Лекция: 30 сағат Практикалық: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет56/77
Дата11.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#110868
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
Baybolova.BalAdeb

ЖАМБЫЛ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛШ РОЛІ

Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлді», «Сәлем саған, комсомол», «Ленинградтык өрендерім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырландар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» тағы басқа да көптеген өлендері балалар әдебиетінен өшпес орын алды.

«Шәкірт балаларға» деген өленінде:

Сендерді қоссам жырыма, Саңқылдап үнім сайраған. Қаздаңдап кәрі саусағым, Шекте бойлал ойнаған.

Мектептен сендер келгенше, тағы да бір жыр ойланам. Келгенсоң айтып бермесем, Балалар, кінә қой соған! —деп, ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздері жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы касиеттерді шыңдай түсуге, адамгершілік сапаны ардақтай білуге, өз Отанынын мақтанышы, азаматы болуға баулиды. Өзін ұялы байтерекке, биік шынарға балаумен қатар, жасыл жапырақтай жамырасқан бөбектердің де биік шынардай болуына талпынтады. «...бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Олардың ақылы өсіп, адамгершілігі артып жетіледі. Жеке адамның тікелей тигізетін әсерін ешбір формамен, ешбір уставпен, ешбір тәртіп ережесімен, сабақ уақытының кестемсімен алмастыруға болмайды. Адамның жеке басының әсері жас жанға күн сәулесімен бірдей, мұны ешбір басқа нәрсемен алмастыру мүмкін емес —- дейді, К-Д- Ушинский. Өзінің жеке басының мінез-құлқын және ақын-жазушылар шығармасынын жоқ.

«Балаларға» деген өлеңінде — Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей болмай қалса, «куанышым, тірегім, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көнілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.

Балалар. аманбысың, шырақтарым, Мабысып көлге біткен кұрақтарым, Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, ішінен асып кете бір аптаның,—деп, бірден тасқындата, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтыра сөз маржанын тізеді. Ақын ата бұл өлеңінде адам баласының ертеден арман еткен тілегі, болашақтан күткен үміті, балаға деген барлық махаббат, олардың бақыт бақшасы — даңқты Коммунистік партияның басшылығы арқасында ғана біздін, социалистік ұлы Отанмызда іске асқанын жыр етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет