Лекция 12 Айнымалы ток электр машиналарының құрылысы мен жұмыс жасау принципі


Бір фазалы асинхронды электрлі қозғалтқыш



бет5/7
Дата18.12.2021
өлшемі60,74 Kb.
#102441
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 лекция
6 тапсырма, Правительству следует тратить больше или меньше средств на медицинские иссле, ОСКЭ ПСИХ с преподом
Бір фазалы асинхронды электрлі қозғалтқыш.
Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар шағын қуаттарда 1—2 кВт-қа дейінгі кеңінен қолданылады. Мұндай қозғалтқыштың кәдімгі үш фазалы қозғалтқыштан айырмашылығы—оның статорында бір фазалы орама орналасады. Бір фазалық асинхронды қозғалтқыштың роторында фазалық немесе қысқа тұйықталған орама болады. Бір фазалық асинхронды қозғалтқыштың ерекшелігі — онда бастапқы немесе жүргізіп жіберу моментінің болмауындаяғни мұндай қозғалтқышты желіге қосқанда оның роторы қозғалмаған күйінде қала береді.

Егер роторды әйтеуір бір сыртқы күшпен қимылсыз күйінен шығарса, онда қозғалтқыш айналдырушы момент дамытады. Бастапқы моменттің болмауы бір фазалы асинхронды қозғалтқыштардың елеулі кемістігі болып табылады. Сондықтан олар әрқашанда жүргізіп жіберу құрылғысымен жабдықталады.

Ең қарапайым жүргізіп жіберу құрылғысына статорға ораластырған, бір-бірінен полюс бөлімінің жартысына (90 эл. град.-) ығыстырылған, екі орама жатады. Бұл орамалар симметриялы екі фазалық желіден қоректенеді, яғни орамаларға берілген кернеу бір-бірімен тең және фаза бойынша ширек периодқа ығысқан. Мұндай кернеулерде орамалар бойынша жүретін токтар да фаза бойынша ширек периодқа ығысады. Ол орамдардың кеңістіктік ығысуына қосылып айналмалы магнит өрісін алуға мүмкіндік береді.

Бір фазалы қозғалтқышты жүргізіп жіберу үшін екі ораманы оларға ортақ бір фазалы желіге қосады. Орамалардағы токтар арасында, шамамен ±/2-ға тең (ширек периодқа тең) фазалар ығысу бұрышын, алу үшін орамалардың бірін (жұмыстық ораманы) желіге тікелей немесе жүргізіп жіберу активтік кедергісі арқылы қосады, екінші ораманы (жүргізіп жіберу орамасын)—орауышпен (6.5, а-сурет) немесе конденсатормен (6.5, б-сурет) тізбектеп қосады.

Конденсаторлы (екі фазалы) қозғалтқыш — статорда екі орамасы бар бір фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет