттар ойдағыдай орындалмаса, ондай жағдайда бала-ның ас қорытуы нащарлап, тамаққа деген тәбеті төмендейді.

Әр шәкірт тәулігіне төрт рет тамақтануға тиіс. Және ол тағамның беретін қуаты баланың жұм-саған қуатымен тең болып отыруы керек. Егер ер бала өзінің бір килограмм салмағына әр тәу-лікте 1,5—2,5 грамм белок және май, сондай-ақ бұдан 4—4,5 есе көп углевод алып отырса, оның өсуі ойдағыдай болмақ. Ол үшін мектеп жасын-дағы баланың тәулігінде қабылдайтын тамағы-ның рационы мынадай мөлшерде болуы керек: сүт — 500 г, ақ ірімшік — 40—45 г, қатырма ірім-шік (сыр) 10 г, кілегей және иінді сүт (сливка)— 15 г, ет-балық — 140—200 г, нан 200—300 г, же-міс-жидек —300—500 г, жарма (крупа) — 25— 35 г, кондитер тагамдары — 60—80 г, көкөніс — 400—600 г басқалар. Бір тәулікте пайдаланылатын тагамның молшері 7—11 жас арасын-дағыларға 2000— 2300 г, 11 —16 жастағыларға — 2400—2700 г болуға тиіс. Тағамның құрамында биологиялық активті компоненттері мол азық-түліктерге ең алдымен сүттен жасалған тағам-дардың (айран, ақ ірімшік, тәтті айран, қатырма ірімшік), сондай-ақ көконістер мен жеміс-жидек-тердің (капуста, қызылша, кок бұршақ, салат, алма т. б.) жататындығын айту керек. Жасос-пірімдердің дене бітімінің ойдағыдай жетіліп, ақыл-ойының жан-жақты дамуы үшін қымыз, шұбат сияқты аса құнды сусындарды да пай-даланған жон. Жоғарыда корсетілген тағамдар-дың түрлері мезгілімен дұрыс беріліп отырған жағдайда организмнің қызметі артып, ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істейді, зат алмасу процесі жақсарады.

Сонымен, балаларды дұрыс тамақтандырудың маңызы оте зор екендігі белгілі. Ойткені жаста-рымыздың дене бітімі жарасымды, ақыл-ойы жан-жақты толысып жетілуінде жоғарыда ай-тылған жағдайдың ролі ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет