Лекция 1 Трансформаторлар



бет1/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша
Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша

Лекция 1


1. Трансформаторлар
1.1 Трансформаторлардың қызметі. Трансформатор кернеудің өзгеретін өлшемдер шамаларын өзара электрлік байланыссыз реттеуге арналған электр құрылғы.
1.2. Кернеу трансформаторының құрылысы.
1.2.1.Магнитөткізгіш.
1.2.2. Кернеу трансформаторының орамдары.


1. Трансформаторлар
Айналатын бөлшектері болмауына қарамастан трансформаторлар (электр) электр машинелері қатарына жатады.
Олар электриндукциялық заң негізінде бір шамадағы кернеулі электр энергиясын, екінші шамадағы кернеулі электр энергиясына айналдырады.



    1. Трансформаторлардың қызметі. Трансформатор кернеудің өзгеретін өлшемдер шамаларын өзара электрлік байланыссыз реттеуге арналған электр құрылғы. Трансформаторлар электрлік техникада, электроникада, автоматтандыруда, техникада, байланыс құрылыстарында телевидениеде, ЭЕМ мен техниканың басқа салаларында кең қолданыс тапты.

Олардың бір бірінен қызметі мен құрылысы жағынан айырмашылықтары болады. Дегенмен, оларға бір құрылғының түрлері деп қарап, электр энергиясын тасымалдаудың физикалық процестерін мысалдары арқылы зерттейді.
Электр энергиясында күш трансформаторлары елеулі орын алады. Олардың көмегінсіз электрэнергиясын беру, тарату мен қолдану мүмкін емес. Электр энергиясын шығаратын көздердің кернеуі 20…30 мың Вольттан артпайды. Мұндай кернеумен электр энергиясын жүздеген километр қашықтыққа жеткізу мүмкін емес, себебі оның барлығы электр тасымалдау желісінде (ЭТЖ), ток күшінің квадратына тура пропорциялық электр шығыны ретінде жоғалады.
ЭТЖ электр энергиясының шығынын айтарлықтай төмендетуді бір мезгілде кернеуді жоғарылата отырып, ток күшін азайту арқылы іске асыруға болады.
Осы жағдайда берілетін электр қуаты S= UІ күйінде қалады да оның шығыны P=І2R квадраттық деңгейде төмендейді. Энергетиканың қазіргі өркендеген кезеңінде электр қуаты миллион Вольттық кернеулермен мыңдаған километр қашықтықтарға тасымалданады. Мұндай жоғары кернеуді тек трансформаторлар көмегі арқылы ғана алуға болады.
Басқа тұрғыдан алып қарағанда, жүздеген мың Вольттық кернеуді тұрғын үйлерге кіргізу, техникалық қауіпсіздік тұрғысынан көңілге сыйғысыз.
Күштік және тұрмыстық жабдықтардың жұмысы үшін көп жағдайларда 380 және 220 Вольтты кернеу пайдаланады, ондай кернеуді трансформаторлар арқылы алады.
Кернеуді жоғарылату және төмендету трансформатордың тамаша қасиеті. Егер желіге трансформатордың орам саны көп орамасын қосса кернеуді төмендетеді, ал орам саны аз орамасын электр энергия көзіне қосса кернеуді жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет