Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97



бет4/8
Дата11.01.2017
өлшемі3,39 Mb.
#6690
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Венгрияда революцияның басталуы. Венгриядағы революцияның себебі бүкілхалықтық басыбайлыққа қарсы наразылық пен халық құқығының шектеулі болды. Ұлттық қохғалысты кедейленген мадияр дворияндары мен интеллигенция бастады. Ұлттық қозғалыстың революциялық-демократиялық бағытын Венгер сеймінің көрнекті шешені Лайош Кошут, ақын Шандор Петефи, жазушы Михай Танчич басқарды.

Венгриядағы революция 15 наурыз күні Пешт қаласында басталды. Ол жалпы Ұлттық сипат алды. Көтерілісшілердің гиміні ретінде Ш.Петефидің «Ұлттық әні» шырқалды.

Австрия императоры Венгрияда автономиялық үкімет құруға келісуге мәжбүр болды.

1848 жылдың маусым айындағы Прагадағы көтеріліс. Ұлттық қозғалыс империяда славияндар тұратын ең дамыған аймақ Чехияны да қамтыды. Маусым айының басында ақсүйек славиян қайраткерлері Прагада реакцияшыл панславиандық сьезд шақырды. Бұл кезде қалада жұмысшы және демократиялық қозғалыс күшті өріс алған болатын. Үкімет Прагаға әскер күшін топтады. Демократтар оларды қаладан әкетуді талап етті. Екі арадаға шиеленіс 12-17 маусымдағы көтеріліске әкеп соқты.

Контрреволюцияның шабуылы. Венадағы 1848 жылдың қазан айындағы шайқас. Революцияның тағдыры көбіне шаруалардың ұстанған бағытына байлансты болды. Италиядағы соғыс, Вена мен Венгриядағы көтерілістер нәтижесінде австриялық шаруалар феодалдық тәртіпті өздері жоюға мүмкіндік алған еді. 1848 жылдың маусым айында империяның құрылтай рейхстағы шаруалардың феодалдық міндеткерліктерін сатып алу тәртібін бекітті.

Үкімет қазан айында Венада тұрған әскерлерге Венгрияға қарсы шығуға бұйрық берді. Вена демократтары монархия жоспарының зұлымдығын сезе бастады.



Венгриядағы революцияның шырқау кезеңі. Венадағы көтерілісті талқандаған император үкіметі енді бүкіл күшін Венгрияға аударды. Венгрияда Лайош Кошут басқарған қорғаныс комитеті құрылды.

Бүкіл халықтық көтеріліс, қару-жарақ жасау революцияға қарсы шыққандардың бәрін аяусыз жазалау – 1793 жылғы революцияға тән сипат алды, Венгрия революциясының да басты сипатына айналды.

Венгер революционерлері тез арада хорваттар, сербтер және басқа мадиярлар езгісінде отырған халқытардың тәуелсіздігін жариялау қажеттігін ескермеді. Соған қарамастан Еуропаның түкпір-түкпірінен Венгрияға тәуелсіздігі үшін күресуге дайын революционерлер мен демократтар келіп қосылып жатты.


  1. жылдың күзінде император әскерлері басым болғандықтан революцияшылдықтар астанадан шегініп, Кошут үкіметі Дереценге көшті.

  2. Жылдың наурызында Габсбургтер империясы жаңа конституция қабылдады. Венгрия мәңгілік империя құрамында болды деп жарияланды. Бұл акт венгер халқының жаңа Ұлттық көтерілісінің өрлеуін туғызды.

  1. жылдың сәуірінде сейім Венгрия толық тәуелсіз мемлекет, ал Габсбургтер әулетінің венгер тағына құқығы толық жойылды деп жариялады. Осыдан бастап венгерлердің революциялық әскерінің атақты жеңімпаз жорықтары басталды. Бүкіл Венгрия азат етіліп қана қоймай, империяның астанасы Венаға қауіп төнді. Австрия императоры Франц-Иозеф патшалық Ресейден көмек сұрады. Алақандай революцияшыл Венгрияға қарсы екі алып- Австрия және Ресей империялары күш қосты.

1848-1849 жылдардағы революцияны сәтсіздікке ұшыратты. Шаруалар бейтарап қалды. Славиян халқытарының артта қалған кертарпа күштерін Габсбургтер демократиялық революцияға қарсы айдап салы. Патшалық Ресей үкіметі қас жауы екендігін көрсетті.

Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция және контрреволюция.

Жаңа замандағы Италия. Революцияның себептері. Италия жаңа заманға мемлекеттік бытыраңқылық күйде өтті. Елдің басым бөлігі Испанияның қол астында болды. Тек Савойя герцогтігі (Пьемонтты қоса алғанда), Венеция мен Папа мемлекеті дербестігін сақтап қалған еді.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Голландия, Англия және Франциядағы мануфактуралардың күшті дамуы итальян тауарларын әлемдік рыноктан ығыстырды. Италияняі ішкі саудасы кеден кедергілерінің көптіщінен зардап шекті. Селолық жерлерде қанудың феодалдық түрлері басым болды.

ХҮІІІ ғасырда Франциядағы революция итальн қоғамының барлық топтарына әсерін тигізді.

1815 жылғы Вена конгресі шешіміне орай Италияда бұрынғы феодалдық абсолюттік билік қалпына келтірілді. Италия шетелдік езгіге қайта түсті. Ломбардия мен Венеция Австрияға қосылды. Апеннин түбегінде Австрия билеп-төстеуші өктем күшке айналды.

20-жылдары Италияда құпия карбондық қоғамдар құрылу қозғалысы өршіді. 1820-1821 жылдары Неаполь корольдігі мен Пьемантта революция басталып , ол күшпен тұншықтырылды. 1831 жылы Парма, Модена және Папа аймағында революциялық көтерілістер болды. Оларды Австрия басып-жаншыды.

ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүкілиталияндық азаттық және демократиялық қозғалыстың жаңа түрі – мадзинизм қозғалысы басталды.

«Жас Италиян» барлық мемлекеттерде өзінің жасырын ұйымдарын құрды. Сондықтан ол бүкіл Ұлттық, революциялық ұйымға айналды. Бірақ алғашқы көтеріліс әрекеттері сәтсіз болды.

«Жас Италиян» уағыздары италиандықтардың Ұлттық сана-сезімін көтерді. Ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты елді біріктірудің бағдарламасы болды.

40-жылдары алғышарттары пісіп-жетілген Италия революциясының алдында Германиядағыдай, ең алдымен елді біріктіру мәселесі, содан кейін феодалдық шырмауларды жойып, буржуазиялық қатнастарға жол ашу елдің өндіргіш күштері мен мәдениетінің дамуын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Бірақ соның бәрін шешу үшін ең алдымен итальян халқының басты езушісі әрі тонаушысы Австрия империясының билігін құлату керек еді.

Революцияның басталуы және барысы. Астықтың шықпай қалуы мен экономикалық дағдарыс қалың бұқараның мұқтаждығы мен ауыртпашылығын күшейтіп, революциялық ахуалдың артуына жағдай туғызды.


  1. жылдың қаңтар айында Сицилияда көтеріліс басталып, ол бүкілхалқтық сипат алды. Оқиға оңтүстікті де шарпып, Неаполь короьі (біріккен Сицилия королі) либералдық үкімет құрып, Конституция қабылдауға уәде беруге мәжбүр болды.

1848 жылдың ақпан-наурызында сол сияқты оқиғалар орталық итальян мемлекеттерінде де болып өтті. Бәрінде де монархиямен ымыраласуға даяр либералдық үкіметтер құрылды.

Милан мен Венециядағы көтеріліс. Австрияның қол астындағы Лобардия мен Венецияда революция Венадағы халық көтерілісі жеңгендігі жайлы келісім басталды. 5 күнге созылған, 18-22 наурыз күндеріндегі баррикалдалық қанды шайқас барысында Миландағы халық көтерілісі австриялық 15 мыңдық армияны жеңіп шықты. Австрия фельдмаршалы Радецкий қаланы тастап шығуға мәжбүр болды. Бірақ, жеңістің нәтижесінде Милан үкіметінің басына либералдар келді. Бұл мадзинишілдердің қателігі еді.

Негізгі мақсат – елді азат ету еді. Сол бүкілхалықтық тілекке орай Италияның барлық үкіметтері Авчтрияға соғыс жариялады.

Рим, Тоскана және Венециядағы революциялар. Сонымен, 1848 жылдың күзінен бастап Венеция, Флоренция және Рим итальян революциясының үш орталығына айналды. Итальян буржуазиясы мен либерал- дворяндар корольдер мен князьдер жағында тқрды. Революциялық қозғалысты республикашыл демократтар – мадзинишілдер басқарды.

1849 жылдың қаңтарында Римде Құрылтай жиналысы шақырылды. Ол папны мемлекет билігінен аластап, Римді республика деп жариялады.

1849 жылдың көктеміне қарай Еуропадағы революция бәсеңдей бастады. Интервенттердің күштері бірігіп шабуылға шыққанда Рим, Венеция, Флоренция әрқайсысы жеке-дара қарсылық көрсетті. Рим республикасын тұншықтыру үшін Франция президенді Луи Наполеон Бонапарт өз әскерін жіберді. Рим ерлікпен шайқасты. Оның қорғанысын халық батыры Джузеппе Гарибальди басқарды. Бірақ күш арасалмағы тең емес еді. 1849 жылы шілде айының басында Рим құлады. Одан сәл бұрын австриялықтардың шабуылынан Флоренция тізе бүкті. Ал құрлықпен де, теңізбен де қоршалған Венеция тамыздың аяғында ғана австриялықтар күшімен алынған еді.



Баќылау с±раќтары:

1.ХІХғ 40 жж Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері

2.Франция, Германия, Австрия империясы мен Италиядағы революциялардың себептері мен мақсаттары

3.1848-49жж революциялардың барысы мен өзара байланысы

4. 1848-49жж революциялардың жеңілу себептері, сипаты, ерекшеліктері мен маңызы

10- лекция. Таќырыбы: Италияның бірігуі

Жоспары:


  1. 1848 – 1849 жылдардағы Аппенин түбегі мемлекеттерінің саяси экономикалық жағдайы.

  2. Италия мемлекеттерінде бірігу жолындағы күрестің күшеюі. Рисорджименто.

  3. ХІХ ғасырдың соңындағы Италия мемлекетінің құрылуы.

  4. 1876 жылғы “Парламенттік төңкеріс”. Солшылдардың ішкі және сыртқы саясаты.

  5. Ф.Криспидің авториторлық және империялық бағыты.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. История Италии. Т.2. М., 1971

  2. Гарибальди. Дж. Мемуары. М., 1965г.

  3. Кандолеро Дж. История современной Италии В 4 т. Перситн 1958-1979 г.

  4. Невлер В.Е. К истории воссоединения Италий. М., 1936

  5. Ковамская М.И. Италия в борьбе за национальную независимость и единство. М., 1981.

  6. Невлер В.Е. Джузеппе Гарибальди . М., 1961

  7. Авуре А.Я. Гарибальди 1807 – 1892 г.г. М., 1957.


Лекция маќсаты Италия мемлекетерінің бытыраңқылықтан бір орталыққа біріккен қуатты мемлекетке бірігу үшін жүргізген соғыстарын баяндау.
Лекция мєтіні :

1846 жыл Италия мемлекеттерінде саяси-экономикалық дағдарыс 1848-1849 жылдары үлкен революцияға әкеліп соқты. Ұлттық тәуелсіздік және Италияның бірігуі үшін күрестің алдыңғы шебінде шаруалар бұқарасы мен қала кедейлері болды. Бұл қозғалысқа либералды дворяндар, кәсіпкерлер студенттер, қол өнершілер, пролетариат қатысты. Европа державалары Аппении түбегіне интервенциясы одан әрі ушықтыра түсті Елдің бытыраңқылығы нәтижесінде революциялық толқулар әр кезеңге өтіп реакциялық күштер үшін қолайлы жағдай қалыптастырды және революциялық толқуларды оқшауландырып тез басып тастап отырды.

1848 жыл 12 январда Сицилияның әкімшілік орталығы Палермада халық көтерілісі басталып революцияға ұласып басқа қалалар мен облыстарға тарады. Қараусыз халық жақсы қаруланған король әскеріне елеулі қарсылық көрсетті. Неапалитан әскері аралдан кетіп Сицилияда уақытша либералды үкімет құрылды., Ол бурбондарға бағынудан бас тартты. Сицилия революциясы Неапалитан королдгініде әсіресе Колибри мен Неопольде демонстрация мен көтерілістерге ұласты. 29 январда 1848 жылы король Фердинант І амалсыз конституция жариялап екі платалы парламент құруға, Сицилияның автономиясын тануға және тар шеңберде тануға мәжбүр болды. Неапалитан королі өзгерістер Пьемонт, Папа облысына, орталық Италия герцоргтарына тарады. Бұл толқулар ұлттық тәуелсіздік, елді біріктіру азаматтық құқық пен конституция қабылдау талабын қоса жүргізілді. Осы революциядан соң 1848 жылы февраль – март айларында Папа облысында Токсанада, Пьемонтта конституция жарияланып, екі палаталы парламенттер құрылып, үкімет құрылды. Австриядағы Вена революциясынан кейінгі антиавстриялық күрес Ломбардия, Венецияда күшейді. 17 март 1848 жылы Венеция республикасы жарияланып, уақытша үкіметке Рисорджиментоның беделді қайраткері Д. Манин келді. Австрия әскерлері шекара аймағына әкетілді. 18-22 мартта Милан қаласы Барикада орнатып Австрия Габусбургтар Фельдмаршалы Радецкий әскері қолға түсті.

Сардиния корольдігін басқарған ымырашыл – либералдар біріккенге дейін – ақ жаңа корольдікке өз билігін нығайтты. Олардың топтары тарихқа “оңшылдар” деген атпен енді. Ымырашыл – либералдардың сол қанаты және бұрынғы демократтар “солшылдар” деп аталды. 1861 жылы 6 маусымда Кавур өлді. Оның орнына Беттино Риказоли тағайындалды. Бұл оңшылдар үкіметі елді 15 жыл басқарды. Оңшылдар үкіметінің алдында кезек күттірмейтін мәселелер тұрды: финансты сауықтыру; мемлекеттік аппараттың жұмысын қалпына түсіру; жаңа провинцияларда әкімшіліктер құру; армияны қайта құру; жол салу т.б. с.с. Үкімет осы жағдайдан салықты өсіру және тәркіленген шіркеу жерлерін сату арқылы шығуға тырысты.

Осы кезеңде Оңтүстік Италияда жалпы қозғалыс басталды. Бұл қозғалыс Оңтүстік шаруалардың 1860 жылы жер үшін бастаған күресінің жалғасы еді. Осы қозғалыстарды басу үшін үкімет жаппай террор мен төтенше заңдар қолданды. Жазалаушы экспедициялар жіберді. Көптеген адамдар өлім жазасында түрмеге кесілді. Жаппай қозғалысқа қырғындай тиген, экономикадағы қиындықтарға малтыққан жаңа мемлекет Рим мен Венеция облысының тағдырын ойламады. Италияны біріктіруді толық аяқтау революциялық қозғалыс күштердің қолында еді.

1862 жылдың жазында Гарибальди Римді азат ету жорығына дайындала бастады. 27 маусымда ол Капрерден волонтерлер отрядын ұйымдастыру үшін Сицилияға келді. Ол “Рим немесе өлім” деген ұран тастады. Сицилия халқы өз азат етушісін қуана қарсы алды. Гарибальдиге жан – жақты еріктілер ағылды. Наполеон ІІІ –і гарибальди жорығы туралы естіп, франция Папа үкіметін қорғайды және Римнің Италияға қосылуына жол бермейді деп мәлімдеді. Виктор Эммануил ІІ –і Гарибальди жорығын бүлік деп бағалап, Гарибальдиге кімге – кім қосылса қатты жазаланады деп прокламация тартты. Алайда бұл патриорттарды тоқтата алмады.

Гарибальди Палеомодан матиркке жүзу үшін Катинге бет алғанда оның отрядында 4 мың адам бар еді. Бірақ материкке Гарибальди мінетін екі немесе сыймағандықтан 2 мың адам жетті. Калабрия жағалауында оларды премьер – министр Раттацци бұйрығы бойынша үкімет әскері күтіп тұрды. Бауырларын өлтіру соғысынан қашқан Гарибальди өз отрядын тауға әкетті. 29 – шы тамызда Аспромонт тауында оны король әскері қуып жетіп, оқ астына алды. Гарибальди волонтерлерге атпауды бұйырды. Олар тыңдамады. Гарибальди екі әскер арасында тұрып, атысты тоқтатуға тырысты. Осы жерде сол жақ белі, оң аяғына балтырына оқ тиді. Атақты орыс хирургі М.И.Пирогов Гарибальди аяғын кесуден аман алып қалды. Партизан көсемі қолға түсті.

Демократиялық күштерді жеңген басқарушы топ Гарибальди мен оның серіктерін соттау керек пе, әлде қажет пе?, мәселесіне жауап бере алмады. Министрлер Кеңесінің осыған байланысты бірнеше рет мәжілісі болды. корольдің өзі Гарибальдиді, серіктерін әскери сотқа беру жөнінде декретке қол қоюдан қорықты. Халықтың қысымымен Гарибальди мен оның серіктері босатылды.

Гарибальдиліктерге амнистия берілуі Раттации үкіметінің беделін жақсатпады. Аспромонт ісі парламентте қызу айтыс туғызды да, Раттации 1 желтоқсанда отставкаға кетті. Аспромонт жорығы сәтсізаяқталғанмен Италияны толық біріктіру күресіне қатты әсерін тигізді. Халық Савойя династиясының ұлттың үмітін жүзеге асыратынына сенбей қалды. Аспромонт жорығының маңызы жөнінде Мадзини былай деді: “Он показал всему имру, что в Италии не прекратится революционная борьба до тех пор, пока Рим мне станет итальянски”.

Италия басқарушы топтарының саясаты барған сайын реакциялана түсті. Тоғыз жылда 9 рет уаысқан үкімет тарихқа “консортерия” деген атпен енді. Оңшыл либералдардың шағын тобынан тұратын консортерия Наполеон ІІІ – нің алдында құлдық ұрды. 1864 жылы олар Француз императорымен ұлттық сатқындық актісін жасады. Италия мен Франция арасында Сентябрь конвенциясына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Италия Папа мемлекетінің тұтастығын сақтауға және патриоттардың жорығынан қорғауға міндеттенді. Франция Папа өз әскерін құрған соң, 2 жыл ішінде әскерін Римнен әкететін болды. Конвенцияда Италия астанасы басқа қалаға ауыстыру жөнінде құпия келісім болды. осы баппен Италия Наполеон ІІІ – ге өзінің Римді астана деп есептемеймін деген кепілдік берді.

Сентябрь конвенциясы бүкіл елде наразылық тудырды. 20 қыркүйекте Туриннің патриоттық күштері “Рим – астана жасасын!”, “Үкімет жойылсын!” деген ұрандармен демонстарцияға шықты. Ертеңіне Кастелло алаңында солдаттармен қанды қақтығыс болды. 5 адам өлді, 50 адам жараланды. Демонстрация толастамады. 22 қыркүйектегі қақтығыста 21 адам өлді, 100 адам жараланды. Турин оқиғалары консортерия саясатын халықтың құптамайтынын көрсетті, премьер – министр М.Мингетти отставкаға кетті.

1865 жылы Италия астанасы Туриннен Флоренцияға көшірілді. Дегенмен басқарушы топ Рим мен Венеция мәселесін шешу қажет еді. Олар бұрынғысынша бұл мақсатқа династиялық келісімдер арқылы жетуді ойлады. Халықаралық жағдай осы кезде Италия үшін тиімді еді. Италия үкіметіне көмекке Наполеон ІІІ мен Бисмарк келді. 1865 жылы Австрия мен Пруссия арасындағы қатынасы шиеленіскенде Пруссия Италиямен жақындасу жолдарын іздестірді. Пруссияға Австрияға қары одақ қажет болды. бисмарк Австрия екі майданда соғысса жеңіледі де, Прусси дегеніне жетеді деп есептеді. Осы себептен ол Италияға антиавстриялық одақ жасауды ұсынды. Мұны итальян басқарушы тобы қуана қарсы алды да, Наполеон ІІІ – мен келісуді жөн деп санады. Наполеон ІІІ –і мұны қолдады. Наполеонның ойы екеуінің арасында арбитр ролін атқарып, Пруссидан Рейн маңайынан жеңілдік алу болатын. Солай дей отыра, Наполеон Австрияның әлсіреуін, Италияның күшеюін қаламады. 8 сәуір 1866 жылы Берлинде Италия мен Пруссия арасында құпия келісімге қол қойылды. Бұл бойынша егерде Пруссия мен Австрия арасында соғыс болған жағдайда Италия Австрияға соғыс дариялайды. Екі жақта Италия Венецияны алғанша, ал Пруссия Германиядағы мүдделі жерін алып, сепараттық бітім жасағанша соғыс қимылдарын тоқтатпауға келісті.

16 маусымда Пруссия соғыс бастады. 20 маусымда Виктор Эммануил әскері Венеция облысының шекарасынан өтті. Король Гарибальдидің беделін пайдалануды ойлады. Гарибальдиліктердің саны 38 мыңдай, олармен бірге итальян әскерінің саны 250мың адамнан асты. Австрия әскерінің Венеция майданындағын саны 150 мың бірақ олар күшті стратегиялық позицияны алып жақсы қаруланған. Осы себептен 24 маусымда Кустоцца түбінде ұрыста генерал Ла Мармор бастаған итальян әскері қатты жеңіліске ұшырады. Гарибальдиге онша маңызды емес майдан - Оңтүстік Тироль тиген еді. Гарибальди осы жерде австриялықтарға ойсырата соққы берді. 3 шілдеде Садова түбіндегі ұрыста прусс әскері австриялық әскерді тас – талқан етті. Австриялықтардың жеңілуі итальян әскерін шабуылға көшірді, итальян флоты теңізге шықты. Алайда флот командашысы адмирал Персаноның жігерсіздігі мен Лисса аралының жанындағы ұрыста флот жеңіліске ұшырады. Осындай жағдайда Наполен ІІІ –і соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсыныс жасады. Наполеон ІІІ –нің аралығымен 26 шілдеде Прусия Италиямен келісспей Австриямен бітімге келді. Осы бойынша Асвтрия Францияға, Венецияны, Франция Венецияны Италияға берді.

1861 жылғы италия королығына құрылуы елдің бірігу процес імен ұлтың тәуелсіздігін жетуінде алкен мәні бар зор оқиға болды. Италияны бірігуін тарихта Рисорджимента деп атады. 1866 жылы австро прус соты мәнінде Трусися жағынан соғысты. Австриядан Каненция облысын қайтарып алды. 1870 жылы франко прусс соты барысында Франція өз әрекеттерін поп облосоның барысында Франція өз әскерін поп облысынан әкетуге мәжбүр болды. Риммин Поп облысы Италия корлдігіне қосылып Рим оған рухын астеканасына айналды.Италияны біріктіруші Пеомонт королы Сорден диностияларының өкілі Виктор Эммануил Италия королі болып жарияланды. Ол үлкен билікке ие бола отырып үкіметті құрып, қарулы күресті ұйымдастырды және сыртқы саясатты жүпргізді. Крорль жайында король туысқандарынан сарай партиясы қырылды. Олардың құрамындадворян әулеттері, жоғары шенді офицерлер, сановниктер болды. 1848 ж Пьемонт конституциясы бойынша король билігі шектелді. Бұл Конституция бойынша азаматтық құқық, бостандық, жеке меншік, сөз баспасөз бостандығы, жиналыс өткізу бостандығы сақталды. Сословиялық артықшылықтар жойылды. Конституция бойынша екі палаталы парла мент жоғарғы палата Сенат король бұйрығы мен өмір бойына тағайындалды, бұлар генерлибет, мәдениет, ғылым қайраткерлері, жоғарғы дін иелері болды. Төменгі палата депутаттар палатасы сайлабалы болды. Парламент ролі елде онша күшті болмады. Италияда католик шіркеуі беделі әлі де болса күшті болды. Папа заңнан жоғары ьұрды. Папаның иелігі шектеліп ол Ватикан шіркеуі мен Латеран сарайына ғана ие болды.

Италия корольдығының алғашқы онжылдығында үкімет басында самаркау – либерал топтар “оңшылдар” буржуазияланған дворяндар, сауда – финанс, өнеркәсіп буржуазия Солтүстік (Пьемонт, Ломбердия) өкілдері болды. Оңшылдар партиясы басқаруы кезіде әлеуметтік экономикалық мәселелерге көп көңіл бөліп ел ішіндегі региондар мен провинциялар арасындағы кедергілерді жоюға күш салды. Елде бірыңғай кеден салығы, ортақ ақша айналымы жүзеге асты. Ұлттық банк құрылды. Темір жол мен тас жолдар, порттар, тилгреф линиялары салына бастады. Бұл елде индустрия дамуына үлкен қолайлы жағдай туғызды. Елдегі кәсіпкерлер мен банкирлер, нарықтық жағдайдың дамуына жағдай жасады. Бұл елдері қауымның ыдырауына әкеліп соқты. Сицилия мен Оңтүстік Италия ірі иеленуші феодалдық жер иеленусақталды. Олар ондаған мың га жерлерге ие болды. Латиффункциялар арзан шаруалар, ботрактер еңбегін пайдаланды. Қалың шаруалар,бұқараны әхуалы өте нашар болды. Олар жүгері нанын жеді, ауру малерия, т.б. өте көп таралды. Пьемонт, Ломбардия солтүстік аудандарда ауыл шаруашылығында капиталистік жедел дамыды. Солтүстік пен Оңтүстік арасында қатынас нашар болды. Андаған жыл бойы Неаолитон королдығы, Италияға бағынбай қарулы күресін тоқтатпады. Оңшылдардың сыртқы саясаттағы бағыты Европа үлгісіндегі мемлекет құру болды. Оңшылдар үкіметі ашық есік саясатын жүргізді. Қызыл теңіз жағалауында ассам колониясын 1891 ж иеленіп кейінен Эрстрия деп аталды.

Жаңа мемлекет үкіметіне көреген саясаткерлер жетіспеді. 1871 ж оңшылдар лидері Ф. Де Санктие реформа мен демократияландыру елді саясатын жүргізуге шақырды. Ол мемлеекет құрылыстағы кемшілік тұстарын көрсетіп берді. Ол Италия Конституциясының іс жүзінде өмірде іске аспай жатқанын батыл айыптады. 1876 ж парламент сайлауында оңшылдар жеңілді. Солшыл күштер партиясы халықты соңына ерте білді. Елде демократиялар мен митинглер болып азаматтық неке, мемлекеттік мектептер ашылды. 1880 жылы шаруалардан салық жинау азайтылды. 1882 жылы жаңа сайлау заңы қабылданды. Солшылдар елдегі сыртқы саясатта колониялдық жаулап алу соғыстарын барынша қолдады. Бұл 1882 жылы Австрия – Венгрия, Германия үштік одақ жасауға алып келіп соқты.

Италия Солтүстік Шығыс Африкадағы отаршылдық әрекетті үдете түсті. 1885 жылы Италия Сомали, Эфиопия, Массауа жерлерін отарлап алды. Солшылдар Италияның индустриясын барынша қолдады. Ел шаруашылығын жағдайы өте нашар болды. 4 мың шаруалар өте аз табыс алды. Елде жұмысшы саяси ұйымдары құрылды. Бокунин идеясын жоқташы анархистия ұйымдар да пайда бола бастады. Елде Марксистік ағымын насихаттай бастады. Олар Ан тонио Лабриоля Ф.Турати т.б. халықтың қалың табына /идикалдар республикалар/ беделі күшейе түсті.

Халықтық үкімет саясатына деген сенімі жоғалып оған наразылық күшейе түсті. 1887 ж елде экономикалық дағдарыс басталды. Итальян әскерлері Эфиопиода жеңіліске ұшырады. Солшылдар өз ішінде топтар арасында тайталастар күшейе түсті. Бұл Гарибальдидің досы, сицилиядан шыққан Рисоржиментоның көрнекті өкілі Криспидің беделін өсіре түсті. Криспи үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын сынай отырып Италия армиясы мен флотын нығайтып, мемлекеттік күшейтіп Италия империясын құру жоспарын жасады. Елдегі әлеуметтік жағдайларды жақсартуды жақтады. Бұл саясат оны елдегі барлық саяси к үштердіғ қолдауына әкеліп соқты. Үкімет басына келген соң Ф.Криспи ішкі істер министрлігін өз қолына алды. Сыртқы істер министрі қызметінде қоса атқарды. Парламент беделін төмендетіп, елдегі мәселелерді парламентсіз шеше бастады. Парламентте қылмысты кодекс пен қоғамдық қауіпсіздік заңын қабылдатты. Елдегі ереуілді тоқтатып, кейбір басылымдарға тиым салды. 1891 – 1893ж.ж. елдегі саяси жағдай Криспиді отставкаға кетуге мәжбүр етті. Министрлер кеңесі төрағасы Ф.Криспидің қарсыласы Д.Джолитты сайланды. Ол елдегі консерветивтің күштердің қарсылығына ұшырады. Рим банкісіне Италия Панамасы деген үлкен дау оны отставкаға кетуге мәжбүр етті. 1893 жылы үкіметті және Ф.Криспи басқарды, ол елдегі халық толқуларын аяусыз жазалады. 1892-1894 ж.ж. Сицилия шаруалар мен батрактар манифестациясы күшейді. Олар салық төлеуден бас тартып, муниципалитеттерді басып алды. Осымен бір мезгілде Мессине, Палермада т.б. қалаларда қала тұрғындары толқуы болды. Бұл қозғалыс басында Сицилия еңбекшілері одағы – фаши Сицилия фаши болды. Олар король портреті мен құдай ана суретін көтеріп нан мен еңбек жұмысты талап етті. 1893 жылы фашилер Сицилия социалистік федерациясын құрды. 1895 жылы Италия социалистік партиясы осы негізде құрылды. 1895 жылы Миланда Италия республикасының партиясы құрылды. Ф.Криспи Сицилияға тұрақты әскер жіберіп фашилерді таратып оның 2 мың мүшесін тұтқындады, олардың көрнекті өкілдері Де – Феличе мен Боско ұзақ мерзімге сот үкімімен түрмеге жабылды.

Қоғамдық қауіпсіздік заңына сүйеніп Ф.Криспи Социалистік партияны заңнан тыс деп оны жапты. 1895 жылы Ф.Криспи жақтастары кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге әрекет жасады. Бірақ оның авантюристік сыртқы саясаты кедергі жасады. 1888 жылы Австрия-Венгрия жасалған одақ оны франциямен қарым – қатынасын әлсіретті. Франция Италияның Африкадағы белсенді әрекетін жақтамады. Қызыл теңіз ауданында Италия Африкаға тереңдеп ене бастады. А.Коста социалист бір тиын да бір солдатта Африкаға бармайды деген ұран тастады. 1896 жылы 1 мартта 17 мыңдай Италия корпусы Манелика 100 мыңдай әскерімен соғыста талқандалды. 5 мартта парламент мәжілісінде Ф.Криспи орнынан алынды. 1902 жылы қайтыс болды.
Баќылау с±раќтары:


  1. Бытыраңқы Италия мемлекеттерінің саяси экономикалық жағдайы

  2. 1848 – 1849 ж.ж. Италияны біріктіру үшін жүргізген күрестер

  3. Италия корольдығының құрылуы

  4. Бір орталыққа біріккен Италия мемлекетінің саяси экономикалық дамуы



11- лекция. Таќырыбы: АҚШ – ғы Азамат соғысы .

Жоспары:

  1. Солтүстік пен оңтүстіктің арасындағы қайшылықтың пісіп жетілуі.

  2. 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы және оның барысы.

  3. Оңтүстікті (Реконструкциялау) қайта құру.

  4. Азамат соғысының қорытындылары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История США 4-х Т. Москва: 1987-1989 г.г.

2. Краткая история США. Пер с англ. Москва 1993 г.

3. Новая история стран Европы и Америки. Моква. 1998 г.

4. Болховитинов Н.Н США: проблемы истории и современная

5. Иванов Д.Ф. Авраам Линкольн и Гражданская война в США. Москва: 1964 г.



6. Куропятник Г.П. Вторая Американская война. Москва. 1931 г.
Лекция маќсаты: Америка Құрама штаттарындағы Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қайшылықтардың күшеюі және оның азамат соғысына ұласуы туралы бяндау.

Лекция мєтіні

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Солтүстік штаттарда капиталистік қатынастар өркен жайып отырғанда, Оңтүстік штаттарда құлдық плантациялық әдіс кеңінен қолданылды. Солтүстік штаттар конституциясында құлдыққа тим салған болатын. Солтүстік қоғамы құлдардың жағдайына жанашырлық пен арап оларды плантаторлардың меншігінде босату жолдарын іздестіре бастады. Кей жағдайда аблоционистер оларды қашыруды ұйымдастырып солтүстік штаттарға апарып онан әрі Канадаға асырып отырды. Құлдар да өз кезегінде қарулы көтеріліс жасап отырды. Оңтүстіктегі құлдар еңбегіне қарсы аблоционисік бағыттағы әдебиеттерде баспасөзде материалдар пайда бола бастады. Гарриет Бичер – Стоу «Том ағайдың лашығы» (1852) миллион тиражбен көптеген тілдерге оның ішінде орыс тіліне аударылды. 1848 ж көпшілік фрисойлер (фри-сойл-свввабодиолземля) партиясы құрылып жаңа жерлерде негрлер құлдықты таратпауға шақырды. Мек сикадан жаулап алған 1850 ж Калифорния конгресс шешімімен еркін штат болып, онда оңтүстік адамдары көп болды, ол құлдық плантаторлар қоғам болды. Канзос пен Небресска штаттарында құлдық кеңінен пайдаланылды. Оңтүстіктегілер құлдықтың бүкіл Америка қоғамында султанат құруын жақтады. Древ Скотт құл АҚШ жоғарғы арыз беріп өзі және қожайыны еркін штаттарда тұратыны сондықтан құлдық бұғауынан босатуды сұрады. Жоғарғы сот оның арызын 1857 ж қанағаттндырмады. Канзос штатында құл селері мен құлдыққа арап топ арасында күрес болды. Сол кезде тарих сахнасында Реске партия лідері А.Линкольн шықты. Ол Оңтүстіктің саясатына қарсылардың мүддесін қарастырды. 1861 ж АҚШ президенті болып сайланды. Бұл шын мәнінде халықтық президент болды, ол кедей отбасынан шықты, жас күнінен аур еңбектің дәмін татты. Ол ешкімнің көмегінсіз білім алыып істемеген жұмысы жоқ, кейіннен адвокат болды. Лінкольн аса қарапайым, жігерлі қиын саяси тартыстарда ақылмен жеңе білетін саясаткер дәрежесіне көтеріле білді. Азамат соғысының басты себебі Канзостағы Браун Д- ның Вирииингия жасағын атақты жорығы болды. Дж Браун құлдықты барынша ЖЕК көрді. Ол Канзоста құлдыққа қарсы шығып Вирингияда құлдаар көтерілісін ұйымдастыруға күш салды. 22 өжет жігіттермен 1859 ж октябрь армия қоймасына басып кірді. 100 мыыың мыылтықты қолға түсірді. Бірақ бұл әрекет әлі ерте болатын, оны ешкім қолдамады. Браун отряды бір тобы өлді, біразы оның өзімен қолға түсті. 1859 ж 2 декабрьде ол дарға асылды. Ал өлім алдында бұл қасіретті елдің күнәсін тек қанмен жууғ болады деді. “Только кровв может сміть преступления этой греховной страны”. Көтерілісті басуға полковник Робет Ли қатысты, Джон Уилис Бус – санынан Л.Линколльмді өлтірген. Бір мемлекет ішінде екі қоғамдық сентеманың болуы оның қайшылығы азамат соғысына алып кеді. Оңтүстік агрессияшыл плантаторлары бүкіл АҚШ – ты құлдық қоғам орнатуға әрекет етті, олар қажет болса АҚШ - тан бөліну мақсатын да ойластырды. АҚШ – тан бөліну әрекеті азамат соғысына дейін де болды. 1832 ж Оңтүстік Королина плантаторлары штат суверинететін жариялап бұл штат федералдық комиссия күші жүрмейді деген болатын. Президент Джексон бұл әрекеті тез басып оның жағалауына әскери короблдер жіберіп тұншықтырған еді. 1850 ж оңтүстік Сецессия (өзінен бөліну) жариялады. Бірақ президент Закерии Тейлор оңтүстік-ке армиямен жарық жасаймыын деп қорқытты. А. Лінкольн “екіге бөлінген үй тұрмайды деген болатын”. Солтүстіктен аңшыл топтары Оңтүстікті бөлініп кетуі елдің шет ел державаларының алдында қуатын әлсіретеді деп түсінді. Екіге бөліну әбден мүмкін 1860 ж Линкольнның президенті болып сайлануы, Оңтүстік биліктен түгел айырылуы бөлінуге дабыл болды. 1861 ж көктем 13 штат Южане Конффедерацияяя құрды. 13 апрельде оңтүстік соғыс әрекетіне көшіп федералдық форт Сомтерді Чорлстан бухтасында (оңтүстік Каралина) аз ғана горни зон тізе бүгіп, Америка жалауы түсірілді. Төрт жылға созылған қантөгіс, апатты соғыс басталды. Өнеркәсіп потенцияалы, халқы жағынан Солтүстік басым болса әскери қуаты жағынан Оңтүстік күшті болды. Оңтүстікке әскерлер көп, қару – жарақ мол болды, олар тез арада жеңіске жетеміз деп ойлады. Оңтүстік Солтүстік Янки (северян) деп атады. Бұл оңтүстік морльдың психологиялық жағдайын мергерет Митгелл “Книсенные ветром” романынан оқып білуге болады. Солтүстік бірнеше рет жеңіліске ұшырады. Вашингтон соғыс аймағына айналды. 1861 ж соңында солтүстік 650 мың әскер жинады, бірақ бұл сан соғыс жағдайын өзгерте алмайтын ед. Оңтүстікт көршеп (аналында план). Дарынды генерал Уллис Грант бірнеше қалаларды алып жаңа орлеан қаласын флотпен келіп алды. 20 майда заң шығарып 22 сентябрьге дейін барлық құлдар бас бостандығы берілсін деген заң шықты. АҚШ- қа қарсы шықпаған әрбір азаматқа 10 доллар пощлина 160 акр (64 га) жер заң шықты. Бұл редикалды аграрлы мәселе болатын. Бұл халықтың қалың бұқарасын Оңтүстікті жеңуге жұмылдырды. 1863 ж 1 январда барлық құлдар керікті деген заң. Құлдар солтүстік жағына шықты. Оңтүстік Блокада жағдайында қалды. Европаға мақта шығарып медикаменттер әкелінбеді. 1863 ж Оңтүстік Лидік басшылығына солтүстік әскеріне Чанселарвиля мекеніне ойсырата соққы берді. Бұл оңтүстіктің ең соңғы соққы еді. Солтүстіктің адам ресурсы мол болатын. 12 % әскер негрлер болды.

Лидей армиясы Геттисберг (Понсилования) тоқтатылып Вирингияға шегінді. 1865 ж 9 апрельде Лия 28 мың әскерін қолға түсіп канитуляция жасады. 175 мың әскер қаруын тастады. Екі жақтан 600 мың адам қаза болды. 14 парель 1865 ж А.Линколінді сатқын актер Бус атып театрда өлтірді. Бұл құлиеленушілерден қастандығы болатын. А.Линколінді өліміне бүкіл Америка аға тұтты.Оны барлық саяси көзқарастағы адамдар жақсы көретін. Ол өз заманының ұлы саяси қайраткері болатын, ол халық жүрегінде мәңгі сақталды. А. Линкольн диктатураға ұмтылған жоқ. Ол АҚШ-тағы конституциялық құқықты қалпына келтіруге бар күшін салды, құлдықты жойды. Өмір соғыстан кейінгі Оңтүстікті қайта құрудағы аса қиын екендігін көрсетті.



Оңтүстікті қайта құру. Компарияға 13 рет өзгерістер енгізді. Бұрынғы құл иеленушілер жағдайы, бостандық алған құлдар жағдайы үкімет құрылымы т.б. АҚШ аңшыл топтарында бар позиция болмады. Линкольн тірі кезінде беделді конгрессмендер республикалар Тадеуш Стифенс пен Чарлз Сомнер бейбіт бағыт ұстанған еді. Олар құл иеленушілерді азаматтық құқықтан айыру Оңтүстікке әскери диктатару орнату, негрлерге азаматтық беруді жоқтады. Линкольн қайтыс болғанан АҚШ конгресінде президент пен конгресс алауыздығы күшейді. Линкольн бағытын жаңа президент Эндрю Джексон онан әрі жалғастырды. Ол өз әріптесінен атағындай атағы жоқ болатын. 1865 ж майда ол плантаторларға омнистия жариялады. Соғыс жылдары алынған жерлер қайтарылды, ал олар қара түстілерді өз қожайындарына қайтарды. Террористің ку – клукс пландар пайда болды. плантаторлар заң шығару органдары арқылы негрлерді жерінен айырды, қара мен ақтар некесіне тиым салды. Елде жаңа азамат соғысы қаупі өнді. Негрлер мен плантаторлар арасында 1865 ж Оңтүтікте Конгресте сайлауға қатысып оның ішінде Александр Стефенс те болды. Ол Разикел конгресмендер оларды залға жібермеді. 1866 ж июльде АҚШ Компартиясына 14 рет өзгеріс енгізіп Конфедерация лидерлеріне мемлекеттік қызметке тиым салып, негрлер ақтармен теңестірілді. Бұл АҚШ – та туылған әрбір азамат бостандықта болады. 1867 ж Оңтүстікке әскери жағдай енгізілді, штаттардың конституциясы жойылды. 1870 ж 15 рет конституциясыға өзгеріс енгізіп барлық азаматтар түсіне қарамай, өткен тарихына қарамай сайлауға қатыса алады. әр негрге 40 окрдан жер беру туралы АҚШ- ғы редикалды қайта құру аяқталды. Тез дамыған капитализм Оңтүстік Солтүстік айырмашылығын жойды.

Оңтүстіктер Демократиялық партияны күшейтті. Таришылар бұл соғысты буржуазиялық демокартиялық революциямен салыстыруда. Тез дамыған капитализм аз алдындағы барлық кедергілерді бұзып абсолюттік монархия саяси бытыраңқылықты, феодализм қалдықтарын, керек болса құлдықты да жойып жіберді. Құлдық жетілмеген капиталимзнің бір формасы болатн. Еркін кәсіпкер мен плантациялық құлдық екі меншіктік комфлекті болатын. Екеуі еңбекті ұйымдастыруы екі түрлі болатын. Екеуі де американ саяси өмірінде үстемдікке ұмтылды. Бірақ капитализм өміршеңдігін көрсетті. Азамат соғысының негізгі қорытындысы құлдықты жою болды. американ экономикасын негізгі компоненттері өнеркәсіпті, сауда, фермерлік ауыл шаруашылығы оған дейін дамыған болатын. Солтүстік шығыста 60 жылдары өнеркәсіп төңкерісі аяқталған болатын. Азамат соғысы уақытша экономкалық дамуды тежеді. Бірақ қорытындысында капитализмнің дамуына кең жол ашты. 1862 ж аграрлы реформа әлем тарихында прогерссивті мәнге ие болды. 1861-1884 жж. Республикалық партия өнеркәсіп дамуына кәсіпкерлерге арнап шаралар жүргізді.

Азамат соғысынан кейін Оңтүстік Солтүстік пен Батыстан көп кейін ақлды. Плантацияда негізінен негрлер жұмыс істеді, олар бірақ құл емес еді, батректор, жолдамалы науқандық жұмысшыларға айналды. Құлдықты жою Оңтүстікте жұмысшыларды көбейтті. Негрлерді ең ауыр жұмыстарға алды. Олардан білімді, кәсіпкер адамдар шықты.

Баќылау с±раќтары:


  1. Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қайшылықтардың себептері

  2. 1861 – 1865 жылдардағы Азамат соғысының себепері, барысы және қозғаушы күштері

  3. Солтүстіктің соғыста жеңу себептері

  4. Азамат соғысының қорытындылары


12 лекция. Таќырыбы: ХҮІІІ ғ аяғы мен ХІХғ 60жж Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыс

Жоспары:

  1. Колонияларды қанау жүйесі

  2. Әлеуметтік экономикалық құру жүйесі.

  3. Латын Америкасында колониялдық жүйенің дағдарысы

  4. Ұлт азаттық қозғалыстардың басталуы

  5. Латын Американың революциясының типологиясы

  6. Ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Альперович М.С. Слезкин Л.Ю Новая история стран Латинской Америке. М., 1970 г.

  2. Альперович М.С. Слезкин Л.Ю Латинская Америка в прошлом и настоящем. М., 1960

  3. Томас А.Б. История Латинской Америки. М., 1960 г.

  4. Марчуг Н.Н. Стоновление национальных государств в Латинской Америке. М., 1989 г.

  5. Война за незавимости в Латинской Америке. М., 1989 г.


Лекция маќсаты: XVII ғасыр мен XVIIІ ғасырлар аралығындағы Латын Америкасында ұлт азаттық қозғалыстардың күшеюі және тәуелсіз дербес мемлекеттердің пайда болу тарихын түсіндіру.
Лекция мєтіні :

1492 ж Америка материгі ашылғанда Испания мен Португалия Батыс Европадағы ең қуатты мемлекеттердің бірі болатын. Олар XVII ғасырға дейін географиялық ашулардан алдына жан салмады жне Америка, Африка, Азиядан көптеген колонияларға ие болды. Ватиканның араласуымен бұл екі мемлекет колониялар басып алу аймағын бөлісу үшін бірнеше рет келісімге келді. 1494 ж Тордессельяский договоры бойынша Бразилия, Португалия, Оңтүстік Американы қалған бөлігі орталық, Карб бассейні, Солтүстік Америка қазіргі АҚШ-тың Оңтүстік штататтары Испания ықпалына өтті. XVII ғасырда күшейген Голландия, Франция, Англия, Испания мен Португалия Америкадан ығыстыра түсті. Бұл елдерді қанау Европаға тән капитализмнің дамуының алғышартымен байланысты болды. Испания Америкамен сауда 1503 ж құрылған сауда палатасы Севилья, 1717 ж Казис порты арқылы жүргізілді. Барлық державалар өз отарларында басқа мемлекеттермен сауда жасауға тиым салды. Көптеген колониялар алғашқыда Европа державалары метрополияларда болып, колониялар оны Европа державаларын қантпен жабдықтап тұрды. Қант заводтары метрополияларда болып, колониялар оны Европадан алып отырды. Бразилия және Испан Америкасында әрбір алтынның 1/5 испан королінің есебіне берді. Француз плантаторлары әр кұлға 33 млрд-дан салық төледі. Экспорт және импорт салықтары, шіркеу ондығы сақталды.


Әлеуметтік экономикалық дамуы:

Америка материгін Европадан державалар әр кезеңде отарлап алса да қанаудан айырмашылық болмады. Бразилиямен Гвианада аңшылар мекендесе, негізінен Америка колонияларында қант қамысы, какао, кофе, мақта өсірді. Плантацияда жұмыс істету үшін Африкадан қара тсүті нергрлер әкелінді. Көшпелі индеецтерді, Чилиде, Мексикада, Бразилия, қырғынға ұшыратты. Бұл аймақта ибериялықтар тұрғандықтан мал шаруашылығы мен бидай шаруашылығы жақсы дамыды.

Жаңа Гранада, Гватемала, Перу, Сольвадорда алтынның мол кендері табылды. Жергілікті халықтар антектер, инктер, чибка, майя үндістері өркениеті жоғарғы даму сатысында болды. олардың егіншілік мәдениеті, руда өндіру тәсілі жоғары болды. испан отарлары оларды қырып жойып, қауым жерлерін тартып алып отырды.

Негр құлдар мен индейцтер ең қанауға көп құлдар болды. франсиско Писарро бұрынғы шошқа бағушы Перуда ең бай адам болса Эрнан Кортес Мексикада аса үлкен байлық жинап алды. Қоғамның жоғарғы сатысында король чиновниктері колониялардың аппарт қызметкерлері мен шіркеу иелері, алтын өндіру орындары иелері тұрды. Метрополиялардан келгендерден бәрі де бай болған жоқ.

Колонияларда қанаушылардың дүркін-дүркін бой көтерулері болып тұрды. Негрлер тауға қашып ол жерде отрядтар құрып колонистерге шабуыл жасап тұрдыв. Индейцтер колонизаторларды қуып өз бостандығы үшін күресті. Ешбір елде өз тарихы бойында колонизаторларға алғыс сезімі болған емес. Латын америкалықтар европалықтардың алтын, күміс, алмазын, мың даған индейцтер мен негрлердің опат болғанын еске алады.

Аса көрнекті неміс ғалымы Александр фон Гумбольд Латын Америкасы ьерең зерттеуші 1799-1804 ж.ж. өзінің саяхаты барысында Жаңа Испания королі қазнасына сонша көп қаржы құйған ол Британия бес есе үлкен индиядан да асып түскен. әр мексиканец 10 есе көп қосымша құнды индиялықтан көп төлеген деп жазған.

XVIII ғасырдың бірінші жартысында 1821 ж Венесуэлы, Новой Гранада, Киго 1826 ж Перу, 1824 ж Мексикада ұлт – азаттық революциялар болды. Бұл елдерде бржуазия қалыптасып олар метрополияға бағынудан бас тарта бастады. 1808 ж Португалия королі семьяны Рио де Женейроға қоныс аударды. 1815 ж Бразилия Жаңа саяси статус алып Португалияның тең бөлім ідеп жарияланды.

Гайти мен Порогвайда ұлт - азаттық революциялар болды. 1792 ж гайти революциясы буржуазиялық революция болды. 1802 ж Гайтиде Туссей Лувертгордей революциясы үлкен маңызға ие болды. 1844 ж Доминикон республикасы пайда болды. перу, Чили, Бразилия 18 жаңа мемлекет пайда болды.

Тәуелсіздік алсған дас мемлекеттер шебер экономикалық саясаты нәтижесінде сыртқа товар шығару күрт өсті. Аргентина 2 есе Перу 20 есе, олар жергілікті өнеркәсіпті шет ел конкуренциясынан қорғап шет ел тоарларына кеден салығын көбейтті немесе оларды әкелмеді. Мексика мен Жаңа Гранада индустрияларды мемлекет қаржыландырды. әлеуметтік салада Боливия мен Гватемалада қауым жерін сатуды тоқтатты. Бельсу мен Корера үндістерден тартып алған жерден бір бөлігін өздеріне қайтарды.
Баќылау с±раќтары:


  1. Ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы.

  2. Латын Американың революциясының типологиясы

  3. Әлеуметтік экономикалық құру жүйесі.

  4. Латын Америкасында колониялдық жүйенің дағдарысы

  5. Ұлт азаттық қозғалыстардың басталуы

  6. Колонияларды қанау жүйесі


13 лекция. Таќырыбы: 1801-1860жж Ресей

Жоспары:

1.ХІХғ басындағы Ресей

2.1812ж Отан соғысы

3.ХІХғ екінші ширегіндегі Ресейдің сыртқы саясаты.Қырым соғысы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Материалы по истории СССР для семинарских и практических занятии.Освободительное движение и общественная мысль В России ХІХ в / Под ред.И.А.Федосова- М., 1991

2.История России / Под ред М.М.Горинова М., 2000

3.Века А.В. История России .Минск, Москва., 2003


Лекция маќсаты: ХІХ ғ бірінші жартысындағы Ресейдің саяси-экономикалық дамуын қарастыру

Лекция мєтіні :

Желтоқсандықтар көтерілісін басқан соң Ресейдің өмірінде оның тарихындағы ең реакцияшыл билеушілердің бірі І Николай «1825-1855) патшалығының 30жылдық кезеңі басталды. Замандастарының сипаттауына қарағанды І николай «білімі жағынан да, сырт пішіні бойынша да және ішкі қасиеттері мен де солдат» болған. Әкери экзерсистер (жаттығулар), шеруқұмарлық І Николай сүйікті ісі болды. Оның басқару ісіне мемлекеттік құрылысты милитарландыру, жоғары өкіметтің қуатын күшейту, саяси орталықтандыру, қоғамдық өмірдің барлық салаларын реттеуге ұмтылу тән болды.

І Николай тұсында мемлекеттік емес жаңа мекеме (орган)- Императорлық кеңес кең қанат жайды. Бұл мекеме бөлімшілері министірліктерден және т.б. мемлекеттік мекемелерден іс жүзінде жоғары тұрды.

Қоғамның рухани өмірі, мәдениеті, оқу мекемелері, университеттер үкіметтік мекемелердің аса қатаң бақылауында болды. Өзгеше ойлайтындар қудаланды, жазаланды. Ғылым мен әдебиет патшалық цензураның ұлтанының астында болды. Николайлық жүйе туралы атақты тарихшы, осы оқиғалардың замандасы С.М.Соловьев: «Фрунтовиктер (жағымпаздар) барлық үкіметтік орындарға жайғасып алды және солармен бірге надандық, зорлық-зомбылық, тонаушылық, әр түрлі бассыздықтар орнады.

Напаоеонның жеңісінен кейін самодержавиенің Еуропадағы беделі едәір күшейді. Самодержавие «Еуропаның жандарымы» міндетін өз еркімен мойнына алды. Франция мен Бельгиядағы 1830 жылғы революциялар кезінде І Николай осы елдерге контрреволюциялық интервенция дайындады. Бірақ осы державалардан қолдау таппағандықтан, бұл ойынан бас тартуға мәжбүр болды. 1848-1849 жылдары жалпыеуропалық революциялар кезеңінде «Еуропа жандарымы» тағы да орыс әскерлерін жаулап жіберуге дайын тұрды. Бірақ оқиғаның бүкіл Еуропаның қамтуы оны белсенді қимылдарын бас тартуға мәжбүр етті. Оның үстіне ұлтазаттық және революциялық толқын Ресей империясының шекараларына тоқтап қалған еді. Самодержавиенің контрреволюциялық саясаты Венгриядағы революцияны басып-жанжуда айқын көрініс тапты. 1848 жылы көктемде фельдмаршал И.Ф.Паскевич басқарған 100 мыңдық орыс күшінің алдында Венгрия әскерін тізе бүгуге мәжбүр етті. Және сонысымен патшалық «Еуропа халықтарының бостандығын тұншықтырушы» деген жеккөрінішті атаққа ие болды.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей Кавказды басып алу үшін соғыстар жүргізді. 1801 жылы Ресей Шығыс Грузияны басып алып, оны бүкіл Закавказьені өзіне қосудың тірек пункітіне айналдырды. 1806-1812, 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік және 1804-1813, 1826-1828 жылдардағы орыс-иран соғыстарының нәтижесінде Закавказье Ресейге қосылды.

1817 жылдан 1864 жылға дейін Кавказ соғысы жалғаса берді. 20-жылдардың соңында Солтүстік Кавказ мұсылмандарының арасында мүриттік кең тарады. Мүриттік әсләм шариғаттары. Негізінде рухани кемелденуді насихаттады. Кәпірлерге ғазауат қасиетті соғыс жариялау әлуметтік наразылықпен ұштасты. Мүриттік қозғалыс бүкіл Солтүстік Кавказды қамтыды. Бірақ қозғалыстың орталығы Шешенстан мен Таулы Дағыстан болды. 1834 жылдан қозғалысты ұлты авар Шәміл (1799-1871) басқарды. Ол Дағыстан мен Шешенстанның көтерілген халықтарының басын біріктірді, берік діни мемлекет және соғысқа қабілетті әскер құрды. Таулық халықтардың аса көрнекті ұйымдастырушысы, дарынды әскери және рухани көсемі Шәміл 1840-1843 жылдары патша әскеріне біраз соққылар берді. Бірақ күш тең емес еді. Қырым соғысының Кавказ майданында Ресей әскерлерінің түркітерді жеңуі, соғыстан басталған күштерді апару Шәміл көтерілісінің жеңісіне әкеп соқты.

1830-1831 жылдардағы поляк көтерілісі, Қазақстандағы 30-40 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс сияқты ресейлік отарлаушылыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер де осының аяғын құшты. Ресей империясы өзінің құрамындағы барлық халықтардың түрмесіне айналды. Дегенмен, басыбайлылылқ және самодержавиенің әскери полицейлік тәртібіне қарсы орыс халқының ашу-ызасы да шегіне жеткен болатын.



ХІХ ғасырдың 30-40 жылдардығы Ресейдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар. Желтоқсандықтарды қатыгездікпен жазалау Ресей самодержавиесінің тек революциялық қозғалысқа ғана қарсы емес, сонымен қатар бостандық жайлы ойдың қандай да болмасын көріністеріне қарсы отыз жылдық жорығының басы болды. Желтоқсандықтар қозғалысының талқандалуы көп адамдарда торығу, дағдарыс және үрей, жаөсы болашаққа сенімсіздік тудырды. Алайда сенат алаңындағы зеңбіректердің гүрсілінен оянған күрескерлердің жаңа буыны қолға қару алды. А.И.Герцен желтоқсандықтар туралы: «Осы адамдар өздері асылған дар ағашының биігінен жаңа буынды рухтандырды, байланған көздерін ашты», - деген еді.

Белинский мен Герцен ресейдегі азаттық қозғалыстың жаңа, революцияшыл-демократиялық кезеңін дайындады. Бұған дәлел 40-жылдарда ұйымдастырушылардың бірі М.В.Буташевия-Петрашевскийдің атымен аталған революцияшыл үйірмелердің құрылғандығы.

М.В.Буташевия-Петрашевский (1821-1866) двориян отбасында туған, патша лицейнде, одан соң Мәскеу университетінде оқыған, 1844 жылдан Сыртқы істер министрлігінде аудармашы бола жүріп, жұма сайын өз пікірлестерімен жиналыс ұйымдастырылды.

М.В.Буташевия-Петрашевскийдің үйірмелері ойшыл жастарды топтастырды. Қатысушылардың арасында М.Е.Салтыков-Щедрин, Ф.И.Достоевский, ақындар А.Н.Майков, А.Н.Плещеев және т.б. болды.

Белинский , Герцен петрашевшілер революциялық насихат жүргізу арқылы қоғамда басыбайлылыққа қарсы идеялар мен көңіл-күйдің кең таралуына әсер етті, сөйтіп, басыбайлық құқының жойылуын тездетті.

Қырым соғысы. Басыбайлылы қ құқыны жою.

Өндіргіш күштерін басыбайлықпен самодержавие бұғауынан Ресейдің артта қалушылығы ХІХ ғасырдың ортасына қарай қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінді. ХІХ ғасырдың бас кезінде еркін жалдамалы еңбекке негізделген мануфактура бірінші орынға шықты. 30-40 жылдары елде өнеркәсіп төңкерісі басталды. Мақта өнеркәсібінің алғашқы фабрикалары пайда болды. Бірақ ірі машиналы индустрияның іргетасы – тау-кен өнеркәсібі әлі де басыбайлық еңбек негізінде жұмыс істеді.

Тез қарқынмен дамыған батыс еуропамен салыстырғанда, әлі де өгізге мінген құлдардың – басбайлы шаруалардың еріксіз еңбегі үстем Ресей мешеу қалған еді. Ресейде жаңарулар басталуы үшін сыртқы түрткі күш қажет болды. Осындай оқиға – николайлық Ресейдің Англия және Франциямен әскери қақтығысы - 1853 -1856 жылдардағы Қырым соғысы болды.

Қырым соғысы: 50-жылдардың бас кезінде «Шығыс мәселесіне» байланысты халқаралық жағдай тағы да шиеленісті. Ресей Қара теңізден Жерорта теңізіне шығатын бұғаздар әлсіреген Түркияның қолынан күшті еуропалық мемлекеттерге ауысады – ау деп қауіптене бастады. Англия, Австрия, Франция Ресейді бәсекелес ретінде жоюды көздеп, Түркияны соғысқа айдап салды. Закавказьедегі және Қара теңіз жағалауындағы біраз жерледі алу мақсатында Осман империясының өзі де Ресеймен соғысуға мүдделі болды. Сөйтіп, Ресейге қарсы еуропалық мемлекеттердің коалициясы құрылды.

Соғыс қимылдары Ресей үшін әуелі сәтті болды. 1853 жылы қарашада Синоп шығанағында орыс және түрік флоттарның шайқасы өтті. Орыс эскадрасын көрнекті флот жеткешісі вице-адмирал П.Нахимов (1802-1855) басқарып, жеңіске жетті.

1854 жылы наурыз айында Англия мен Франция Ресейге соғыс жариялады. Ағылшын-француз эскадрасы Одессаны бомбылады, ал екінші эскадра Балтық теңізіне еніп, Кронштадқа қауіп төндірді.

1854 жылы күзде одақтастар Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі тірегіне - Севастопольге соққы берді.

Севастополь қорғаушылары ауыр адам шығындарына ұшырады. В.Корнилов,П.Нахимов, В.Истомин сияқты адмиралдар қаза тапты. Орыс әскерлері 1855 жылы қыркүйекте астында 80 мың севастопольдықтар көмілген қаланың түтігіне орналған қалқайған қабырғаларын ғана тастап шықты.

Орыс әскерлерін Карс қамалын алып, закавказьеде ірі жеңіске жеткенімен Севастопольдің құлауы соғыстың нәтижесін алдын-ала көрсетті. 1856 жылы наурызда Париж бітім шартына қол қойылды. Бітім шарттың Ресей үшін ауыр болды.Одан Бессарабияның бір бөлігі «кесіліп» алынды. Севастополь, Евпатория, Керчь үшін Карс Түркияға қайтарылды. Ең ауыры Ресейге Қара теңізде әскери флот ұстауға тыйым салу болды. Ресей Еуропада абройынан айрылды. Қырым апаты Ресейдің феодалдық қоғамдық және саяси мешеулігі әскери артта қалуының себебі екендігін көрсетті. Соғыс патша үкіметін буржуазиялық реформалар жүргізуге, ең алдымен басыбайлық құқын жоюға кірісуге мәжбүр етті, елдегі революциялық ахуалдың пісіп-жетілуін тездетті.



Ресейде басыбайлық құқын жою: Қырым соғысынан кейін бүкіл дүние жүзі алдында Ресейдің техникалық және экономикалық, мешеулігі басыбайлық салдары екендіген көз жетті. Шаруаларды феодалдың қанауы жер өндірушілердің ынтасын тұсаулады, ауыл шаруашылығының дамуын бұғаулады, капиталдың құралуына кедергі жасады, техниканың дамуын және таралуын тежеді, бос еңбек күшін пайдалануды қиындатты.

Қырым соғысы еңбекшілердің жағдайын нашарлатты. Басыбайлық құқын жою туралы мәселе ХІХ ғасырдың ортасында қоғамдық-идеялық күрестің туы болды. Шаруалардың мүддесін қорғаушылардың оларды шын мәнінде босату үшін күрескерлердің алдыңғы легінде Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов А.И.Герцен мен Н.П.Огарев сияқты революционер – демократтар тұрды.

Басыбайлық құқын жоюдың негізгі заңды құжаты болып табылатын 1861 жылдың 19 ақпаны күні қабылданған «Ережелер» Ресейдің 45 губерниясындағы басыбайлық тәуелділіктен шығатын шаруалардың экономикалық және құқылық жағдайын анықтады. Сондықтан феодалдық- басыбайлық қалдықтарына қарсы күрес, помещиктердің қолындағы жер үшін күрес- реформаланған кезеңдегі шаруалар қозғалысының мазмұны осы болды. 1861 жылғы реформа 1905 жылғы революцияға ұласқаны кездейсоқ емес.

Барлық теріс жақтарына қараиастан, 1861 жылғы реформа Ресей тарихындағы ірі бетбұрыс болды. Ол Ресейдің буржуазиялық монархияға айналу жолындағы қадамы еді. Баяу болса да, бірте-бірте капиталистік өндірістік қатнастар қарқын алып, дами түсті.

Баќылау с±раќтары:

1.І Александрдің либералды саясаты

2.Напалеоннің Ресейге жорығы.1812ж Отан соғысы

3.Декабристер қозғалысы

4.ХІХғ Ресей
14 лекция. Таќырыбы: ХІХғ 40-60жж жылдарындағы халықаралық жұмысшылар қозғалысы

Жоспары:

1.ХІХғ 30-40жж жұмысшылар қозғалысының дамуы, олардың бытыраңқы сипаты

2.Марксизм ілімінің туындауының тарихи алғышарттары мен едеялық қайнар көздері

3.І Интернационалдың құрылуы мен қызметі


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1

Лекция маќсаты: ХІХғ 40-60жж жылдарындағы халықаралық жұмысшылар қозғалысы туралы түсінік қалыптастыру

Лекция мєтіні :

Жұмысшылардың бұқаралық интернационалдық ұйымы Бірінші Интернацоналды құрудың тарихи жағдайлары. «Пролетариаттың халқаралық тұңғыш ұйымы – «Комунистер одағы» әр түрлі елдердің жұмысшыларының халқаралық ынтымақтастық идеясын жариялаған болатын. Бірақ «Комунистер одағының» не бары жүздеген мүшесі ғана болды, соныдықтан бұқаралық ұйым бола алмады, өйткені 1848-1849 жылдардағы революциялар кезінде жұмысшыларға утопиялық социализм мен ұсақ буржуазиялық демократтар күшті ықпал етті.

1848-1849 жылдардағы революциялардан кейін жаңа экономикалық өрлеудің басталуына байлансты жақын арада жаңа революциялық толқу болады деп күту қиын болғандықтан, К.Маркс комунистерінің жұмысшылар бұқарасымен байланысын нығайту жолында ұзақ уақыт жүргізетін жұмысқа көшу қажет деген қорытындыға келді.

Капитализімнің дамуы болашақта бұқаралық жұмысшы қозғалысының жаңа өрлеуін туғызбай қоймайтындығына Маркс кәміл сенді және солай болып та шықты. 50-60 жылдары капиталистік өнеркәсіптің өсуі Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы алдыңғы қатарлы елдеріндегі жұмысшы табы санының тез өсуіне мүмкіндік туғызды. Шамамен әрбір 10 жыл сайын қайталанып тұратын артық өндіру экономикалық дағдарысы кезінде жұмысшылардың жағдайы ерекше нашарлап кетті.

Ірі бұқаралық стачкалар кезінде кәсіпкерлер, әсіресе ағылшын кәсіпкерлері олардың орнына басқа елдерден жұмысшыларды шақырды. Мұның өзі жұмысшылардың өз таптық мүдделерінің ортақтығын және капиталистерге қарсы күресте пролетариаттың интернационалдық ынтымақтастығының қажеттігін түсінуге жағдай жасады. Жұмысшылар ереуілшілерді өз елінде де, шетелде де қолдап отырды, оларға жәрдем ретінде едәуір қаржы жинап берді.

Пролетариат өзінің экономиалық күресін, демек жұмыс күнін қысқарту жалақыны көбейту , еңбек жағдайларын жақсарту жолындағы күресті күшейте түсті.

Дүниежүзілік тарихтың басты оқиғалары, әсіресе Европа мен Қытайда буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі, Россияда крепостниктік правоның жойылуы, АҚШ-тағы азамат соғысы алдыңғы қатарлы жұмысшылардың саяси өмірге қатысу жөніндегі ынтасын арттырды.


  1. жылы Польшада көтеріліс бұрқ ете түсті. Оған орыстың және батыстың революцияшыл демократтары мен алдыңғы қатарлы жұмысшылары зор тілектестік білдірді, бірақ патша үкіметі көтерілісті аяусыз басып тастады. Ирландияда ағылшынның отарлық езгісіне қарсы азаттық қозхғалысы өрши түсті. Бұл оқиғалар алдыңғы қатарлы жұмысшыларды саяси күреске қатысуға итермеледі, олардың капиталистік қанау мен ұлттық езгіге қарсы күресте әр түрлі елдер пролетариатының мүддесі ортақ екені жөніндегі санасын дамытты.

Сонымен, капиталистік өнеркәсіптің одан әрі дамуы барысында капиталистік қанауға, буржуазия мен помещиктердің саяси езгісіне қарсы күресте, ұлттық езгі мен басшылық соғыс өсіп отырған жағдайда жұмысшылардың интернационалдық ынтымақтастығы барған сайын анық көріне бастады. Әр түрлі елдер жұмысшыларының қимылын біріктіру үшін пролетаритаттың интернационалдық бұқаралық саяси ұйымы қажет еді.

І Интернационалдың негізін қалау. 1864 жылы 28 қыркүйекте Лондонда жұмысшылардың үлкен халқаралық митингісінде Жұмысшылардың Халқаралық Серіктігін құру туралы шешім қабылданды. Бұл кейінен І Интернационал деп аталды. Жиналысты басқарушылар арасында, президум столы басында Карл Маркс отырды. Жиналыс Комитет сайлады, оның құрамында неміс жұмысшылары өкілі ретінде Маркс те кірді. Бұл комитет кейін І Интернационалдың Бас советі деп аталды. К.Маркс Жұмысшылардың Халқаралыө Серктігінің іс жүзіндегі басшысы болды.

Жұмысшылардың халқаралық Серіктігін ұйымдастырудың мақсаттары мен себептері.

Маркс І Интернационалдың «Құрылтай манифесі» деген негізгі програмалық документін жазды. Оны бас совет бірауыздан бекітті. Пролетариаттың социалистік қоғамдағы сыртқы саясатының принципі - бейбітшілік, өйткені баршаның бір ғана әміршісі болмақ,- ол- еңбек.

Жұмысшы табының мақсаты оның «экономикалық азаттығы» ал саяси күрес осы ұлы мақсатқа жеткізетін құрал болуға тиіс. Жұмысшылардың Халықаралық Серіктігі әр түрлі елдердегі жұмысшы қозғалысының күштерін жұмысшы табын дамытып, оны толық азат ету біріктіруге тиіс.

«Құрылтай манифесі», «Комунистік партияның манифесі» идеяларын одан әрі дамытты және капитал мен ұлттық езгіге қарсы күресте жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы қажеттігін көрсетті.

Жұмысшылардың Халықарылық Серіктігі құрылған кезде әр түрлі елдердің пролетариаты дамудың түрліше кезеңінде болды. Оны ұйымдастыру ыормалары мен оған қатысушылардың көзқарастары бірдей болмады, сондықтан да І Интернационалға әр түрлі типтегі ұйымдарды - кәсіподақтарды, кооперативтік бірлестіктерді, саяси топтарды қабылдау жөнінде шешім алынды. І Интернацоналға қабылданған кез келген ұйымға кіргендердің әрқайсысы оның мүшесі болып саналды. І Интернационалдың әр елдегі бастауыш ұйымдары оның секциялары болып аталды.

І интернационалдың жоғары органы крнгрес болды, оған секциялар өкілдері жиналды. Конгрес І Интернационалдың атқарушы органы болып табылатын Бас Советі сайлады. Секциялар конгрестер аралығында Бас Советке бағынды. «Комунистер одағындағы сияқты» І Интернационалдың уставы да демократиялық централизм принципінде құрылды.


Баќылау с±раќтары:

1.ХІХғ 30-40жж капиталистік қоғам қайшылықтарының шиеленісуі

2.Коммунистер одағының құрылуы мен қызметі

3.ХІХғ 50 жжбасы мен 60жж жұмысшылар қозғалысының өрлеуі



15-лекция. Таќырыбы: ХҮІІғ аяғы мен ХІХғ 60жылдарындағы мәдениеттің дамуы

Жоспары:

1.Жаратылыс ғылымдары мен техника

2.Әдебиет

3.Музыка


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1



Лекция маќсаты: ХҮІІғ аяғы мен ХІХғ 60жылдарындағы мәдениеттің дамуын қарастыру.

Лекция мєтіні:

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Осының нәтижесінде адамның бұрынғы сенім-нанымдары адамның ақыл-ойын бұғаулайды, өзінің шексіз мүмкіндігін пайдалануына кедергі жасайды деген қорытындыға келді. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім коғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни немесе саяси бедел иесіне негізделген көзкарастар теріске шығарыла бастады.

Ағылшын философы Джон Локктың пікірі бойынша, барлық білім тәжірибеден жинақталады, соның негізінде ақыл-ой төртіпке келтіріледі. Адамда жоғары тұрған күштің, яғни Құдайдың барлығы туралы туа біткен түсінік болмайды. Локк баланың санасы таза парақ секілді, кейін оған өмірлік тәжірибелер өз таңбасын түсіреді деп тұжырымдады. Адамдар табиғатынан тең бол-ғандықтан, философ барлық адам үшін бірдей еркіндік пен құқық болуын талап етті.

Француз ойшылдары Монтескье, Д.Аламбер, Дидро, Волътер көзқарастары Локк тұжырымдамаларына сәйкес келгенімен, көп жағдайда бір-бірінен қашық кетіп отырды. Олардың бәріне тән нәрсе — адам ақыл-ойының құдіреттілігіне және адамның дүниені жақсарту қабілетіне деген сенімдері болды. Ағартушылың идеология өмірдің көптеген жақтары мен өнер салаларында: көркемөнер түрлерінде, жанрларында, бағыттарында көрініс тапты.

Коперниктің көзқарастарын бөліскен тамаша ғалым Галилео Галилей (1564—1642) механика, физика және астрономия салаларында көптеген жаңалықтар ашты. Ол әлемде түңғыш рет өзі жасаған телескоп арқылы аспан әлемін бақылады. Нәтижесінде: жай көзбен қарағанда аспанда көрінбейтін жүлдыздардың әлдеқайда көп екендігі; Айдың бетінде Жердегі сияқты таулар болатыны, Күн бетінде дақтар бары; Юпитердің серіктері бар екені анықталды. Көптеген бақылаулар Коперник пен Бруно көзқарастарының дұрыстығын дәлелдеді.

Осыдан кейін Галилей «Әлемнің басты жүйелері—Птолемейлік және Коперниктік туралы диалог» деп аталатын жеке еңбегін жариялады. Коперниктің көзқарастарын автор өз атынан
емес, еңбегінің кейіпкер арқылы жеткізгенімен, бұл сақтығы оны сақтап қала алмады. 1633 жылы
қарт Галилей инквизиция сотына тартылды. Азаптау, дарға асу қаупі оны өз көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр етті, дегенмен ғалым өле-өлгенше ғылыми іздешстерін тоқтатқан жоқ.

Ғылымдар тарихындағы бүтін бір кезеңді ағылшын ғалымы Исаак Ньютон еңбектері құрайды. Өзіне дейінгілердің жетістіктеріне сүйене отырып, ол әлемнің жаңа келбетінің пайда болуын, математика мен механиканы қоса отырып негіздеді.

Өзінің ең басты «Табиғат философиясының математикалық принциіптері» (1687) деген еңбегінде ғалым әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Ньютон бүкіл табиғат математика мен механиканың накты заңдарына бағынышты деп оқытты. Ол механикалық қозғалыс және жарықтың таралу заңдарын, математикалық есептеулердің жаңа әдістерін ғылымға енгізіп, көптеген жаналықтар ашты. Ньютонның жаңалыктары ғылымның дамуына ғана емес адамдардың дүниетанымнаа да орасан зор әсер етті.

XVII ғасырдағы Еуропа ғылымы мен мәдениетіндегі елеулі құбылыстардың бірі — неміс ғалымы және философы Готфрид Вильгелъм Лейбниц (1646—1716) шығармашылығы болды. Оның мүдделерінің кеңдігі таңғаларлық ол сол кезеңдегі ғылымның барлығымен айналысып, физика мен геологияда, заңғылымымен тарихта өзінің ізін қалдырды. Әсіресе математика саласына сіңірген еңбегі орасан. Ньютонмен бір мезетте, бірақ басқа тәсілдер арқылы дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізін қалады. Ол жасаған есептеуіш машинаға бүкіл Еуропа таңдай қакты, бу двигательдері идеясы да оған тиесілі. Ғұлама ойшыл барлық ғылымдарды біріктіретін ортақ негіздерге көңіл аударып, білімдердің бірлік идеясын әзірледі. Философиядағы жаңа идеялар. Астрономия саласындағы жаңалықтар әлемнің құрылымы антикалык және шіркеулік бедел иелерінің уағыздағанынан әлдеқайда бөлек екендігін дәлелдеді. Ізденімпаз ойшылдар: «Шындығында, әлем неден тұрады, оны қандай заңдар билейді?» деген сұрақтарға жауап іздей бастады. Әлемді математика мен механика көмегімен түсіндіруге, сипаттауға талпыныстар пайда бола бастады. Тәжірибе мен сынаққа көбірек көңіл аударылды, дегенмен сана әлі де болса өз өктемдігін жүргізді. XVII ғасырдың ұлы ғалымдары мен философтары діни сенім адамдары болды, бірақ та олардың сенімдері ғылыми еңбектері мен өздерін шіркеулік қудалаулардан сақтап қала алмады.

Ағылшын философы, мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэкон (1561—1626) үлгілі қоғам жөне мемлекет, адам бақыты, ғылымдардьщ дамуы төңірегінде ойлап, еңбектер жазған. Фрэнсис Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабында таңғажайып арал тұрғындары бақытының негізі, белгілі ағылшын гуманисі Томас Мор ойлағандай әділетті қоғам құруында емес, техникалық өнертабыстары болатын. Бэкон ғылымның басты мақсаты адамның табиғатқа өктемдік жүргізу жолдарын іздеп табуында дейді. Ол дүниені танып-білу жолдарындағы барлық кедергілерді жоюға болатындығын, ғылымның гүлденуіндегі басты мәселе теорияны бақылау мен сынақ негізінде құру және оны тәжірибе арқылы тексеру деп білді. Ойшылдың еңбектері эмпиризмнің дамуына жол ашты.

Эмпиризм (грек. етреіrіа — тәжірибе) дүниені танудың бірден-бір көзі—түйсіну және сезімдік тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт.

Ұлы француз философы әрі математигі Рене Декарт (1596—1650) Бэконға қарағанда тәжірибеге, бақылауға және сезім органдары арқылы қабылдауға сын көзбен карады. Оның таным процесіне көзқарасы рационализм идеясына негізделді. Математик ретінде Декарт геометрия саласындағы еңбектерімен, ғылымға «Айнымалы шамалар» ұғымын енгізумен белгілі. Философ Декарт әлемді танып-білудегі адам санасының мүмкіндіктеріне сенді, әлемнің құрылысы туралы діни көзқарастарын математикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Декарттың көзқарастары Еуропадағы ғылым мен философияның дамуына зор ықпал етті.

Ұлы неміс астрономы Иоганн Кеплер 1571 жылы 27 желтоқсанда Германияның шағын Вейльдер-Штадт құлашығында дүниеге келді. Оның еңбектерінің құндылығы тек планета қозғалысы заңдарын ашумен ғана шектелмейді. Кеплердің басты еңбегінің бірі—ол Коперниктің әлем жүйесі туралы ойларының астрономияға орнығуына көмектесті, бұл үшін ол кезде үлкен батылдық керек еді.

Кеплер физикаға да елеулі үлес қосты. Ол тартылыс табиғатын түсінуге жуықтап барды, физикаға «инерция» терминін енгізді. Инерцияны тыныштықта тұрған дененің қозғалысқа қарсыласу құбылысы деп есептеді. Г.Галилей былай деп жазды: «Мен Кеплерді оның еркін және терең ойы үшін әрқашанда жоғары бағалаймын».

Суретшілер. XVIII ғасырда француз сарай кескіндемешілері—Антуан Ватто (1684—1721), Франсуа Буше (1703—1770), Оноре Фрагонар (1732—1806) өздерінің асқан шеберліғімен танымал болды. Олардың картиналарының басым бөлігі—ақсүйектердің портреттері, лирикалық көріністер мен пейзаждар, мифологиялық сюжеттерден құралатын. Мысалы, сол кезеңнін өкілі Жан-Батист Симеон Шарденнің (1699—1779) полотноларынан біз шаруалар мен қолөнершілердің, қызметші әйелдердің бейнесін—қарапайым халықты көреміз.

Кескіндеме өнерінің дамуына елеулі үлес косқан ағылшын суретшісі УильямХогарт (1697—1764) пейзаж, портрет өнерінің тамаша шебері саталады. Ол сатиралық жанрда, әсіресе ағылшын ақсүйектері мен буржуазияның өмірінен тұрмыстық көріністер жасаған.

Музыка. Ағартушылық рухы, үздіксіз ізденістер, алға үмтылу XVIII ғасырдағы музыка өнерінің дамуына да әсерін тигізді. Музыка (халық музыкасы мен фольклорын еселтемегенде) ұзақ уақыттар бойы шіркеуге қызмет еткен болатын. Бірақ осы шектеулерге қарамастан сұлулығы мен ұлылығы жағынан теңдесі жоқ шығармалар дүниеге келді.

Немістің екі ұлы композиторы Георг Фридрих Гендель (1685—1759) мен Иоганн Себастьян Бах (1685—1750) шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашып, оны биікке көтерді. Жарты ғасырға жуық уақытын Лондон соборына қызмет етуге арнап, таңғажайып туындыларды дүниеге әкелген Гендельді шын мәнінде ағылшын композиторы ретінде де тануға болады. Неміс шіркеулерінде органда ойнаудан бастаған Бахтың құдіретті де терең музыкасы шіркеулік музыканың нағыз шынайы музыкаға айналуындағы алтын көпір болды. Ұлы композитордың жаңашылдығы мен таланты бірден бағаланған жоқ. Бұл тек 80 жылдан кейін, Бах қайтыс болғаннан соң ғана болды. Осы жылдар аралығында оньщ ноталары жазылған көптеген қолжазбалары ізсіз жоғалған болатын.

XVIII ғасырда еуропалықтардың материалдық және рухани өмірі өлшеусіз байып және кеңейе түсті. Әдебиет туындылары, бейнелеу өнері, музыка әркімнің игілігіне айналмаса да, ағарту дәуірінің іздену кеңістігі мен қажымас еңбек қоғамды тұтас қамтыды.
Баќылау с±раќтары:

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Қай ғалымдар қазіргі жоғары математиканың негізін қалады?

  3. Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер

  4. XVIIХVIII ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы дамуының маңызы қандай

5.Осы дәуірдегі өнер туралы не білесіңдер
16-лекция. Таќырыбы: Индустриялық өркениеттің жаңа кезеңі (1870-1918жж)

Жоспары:

1.Еркін капитализмнің империализмге өтуі

2.Империалистік елдердің қоғамдық құрылымындағы, мемлекеттік құрылысы мен саяси жүйесіндегі өзгерістер

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1



Лекция маќсаты: Индустриялық өркениеттің жаңа кезеңінің қалыптасуын қарастыру

Лекция мєтіні :

ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарымен ХХ ғаысрдың басы капиталистік даму жолындағы елдердің өндіргіш күштерінің жедел даму кезеңі болды. Өндіргіш күштердің өсуі үшін өндіріс құралдарын машиналарды жасап шығарудың көлемін ұлғайтудың зор маңызы бар еді. 1870 жылдан бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа (1914ж) дейін машина жасау көлемі 5,5 есеге өсті.

Энергетика саласында ұлкен өзгеріс болды. Су құбырлары қазандары мен бу трубиналарын пайдалану көмірді тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Электр мен іштен жанатын двигательдер буды ығыстырды. Қуатты су электр станциялары салына бастады.

Дамыған мемлекеттер - АҚШ, Германия, Англия, Франция т.б. экономикасында химия, электортехника, автомабиль және ұшақ жасау жедел өркендей бастады.

Өндіргіш күштердің дамуы көлік пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызды. Солтүстік Американы, Азия мен Африканы кесіп өтетін темір жолдар салынды.

ХІХ ғасырдың соңындағы бу флоты желкенді кемелерді ығыстырып шығарды. Әлемдік флот тоннажы ХІХ ғасырдың 70 жылдары 1 млн тоннадай болатын, ал 1913 жылы ол 33 млн тоннаға дейін жетті.

Байланыс құралдарының дамуы континенттер мен алыс аудандарды жақындатуға септігін тигізді. Бұған телефонның, дыбыс жазатын фонографтың, радио және киноның шығарылуы зор үлес қосты.

Сондай-ақ баспа ісінің жетілуінен кітаптар мен газеттердің таралымы көбейді.

Ғылымда көптеген жетістіктеге қол жеткізді. Ол материя құпияларын шешуге таяды. Сондай-ақ атомның бөлінгіштігі мен радиоактивтілік жөнінде жаңа білімдер пайда болды. Дәрігерлік жетістіктеге жетті. Географиялық ашулар, Солтүстік және Оңтүстік полюстерге қадам басу адамдардың планета туралы білімдерінің кеңеюіне мүмкіндік берді.

Әбебиет пен өнер саласында да үлкен табыстарға қол жетті. Көптеген елдер мен халықтар арасында тығыз мәдени байланстар орнады.

Алайда ғылым мен техника жаңалықтарын әскери техника мен адамдарды қырып-жоюға арналған құралдарды (пулеметтер, алысқа ататын зеңбіректер, танкілер, сүңгуір қайықтар) дамыту мақсатына пайдалануы олардың жағымсыз жақтары болып табылды.

Капиталисік дамудың жаңа сатысы – қаржы капиталының үстемдік ету кезеңі. Жаңа өндіргіш күштер жоғары деңгейде дамуы өндірісті ұйымдастырудың жаңа кезеңіне көтерілуіне жағдай жасады. 1870 жылдың соңында жас капиталистік мемлекттер АҚШ пен Германияда, жаңа басқа мемлекеттерде капитал мен өндірісті шоғырландырған, бұрын еш жерде болып көрмеген ұйымдар қалыптаса бастады.

Алғашқыда ірі кәсіпорындар мен банктер арасында бәсекені уақытша тоқтату жөнінде келісімдер болды. Капиталистік шаруашылықтың дамуына байланысты монопалистік бірлестіктер әр түрлі үлгілерде пайда болды.

Көптеген банкирлер кәсіпорындарды иеленсе, ла кейбір өнекәсіп иелері өз банктерін құрды. Өнеркәсіп және банк капиталы бірігіп, ірі күшке айналды. Мұның өзі олардың қосыла келе қаржы капиталын құруына жеткізді.

ХХ ғасырыдың басында қаржы капиталы аз ғана ірі кәсіпкерлердің қаржы капиталы алпауыттарының қолына шоғырланды.

ХХ ғасырдың басында капитализмнің дамуы толық қалыптасқан жаңа кезеңнің маңызды белгілері мыналар:Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы, корпорациялар мен монополиялық үлгідегі фирмалардың пайда болуы: банк капиталының шоғырлануы және банк монополияларының пайда болуы.

1900-1913 жылдардың өзінде ірі капиталистік елдердің шетелге шығаратын капиталдың өз елінің экономикасына жұмсаудан гөрі шетелге шығаруды артық санауды метрополиялардың дамуына кедергі жасады.

1910 жылы Англия, АҚШ, Франция, Германия қаржы алигархиясының қолында барлық акциялардың 80 %-тен астамы шоғырланды. Буржуазия өкіметінің түсуіне қарай капиталистік мемлекеттер өз отарларын ұлғайтуға тырысты.Ірі және халқы тығыз орналасқан отарлар ескі отаршыл мемлекеттер: Англия, Франция, Бельгия, Португалия, Нидерланды және Ресейдің қарамағында болды. Ал жас державалар АҚш пен Германия отарлау саясатына кеш келгендіктен, отарлары аз болды. ХІХ және ХХ ғасырдың тоғысында дүние жүзін бөліске салу үшін империалистік соғыстар басталды. Мысалы, ағылшын-бур соғысы (1889-1902), испан-американ соғысы (1898ж), орыс – жапон соғысы (1904-1905).

Сонымен, қаржы капиталының үстемдік етуі кезіндегі империалистік саясаттың негізгі белгілері мыналар: 1) капиталды шетелге шығару; 2) дүниежүзін экономикалық бөлісу; 3) дүниежүзін аумақтық бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісу үшін күрес.

Бақылау сұрақтары.


  1. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарымен ХХ ғаысрдың басы капиталистік даму жолындағы елдер

  2. Энергетика саласында ұлкен өзгерістер.

  3. Дамыған мемлекеттердің жағдайы.

  4. Алғашқыда ірі кәсіпорындар мен банктердің жұмысы.

  5. 1910 жылы Англия, АҚШ, Франция, Германия қаржы олигархиясының жағдайы.



17- лекция. Таќырыбы: Париж коммунасы

Жоспары:

  1. Соғыстың себептері мен барысы

  2. 1871 жылғы 18-наурыз революциясының себебі мен сипаты.

  3. Париж Коммунасына сайлау және әлеуметтік шаралары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. К. Маркс Францияның азамат соғысы. Таңдамалы шығармалары,

I том, Алматы, 1956ж

  1. История Парижской Коммуны 1871ж

  2. Протоколы заседаний парижской Каммуны. 1871. М...., 1959, I том.

  3. Парижская Коммуна 1871 г. в дакументах и материалах. М...., 1925г.


Лекция маќсаты: Париж коммунасы туралы түсінік қалыптастыру
Лекция мєтіні :

1869-70 жылдары Францияда бонапартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Европада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықты басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. “Европаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Европада Францияның ықпалы орнайды” – деп ойлайды. Германияның бытыранқылығынсақтап қалуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды.

Осындай жолдармен бонопартистер өз династиясын күшейтуді армандады. Бонапартистер жеке мүддесінен шыққан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды. Себебі Пруссия аяқтағысы келді. Германияның төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияның қосылмаған төрт мемлекетінің қосылуына кедергі жасағысы келеді. Пруссия бұл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды.

Германияның алдына қойып отырған мақсаты елді біріктіру. Бұл соғыс Пруссияның тарапынан обьективті соғыс болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықтар аяқталды. Енді соғысқа бір сылтау керек болды. Бұл сылтау Испанияның тағына мұрагер отырғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында королева Изабеллақуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге ұсынды. Бұны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты. Бисмарк бұл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бұны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министірі Лебеф былай деді: “Біз соғысқа дайынбыз, өте дайынбыз” – деп мәлімдеді. Франция соғысқа дайын болмай шықты. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары қанша күш барын білмеді Жәшіктердегі оқ-патырондар орнына құм толтырып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабылуға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әсерлері үш рет қатты соққы берді. 4-тамызда Виссамбурк түбінде, 6-тамызда Фервахата соққы берді. Бұл хабарды естіген Француз халқы демонстрацияға шықты. Францияның армиясы бұл үш соққыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бұйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бұл империяның бет пердесін ашып берді. II – империяның дағдарысқа ұшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбегіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1878 жылы 4 – қыркүиекте Париж халқы республика талап етті. Бұл 4-қыркүйек кенгі революция республикашылар буржуазияның басшылары Гембетта және Жюль Фабр болды. Халықтың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің құрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің құрамын олардын олардан бұрын жариялап жіберді. 1870 жылы бастаған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды. Бұл революция буржуазиялық демократиялық революция болды. Ревалюцияның жасалуы мен республиканың жариялануы Франко – Прусс соғысының сипатын өзгертті. Франция тарапынан бұл соғыс енді Отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Францияның халқына енді Германиядан қорғау керек болды. Сондықтан ұлттық қорғаныс үкіметі деп жариялады.

Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бұдан үкімет қортынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19 – қыркүйек күні 130 мың әскермен Парижді қоршады. Базен әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27 – қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады. Бұл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды құрылды. Елдің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтердің ішінде бірінші интернационалдың секцияларының мүшелері жұмыс жасады. Ұлттық гвардия құрды. Орталық комитет ұйымдастырылды. Бқл белсенділіктерді буржуазия ұнатпады. Олар бланкистерді тұтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, қарсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бұл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің әрекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі әскер шығарып бұл көтерлісті бастап тастағысы келді. Трошю үкіметі ұлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жұмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктен бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының бірілуін сұраған жоқ. Себебі олардың берілмейтінін білді. Францияның басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Қай заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы – халық.

1871 жылы 18 – қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Ұлттық сайлау өтті онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілді А. Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А. Тьер тек өзі байыған үстіне бай беру арманынан таймаған адам.

1871 жылы 26 – ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 – млрд. Франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді.
Париж қаласында кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға көндірді. Неміс әскері 1 – наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс әскері 1 – наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған иттер мен мияаулаған мысықтар қарсы алды. Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық түрды. 3 – наурыз күні ұлттық жиналыс өзінің отырысында Франкфурт келісіміне көніп Бисмаркке тапсырды. Париждың халқын неміс әскерлерінің қолымен бағындырмақ болған француз өкіметінің үміті жүзеге асқан жоқ. Париждың қарулы халқын қарусыздандыру үшін оларды көшеге түрткілеп шығару керек болды. Ол үшін ұлттық гвардия әскерлерінің онсызда аз жалақысын азайтты. Қала тұрғындарын қарыздарын екі жетінің ішінде төлеуді талап етті. Бұның бәрі Парижді шыдамнан шығару үшін істелді.

Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рұқсат алды. 12 – Тьер әскері Монмартр билігінде тұратын ұлттық гвардия қолындағы артиллерияны бастап алғысы келді. Тьер әскері Монмартр билігіндегі зеңбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версалға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлттық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18 – наурыз күні өкімет өз қолына алды.



Бланкистер де, неоякобиндіктер де Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Ұлттық гвардияның Орталық Комитетінің айқын жоспары болған жоқ. Бұлар халықтың белсенділігі мен Париждің тізгінін өз қолына алды.

1871 жылы 18 – наурыздағы революция стихиялы, ойламаған жерден болған революция болды. Орталық комитет революцияны алдын-ала дайындаған жоқ. Варле, Асси тағы басқа да көрнекті қайраткерлер де дайындамады. Кешке қарай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді.

Осы кезде ұлттық гвардия не істеуі керек еді?

Біршіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді.Екіншіден, үкіметті тұтқындау керек еді.Алайда бұлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ.

Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын ұстанды. Орталық Комитет мүшелерінің “мейрімділігінің” себебі азамат соғысы шығып кетеді деп қауіптенді. Олар бұл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындық буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ықпал жасау арқылы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті – Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қараусыз демонстрациялар ұйымдастырды. 26 – наурыз күні сайлау жүргізді. Париж Каммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бұқара ғана дауыс дерді. Каммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16 – сәуір қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26 – наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жұмысшылардан тұрды. Партиялық жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде прудонистер, неоякобиндықтар тағы басқалар болды. Нооякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Францияны қорғауды күн тәртібіне қойды.

Революцияның барысындаеңбекші бұқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндіктер бір блоққа бірікті. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым копшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында тұрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жұмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатының өз партиясы болмады.

Сонымен 18 – наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жұмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін қолына алғаннан кейін өздеріне қажетті жұмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халық жасаған құрды. Ескі аппараттың чиновниктері жұмысқа шықпай қойды. Каммуна атқарушылық билікті біріктірді. Париж Каммунасы 10 комиссия құрды. Олар Финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бұл коммиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды. Жұмыстан шығаратын болды. Коммуна жұмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік құрлым ретінде көрінді: тұрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтық апаратты жойып жаңа апарат құруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жұмысшы жалақысына жақын етіп белгіледі. Заң шығару және атқару оргндары Коммунаға біріктілді.

Коммуна советі құрылғаннан кеәін елдің ішінде әлеуметтік топтардың саяси белсенділігі артты. Әйелдер клубы тағы басқа клубтар құрылды. Коммуна жұмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас жіне еңбек коммиссиясы құрылды. Оның басшысы Лео Франкель былай деді: “Егер біз жұмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не ?” – деді. Он сағаттық жұмыс күні енгізілді. Түнгі жұмысқа тыйым салды. Осы шаралар Коммуна советінің жұмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. Шіркеуді мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мұражай есіктері ашылды. Париж Каммунасы соғысты жек көретінін көрсетті. Наполенға салынған жүз метірлік алып ескерткішті құлатты. Париж Коммунасы кезінде басқа елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жұмысшылардың қиындықтарын бөлісті.

Францияның провинцияларын да, басқа да қалаларда 23 – наурызда Марсель қаласында, Лион, Тулон қалаларында ревалюция болды. Бірақ олар ұзақ өмір сүрген жоқ. Шаруалар мен Париж Коммунасы арасындағы байланыс жасау әрекеті болды. Коммунар жазушы Андре Малон шаруаға арнап жазған “К сельскому труженику” деген үндеуде былай жазды: “Туысқан, сені алдап жатыр, сондықтан менің талап етіп жүргенім азат болу – сенің де азат болуың”.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет