Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет13/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Лекция № 9, 10


Тақырыбы: Ұрық, тұқым және өскін морфологиясы
1.Ұрықтың құрылысы.
2.Тұқымның қоректік заттардың орналасуына қарай түрлері және құрылысы.
3. Өскіндер құрылысы. Өскіннің ілгері дамуы. Өскіндер түрлері.
Лекция мақсаты: Студенттерді ұрық, тұқым және өскіннің морфологиялық құрылысымен, қоректік заттардың түрлерімен таныстыру.
Лекция мәтіні: Тұқымның құрылысы. Тұқым — гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрыктануының нәтижесінде тұқым бүрінен пайда болатын, көбею және таралу қызметін атқаратын мүшесі. Тұкым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде жетіледі. Соңдықтан гүлді өсімдіктер жабық тұқымдылар деп аталады.
Қосарынан ұрықтану аяқталғаннан кейін ұрық калтасының жүмыртка клеткасьшан (зиготадан) түқымның ұрығы, ал орталық адросынан түқымның қоректік ұлпасы — эндосперм пайда болады. Интегументтер түқымның қабығына айналады, синергидтер мен антиподтар еріп кетеді де, нуцеллус көптеген өсімдіктерде үрықтың калыптасу барысыңда қоректік зат ретінде жүмсалып, сирек жағдайда қоректік үлпа — периспер-мге айналады.
Өсі.мдіктер түкымдарының сыртқы пішіні, түсі, мөлшері әр қилы. Олардын салмағы миллиграмның жүзден бір бөлігінен (орхидеяларда) кейбір пальмаларда 15-кг-ға жетеді.
Көптеген гүлді өсімдіктердіқ .үқымытүқым қабығы, үрық және эндоспермнен түрады.
Тұқым кабығы (спермодерма) — түкымның сыртын жауып түратын, тұқым бүрінін жабындарынан (интегументтер) пайда болатын бөлігі. Кейде онын, пайда болуына нуцеллус қалдықтары катысады. Әдетте спермодерма күрылысы және аткаратын кызметтері жагынан үлпалардьщ бірнеше қабаты-нан: эпидерма, гиподерма және паренхималык клеткалар каба-тынан түрады. Эпидерма үрыкты механикалық зақымданудан, микроорганизмдердің енуінен, кеуіп кетуден, мезгілінен бүрын өсуден сактайды. Сонымен катар түкым кабыкдіасында онын жел аркьілы таралуын жеңілдететін әр түрлі түктері (тал, терек т.б.) қүстарды, коңыздар мен күмырсқаларды еліктіретін етті оскіндері (бересклет — Euanymus, күсықшөп — Asarum, шегіргүл — vila) болады. Түкымның осуінін бастапкъі кезенівде оның кабығының клеткалары сілемейленіп, тұқымның топыракка бекінуіне және ылғал жинауына әсерін тигізеді. (мы­салы, зығьфда). Зигота тыныштық кезеңінен өткеннен кейін (немесе өтпей-ақ) болініп, екі клетка пайда болады. Оның мик­ропиле жактағысы базальды клетка деп аталады. Бұдан ұрыкты ұрық қалтасының қабырғасына бекітетін ілекер деп аталатын жіңішке, ұзындау келген дене қалыптасады. Ба­зальды клетка көбінесе көлденең болінеді. Екінші клетка тер-минальды деп аталады, бүл клеткадан ұрық дамып, жетіледі. Терминальды клетка өзара перпендикуляр екі қалтарыстары-мен болініп, торт клетка мүның әрқайсысы тағы бір реттен бөлініп, сегіз клетка пайда болады. Одан кейінгі болінулердің нәтижесінде майда клеткалардан тұратын, пішіні дөңгелек шар тәрізді дене — үрық дамып, жетіледі. Үрықтың жоғарғы жағы тегіс келіп, ал бүйірлерінен екі темпешік пайда болады. Қос жарнақтыларды ол екеуі симметриялы дамьш, олардан үрыктың екі түқым жарнағы жетіледі. Дара жарнақтыларда бір тұкым жарнағыньщ бастамасы каркьшды дамиды, екіншісі баяулап, қалып кояды да, одан бір түкым жарнағы қалыптасады.
Қос жарнактылардың толық қалыптасқан ұрығы — екі түқым жарнағы. Тұкым жарнағының астыңғы кылтасы үрық тамьфшасы мен алғашқы өркеннің бой конусынан (бүршігінен) түрады.
Дара жарнақтыларда бір тұкым жарнағы пайда болады да, сабақтың бой конусы бүйір жағына карай орналасады.
Кейбір өсімдіктерде, мысалы, орхидеялар тұқымдасының өкіддері мен көптеген паразитті (сүңғыла, арамсояу және т.б.) және сапрофит' тіршілік ететін өсімдіктердің түқымыңда ұрық нашар жетіледі де ол бірнеше клеткалардың тобынан ғана түрады.
Гүдді өсімдіктердің жетілген тұқымдарыңда ұрық пен эн­досперм арасыңдагы көлемдік қатьшас жөне үрықтың орнала-су ерекшеліктері әр түрлі болып келеді. Мысалы, магнолия-ларда, лалагүлділерде, пальмаларда үрық бөлімі оте кіші, эн­досперм тұкымының басым бөлімін алып жатады. Бұған керісінше, алма мен бадам түқымы толық жетілу мерзіміне жеткенде ұрығы көлемін ұлғайтып, эңдоспермді ығыстырады да, тұқым қабықшасьшың астында клеткалардын кішкене ғана қабаты қалады. Бұршақтарда, күрделігүлділерде жөне асқабақтарда эңцосперм жоктың қасы, түқым негізінен тұкым қабығы мен ұрықтан тұрады.
Қосарынан үрықтанудың нөтижесіңде тұкым бүріңде (және түқымда) әдетте бір ұрық дамиды. Сол сиякты екі, одан да коп үрыктың кальттасатыны белгілі, бүл күбылыс полюмбриония деп аталады. Полиэмбриония апомиксистен кейін байкалады. Кейде полиэмбриония жалған больт шығады, онда тұқым бүрінде екі одан да кеп ұрық қалтасы жетіледі. Бұған беде (Trifolium), раушан (Rosa) және т.б. мысал бола алады.
Үрыктың негізгі екі тобы ажыратылады. Алғашқысы екі тұқым жарнағы бар ұрық, бұған қос жарнакты жабық тұқымдылардьщ үрығы, екіншісіне бір түқым жарнағы бар ұрық, бұған дара жарнақты жабық тұқымдылардың ұрығы жа-тады. Бұл топтың арасында аралық нысан бар. Ашық тұқымдьшардьщ (қылқан жапырақтылар) тұқымьшың үрығы — көп жарнақты. Кейбір өсімдіктерде, мысалы, орхидеяларда ұрық өте нашар жіктеліп, пішіні алмұрт тәрізденген денеден ғана тұрады. Дара жарнақтылардан теңгебастар (Butomaceae), алисмалар (Alismataceae) түкымдасы түрлерінің үрығы ете кара-пайым болып келеді.
Әр түрлі өсімдік тұқымдарын салыстырғанда, олардың сыртқы пішіні, түсі, тағы басқа да белгілері әр қилы екендігі белгілі. Тұқымдарды жарнақ санына қарай - дара, қос және көп жарнақты деп үшке бөледі.
Дара жарнақты тұқыммен танысу үшін бидайдың дәнін алған дұрыс. Дәннің жоғарғы ұшында көбінесс ақ түсті қалың түкшелер болады, оны айдарша деп атайды. Оның қарама-қарсы жағы төменгі ұшы делінеді, ол түксіз; оның бауыр жағында ұзынынан созылған сайы бар, оны - бауыр жағы, ал дөңес бетін - а р қ а ж а ғ ы деп атайды. Бидай дәнінің сыртында қатыңқы қауызы болады. Қауызды дәннен тұтас сыдырып алу қиын, өйткені бидай дәнінің қауызы дәннің басқа бөлімшелерімен тығыз бірігіп біткен.
Дән бидайдың тұқымы ғана емес, жемісі де, өйткені оның сыртқы қауызы ғана анатомиялық жағынан алып қарағанда, жеміс қабығы болады, ал дәннің қалған бөлімдерінін бәрі тұқым болып есептеледі. Дара жарпақтылардың жемісі тек тұқымның сыртындағы қауызы күйінде ғана сақталған. Сондықтан да бидай дәні қауызының құрылысы күрделі келеді.
Бөрткен бидайдың дәнін өткір ұстарамен ұзынынан тіліп, қақ бөлсе, оның төменгі шет жағында азғантай ғана орын алып жатқан ұрық көрінеді (1-сурет). Дәннің ішіндегі одан басқа бөлімі - эндосперм деп аталады. Эндоспермдегі қоректік заттармен азықтанып, ұрық өнеді және өседі. Бидайдың эндоспермінде 12—24% белок, басқасы углевод және т.б. заттар болады.
Дән ішіндегі ұрықты алын, сол күйінде лупамен қарап көрсе, оның өзі кішкене ғапа алғашқы тамырдан, алғашқы сабаұтан, алғашқы жапырақтан және қалқаншадан құралғаны көрінеді. Қалқанша - ұрық пен эндоспермнің арасында орналасқан тұқымның бір бөлігі, не бір қабат немесе көп қабаттан тұрады, ол — түрі өзгерген тұқым жарнағы.
Тұқымның мұндай құрылысы қара бидайда, сұлыда, арпада, жүгеріде жәңе басқа да астық тұкымдастарда болады.
Бұлардың бәрі де дара жарнақтылар деп аталады, өйткені бұлардың тұқым жарнағы жоғарыда аталған қалқанша түрінде біреуден ғана болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет