Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет41/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
в) мектептің материалдық - техникалық жағдайы

г) көрші мектептердің немесе көрші ауылдағы
мектептердің жоғарғы сатысының бейімі.
Бұл жағдайды
ескеру қажеттілігі мынадан туындап отыр. Егер А ауылын-
дағы мектептің жоғарғы сатысының бейімі қоғамдық - гума-
нитарлық бағытта болса, онда онымен көрші Б ауылындағы
мектептің жоғарғы сатысы жаратылыстану - математикалық
бағытта болғаны жөн. Себебі, бірлі-екілі оқушылардың өз ауыл-
дарында ашылған 10-сыныптың бейімі мен өз талаптары сәй-
кес болмауына байланысты бір мектептен екінші мектепке
ауысу жағдайы болуы мүмкін.

Негізінен осындай жағдайлар ескеріле келе мектепте ашы-луы мүмкін не екі бейімдегі 10-сыныптар немесе бір ғана бейімдегі 10-сынып.

Ескерте кететін бір жай бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.

II. 10-сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспарын дайындау мәселесі қолға алынады,

10-сыныптың жұмыстық оқу жоспары дегеніміз - типтік оқу жоспарлары негізінде, оқыту бейімі ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.

Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау үшін 10-сы-ныптың алынған бейіміне қарай мемлекеттік деңгейде бекітілген екі бағыттағы типтік оқу жоспарының бірі (егер 10-сынып біреу болса) немесе екеуі (егер 10-сыныптар екеу бол-са және әр 10-сынып әр бағыттағы бейімді таңдаса, немесе 10-сынып екеу болып және екеуі де бір ғана бейімді таңда-ғанның өвінде де) негізге алынады.

Типтік оқу жоспарлары қазіргі кезде әр мектепте бар "Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер" атты құжаттың 32 және 33 беттерінде келтірілген. Және де бұл типтік оқу жоспары осы жердегіге қарағанда практика-лық тұрғыдан тағы да жүйеленіп, ыңғайланып С.Мұқанова-ның "Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных за-ведений" атты әдістемелік құралының 38 (сызба №1) ,37 (сыз-ба №2) беттерінде келтірілген. Менің ойымша, практик-педа-гогтарға осы екінші құралдағы типтік оқу жоспарлары ыңғай-лы (Ескерте кететін жай бұл жоспарлардың бір-бірінен теори-ялық айырмашылығы жоқ).

Бұл 10,11- сыныптарға арналып жасалған типтік оқу жос-парларынан 10-шы сыныпқа арналған жұмыстың оқу жоспа-рын шығарып алу үшін практик-педагогтар мұндағы қолдан-балы курстар, таңдау курстары мәселелерін толық түсінулері керек.

а) Қолданбалы курстар дегеніміз - бағдарлы пәндер бой-ынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олар-дың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалып-тастыруға арналған курстар.

Жалпы бағдарлы пән дегеніміз - жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы саралап оқыту сипатын анықтайтын оқу пәні. Егер оқытудың бейімі жаратылыстану математика-лық болса, онда бағдарлы пәндер математика, физика, химия, биология, география,информатика пәндерінің ішінен таңдалады. Егер оқытудың бейімі қоғамдық-гума-нитарлық болса, онда бағдарлы пәндер қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан та-рихы, қоғамтану негіздері, құқық пәндерінің ішінен таң-далады. (Ал таңдау сипаты жайлы мәселені алда айтпақпыз)

ә) Таңдау курстары дегеніміз - оқушылардың талал-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар. Олар сыныптық бейімі мен бағдарына байланысты болуы мүмкін немесе байланысты болмауы да мүмкін. Сол сияқты әр бейімдегі типтік оқу жоспарларының айырмашылықтарын мына сызбадан байқауға болады



Басты ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет