Лекция №25 Тақырыбы: Жеңіл атлетикаға арналған спорттық құрылыстар және өткізетін орындар Жоспары



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#119551
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сапар агай Лекция № 25 спорт құрылыс
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Гранат пен доп лақтыру орны (6 сурет).

6–сурет. Граната мен доп лақтыру орны:


1-жылдамдық алу; 2-планка; 3-жарақ қонатын дәліз; 4-бос жолақ.

Гранат пен доп лақтыру ені 10 м. алаңдағы тік планкадан жүргізеді. Жылдамдық алу жолының ұзындығы мен жарақтың қону орнын, құрылыстың мәніне байланысты (спортшылар дәрежесі бойынша).


Лақтыру үшін бір орынға бір мезгілде жіберу мүмкіндігі қабылдаған сабақты жүргізу әдістемесі мен жарысты өткізу ретіне қарай 6–дан –18 адамға дейін рұқсат етіледі.
Лақтыру алаңдары. Лақтыру алаңдары жеке құрылыс ретінде де салынады (спорт ядросынан тыс). Лақтыру алаңдарының сипаты олардың салаларына байланысты және берілген жағдайдағы найзаның барынша ұшу қашықтығы мен алаң жанындағы лақтыру орындарының санымен анықталады.
Айқын дәрежелі спортшылардың жаттықтырулары мен жарыстарына құрылысты дайындағанда жеңіл атлетиканың кез – келген түріне қажетті, секіру мен лақтыру орындарының көлемінен ерекшелеуге болады.
Жеңіл атлетикалық секіру түрлеріндегі жылдамдық алу жолдары ені 5 см. ақ сызықпен (бояумен немесе лентамен) белгіленеді. Жарақтар қонатын секторлардың шекарасын шеңбер мен планканың сыртқы жиегінен бастап ені 5 см. сызықпен белгілейді. Шекаралық сызықтардың аяқталған тұсына секторлық жалаулар қойылады. Лақтырудың барлық түрінде жарақ қону секторын әрбір 5 м. сайын (ядро лақтыру 1 метрден) ені 5 см. сызықпен белгілейді. Қону секторларының шекаралық қаптал және басқа сызықтарын ақ түсті сырмен немесе лентамен (ядро лақтырғанда тек краскамен) белгілейді. Шекаралық сызықтың ені сектор көлеміне кірмейді. Егер жарақ лақтыру секторы футбол алаңына орналасса, онда олардың белгілерін тек лентамен белгілейді.
Жазғы маусым барысында секіру шұңқырларындағы құмды 1 – 3 рет ауыстыру қажет. Аптасына бір рет құмды бүкіл тереңдігімен аударып, тырмамен тырмалаған дұрыс. Жарыстарда бұл жұмыстар әрбір сынақ секірудің алдында орындалады. Шұңқырдағы құмның ылғалдылығы 15 – 20 % шамасында болуы тиіс.
Сырықпен секіру шұңқырындағы серпімді материалды жәшік қабырғасының деңгейінен 50 – 80 см. жоғары орналастырады. Ашық құрылыстарда шұңқырларды жаңбырдан қорғау үшін жақтаудың сыртқы жиегіне ілмектермен бекітілген брезент қаппен жабады. Қонуға арналған батуттарды тек жарыстар мен сабақ кезінде ғана орнатады.
Секіру мен жылдамдық алу жолдары жүгіру жолдары сияқты күтімге алынады. Секірудегі тебілу мен лақтырудағы сөрелік күш орындарын үнемі, мұқият қадағалап, кетіктерді уақытылы алаң бетімен бірдей етіп жөндеп тұру қажет. Бұл үшін тебілу орнындағы топырақты тырмалап, оған жаңадан жасалған қоспа құрамын төсеп, мұқият жайған жөн. Қыста ашық құрылыстағы сырықпен секіру шұңқырларының жақтаулары алынып тасталуы сырық тіреу жәшігі құммен көміледі. Басқа да секіру шұңқырлары құммен толтырылып сақталады.
Жаздағы ауа – райы әсерлерінен сақтау үшін лақтыру шеңберлерін ағаш жақтаулы темір қақпаларымен жабады. Лақтыру шеңберінің зақымдалған бетін жаңасымен ауыстырады. Жазғы маусымның басталуына орай бетонды шеңберді бүкіл көлемімен сылайды (сылақты түсіріп тастайды), асфальтты шеңберлерді асфальттпен жабады, ал арнайы қоспадан жамылғыларды жаңартады.
1 – кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет