Лекция 12 Айнымалы ток электр машиналарының құрылысы мен жұмыс жасау принципі



бет7/7
Дата18.12.2021
өлшемі60,74 Kb.
#102441
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 лекция
6 тапсырма, Правительству следует тратить больше или меньше средств на медицинские иссле, ОСКЭ ПСИХ с преподом
Синхронды қозғалтқыштар

Синхронды қозғалтқыштың синхрондық генераторлардан құрылысы жағынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Генератордағы сияқты синхронды қозғалтқыштың статорында үш. фазады орама орналасқан. Оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқанда минутына жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісін Фр туады. Қозғалтқыш роторында тұрақты ток кезіне қосылатын қоздыру орамасы орналасқан. Қоздыру тогы полюстердің магнит ерісін Фт туғызады. Синхронды қозғалтқыштың айналу жиілігі, қоректендіруші желі тогының жилігі өзгермесе., қатаң түрде тұрақты болады.

Синхронды қозғалтыштардың негізгі артықшылығына олардың озық ток тұтынып жұмыс жасау мүмкіндіктері жатады, яғни қозғалтқыш желі үшін сиымдылықтық жүктеме болып табылады.

Синхронды қозғалтқыштың асинхрондық қозғалтқыштарға қарағанда артықшылығына желі кернеуінің өзгеруіне сезімтал еместігі де жатады.

Син)фонды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса, ал асинхронды қозғалтқыштарында ол кернеудің квадратына пропорңионал.



Синхронды қозғалтқышты желіге тікелей қосу арқылы жүргізіп жіберу мүмкін емес, өйткені статор орамасын желіге қосқанда айналмалы магнит өрісі пайда болады, ал ротор қосу сәтінде де қозғалыссыз, соның салдарынан статор мен ротордың магнит өрістері өзара әрекеттеспейді, яғни қозғалтқыш айналдырушы моментін дамыта алмайды. Сондықтан қоздырғышты ісқе қосу күшін ротордың айналу жиілігін алдын ала синхронды не болмаса соған жақын жиілікке жеткізу керек.

Қазіргі уақытта көбінесе синхронды қозғалтқыштарды асинхронды жүргізіп жіберу деп аталатын тәсіл қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет