Лекция: 30 сағат Практикалық: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет58/77
Дата11.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#110868
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Байланысты:
Baybolova.BalAdeb

Бақылау сұрақтары:

1.Балаларға арналған Жамбыл поэзиясының тәрбиелік мәні.

2.Балалар әдебиетінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері.

3.Балаларды Отан қорғауға , ерлікке шақыруы.

4. Ғ.Мүсірепов өміріне хронологиялық кесте

5. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» әңгімесінің тәрбиелік мәні



24-лекция

Тақырыбы: Мұқан Иманжановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалары

Жоспары:


  1. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалары.

  2. Ақынның өлеңдері.


Лекция мақсаты

Балаларға арналған шығармаларын Мұқан Иманжанов пионер журналында істеп жүрген жылдарында жазған. Мұқанның «Талап» (1951), «Кебек» (1951), «Ораз бен Боря» (1948), «Жол үстінде», «Жас шебер» (1950), «Кішкентай көрші (1951) деген әнгімелері 1952 жылы шыққан «Таныс қыз» деген жинағына енгізілген. «Қорқақ» (1954), «Бес» (1954), «Сапардың тәжірибесі» деген әңгімелері 1956 жылы шықкан «Тындағылар» жинағьша енгізілді. Мұканның Отан соғысы тақырыбына жазған өлеңдері балалар тәрбиесіне ықпалын мақсат етеміз.


Лекция мәтіні: Иманжанов Мұқан 1916 жылы Қарағанды облысының қазіргі Ұлытау ауданында туған. Ауыл мектебінде, Қарсақпайдағы Фзо мектебінде және Алматыдағы Есеп-санақ техникумында оқыған. Жоғары білімді Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінде алды. 1938 жылдан бастап Иманжанов журналистік қызметпен шүғылданды. Ол республика баспалары редакцияларында, Қазақ радио комитетінде жауапты қызмет атқара жүріп, әдебиетіміздің проза және драматургия салаларында аса жемісті еңбек етті.

Мұқан Иманжанов қазақтық үздік публицистерінің бірінен саналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының күнделікті енбегімен ерліктері туралы оның ма-қалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындығы және тілінің қарапайым, көркемдігімен көзге түседі. М. Иманжановтың үздік мақалалары жеке кітап болып басылды. Оның әңгімелері 1944 жылдан бері республикалық газет, журналдарда басылып келеді. 1948 жылы оның «Жастық» деген әңгімелерінін бірінші жинағы жарыққа шықты, тағы да осы жылы қазақтың жас өспірімдер театрының сахнасьшда және облыстық театрларға оның «Жас өспірім» деген пьесасы қойылды. 1950 жылы ол жұртшылығымызға мектептегі политехнизация мәселесін кеңес әдебиетінде алғаш көтерген «Алғашқы айлар» деген повесть жазып ұсынды. Бұл повесть қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып шықты. Сөйтіп, Одақ оқушыларына кең таралып, жұртшылық оны жылы қарсы алды.

1952 жылы жарық көрген «Таныс кыз» атты әңгімелср жинағы кеңес жастарының өршіл талабын, асыл мұратын, Отаншыл ой-сезімін әсерлі бейнелеген шығарма болды. 1953 жылы жазушы «Менің махаббатым» деген екінші пьеса жазды. Бұл пьеса қазақтың академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Пьесада ғылымның практикамен байланысы, жаңа моральдің ескі қалдықтарға қарсы күресі керсетілген.

1955 жылы тың игеріп жатқан аудандарға барғаннан кейін М. Иманжанов қазақ жазушылары арасында бірінші болып, кеңес жастарының еңбектегі ерлігіне арналған «Тыңдағылар» деген атпен әңгімелер және очерктер жинағын жазып шығарды. Автор тың геройларының жарқын образың жасады, олардың ойы мен арманын, қаһармандық істерін тамаша бейнеледі. М. Иманжанов жанға (қатаң ауыр сырқатқа бой бермей, өмірінің ақтық айларыйда «Сөнген шала» атты сатиралық комедия жазды.

Қазақ өнері мен әдебиетінің 1958 жылы Москвада өткізілген он күндігінде М. Иманжановтың әңгімелер жинағы орыс тілінде шығарылды. Мұнда «Кондуктор», «Таныс қыз», «Кішкентай көрші», «Ақмоншақ», «Сенім», «Есеновтің тағдыры», «Суреткер» деген әңгімелеріне барынша назар аударуға болады.

Асқынған дерт Мұқанға тың игерушілер жөнінде жаңа жаза бастаған романын бітіртпеді. М. Иманжанов 1958 жылы 18 март күні ұзақ, науқастан кейін дүние салды.

Мұқан тек жазушы, драматург ғана емес, жалынды публицист, ойшыл сыншы болатым.

Үкімет пен партия Мұқан Иманжановтын жастар мен жас өспірімдерге, балаларға коммунистік тәрбие беру ісіне қосқан үлкен үлесін жоғары бағалап, оны Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен наградтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет