Лекция №25 Тақырыбы: Жеңіл атлетикаға арналған спорттық құрылыстар және өткізетін орындар Жоспары



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#119551
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сапар агай Лекция № 25 спорт құрылыс
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Лекция №25 Тақырыбы: Жеңіл атлетикаға арналған спорттық құрылыстар және өткізетін орындар
Жоспары:
1.Жеңіл атлетикаға арналған ашық құрылыстар
2.Жүгіру жолдарының жамылғы құрлымы және олардың құрлысы
3. Жеңіл атлетикалық секірулер мен лақтыруға арналған орын Жүгіру жолдары арнайы жоспары, жамылғысы, белгісі жабдықтары бар және түрлі қашықтықтары және түрлі қашықтықтарға жүгіруге арналған жазық құрылыс болып табылады.
Жүгіру жолдары болып табылады. Жүгіру жолдары жоспарында тік және оралымды болып келеді, олардың құрылымы әр түрлі. Жамылғылары су сіңіргіште, су сіңірмейтін де болып келді.
Ж үгіру жолдарының сипаты тік. Тік жүгіру жолы 130 м., 110 метрге кедергімен жүгіруге және 75 80 м., 60 м. қашықтыққа жүгіруде құрылымдық ұзындықта болуы тиіс (1 сурет ).

1-сурет, Тік жүгіру жолы:


1-сөрелік алаң; 2-қашықтық; 3-тежеу алаңы; 4-сөре сызығы; 5-мәре сызығы;
6-қауіпсіздік аймағының сызығы-жүгіру жолының есебі;
Сондай ақ жүгіру жолдары сөре мен сөрелік жылдамдық алуды үйрену мен қысқартылған спринтте бақылау жарыстары үшін шағым ұзындықта ( 40 60 м.) салуға болады.
Тік жолдың жалпы ені жүгіру жолақтарына байланысты бір жолақтың ені (жеке жол 1,22 м.) жүгіру жолдарының жолақтары бір біріне ені 5 см. Ақ сызықпен ақ жолақтың жағындағы сызық жолақ еніне кіреді. Жүгіру жолының жоғары беті жүгіру бағытында тегіс болуы тиіс (барынша ылдилауы 0,001). Жүгіру жолының көлденең ылдыйы 0,01 ден аспауы тиіс (кез келген жамылығы үшін).
Оралымды жүгіру жолы тік бөлімдермен бұрылыстардан (вираждар) тұрады. Жүгіру жолдары вираждарының кескіндемесі бойынша тікбұрышты, қарапты, көп орталықты және бір орталықты болып келеді. Тікбұрышты жүгіру жолы вираждары кіші радиуспен біріккен екі жүп (көлденең және тік) тік бөліктерден құралған.
Тікбұрышты жүгіру жолдары кең тараған, мысалы, Англияда футбол алаңдарында жаттықтыруға да, футболшылардың бой жазуынада қызмет етеді. Бұндай жолдардың радиусы 10 метрден аспайды бұндай оралымдарда тез жүгіру мүнкін емес, сондықтан ол жеңіл атлеттердің жаттықтырулары мен жарыстары үшін тиімсіз. Тікбұрышты жүгіру жолдары кешенді дене тәрбиесі алаңдарында және жалпы дене дайындығы алаңдарында, яғни жеңіл атлеттердің арнайы жаттығулары жүргізілетін құрылыстарда салуға болады.
Қорапты жүгіру жолы ұзындығы 400 м. болып (2а сурет) алғаш рет 1912 жылы Шведциядағы олимпиада ойындарына арналып салынды. 1939 жылға дейін бұндай жолдар бізде де Мәскеуде (1928 ж.), Киевте (1929 ж.), Ленинградта (1927 ж.), Тблисиде (1934 ж.) салынды. Қорапты жолдардың мөлшері көбінесе мынандай болады: ұзындығы 400 м., тік кесінді бөлігі 98,58 м., үлкен радиусы 48 м. кіші радиусы. Бұндай жолдар көлемі 105 х 70 м. футбол алаңдарын қоршап жатты.
Көпорталықты (италиядық) жүгіру жолы (2б сурет) ұзындығы 60 және 30 м., сызылған екі оралымнан құрылды. Көпорталықты жүгіру жолдарының 3/2 бөлігін оралымдап жүгіру қажет, бұл желаяқтарға қамтамасыз болды.
Бір орталықты жүгіру жолы (2в сурет) қазіргі кезде ең көп тараған жүгіру жолы. КСРО да бұндай жолдар 1934 жылдан бастап, яғни көлемі 104 х 69 м. футбол алаң, оны қоршап жатқан 400 метірлік жол ендірілген стандартты спорт ядросының жобасы салына бастады. Жүгіру жолдарының геометриялық параметрлері біздің елімізде белгіленген норма байланысты. Сондықтан біздің елімізде белгіленген норма бойынша тік жолдар ұзындығы 86 м., оралым радиусы 36 метр – 400 метрлік бір орталықта жүгіру жолын салу ұйғарылған.

2-сурет. Оралымды жүгіру жолы:


а-қорапты; б-көпорталықты; в-бірорталықты (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-спортшы тұлғасы жүгіргенде тебілу өсерін сезетін түрлі қашықтықтағы сызықтардың түйісу нүктелері).

Бір орталықты жүгіру жолдары көпорталықтыға қарағанда орлымдағы жүгіру жылдамдығын жоғалтуы кем. Кішірейтілген футбол алаңдары мен мектептегі спорт ядросында ұзындығы 333,33 м. (оралым радиусы 27 м.), 250 м. (оралым радиусы 18 м.) және 200 м. (оралым радиусы 16 м.) жүгіру жолдарын салуға рұқсат етілген.


АҚШ пен Англияда 29,77 ден 41,9 метрге дейін оралым радиусы бар ұзындығы 440 ярд ( 402.12 м.) бірорталықты жүгіру жолдары салынады. ГДРда көбінесе 36,5 м. радиусы бар 400 метірлік жолдар салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет