Лекция: 40 Семинар: 12 СӨЖ: 128 Барлық сағат саны: 180 Аралық бақылау (АБ) 40 б


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#7087
түріЛекция
1   2   3



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Білім қуған студентті азаматтық бағытта, басқа халықтарға достық бағытта тәрбиелеу үшін барлық елдердің ой мәлениетімен жақсы таныстыру керек. Шетелдегі мол әдебиеттік процестердің заңдылық бітім бағдарын таныту керек. Әдебиеттерді қатарынан тұтас, зерттеу, әрбір ұлттар көлемінде әр алуан халықтың тарихи жағдайында өсіп, дамудың заңды қалпын аңғартады. Танып – білу, ойдағыдай өрістеу үшін әрбір ұлттың, мәдениеттік көлемде романтизмнің, реализмнің өсіп дамып қалыптасуын білу керек. Сол ретте әдебиеттік дамулардың ішінде батыс әдебиеті алдымен ескеріледі. Өткен ғасырдағы батыс классикалық реализмі көлеміндегі ең алдыңғы қатарлы үлгілері арқылы бағаланады. Батыс әдебиеті әлемдегі барлық елдер әдебиетінің өсіп дамуына ерекше әсер еткен. Сондықтан бұл әдебиетті ұдайы барлай отырып, зерттеулер жүргізу, ғылымдық өнімді аңғартатын болады. Бұл бағдарламаға шетел әдебиеті классиктерінің ең таңдаулы шығармаларының ішінен университет студеттеріне лайық дегендерін іріктеп алып енгізіп отырамыз. Атап айтқанда, олар: Шекспир, Байрон, Гете, Шиллер, Сервантес, Дюма, Мопасан және тағы басқалардың шығармалары.

Жоғары оқу орнының студенттеріне рухани байлықты тану жөнінде шетелдердің әдебиет жолындағы өсу, даму процестерін танып білу қасиетті міндет.



Курстың міндеттері:
Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру:
- Студенттерге батыс әдебиетінің сыры мен сипатын мәні мен маңызын оқып таныту.

- Әр елдің әдебиетінің ерекшелігін қазақ әдебиетімен байланыстыра оқыту.

- Әлем әдебиетінің қарым – қатынастарының бір – бірімен байланыстыра жалғастыра зерттеу.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні





1.Әдебиеттануға кіріспе

2.Халық ауыз әдебиеті

3.Қазақ әдебиетінің тарихы


1.Қазақ әдебиеті сынының тарихы

2.Шығыс әдебиеті



«Тілдер» кафедрасы

№ 1 хаттама 20.08.10ж.


5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ




4

4

180

40




12







128

Емтихан


































6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

Ежелгі дәуірдегі (антикалық) әдебиет.

1.Архаикалық кезең 7-8 ғасыр аралығы

2.Гомерлік эпос


1













3

2

Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері

1.Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері.

2. Гректер тұрмысындағы сайыстардың орны мен маңызы.


1













3

3

Классикалық кезең (5-6 ғасыр)

1.Эсхил – «трагедия атасы», афиналық демократиялық ортаның ақыны.

2.Геродот грек тарихшысы, прозашысы

3.Демосфен (б.д.д.322-384ж шамасы)- көрнекті мемлекет қайраткері және ұлы шешен.



1













3

4

Эллинистикалық кезең

1.Эллинизм заманы.

2. Эллинизм заманының идеологиясы.


1













3

5

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі (б.з.д.43-106)

1.Цицерон Марк Туллый шығармашылығы

2.Цициронның шешендік өнер жайлы жазған шығармалары.


1













3

6

Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті

1. Ежелгі Қытай әдебиеті

2. Конфуций (479 - 551) адамды сүю гуманизімінің өкілдері


1













3

7

Ежелгі Үнді әдебиеті

1. «Махабхарата» дастаны үнді халқының көп ғасырлық жемісі

2.«Махабхарата» - моральдық, саяси, өмір мазмұнының энциклопедиясы.


1













3

8

Ежелгі иран әдебиеті

1.Қасиетті кітап «Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі.

2.Заратуштра есіміне қатысты бақсылық арбау, әнұрандар, шешендік өнер дәстүрлерінің қалыптасуы


1













3

9

Классикалық үнді әдебиеті

1. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны.

2. (Калидастың «Шакунтала» драмасы.


1













3

10

Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірі әдебиеті

1.Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері

2. Орта ғасырдағы араб әдебиеті.


1













3

11

Андалаусиядағы араб әдебиеті (8-15 ғасыр аралығы)

1. ХІІІ – ХV ғ/ғы араб әдебиеті.

2. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің жиынтығы.


1













3

12

Орта ғасырылық Еуропа әдебиеті

1.Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның рольі.

2.Христиандық және антикалық мұра.


1













3

13

Орта ғасырдағы қалалық әдебиет

1.Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

2. Орта ғасырлық драма.


1













3

14


Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.

2. Итальян әдебиетінің өкілі Джовани Боккачо өмірі мен шығармашылығы.


1













3

15


Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

1.Неміс әдебиеті

2. Француз әдебиетінің ұлы өкілі Ф.Рабле


1













3

16

Испан әдебиеті

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу.

2. М.Сервантес тің өмірі мен шығармашылығы.

3. М.Сервантестің әлем әдебиетіне танымал «Дон Кихот» романы, оның пародиялық астары.



1













3

17

Ағылшын әдебиеті

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу.

2. В.Шекспир (1564-1616)өмір жолы.


1













3

18

17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

1. 17 ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет

2. 17 ғасырдағы итальяндық әдебиет

3. 18 ғасырдағы неміс әдебиеті



1













3

19

17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

1.17 ғасырдағы испан әдебиеті

2.17 ғасырдағы француз әдебиеті

3. 17 ғасырдағы ағылшын әдебиеті



1













3

20

17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

1. 18 ғ. Батысеуропалық әдебиет.

2. 18 ғ. Ағылшын әдебиеті.


1













3

21

ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті

1. Д.Дефоның өмірі.

2. Дефоның «Робинзон Крузо» романының мазмұны


1













3

22

17-18 ғасырлардағы француз әдебиеті

1. Сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі, Ж.Ж.Руссо өмірі шығармашылығы

2.18ғ. итальян әдебиеті.

3.18 ғ. АҚШ әдебиеті



1




1







3

23

17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

1. 18ғ. неміс әдебиеті

2. Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781ж) немістің ұлы ағартушысы


1













3

24

18 ғ. неміс әдебиеті

1. Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) – неміс халқының ұлы ақыны.

2. Гете балладалары


1




1







3

25

Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805) өмір жолы.

1. Шиллер Иоган Фридрх

2. Шиллер трагедиялары.


1













3

26

ХХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті.

1. Э.Т.А. Гофман өмірі шығармашылығы

2. Э.Т.А. Гофман романтизмінің мазмұны дворияндық ортамен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау.


1













3

27

Англиядағы романтизм.

1.Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегіромантикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі

2. Байрон шығармашылығының швейцарлық кезеңі


1




1







3

28

Англиядағы романтизм.

1. Ағылшын жазушысы В.Скотт өмірі шығармашылығы

2. В.Скоттың романтикалық романдары.


1




1







3

29

Франциядағы романтизм.

1.А.Дюма (1803-1870) өмірі мен шығармашылығы

2. Оқыс оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігі.


1













3

30

Франциядағы романтизм.

1. В.Гюго (1802-1885) өмірі мен шығармашылығы

2. В.Гюго – ақын драматург, прозашы


1



1








3

3


31

Американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға – Эдгар Аллан По (1809-1849)

1.Эдгар Аллан По өмірі мен шығармашылығы

2.Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері


1













3

32

ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм

1.Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар.

2. О.Бальзак ( 1799-1850) өмірі және ХІХ ғасырдағы француз әдебиетіндегі реалистік романның алыбы


1




1








3

33

ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті

1. Француздың ұлы өкілі Ги де Моппассан (1850-1893,1924) өмірі мен «Шал» әңгімесі

2. Германия әдебиеті

3. Скандинавия елдерінің әдебиеті



1




1







4

34

ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті

1.Англия әдебиеті

2.АҚШ әдебиетінің ұлы өкілі Джек Лондон өмірі мен шығармашылығы

3.Азия елдерінің әдебиеті қатарындағы қытай әдебиетінің әлемдік әдеби жаңа байланыстар ауқымында



1




1









4

35

Түрік әдебиетінің өкілі Омер Сейфиддин өмірі, шығармашылығы.

1. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік сатирасын қалыптастырушы .

2.Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.


1




1







4

36

ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті

1.Назым Хикмет Ранның өмірі /1902-1963/

2.Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері, драмалық шығармалары


1




1







4

37

Иран әдебиеті.

1.19ғ. соңынан бастап Ирандағы мәдениеттің өрлеуі.

2.Парсы газетінің шыға бастауы.

3.Парсы прозасының дамуы.



1




1







4

38

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Абдоррахим Талибов

1.Абдоррахим Талибов өмірі

2.«Білімдер жинағы және Ахметтің кітабы» - ағартушылық мазмұндағы еңбек


1













4

39

Иран әдебиеті

1. Әбілқасым Лахути (1887-1957) парсы әдебиетінің ірі тұлғасы

2. Ә.Лахути поэзиясындағы көңіл - күй лирикасы


1




1







4

40

Үндістан әдебиеті ХІХ – ХХғғ. әдеби – фольклорлық мұралар

1.Үнді халқының ағылшын отаршылдығына қарсы күресі

2. Үнді әдебиетінің өкілі Рабиндранат Тагор 1816-1941өмірі шығармашылығы


1













4



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1- лекция. Тақырыбы: Ежелгі дәуірдегі (антикалық) әдебиет.

Жоспары:

1.Архаикалық кезең 7-8 ғасыр аралығы

2.Гомерлік эпос

Лекция мақсаты: Әдебиетке дейінгі кезең. Антикалық дәуір әдебиетінің өзіндік өрлеу даму сатылары болды.

1-сатыда Классикалық дәуірге дейін әдебиет, б.э.д. 1мың жылды қамтиды. VI б.з.д. батырла жайлы поэмалар жазылған. (Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары).

2-сатыда VII-IV ғ. (б.з.д.) қамтиды. Бұл – классикалық әдебиет деп аталады. Бұл кезеңде драмаға бай әдеби шығармалар пайда болды.

3-сатыда Илминистік дәуір әдебиет антикалық әдебиет соңы б.з.д. IIIғ. Б.з. Vғ. қамтиды.

Шығыс жерорта теңізінің маңындағы грек тайпалары, олардың көші – қон (миграция) жағдайларының негізгі кезеңдерін және грек әдебиетінде болып өткен уақиғаларды,

Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмаларын талдау жасау, ондағы дидактикалық сарынды көрсету.



Лекция мәтіні:

1.Архаикалық кезең 7-8 ғасыр аралығы

Мифология – туыстық қатынас формациясының методологиясы болып табылады.

Антикалық әдебиет 1200 жылдай уақытты қамтыған. Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала Мемлекетте туды. Б.э.дейінгі VII ғасырдың аяғына дейін мұнда ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандар жәнеАнаксимен өмір сүрді.

Ежелгі грек әдебиеті ескерткіштері б.з.д. VIII ғ. мен IIIғ. Алып жатыр. Б.з.д. Vғ. Антикалық грек әдебиетінің соңы деп есептеледі.

Антикалық дәуір әдебиетінің өзіндік өрлеу даму сатылары болды.



1-сатыда Классикалық дәуірге дейін әдебиет, б.э.д. 1мың жылды қамтиды. VI б.з.д. батырла жайлы поэмалар жазылған. (Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары).

2-сатыда VII-IV ғ. (б.з.д.) қамтиды. Бұл – классикалық әдебиет деп аталады. Бұл кезеңде драмаға бай әдеби шығармалар пайда болды.

3-сатыда Илминистік дәуір әдебиет антикалық әдебиет соңы б.з.д. IIIғ. Б.з. Vғ. қамтиды.

Мифология сатылары.

  1. Анимизм мұндағы құдайлардың фетешизм дәуірінен ерекшелігі – киімде болады. Ежелгі анимистік аңыздарда гректер Мемсо жайлы аңызды жатқызады. Сонымен қатар Эриний құдай жайлы аңыз да жатқызамын. Эриний Итбасты, болып келген құдай кейіпінде болып келеді. Ехидна және Тифон атты жерді қорғаушы құдайлардан Орф атты 50 басты ит туылады.

Ехидна Кемер атты әйел аналар жайлы аңыз матриархат кезде пайда болған.

В) Ерте классика Матриархат дәуірінен патшалық дәуіріне өту кезеңі. Бұл кезде қаһармандар жайлы, Классикалық Мифология жайлы аңыздар пайда болды. Бұл кезден аңыздар Зевс және Омилеһ құдайлар жөнінде болады.

Г) Кеш ерлік.

Ежелгі дәуірдегі әдебиеттерде құдайлардан басқа да, батырла туралы да Мифтер болған.

Мысалы: Афинаның жас батыры ержүрек Гезей туған қаласын шапқыншы жаудан қорғап адам жегіш тажал Митаврды жеңді. Өз жұртына бостандық, азаттықты алып берді. Ал Француз әншісі Орфей Француздардың мақтанышысы еді. Аргоновтардың батыры Персей бір қарасымен адамдарды тасқа айналдырған.

Ежелгі грек тарихында тарихи Оқиғалардың бірі Троя Сұрапылы. Бұл тарихи оқиғалардың идеясы ежелгі гректер өз ата-бабасының жері, мекені үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып ат үстінде ұстасқан. Күндік қаны тамған алақандай жері үшін қиямет қан төгіске барып отырды.

Ежелгі дәуір әдебиетінде Пушкиннің өлеңдерін тіпті Крыловтың мысалдарында Эллада мифтерінде кездестіреміз.

Антик дүниесі ғылымының барлық жетістіктері бойына сіңіре білген Аристотельдің дүние көз қарасына терең мазмұнды материалистік және диалектикалық идеялармен қатар, идеялизмнің де элементтерін кездестіруге болады.



Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниенің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің "алғашқы мәні", "бастамасы" дед қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені "бәрі пайда болады" деген пікір бұған дейін үстем болып келген "олимпиялық құдайларды жоққа шығару", яғни сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сөйггіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады

Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін "Табиғат туралы" шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешті, дүниенің алғашқы негіз бастамасы "апейрон" деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон - шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материяны қазіргіше түсінуге жақын

2.Грек тарихшысы Геродоттың өмірі жайындағы мәліметтер мардымсыз ғалымдардың дәлелі жорамалдауына ол пелонен соғысы басталғанкезде 53жаста болған Геродот Галикарнасс деп аталатын қалада өмірге келді. Ол жастайынан саясатқа арласады. Әкесі Ликс өз заманының белгілі адамдарының бірі болған. Паниасид атты атасы атақты жырау екен. Соған қарағанда әдебиетті қастерлеу тарихшының әулеті үшін үлкен дәстүр болған Геродот бала кезінен әрнені көруге, тануға аса құмар болды. Оның бүкіл өмірі саяхат жасаумен, сан түрлі ел мен алуан түрлі жерді көрумен өтті. Ол Ливиядан Вавилонға, Ассирия әсіресе Египетте көргендері оны қатты таң қалдырды. Геродот әйгілі шешені Цицирон берген тарихтың атасы деген атақ Геродоттың бүкіл еңбегін дәл бағалаған дәреже болып шықты. Оны тарихтанудың Гомері деп те бағалады.

Геродоттың дәл қандай жағдайда, қалай қайтыс болғандығы жайында дерек жоқ. Ресей скифиясына келетін болсақ Геродоттың айтуынша, бұл жер кең байтақ, тегіс және ормансыз жазық ьолған, Таварида мен Днепр сағасының аралығы орманды екен. Ол өзінің жерлестеріне бұл жерде қыс 8 айға созылатындығын, бұл мезгілді әуе ақ үлпілдекке, дем,ек қарға оранып жататындығын Азулы теңізінің қатып тұрғандары мұз үстінде шанамен жүретіндігін, тіпті мұздың қщалыңдығы сондай үстінде атты жауынгерлер шайқаса беретіндігін найзағай арқылы мен күн күркіреуі тек жаз айларында ғана байқалатындығын ғажаптана әңгімелейтін. Скифтербіздің отанымыздың тек оңтүстік елдерінғана алып жатсада, андрофагтар, меланхлендер және басқа солтүстік халықтары, Геордоттың айтуынша мүлдем тайпаға жатсада, гректер Христос туғанға дейін 350 жыл бұр өмір сүрген тарихшы.



Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі гректер рулық методология

2. Мифтік шығармашылық және мифология

3. Шығыс Жерорта теңізінің маңындағы грек тайпалары, олардың көші – қон /миграция/жағдайларының

негізгі кезеңдері

4. Антикалық шығармалардың орта ғасырдағы қолжазбалары

5. Антикалық әдебиеттің ерекшеліктері

6. Әдеби прозаның пайда болуы. /б.д.д. VІғ. екінші жартысы/

7. Мифология

8. Антикалық дәуір әдебиетінің өзіндік өрлеу, даму сатылары

9. Анимизм

10. Кеш ерлік

11. Ерте классика

2- лекция. Тақырыбы: Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері

Жоспары:

1.Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері.

2. Гректер тұрмысындағы сайыстардың орны мен маңызы.
Лекция мақсаты: Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері. Эллегиялық, ямбылық, меликалық және эпиграматикалық поэзия, оның сақталуы мен жергілікті калорит туралы мәселелер халық әндерімен, әуезбен, ал кейбір, түрлерінің бимен байланыстарының сипаттарын негізгі өлшемдерін көрсету. Архилок (б.д.д. 7ғ. ортасы) Ақынның өз уақыты шындығымен байланысын және Элегия мен ямбының негізгі әуендері; Калин Эфенский және Тиртен (б.д.д. 7ғ.ортасы) шығармашылығындағы Отанды қорғауға шақыру сарыны бар элегиялар, өсиетнамалар мен нақылнамалар арнауларды осы заман мен байланыстара баяндау

Лекция мәтіні:

1.Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері. Тектік – тұқымдық артықшылығы бар атақтылар арасындағы тартыс және олардың саяси, экономикалық, идеясы мәдени артықшылықтар үшін күресі.

Эллегиялық, ямбылық, меликалық және эпиграматикалық поэзия, оның сақталуы мен жергілікті калорит туралы мәселелер халық әндерімен, әуезбен, ал кейбір, түрлерінің бимен байланыстарының сипаттарын негізгі өлшемдерін көрсету. Поэзияның бұл түлерінің бәрі үшін „лирика“ терминінің тарихи шектеулігі және шарттылығы.

Архилок (б.д.д. 7ғ. ортасы) Ақынның өз уақыты шындығымен байланысы

Элегия мен ямбының негізгі әуендері; Калин Эфенский және Тиртен (б.д.д. 7ғ.ортасы) шығармашылығындағы Отанды қорғауға шақыру сарыны бар элегиялар, өсиетнамалар мен нақылнамалар арнаулар;



2. Меликалық поэзия Алкейдің өлеңдері – еркектің достық жырлары (аристократиялық гетерия) қарсыластарымен күресу тақырыбы жеңілістер, қуылу, үндеу – шақырулар т.б.

Сапороның өлеңдері (б.д.д. 600ж. ) - әйелдің достастық поэзиясы, оның халық мерекелерімен, үйлену салт – жоралғыларымен байланыстары. Стесихор –және батырлық – эпикалық тақырыптар; жекелік – хорлық орындаушылық триада (шумақ, антишумақ, эпод)

Ивик пен Анаркреонт (б.д.д. 7ғ.) махабаттық – сүйіспеншілік және үстелбасылық әуендер Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік поэтикалық стилдаің шарықтау шегі жеке бейнені ашу өнері, сезім мен нақты жағдайдың қарама- қарсы сипаты; махабатты суреттеу, оның жргізушілері мен бағытталған жері. Эллинистикалық және кенже ежелгілік анакреонтика, оның 18-19 ғ.ғ. әлемдік поэзияға әсері.
Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері.

2. Тектік – тұқымдық артықшылығы бар атақтылар арасындағы тартыс

3. Эллегиялық, ямбылық, меликалық және эпиграматикалық поэзия

4. Поэзияның бұл түлерінің бәрі үшін „лирика“ терминінің тарихи шектеулігі және

шарттылығы.

5. Архилок (б.д.д. 7ғ. ортасы) Ақынның өз уақыты шындығымен байланысы

6. Элегия мен ямбының негізгі әуендері; Калин Эфенский және Тиртен (б.д.д. 7ғ.ортасы) 7. Отанды қорғауға шақыру сарыны бар элегиялар, өсиетнамалар мен нақылнамалар

8. Меликалық поэзия Алкейдің өлеңдері – еркектің достық жырлары

9. Сапороның өлеңдері (б.д.д. 600ж. ) - әйелдің достастық поэзиясы

10. Халық мерекелерімен, үйлену салт – жоралғыларымен байланыстары.

11. Стесихор –және батырлық – эпикалық тақырыптар

12. Ивик пен Анаркреонт (б.д.д. 7ғ.) махабаттық – сүйіспеншілік

13. Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік поэтикалық стилдің шарықтау шегі

14. Эллинистикалық және кенже ежелгілік анакреонтика, оның 18-19 ғ.ғ. әлемдік поэзияға

әсері.


3-лекция. Тақырыбы: Классикалық кезең (5-6 ғасыр)

Жоспары:

1. Эсхил – «трагедия атасы», афиналық демократиялық ортаның ақыны.

2. Геродот грек тарихшысы, прозашысы

3. Демосфен (б.д.д.322-384 ж шамасы)- көрнекті мемлекет қайраткері және ұлы шешен.

Лекция мақсаты: Драма оның пайда болу тегі, негзгі түрлері (трагедия, сатира, драма, комедия) Арстотелдің драманың шығу тегі, даму туралы ойлары, Дифирамб және оның орындаушылары. Дионис культінің маңызы. Драмалық сайыстар. Афины театры, Хор және актерлер. Театрлық реквезит, декорациялар. Драманың құрылымы. Эсхил ежелгі драматург, трагедияның атасы б.э.д. 456 - 525ж. өмір сүрген. Софокл 120-дан астам трагедия жазған, оның бізге жеткені жетеу. Демосфеннің шешендік өнердегі негізгі көркемдік ерекшеліктерін саралай келе қазақтың шешендері Жиренше, Қарашаш және т.б. би – шешендермен салыстыра баяндау.

Лекция мәтіні

1.Драма жеке көркем жанр ретінде тек Грецияда б.э.д. VІ - ғ туындап олар трагедия және комедия. Грек әдебиетінің пайда болу себептерін оның ежелгі Грек қоғамындағы демократиялық цивилизациялық (өркениет) жоғары деңгейде болғанын байқаймыз. Грек әдебиеті туындыларының басты бұл ретінде дионистік рефрманы атауға болады.

Б.э.д 6 ғ . Грекияның барлық елдерінде дионистік мәдениет үлкен қызмет атқарды. Грекияның 3 ақыны – Эсхил, Софокл, Евипид, трагедигі.

Эсхилге дейінгі трагедияның бірде – бірі сақталмаған.

Эсхил ежелгі драматург, трагедияның атасы б.э.д. 456 - 525ж. өмір сүрген Атақты Афина отбасынан шыққан. Ол Аттикалық ортадағы элефсинде өлді. Эсхил грек, парсы соғысының ең шешуші кезңінде қатысқан. Эсхилдің Прометей туындысы трагедияға толы.

Грецияның ұлы трагедигі Софокл б.э.д 496 шамасында Афинаға жақын Калон қаласында дүниеге келді Дегенмен Софоклдің “Эдип” патша трагедиясында осы патшаның бейнесі ерекше көрініс табады.

Софокл 120-дан астам трагедия жазған. Оның бізге жеткені жетеу



  1. Аякс.

  2. Антигона.

  3. Эдип цар.

  4. Филактет.

  5. Калундағы эдип.

  6. Сатиралық драма.

  7. Следапит.

Софокл алғашқы трагедиядағы жеңісін Эсхилді “Триптал”деген трагедисымен алды. Бұл жеңіс Плутарх еңбегімен жеткен Софокл 20 рет 1ші орынды иеленіп ешуақта 3 ші орынға түсіп көрмеген Софоклдің ең мықты “Антигона” Антигонаның сюжеті мен мифологиялық тұрғысынан қарастырады.

Софокл драмалары мына бейнеде қойылады. Қахарман сахынадағы қатаң шешіммен шығады. Сол арқылы пьеса бағыты айқындалып отырады.



2. Грек тарихшысы Геродоттың өмірі жайындағы мәліметтер мардымсыз ғалымдардың дәлелі жорамалдауына ол пелонен соғысы басталғанкезде 53жаста болған Геродот Галикарнасс деп аталатын қалада өмірге келді. Ол жастайынан саясатқа арласады. Әкесі Ликс өз заманының белгілі адамдарының бірі болған. Паниасид атты атасы атақты жырау екен. Соған қарағанда әдебиетті қастерлеу тарихшының әулеті үшін үлкен дәстүр болған Геродот бала кезінен әрнені көруге, тануға аса құмар болды. Оның бүкіл өмірі саяхат жасаумен, сан түрлі ел мен алуан түрлі жерді көрумен өтті. Ол Ливиядан Вавилонға, Ассирия әсіресе Египетте көргендері оны қатты таң қалдырды. Геродот әйгілі шешені Цицирон берген тарихтың атасы деген атақ Геродоттың бүкіл еңбегін дәл бағалаған дәреже болып шықты. Оны тарихтанудың Гомері деп те бағалады.

Геродоттың дәл қандай жағдайда, қалай қайтыс болғандығы жайында дерек жоқ. Ресей скифиясына келетін болсақ Геродоттың айтуынша, бұл жер кең байтақ, тегіс және ормансыз жазық ьолған, Таварида мен Днепр сағасының аралығы орманды екен. Ол өзінің жерлестеріне бұл жерде қыс 8 айға созылатындығын, бұл мезгілді әуе ақ үлпілдекке, дем,ек қарға оранып жататындығын Азулы теңізінің қатып тұрғандары мұз үстінде шанамен жүретіндігін, тіпті мұздың қщалыңдығы сондай үстінде атты жауынгерлер шайқаса беретіндігін найзағай арқылы мен күн күркіреуі тек жаз айларында ғана байқалатындығын ғажаптана әңгімелейтін. Скифтербіздің отанымыздың тек оңтүстік елдерінғана алып жатсада, андрофагтар, меланхлендер және басқа солтүстік халықтары, Геордоттың айтуынша мүлдем тайпаға жатсада, гректер Христос туғанға дейін 350 жыл бұр өмір сүрген тарихшы.



3. Шешендік өнер қай ғасырда болса да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін оның санасын сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген, ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғалым, жазушы жалпы әрбір білімді, мдениетті адам үшін, шешендік өнертуралы білімнің тарихымен танысып, теориясымен қарулану сте артық емес. Шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және даму белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды, маңызды сөздермен белгіленеді. Мәселен, ежелгі Грецияда, б. ж. санауымыздан арғы 500-300 жылдар аралығында атақты 10 шешен өмір сүрген. Лисий мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің қызметтері мен шешендік шеберліктері ерекше аталады

Бақылау сұрақтары:

1. Эсхил афиналық демократиялық ортаның ақыны.

2. Эсхил ежелгі драматург

1. Эсхилдің – «трагедия атасы» деп атану себебі

3. Эсхил образдарының көркемдік сипаттары

4. Эсхил драмаларының тілі, стилі.

1. Эсхилдің «Бұғауланған Прометей» туындысының сюжеттік желісі

2. Эсхилдің өмір сүрген кезеңі

2. Софокл трагедияларының негізгі мәні

3. Софокл шығармашылығының қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер

4. Софокл трагедияларының мәні

5. Софокл трагедияларының тілі мен стилі

6. «Филоктат» трагедиясындағы трагедиялық қақтығыс

7. Софокл трагедияларындағы әлеуметтік орта мен ондағы жеке тағдырлар

8. «Антигона» трагедиясының көркемдік шеберлік мәселелері

9. Софоклдің шығармашылық кезеңі Перикл ғасырына тұспа – тұс келуі

10. Софоклдің трагедиядағы алғашқы жеңісі

Софокл мен Эсхилдің ізін жалғастырушы

2. «Құстар» ертегі - комедиясы

3. Аристофан (б.д.д.385 – 445 жылдар шамасы) және оның шығармашылығының үш кезеңі

4. «Ахариян» соғыс және бейбітшілік жөніндегі шығармасы

5. «Той – томалақтағы әйел» қоғам өміріндегі тәлім- тәрбие, білім беру жүйесіндегі

шығармасы

6. Аристофан комедияларының дүниежүзілік маңызы

7. Аристофан комедиялық кейіпкер және оның «табиғи» қалыптылығы.

8. Аристофанның “Құрбақалар” атты комедиясы.

9. Аристофанның “Байлық” атты комедиясы.

10. Аристофанның «Халық жиналысындағы әйелдер» атты комедиясы.

11. Аристофан шығармаларының негізгі көтерген мәселесі.

12. Аристофанның «Салтанатты» атты комедиясы.

1. Геродоттың “Тарих” атты әйгілі еңбегі.

2. Геродот скифтердің өмірін, тұрмысын, салтын тұңғыш жазушы.

3. Геродоттың грек – парсы соғыстарын, Египет ж.т.б қалалармен ұштастыра білді

4. Демосфен көрнекті мемлекет қайраткері

5. Демосфеннің шешендік өнердегі негізгі көркемдік ерекшеліктері

6. Демосфен мұрасының дәстүрлі жалғастығы

7. Демосфен түрлі жаттығуларды жасай отырып, өміріне өзгеріс енгізеді

8. Демосфен шешендік өнердің негізін салушы

9. Демосфеннің жастайынан көрген тауқыметі

10. Демосфеннің өлім алдындағы амалы



4- лекция. Тақырыбы: Эллинистикалық кезең

Жоспары:

1.Эллинизм заманы.

2. Эллинизм заманының идеологиясы.

Лекция мақсаты: Эллинизм заманы. Римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңнің шартты түрдегі атауы эллинизм деп аталды. Эллинизм заманының идеологиясы, мәдениеті сол заманға лайық дамыды.

Эллинистикалық поэзияның дамуы. Эмпирикалық ғылымдардың дамуы. Ғылым мен көркем әдебиеттің араласуы Мұражай мен кітапхана, филологтияның дамуы /мәтін туралы ғылым/ Ғалым – ақындар, прозаның дамуы, шешендік мектептер

Эллинизм заманының идеологиясы әдебиетінің өзіндік ерекшелігін анықтап ақындары, оның әдеби дамудағы реалистік маңызын, әдебиет өкілдерін, әдебиеттің зерттелуі мен әдеби ағымдағы әдіс-тәсілдерді, жанрлық дамуды таныту.

Лекция мәтіні:

1. Эллинизм заманы – Жерорта теңізінің шығысындағы елдер тарихының біздің заманымыздан бұрын 334 жылдан 30 жылға дейінгі Александр Македонский жорықтарынан бастап, римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңнің шартты түрде атауы.

2. Эллинизм заманының идеологиясы, мәдениеті. Эллинистикалық поэзияның дамуы. Эмпирикалық ғылымдардың дамуы. Ғылым мен көркем әдебиеттің араласуы Мұражай мен кітапхана, филологтияның дамуы /мәтін туралы ғылым.Грек тілінің таралуы /койнэ/. Әдеби өнімдер, жаңа папирустық жазбалар. Афины – пәлсапа мен комедиографияның орталығы. Ғалым – ақындар. Прозаның дамуы. Шешендік мектептер. Тарихи, пәлсапалық прозалар. Бұл кезеңде үлкен әскери монархиялық ұйымның пайда болуы


Бақылау сұрақтары:

1. Эллинизм заманы

2. Римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңнің шартты түрдегі атауы эллинизм

3. Эллинизм заманының идеологиясы, мәдениеті.

4. Эллинистикалық поэзияның дамуы.

5. Эмпирикалық ғылымдардың дамуы

6. Ғылым мен көркем әдебиеттің араласуы

7. Мұражай мен кітапхана, филологтияның дамуы /мәтін туралы ғылым/

8. Грек тілінің таралуы /койнэ/.

9. Әдеби өнімдер, жаңа папирустық жазбалар

10. Афины – пәлсапа мен комедиографияның орталығы

11. Ғалым – ақындар.

12. Прозаның дамуы

13. Шешендік мектептер

14. Тарихи, пәлсапалық прозалар

15 Бұл кезеңде үлкен әскери монархиялық ұйымның пайда болуы




5- лекция. Тақырыбы: Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі (б.з.д.43-106)

Жоспары:

1.Цицерон Марк Туллый шығармашылығы

2.Цициронның шешендік өнер жайлы жазған шығармалары.
Лекция мақсаты: Цицерон Марк Тулий – ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен жазушы. Цицерон Марк Тулий біраз уақыт саясаттан жырақта болып 44 ж Цезар өлтірілгеннен кейін ғана қайта саясатқа араласты. Цицерон Марк Тулийдің шешендік өнер жағынан қазақты ұлы би - шешендері Төлеби, Қазбек би, Әйтеке, Жиренше Қарашаштарға ұқсас жақтарын сызбалар арқылы көрсетіп түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1.Шешендік өнер қай ғасырда болса да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін оның санасын сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген, ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғалым, жазушы жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін, шешендік өнертуралы білімнің тарихымен танысып, теориясымен қарулану сте артық емес. Шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және даму белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды, маңызды сөздермен белгіленеді. Мәселен, ежелгі Грецияда, б. ж. санауымыздан арғы 500-300 жылдар аралығында атақты 10 шешен өмір сүрген. Лисий мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің қызметтері мен шешендік шеберліктері ерекше аталады.

Грециядан кейінгі шешендік өнердің ерекше дамыған елі Рим Республикасы Грек өнерімен білімінің тетелес мұрагері болған Рим де Красс, Антоний бастаған атақты шешен қолбасылар, қоғам қайраткерлері өткен. Алайда, олардың барлығы да айтулы шешен.

Марк Тулий Цицеронның (106-43ж) қатарында күн қасындағы ай сияқты көмескі көрінеді. М. Т. Цицеронның сақталған 27 сөзінің ішінде Л. С. Каталинаға қарсы айтылған төрт сөзі шешендік шеберліктің шыңы болып табылады.

Ежелгі гректердің өнері мен білімін, әсіресе Демосфенді оқып үйренген табиғатынан дарынды Цицерон Афинада іресі салынған шешендік өнердің Рим де ғажайып сарайын тұрғызды, атап айтқанда, риторика ғылымының (негізін) теориясын жасап, (шешендік өнердің) шешендердің үш түрлі (жоғары, орташа және төмен) – болаты туралы тамаша еңбек жазды. Олары ”Шешен туралы”, ”Брут, немесе атақты шешендер туралы”, ”шешен” дейтін үш трактатында жан жақты баяндалған.

Цицерон Марк Тулий – ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен жазушы. Салт аттылар сословиесінде 63 ж Консуль болван кезінде Цициронның беделі қатты өсті (Каталинаның қастандығын ашты, сенат та басшы роль атқарды). 1 үштік одақ құрылған соң Цицеронның ықпалы төмендеді; тіпті 58-57 ж қуғынға түсті. 56-50 жылы Г. Томкей мен Юлий цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін 49-47 жылдары азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезар жеңген соң саясатынан қол үзді.

44 ж Цезар өлтірілгеннен кейін ғана байта саясатқа араласты. Оның М. Антонийге қарсы 14 сөзі осы кезеңге жатады. 43 ж 2-ші трицвиратқа қарсы күресте, сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты.



2. Цицеронның саяси идеясы - ”аралас” мемлекет құрылыс (монархия, ористократия, және демоктария элементтері бар б.з.б. 3-2 жылдың басындағы Рим Республикасы үлгісіндегі мемлекет). Адамгершілік идеясы – грек философиясы теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын ұштастыра білген. Дағдарыстар дәуіріндегі Республиканың ”бірінші адамы”, ”татуландырушы”, ”тәртіп сақтаушы және қамқоршы” кісілер Цицеронның өзін осындай адамның үлгісі деп. есептеді.

Марк Тулийдың шығкармашылығынан (үзінділерді есептегенде) саяси бағытта, негізінен сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық, философия, теориялық философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психология, құжат және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылады. 800 астам хаты сақталған.

Халықтың даналық сөздерін, бұқаралық дстүрлерін зерттеп білгенде жалпы риторика білімінің негізін салушы ежелгі Рим шешені Цицеронның бір пікірі еске түседі. Римдіктердің шешендік өнерді қалай игергендігі және халқының дарындылығы туралы ол былай деген екен

”Атақ құмар жастардың қайткенде шешендік өнерді үйренуге талпынбаған бірде – бірі жоқ шығар. Сонда әуел баста теориялық білім дегеннен бейхабар, тіпті шешендік өнердің жаттығу тәсілі мен ғылыми ережесі бар деп. ойына да кірмеген олар адам тек өзінің ақыл күшімен жете алатын сатыға жетті. Оған жетуге маңызды, әр түрлі және сан алуан сот істерінің көптігі себеп болды. Соның нәтижесінде әркімнің өзінше талаптанып алған біліміне”.



Бақылау сұрақтары:

1. Ц.М.Тулий өмірі туралы мәлімет

2. Цициронның саяси идеясы

3. М.Тулийдың шығармасындағы саяси бағыттағы көзқарастары

4. М.Тулийдың шешендік өнер жайлы жазған шығармалары

5. Шешендік өнердің атасы М.Тулий

6. М.Тулий шешендік сөз өнерінің теоретигі

7. Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі

8. Рим әдебиетіндегі шешендік өнер

9. Ц. М. Тулий шығармалары

1. Цицерон Марк Тулий /б.з.д. 43-106ж.ж./ және оның әдебиеттің дамуындағы орны

2. Цицерон Марк Тулийдің сотта сөйлеуге арналған сөздері

3. Цицерон Марк Тулийдің шешендік және пәлсапалық трактаттары, хаттары

5. Цицерон Марк Тулий шешендік сөз өнерінің теоретигі, әлемдік мәдениет үшін маңызы

10. Цициронның “Брут” атақты шешендер туралы трактаты

11. Цицеронның “Шешен” трактаты




6- лекция. Тақырыбы: Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті

Жоспары:

1. Ежелгі Қытай әдебиеті

2. Конфуций (479 - 551) адамды сүю гуманизімінің өкілі

Лекция мақсаты:

Ежелгі Қытай әдебиетінде Конфуцийдің адамды сүю ілімі жөнінде жазған еңбектері ерекше орын алды.

Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдығы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы – ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк ) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімінің, рухтың не екенін қайдан білеміз», - деуінің өзі осыған айғақ деген Кун-фу-цзының зерттеуімен қазіргі күндегі зерттеушілеріміздің пікірін мақсат етіп салыстырғалы отырмыз.

Лекция мәтіні:

1.Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата – анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттерінеарнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналаған. Оның көптеген ізбасарлары болған олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірле-» деген Конфуцишылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.

2. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдығытеңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы – ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк ) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенінбілмей жатып, өлімінің, рухтың не екенін қайдан білеміз», - деуінің өзі осыған айғақ.

Керісінше оның қарастыратын негізгі - адамдар арасындағы қарым – қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның (дұрыс жолмен) жолымен өмір сүруі қажет.

Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан билеуші – билеуші, шенеунік- шенеунік, әке - әке, бала- бала болып, аттарына байланыс ты емес, шын мәнінде қалуы керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Конфуций адамды сүю гуманизімінің өкілдері

2. Кун-фу-цзыдың отбасы жайлы мәлімет

3. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш

4. Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады дейді себебі

5. Конфуций (479 - 551) адамды сүю гуманизімінің өкілі

6. Қытай патшалығының тарихи - өркениеттің тез дамуының тарихы

7. Хань империясы тұсындағы қытай әдебиеті

8. Қытай әдебиетінің өкілі Конфуцийдің ілімі қазақ әдебиетіндегі ғалымдардың ілімін

салыстыру

10. Конфуциймен деңгейлес иеленуші ерекшелікті өмірбаянды баяндау

11. Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті

12. Ежелгі Қытай әдебиеті
7- лекция. Тақырыбы: Ежелгі Үнді әдебиеті

Жоспары:

1. «Махабхарата» дастаны үнді халқының көп ғасырлық жемісі

2.«Махабхарата» - моральдық, саяси, өмір мазмұнының энциклопедиясы.

Лекция мақсаты:

Б.з. мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар, араласуының әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті – қазіргі Пәкістан, Бангладеш, халықтарына ортақ ұлттық мұра. «Ригведа» гимдері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр этикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары «Махабхаратаға» одан кейін «Рамаянаға» ұласады. Осы сан ғасырлық әдеби дастандарды оқыта отырып, студенттерді үнді халқының салт – дәстүрі, екі рулы елдің трагедиялық қақтығыстарын көріп үлгі етерлік жағын алып, жаманынан жирендіруіне бағыттаймыз. Бұл ұласқан дастандардың әлем әдебиетінің алтын қорынан алатын орны айрықша.



Лекция мәтіні:

1. Біздің эрамыздан бұрынғы ХХ ғасыр шамасында Инд мен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты жалпы көлемі «Илиада» мен «Одиссеяға» барабар бір мың жирма сегіз гилен шығарып, оларды «Ригведа» атаған. Он кітапқа топтастырады. Гилендердің классикалық қопарылмалы тіліндегі әлем-айшық-өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үнді халқында тіпті «Ригведаға» дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұсайды. «Ригведа» гимдері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр этикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары «Махабхаратаға» одан кейін «Рамаянаға» ұласады. «Махабхарата» - керемет көркем ескерткіш: дастанның 19 кітабындағы өлең көлемі екі жүз он төрт мың жол, немесе «Илияда» мен «Одесседан» сегіз есе артық. «Махабхаратаның» бір алуан (наль туралы) аңызын В.А.Жуковский аударған болатын. Аударманың көркемдік құнын В.Г.Белинский жоғары бағалаған. Осы фактының өзі-ақ көне үнді поэтикасында эстетикалық талап пен талғам жоғары болғанын аңғартады. Екі поэмадағы бас кейіпкерлер «Махабхаратадағы» кришина «Ромаянадағы» Рама мифтік нанымдар тұтқынында бұлаңдап, құдайға баланған қалпында қалып қоймайды, жерге түседі, кәдімгі жер басып жүрген адам бейнесінде суреттеледі. Әсіресе «Ромаянаның» 2-6 кітаптарындағы суретеулермен баяндаулар әрі шынайы, әрі шыншыл. Осыған қарағанда, я болмаса поэманың көркемдік ерекшеліктеріне қарағанда, көне үнді поэтикасында жоғары дәрежедегі (әжептеуір) эстетикалық пинцип және жүйе болған.Қысқасы эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік көзқарасы туып, қалыптасқан: сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол заң ереже бойынша, үнді жазушылары өздерінің көркемдік шығармаларын әрқашан тек «Ригведа» гимдеріндегі «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарында сю жеттер мен образдар негізінде ғана жазушы шарт болған. Мысалы, аты шулы калидаса өзінің «Шакунтала» драмасын «Махабхаратаның» бір эпизодына құрса, одан бір мың бір мың, бір мың бір жүз жыл кейін Тулси Дас (ХVІ ғ.) «Дамаяна» сюжетін негізге алып, «Рамаяна» немесе «Рамачаритаманаса» деген поэма жазған. Бұл жайды біз тек факті ретінде ғана айтып отырған жоқпыз. Үнді әдебиетіндегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына дайын эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса көрсетті. Мұның өзі аталған дәстүр арқылы көне үнді әдебиетінде белгілі дәрежеде логикалық байптау, шығармашылық жинақтау, эстетикалық жүйелеу, жасалды деген сөз. Ал, байптау, жинақтау, жүйелеу атаулының бәрі-теория. Баяғы, базғы заманның парасат дүниесіндегі алғашқы әдебиет-эстетикалық талғамдар, міне, осындай туған.

2. «Махабхарата»-бұдан 2500 жылдан астам уақыт бұрын дастан болып қалыптасып, халық арасында аса кең тараған көне Үндінің ұлы эпосы. Әлем әдебиетінің алтын қорынан алатын орны айрықша.

Шығармашылық негізіндегі фабуласы-Гастинапур патшалығындағы панада мен каураға атты туысқан екі рулы елдің трагедиялық ұрысы. Осыдан өрбіген сюжет қызықты. өріліп, арналы әңгімеге ұласады.

«Махабхаратаны» ежелгі Үнді халқының сан ғасыр өмірінің тіршілік-тынысының, бүкіл болымысының энциклопедиясы деп атауға болады. Өз алдына тұрған түрлі философиялық концентрациялар мен ұшқыр фантастика, астарлы аллегрия мен нәзік лирика, махаббатқа, сүйген жарға кіршіксіз адалдық, адам психологиясы мен әдетғұрпы, салт-сана бүкіл дастан бойында желіленіп, алуан оқиғалар арқылы ауыса астасып жатады.

Және бір ғажайып - бүгінгі ғылыми-техникалық революция замандағы шырқау шың-космос пен шыңырау терең-су асты, адамзат арқыл-ойының озық жетістіктері осынау көне дастаннан көрініс беретініне таңданбасқа шара жоқ.

Әлем әдебиетінің осы бір ұлы шығармасы түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Аударған белгілі ақын, жазушымыз Әбубәкір Нілібаев.

Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі Үнді әдебиетінің тарихы.

2. “Махабхарата” дастанының негізгі мазмұны.

3. Шантану балықшы қыздың махаббаты жайлы жалпы түсінік.

4. “Махабхарата” дастаны мен “Иллида” мен “Одиссея” шығармасын салыстыру.

5. “Махабхарата” дастанын зерттеген орыс ғалымдары.

6. “Махабхарата” дастанының көлемі.

7. Дастанның кейіпкерлері: сиқыр Дхритараштар патша және оның әйелі патшайым

Гандахарим, және олардың үлкен ұлы Дурьудхон – Арджуна батыр.

8. «Махабхарата» - моральдық, саяси, әлеуметтік өмір мазмұнының энциклопедиясы.

9. Дастан оқиғаларының арқауы

10. Дастанның жырлаушылары: Вьяс, Вайшампаян жөнінде мәлімет жинау

11. «Махабхаратада» ежелгі Үнді халқының сан ғасыр өмірінің тіршілік-тынысы

12. «Махабхарата» немесе «Ұлы Бхараттар (Ұрпақтар туралы жыр)»- кең көлемді

шығарма.


13. «Махабхарата» көп ғасырлық ауызша орындаушылық жемесі

14.Үндінің классикалық эпосы – «Рамаян»

15. «Рамаян» дастанындағы мифологиялық дастандар

16. «Рамаян» дас танының сюжеттік желісі

17. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драманың дамуы.

18. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі лириканың дамуы.

19. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзияның дамуы.

20. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі прозаның дамуы.

21. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері.

22. Кез – келген тақырыптың – діни, ғылыми сипатта жазылуы.

23. Кез – келген тақырыптың – ертегілік, эпикалық сипатта жазылуы.

24. Кез – келген тақырыптың – өлеңмен, тарихи сипатта жазылуы.

25. Кез – келген тақырыптың – прозалық пішінде де жазыла беруі.

26. Ежелгі үнді әдебиеті – қазіргі Пәкістан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра.

27. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдер

28. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика астрономия, сәулет туралы, бәрі де жазылған.


8- лекция. Тақырыбы: Ежелгі иран әдебиеті

Жоспары:

1. Қасиетті кітап «Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі.

2. Заратуштра есіміне қатысты бақсылық арбау, әнұрандар, шешендік өнер

дәстүрлерінің қалыптасуы

Лекция мақсаты:

Б.з.д. екінші мыңдылдықтағы Евразия кеңістіндегі иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядағы Шығыс ирандары. Шығыс ирандарының басым орналасқан жері: Ферғана, Хорезм, Соғда, Бактрия, Дрингиан, Памир, Хорасан. Батыс ирандары: Месопотамия, Жерорта теңізі, Мидия, Фарс. «Гаттар» (Жыр жырлау) – он жеті мүнажат дұғаларының жинағынан тұратын «Авестаның» - ең көне бір бөлігінің бірі.

Қасиетті кітап «Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны, бізге зерттеулер арқылы жетті.

Шетел әдебиеті ғылымының қалыптасуы: әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.



Лекция мәтіні:

1. «Авеста» гимндері дін бе? поэзия ма? Бұл жай әлі түгел айтылып болған жоқ. Ғасырлар керуені көшіп – қонып, ғасырлар ауысқан сайын «Авеста» ашыла түскендей болады-ау, бірақ әлемдік теңіздегі алып айсберг секілді көп қырлы, көп сырлы, түгел көрініп түгесіліп болмайды. «Махаббат дегеніміз - құдай» деп бастаған үндіирандықтар еді. Олар отты ерекше құдай тұтқан ғой. Жалпы, «Авестада» айтылған ойлар, ұсыныстар, болжамдар, толғаулар, тракттар шығыс халықтарының рухани мәдениетімен, қазынасымен үндесіп жатады. Ахеменид, Парфиян, Сасанид секілді бір кездегі құдыретті Иран империяларының мемлекеттік тілі зорастризм болды. Бұл дінннің негізгі діңгегі: әр адам өз жанына, тағдырына жауап береді, сол адамның ойлары мен істері әлем тағдырына байланысты болуы керек. Зорастризм, манихей, хрестиян, юдаизм, гностицизм сияқты көптеген діндерге айналу ықпал етті.

«Авеста» «абастаг» деген пехлеви сөзінен шыққан, «орнату», «бекіту» деген мағынаны береді. «Авеста» - қасиетті жазу.



2.Зорастризмнің киелі кітаптарының жиынтығы, «Авестаның» пехлевиге түсінік, түсінктемемен аударылған түрін «Зенд», немесе «Авеста зенд» деп атайды «Авеста» мәтіндері сасанидтер кезінде (б.э.д. 3ғ.) ауызша бір канонға біріккен еді, Ал арнайы жазу формасына пехлеви әліппесінің негізінде 11 ғасырда түсті. Сасанид «Авестасы» 21 кітаптан құралған. Бізге жеткені – «Вендидат», «Ясна», толық жетпеді. «Висперед», «Яшты» бар , қалғандары жеке үзінділер түрінде ғана сақталған.

«Авеста» тілі шығыс иран, халықтарының, дәлірек айтқанда Орта Азия халықтарының ежелгі аузша Һәм жазбаша жәдігерлерінің негізінде қалыптасқан деседі. Бұл халықтар арасына зорастризм кеңінен тарап тұрған кез еді. И.М.Дьяконовтың, В.А. Лифшицтің пікірлері бойынша, жазбаша «Авеста» сасанидтер дәуірінің (ІІІ ғ.) бас кезінде болған. Оған дәлел ескі Нисадан табылған жаңа құжаттар болып отыр. Әрине, «Авестаның» жазбаша қалыпқа түспестен бұрын ауызша нұсқаулармен мәлім болғандығында шек жоқ.

Бізге «Авестадан» 63 мың сөз жетті. Бұл алыптың жұқаналары болса керек.

Ескерткіш «Ясна», «Яшты», «Висперед», «Вендидат», «Хурда», «Авеста» дейтін бөлімдерден тұрады.

«Авестаның» алғашқы жиынтығы көп тақырыпты, көп тараулы болып келді. Тек қана дінді уағыздамай дәрігерлікті, космографияны заңды қамтыды. Ислам келіп дүниеге өз үстемдігін орната бастаған кезде Зорас тризм кейін шегінде. Соның нәтижесінде «Авестаның» толық тараулары таратылып, кейбір үзінділері ғана қалды.

«Авеста» құрамында әр текті текстер кездеседі. Солардың ең ежелгі түріне «Гатылар» жатады. Сасанидтер тұсында «Авестадан»- 348 тарау қалған, бұдан 21 кітап шыққан.

Араб шапқыншылығы кезінде біраз қолжазбаларды өртеп жіберген.

«Авестада» бүгінгі күнмен үндесіп тұратын ойлар бар. Мысалы, «Авестаның» 17 дұғадан құралған ірі бөлімі, «Гатыда» жер үстіндегі тіршіліктің жақсы жақтары жырланады. Жер, мал шаруашылығы дәріптеледі. Табиғатты қызғыштай қорғап зұлым күштерге қарсы күресетін батырлар әрекеті сипатталады. Сонымен қатар шаманизм белгілері шешендік өнер сахнаға шыға бастаған.

«Авестаның» ескі иран тілінде немесе авеста тілінде жазылған шығарма деп таниды. Осы күнге дейін бұл кітаптан үзінділер оқылады. «Авестаның» 2-ші басылымы «Зенд» - үзінділері оқылады. «Авестаның» 1-ші кітабы «Вендидат» - 22 тараудан құралған. «Заратушра» мен « Ахура Мазданың» арасындағы диалогтан тұрады. «Висперед» - 24 тараудан ал «Ясна» - 17, «Яшты» - 22 гимннен тұрады.

Бақылау сұрақтары:

1.Зарадуштың жүргізген ой пікірі.

2.Зарадуштың қалдырған қазынасы.

3.Зарадуштың дүниедегі ең алғаш рет кітап “Авестаны” жазуы.

4.Иран мемлекетінде Авестоны жоғары санауы.

5. Иран жазба әдебиетінің озық үлгісі.

6. Ежелгі Иран әдебиетінің тарихы.

7. “Авеста” Заратуштың ең алғашқы кітабы.

8. “Авеста”кітабының жалпы көлемі.

9. “Авеста” кітабының қайта тіктелуіне себеп болған жағдай.

10. “Авеста” кітабының жазылу тарихы.

11. “Авеста”кітабының жалпы көлемі.

12. «Авестаның» 1-ші кітабының аталуы «Вендидат»

13 «Авестаның» 2-ші басылымының аталуы. «ЗендАвеста»

14. «Авестаның» құрамында әр түрлі текті текстер кездеседі, солардың ең ежелгі түрі «Гатылар»

15. Академик Ә.Марғұлан «Авестаны» ең алғаш келістіре шығарған елдер (қазақ сахарасына қоныстанған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар)



9- лекция. Тақырыбы: Классикалық үнді әдебиеті
Жоспары:
1. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны.

2. (Калидастың «Шакунтала» драмасы.
Лекция мақсаты

Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидас аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды меңгерген ақындық дарынына қойылса керек деп болжаған ғалымдар.

Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалық поэма «Мегхадута» /Бұлт хабаршысы/, эпикалық поэмалар /Кумрасамбахава/, «Кумардың соғыс құдайының тууы» және /«Маявика»және Агнимитра/, «Абхиджняна - Шакутала» «Танылған сақина бойынша Шакунтала» және «Викрамморваши» «Ержүретікпен табылған Урваши».

Бұл әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.

Калидастың «Шакунтала» драмасының көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, драмалары мен эпикалық поэмаларына талдау жасау.

Лекция мәтіні:

1. Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалық поэма «Мегхадута» /Бұлт хабаршысы/, эпикалық поэмалар /Кумрасамбахава/, «Кумардың соғыс құдайының тууы» және /«Маявика»және Агнимитра/, «Абхиджняна - Шакутала» «Танылған сақина бойынша Шакунтала» және «Викрамморваши» «Ержүретікпен табылған Урваши»

2. Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар шындық мазмұны. Калидас /санскритше «Калидың құлы»/, аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды мегерген ақындық дарынына қойылса керек. Калидасқа отыз шақты шығарманының бар екендігі айтылса керек. Менту және Бхарви атты ақындар (6ғ. 2-ші жартысында), Ментудың «Хаягривавадха» /Хаягрфтің өлтірілуі/ поэмасының сақталған. Бахарви поэмасының «Махабхратаның» үшінші кітабындағы Арджунаның Шино тәңірімен жекпе – жегін қайталап жырлауы. Бхати /7ғ. Т2-ші жартысы/ - әдебиет тарихындағы ғылыми поэманың негізін салушы. Оның «Ранававадхасы» «Раваның өлтірілуі» поэмасында Раманың еріктері, оның Раваны жеңгені жырлана отырып, шығарма грамматика мен риториканың ережелерін де тсіндірушілік қызмет атқарады. Бұл дәстүрді ақындар Бхаумахкдың «Рамаян» сюжетін жырлау кезінде Панини грамматикасын, ақын Магханың «Махабхаратың» екінші кітабындағы жанама эпизодтарды жырлайтын «Шишупалавадаха» /Шишупаланың өлуі/ эпосында саясат, әскери өнер, әсіресе махаббат ғылымы туралы терең білімдік трактаттық мазмұнда жырлауы.

Бақылау сұрақтары:

1. Б.з.д. 1-ші ғасырындағы санскрит әдебиеті

2. Әдеби эпостың драманың, лириканың өкілдері

3. Ведалар мен эпостағы тармақтар

4. Сол кезеңдегі оқиға баяндаушы эпизодтар мен диалогтар

5. Ежелгі үнді драмасы

6. Жоғары тәңірі Брахмаға драманы жасау туралы жазылған «Натьяшастра» атты тұңғыш

санскриттік трактат.

7. Б.з.д. 4-8 ғ. Сакскрит әдебиеті.

8. Үнділік ортағасырлық Гуптар әулетібилеген империя

9. Әдебиет пен өнердің дамуы

10. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі

11. Ежелгі үнді әдебиеті үшін пурандық этикалық ілімнің маңыздылығы

12. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны.

13. Калидастың «Шакунтала» драмасы.

14. Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің

үздік табысы.

15. Калидас аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды

меңгерген ақындық дарынына қойылса керек

10 - лекция. Тақырыбы: Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірі әдебиеті

Жоспары:

1.Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері

2. Орта ғасырдағы араб әдебиеті

Лекция мақсаты:

VІІ. ғ. Соңына дейін Пиреней және Орта Азияны, Солтүстік Африка мен Солтстік – Батыс Еуропаны иеленген араб шапқыншылығы. Ежелгі ауызша араб поэзиясы. /Өсеит, мақал – мәтел, шешендік өнер/ 7ғ. араб жазба поэзиясының пайда болуы, 3 кезеңнен өтуі.

Ежелгі ауызша араб поэзиясының көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, драмалары мен эпикалық поэмаларына талдау жасау.

Лекция мәтіні:

1.Таяу Орта Шығыстағы, Солт. Африка мен Оңтүстік – Батыс Европаны орта ғаысрларда мекендеген Арабтар мен Араб тілінің ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Шығыстаға ең бай әдемдегі ең көне әдебиеттердің бірі. Түп негізі қадым замандарға халық поэзиясы үлгілеріне тіреледі. Араб әдебиетнің – “Ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500-540) деп есептеледі. Бүкіл өмірін ауыр күрес үстінде өткізген “Жиханкез ханзада” Имру – л – қайс өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, Араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543-569) жырларынан Исламға дейінгі көшпенді бәдеуйлердің дүниеге көзқарасы, өзіндік философиясы аңғарылады: Әл-харрис Ибн халлиза (т.ж. белгісіз - 570) мен Амир Ибн Кулсум (т.ж белгісіз - 600) ақындық таланттарын өз руларының намысын жоқтап, атақ абыройын көтеру жолына жұмсаса, ан-набиға аз-зубяни (т.ж, белгісіз - 604) Араб әдебиеті тарихындағы Сарай ақындарының тұңғышы болды. Араб әдебиетін жаңа белеске шығарған Зухайр Ибн Аби Сулма (530-627) офолистік философиялық поэзияны (Хикма) дамытты, Араб ақындарының ішінде бірінші болып адамның ішкі дүниесін жыр арқауы етті. Ғажайып өмір кешкен Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525-615) Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі роль атқарған махаббат мұңына, нәзік сезімге суарған әсем туындылар, қайтпас ерлікті дәріптеген жорық жырларын қалдырды. Бойына дарыған үлкен қабілетті мал табу құралы еткен Әл Аъша (530-629) негізінен мадақ жырларын (мадых) шығарумен айналысса, Әл Хутайя (т.ж. белгісіз - 679) Сатиралық туындыларымен (Хиджа) танылды: Әйел ақын Әл – Хамса (575-664) эллегиялар (Риса) авторы ретінде белгілі, ал жауынгер ақын Хаким Ат Таий (Атымтай Жомарт VІғ) өз жырларында азаматқа тән абзал қасиеттерді дәріптейді.

2. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейінгі Халифа /Орынбасар/ деген лауазымдық басқару.

Умайтиадтық сарай ақындары, Хиджалдың махаббат лирикасы. Бәдәуй ақындарының лирикасы. Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі ауызша араб поэзиясы

2. 7ғ. араб жазба поэзиясының пайда болуы

3. Ежелгі арабтардың сөз өнері

4. Имру- л Кайс. Ис ламға дейінгі поэзия патшасы атанған бәдәуи ақыны, бәйіттерінің

мазмұны.


4. Сарай шайрларының поэзиясы

5. «Құран» - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші

6. Ислам дінінің пайда болуы ,

7. Құраннның 114 сүреден тұратындығы

8. «Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көқркем әңгімелер

9. Көркем әңгімелердегі Адам Ата мен Хауа Анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед

пайғамбарға дейінгі адамзат елеулі оқиғаларының суреттелуін конспектілеу

11 - лекция. Тақырыбы: Андалусиядағы араб әдебиеті (8-15 ғасыр аралығы)

Жоспары:

1. ХІІІ – ХV ғ/ғы араб әдебиеті.

2. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің жиынтығы.

Лекция мақсаты:

13-15 ғғ. Араб әдебиеті Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті.

Ал- Закир ад – Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб

мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы. Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі

13-15 ғғ. Араб әдебиеті Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті

жыр-ертегілерінің тақырыптық мазмұнына, жанрлық ерекшелігіне, көтерген мәселелеріне назар аудару. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы, түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің жиынтығын, әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшелігін көрсету.

Лекция мәтіні:

1.13-15 ғғ. Араб әдебиеті Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті.

Ал- Закир ад – Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб

мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы. Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті. Софылық поэзияның концепциясы

Софылық поэзиясындағы өзіндік символикалық стиль.

Араб поэзиясының ең алғашқы туындысы Құран Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздерімен діни аңыздардың жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құран шығуымен байланысты Араб әдебиеті жаңа түр, жаңа сипат алды. Ақындардың бір тобы исламға наразылық білдіріп, Мұхаммед пен оның сахабаларын сқақтаса, екінші топ ақындар Мұхаммед бастаған істі барынша қолдайды, жаңа діннің барлық маңданда жеңіп шығуы жолында ат салысады. Осы діни күрес поэзиясының ең көрнекті өкілдері Қағб ибн Зуайр (т.ж. белгісіз 662) Хассан ибн Сабит (т.ж белгісіз - 674) Әбу Зуайб Әл – Хузали (т.ж. бнлгісі - 646) болды.

Халифаттың ыдырау дәуірінде өмір сүрген ұлы ақын, “әлемді жырға толтырған” Әбу Ат - Тайб Әл Мутанабби (915-965) дүние жүзі әдебитіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірінен саналады.



2. Шығыстың ұлы ойшылдарының бірі Әбу-л-Аъла, Әл-Маърри (973-1057) ұзақ жасап, ақын, прозайх әрі филосов ретінде артына мол мұра қалдырды.

(8-15) Мұсылман әлеміндегі гүлстандардың бірі Арабтар билеген Оңт.Испанияға сәйкес өзінтік ерекшеліктері бар Андалузия әдебиеті көркем жайды. Шығыс пен Батыс аралығындағы мәдени көпір іспеттес болған Андалузия Араб әдебиетіне көптеген талантты ақын жазушылар мен әдебиетшілер берді. Олардың ең мәшһүрлері: Ибн Абд Рабихи (860-940) Ибн Шухрайд (992-1034) Ибн Зайдун (1003-1071) Ибн Хамдис ас-Сикили (1055-1132) Лисан ад-Дин ибн әл - Хәтиб (1303-1374).

1256 ж Бағдатты Шыңғыс ханның немересі Хулагу ханның жаулап алуына байланысты Араб халифаты құлайды да, Араб халқы үшін бірнеше ғасырға созылған қара түнек заман туады. Монғолдар, Мамлүктер, Түріктер билігіндегі елде әдебиеттің дамуы баяулайды. Жақсы дәстүрлер көнереді әдеби өмір тек XІX ғ-да ғана қайта жандана бастайды. Алайда бұл кезеңде әр түрлң тарихи жағдайлар нәтижесінде Араб әдебиеті өзінің өлкелік, тілдік диалектілік белгілеріне сай мысыр, Сирия, Ирак, Ливан, Алжир т.б. дербес әдебиетке бөлініп кетеді.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі

«Мың бір түн» - араб, үнді, парсы, түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің

жиынтығы. Халық романдары. Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыздар, қиссалар, әңгімелер.



Бақылау сұрақтары:

1. 19 ғ. соңы мен 20 ғ. азия елдерінің әдебиетіндегі ағартушылық ерекшеліктер

2. Араб әдебиетнің тарихы.

3. Әлемдік әдеби шығармашылық байланыстар аясында поэзия, проза, драмалық

жанрлардың дамуы.

4. ХІІІ – ХVғғ. араб әдебиеті.

5. Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті

6. Ал- Закир ад – Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб

мәдениеті

7. Халықтық әдебиеттің шарықтауы

8. Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті

9. Софылық поэзияның концепциясы

10 Софылық поэзиясындағы өзіндік символикалық стиль.

11. «Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі

12. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы, түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің

жиынтығы .

13. Халық романдары.

14. Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыздар, қиссалар, әңгімелер.


12- лекция. Тақырыбы: Орта ғасырылық Еуропа әдебиеті

Жоспары:

1. Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның рольі.

2. Христиандық және антикалық мұра.

Лекция мақсаты:

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы:

1. Латын тіліндегі жазба әдебиет. Оның діншілдік және жоғары зиялы қауымдық сипаты. Дидактикалық мазмұн. Ваганттар мен голиардтар шығармашылығы.

2. Халықтың ауызша шығармашылығы. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері. Мифологиялық эпос қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер, батырлық эпос-халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі кезеңдері.

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысымен тақырыбына, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, дидактикалық мазмұнына талдау жасау, ондағы дидактикалық сарынды көрсету.

Лекция мәтіні:

1. Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның ролі. Хриситандық және антикалық мұра.

Орта ғасырлық мәдениетттің қалыптасуы мен дамуындағы халықтық шығармашылықтың маңызы. Орта ғасырлық әдебиетттің дамуындағы әртүрлі кезеңдердегі фольклор мен әдебиеттің өзара қатынасы.

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы:

1. Латын тіліндегі жазба әдебиет. Оның діншілдік және жоғары зиялы қауымдық сипаты. Дидактикалық мазмұн. Ваганттар мен голиардтар шығармашылығы.

2. Халықтың ауызша шығармашылығы. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері. Мифологиялық эпос қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер, батырлық эпос-халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі кезеңдері.

2. Кельттік (ирландтық) эпос, оның көркемдік қырлары. Ирландық сагтардың қиал-ғажайыптық және батырлық ертегімен байланысы.

Скандинавтық эпос және лирикалық поэзия.

Франциядағы батырлық поэзия. „Роланд туралы жыр“ француздық батырлық эпостың ұлы ескерткіші, дастандағы кейіпкер арқылы берілген ұлы идеал.

Немістің батырлық эпосы және оның эпосы. „Нибалунга туралы дастан“ Неміс эпосындағы ежелгі халықтық аңыздаулар.

Орта ғасырдағы рыцарлық, /куртуаздық/ әдебиет.

Шығысқа атанған крест жорықтары және рыцарлық мәдениеттің жаңа идеалдары.

Прванстағы рыцарлық поэзияның пайда болуы. Трубадорлардың сйіспеншілік және саяси поэзиясының негізгі сарындары мен жанрлары.

Бақылау сұрақтары:

1. Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның ролі.

2. Хриситандық және антикалық мұра.

3. Орта ғасырлық мәдениетттің қалыптасуы мен дамуындағы халықтық

шығармашылықтың маңызы.

4. Орта ғасырлық әдебиетттің дамуындағы әртүрлі кезеңдер.

5. Фольклор мен әдебиеттің өзара қатынасы.

6. Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы.

7. Халықтың ауызша шығармашылығы.

8. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері.

9. Мифологиялық эпос қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер.

10.Батырлық эпос-халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі

кезеңдері.

11. Скандинавтық эпос және лирикалық поэзия.

12. Франциядағы батырлық поэзия.

13. „Роланд туралы жыр“ француздық батырлық эпос

14. „Роланд туралы жыр“ дастанындағы кейіпкер арқылы берілген ұлы идеал.

15.Немістің батырлық эпосы және оның эпосы.

16. „Нибалунга туралы дастан“ немістің халықтық аңыздаулары.

13- лекция. Тақырыбы: Орта ғасырдағы қалалық әдебиет

Жоспары:

1.Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

2. Орта ғасырлық драма.

Лекция мақсаты:

Орта ғасырдағы қалалық әдебиеттің халыққа берер әсері Фаблио, Шванк шығармаларының жанры мен тақырыбына, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, гуманистік дүниетанымына талдау жасау, олардың балладаларындағы күрес, композиция мен стилді көрсету.



Лекция мәтіні:

1. Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

Қалалық әдебиеттің негізгі жанрлары. Қалалық дидактикалық әдебиет. Қалалық лирика. 14-15 ғасырдағы шаруалар поэзиясы. Лонглендтің „ Петр Диханны“ поэмасындағы шаруалар бейнесі



2. Орта ғасырлық драма.

Орта ғасырлық драма театрдың дамуындағы екі бағыт. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер. Моралитенің діни – жоғары қауымдық жанры. Халық театрының даму. Адам де ля Али шығармашылығы. Халық драмасы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістің фасонах – шпилдер.


Бақылау сұрақтары:

1. Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

2. Қалалық әдебиеттің негізгі жанрлары.

3. Қалалық дидактикалық әдебиет.

4. Қалалық лирика.

5. 14-15 ғасырдағы шаруалар поэзиясы.

6. Лонглендтің „ Петр Диханны“ поэмасындағы шаруалар бейнесі

7. Орта ғасырлық драма.

8. Орта ғасырлық драма театрдың дамуындағы екі бағыт.

9. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер.

10. Моралитенің діни – жоғары қауымдық жанры.

11. Халық театрының дамуы.

12. Адам де ля Али шығармашылығы.

13. Халық драмасы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістің фасонах –

шпилдер.



14- лекция. Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

Жоспары:

1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.

2. Итальян әдебиетінің өкілі Джовани Боккачо өмірі мен шығармашылығы.

Лекция мақсаты:

Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары. Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.

1313 жылы Джовани Боккачо Франческо дүниеге келді.

Ал Джовани Боккачоның Петаркадан ілгерілеп нағыз өзінің басынан кешкен махаббаттарын жырлады.

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті өкілі Джовани Боккачо өзін сол кезеңнің отарлау саясатына қарсы тұрған ақын екендігін танытты. Шығармаларындағы махаббат сарыны, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, Боккачоның италян және еуропалық новелистикаға әсерлілігіне талдау жасау, ондағы дидактикалық сарынды көрсету.
Лекция мәтіні:

1. Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары. Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің өрлеуі. Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.

2. Джовани Боккачо Парижде 1313 дүниеге келіп, 1375 жылы қайтыс болды.

Джовани Боккачоның өзгелерден айырмашылығы көркем прозаның негізін салған. Ол Петрарка секілді әрі ғалым, әрі филолог болды. Джовани Боккачо әдебиетте еуропалық гуманизімінің көсемі тұрғысынан емес ол сол кездегі ең төменгі жанр новелист жазушы ретінде танылды.

Джовани Боккачо Флоренциялық саудагермен француз әйелінен туған некесіз ұл болды. Ол Парижде туылды. Кейін әкесінің қолдауымен алғашында сауда, кейін заң ғылымымен айналысты.

Дегенімен Петраркамен деңгейлес бола алмады. Джовани Боккачо 14 жасында Неопль қаласына келеді. Бұл кезде Неопль ірі филос офиялық қаланың орталығы әрі Петрарканың досы

Роберд Анжускидің королдік сарайы осында болды. Роберд Анжуски Неоплді өнер ортасына айналдырды. Ал Джовани Боккачо осы кезде Неоплдің гуманистігімен танысып, осы таныстық арқасында сарай маңындағылармен танысады. Сөйтіп король Анжускидің өкіл қызы Мария Аквинаға ғашық болды. Оның өзінің сүйіктісінің атын Фяметта деп атаған. Сөйтіп өзінің сүйіктісіне ғашықтық шығармаларын арнайды. Джовани Боккачоның Фяметтаға деген ғашықтық шығармаларының Данте Амрори мен Франческоға қарағанда өзіндік ерекшелігі болды. Петраркада әйел нақты суреттелгенімен қиял мекен Платонизмдік қиялдан ғана болу.

Ал Джовани Боккачоның Петаркадан ілгерілеп нағыз өзінің басынан кешкен махаббаттарын жырлады. Сонда Мария Фияметтамен Боккачо тек әдеби кейіпкерлер ғана емес өмірде де бірін – бірі сүйген ғашықтар болған. Джовани Боккачо алғаш рет 1336 жылы сенбіде шіркеуге барады.

Сан Лоренсе шіркеуінде көріп ғашық болады. Кедей (Флебей) жігіт салтанатты корол қызына тек жазушылық таланты аралығы ғана қол жеткізді. Дегенімен бұл бақыт ұзаққа созылмай, Мария оны басқаға айырбастайды. Бұдан кейін құлай сүйген Джовани Боккачо өзінің біркездегі ғаламат ғашықтық сезімдерінің кшімен соны еске алу аралығы талай туындады.

Джовани Боккачо өзінің шығармашылығын Неоплда бастап Флоренцияда аяқтады. Ол 1338 жылы „Филокола” романын жазды. Мұнда Флоркомен Бенжефлоның аралығындағы махаббат тартысы суреттеледі. 1341 жылы Джовани Боккачо „Аметта” өлең қарасөзбен жазылған идеясын жазды.

Идея баллада сияқты шығарманың түрі. Джовани Боккачоның жас кезіндегі көркемдігінің бірі „Фяметта” 1348 жылы кейде оны Фяметто Мадоннаның эллегиясы деп те атайды. Қарасөзбен жазылған бұл повесті Батысеуропа әдебиетінде тұңғыш психологиялық роман деп атады. Джовани Боккачо шығармашылығының басты жетістігі өзіне дейін әйелдерді мадақтау басым болса енді Джовани Боккачо әйелдің ішкі жан дүниесін психологиялық тұрғыдан сөз етті.

1350 жылы Джовани Боккачо Франческо Петраркамен кездесіп достық қарым – қатынаста болды. Олардың көркем шығармалары италиян тілінде жазылса өздерінің еңбектері латын тілінде жазылды. Джовани Боккачоның өнімді еңбектерінің бірі латын тілінде еді. Джовани Боккачо латын тілін қанша құрметтегенімен құнды дүниесін италиян тілінде жазды. Ол латын тілін ғылыми еңбектерін және 16 экологтық шығармаларын жазды. „Декамерон” ең алғаш новеллалық жинағы Джовани Боккачолар әлемдік даңқтың алып келген 1352-1353 жылы жазылған туындысы „Декамерон” бұл шығарма италиян көркем прозаның бастауы болып табылды. „Декамерон”- 10 күн дегенді білдіреді. Бұл новеллада 1348 жылы әйгілі флоренциядағы оба оқиғасы суреттеледі.

7 әйел 3 жігіт қаланың шетіне ауруы жұғып кетпесіндеп тұрады. Мұнда әр кейіпкердің 10 новелласы бар. Барлығы 100 Шахризаданың 1001 түні осыған сәйкес келеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.

2.Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы.

3.Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің өрлеуі.

4.Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік

антикалық ілімдердің байта жандануы.

5.Джовани Боккачо өмірі

6.Джовани Боккачо шығармашылығы

7.Шығармаларындағы махаббат сарыны

8.„Декамеронның” италиян көркем прозасының дамуына әсері

9. Джовани Боккачоның италиян және еуропалық новвелистикаға әсері

10.Джовани Боккачо әдебиетте еуропалық гуманизімінің көсемі

11. „Декамерон”- 10 күн дегенді білдіруі.

12. Джовани Боккачо жөнінде мәлімет жинау



15- лекция. Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

Жоспары:

1. Неміс әдебиеті

2. Француз әдебиетінің ұлы өкілі Ф.Рабле

Лекция мақсаты:

Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 15 ғ. Соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті.

16ғ. Біріншісі жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері /орта ғасырлық аңыз, христиандық әфсана, қалалық фольклор, рыцарлық роман/

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлерімен байланысының зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, гуманистік дүниетанымына талдау жасау.

Француз гуманизмінің ірі өкілі және ұлы жазушысы Ф.Рабле шығармаларының танымдық сипатын көрсету.

Лекция мәтіні:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 15 ғ. Соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті. 16ғ. Бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері „Тил Эиленшпител“ – авантюралық халықтық роман. Доктор Фауст туралы „Халық кітаптарындағы“ мифтік поэтикалық және натура пәлсапалық көріністер.

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлерімен байланысы.



2. Француз гуманизмінің ірі өкілі және ұлы жазушысы Ф.Рабле. Ауқатты жер иесі адвокаттың отбасында дүниеге келді. Жас кезінде Монастрда құдай ілімдерімен қатар ертедегі жазушылармен заң кітаптарын оқып өсті. Ол жан- жақты білімді адам , жазушы, дәрігер, педагог болды. Ежелгі тілдерді де жақсы білді. Ф.Рабле түрлі сомада еңбектер жазды бірақ оның даңқын шығарған 5- кітаптан тұратын “Гаргантюа мен Пантагрюэл” романы. Бұл әлі күнге дейін үлкен де кішіде оқып келе жатқан тамаша кітап автор бұл романды жазуды халық арасында тараған аңыз ертегілерді кең түрде пайдаланып оған гуманситік сипат берді. Ф.Рабле ортағасырлық феодалдық сотта тәрбиенің ескі әдісі құрғақ сөзді діни қараңғылықты көзсіз сенушілікті сынады.

Ф.Рабле өмірінің ақырына дейін ешкімнен жасқанбады өз ой пікірімен идеясына сенімін жоғалпай дүниеден өтті.



Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу.

2. ХV-ХVІ неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті.

3. Жаңа латындық әдебиет

4. 16ғ/ң. 1-ші жартысындағы халық көпшілік әдебиет олардың түп көздері

5. Орта ғасырлық аңыз христиандық әпсана

6. Орта ғасырлық қалалық фольклор

7. Рыцарлық роман

8. Доктор Фауст туралы халық кітаптарындағы мифтік поэтикалық және натура

пәлсапалық көріністер

9. Бюргерлік әдебиет оның орта ғасырлық сатирасы

10. Бюргерлік әдебиеттің дидактикалық көрінісі

11. 16 ғ/ң соңында классикалық қайта өрлеу дәуірінің басталуы

12. Қайта өрлеу дәуірінің басталуы

13. Антикалық әдебиетке баса назар аударуы

14. Қайта өрлеу мәдениеті драматургияны, театрды жаңа биікке көтеруі

15. Қайта өрлеу дәуіріндегі жеке дербестік қасиеттер

16. Француз әдебиеті.

17.Ф. Рабленің өмір жолына шолу

18. Ф. Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби мәні

19. Бес кітаптан тұратын роман желісі

20. Ф. Рабле шығармаларының идеясы және компзициясы

21. Ф. Рабленің шығармасының көркемдік ерекшелігі.

22.Рабленің даңқын шығарған шығармасы.




16- лекция. Тақырыбы: Испан әдебиеті

Жоспары:

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу.

2. М.Сервантестің өмірі мен шығармашылығы.

3. М.Сервантестің әлем әдебиетіне танымал «Дон Кихот» романы, оның пародиялық

астары.

Лекция мақсаты:

Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро – эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері

Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италяндық, рыцарлық дастандармен байланысын

ондағы дидактикалық сарынды көрсету

М.Сервантестің әлем әдебиетіне танымал «Дон Кихот» романы, оның пародиялық астары бар шығармасының дидактикалық сарынын көрсету
Лекция мәтіні:

1. Испания мәдениеті үшін мың алты жүз бесінші жылдың орны бөлек. Саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да бұл жаңа жылдың бұрынғы өткен жылдардан бәлендей айырмашылығы жоқ еді және испан халқын жарылқап тастайтындай жақсылық әкеле қояр сыңайы да байқалмаған. Рас, V Карл құрған, жаңа ғасырда немересі III Филипптің қол астына өткен Испан империясы әлемдік держава деген атағын сол бұрынғысынша сақтап тұрған. Европадағы, Америка мен Азиядағы, сондай-ақ Африкадағы онсыз да мен байтақ иеліктерінен айырылып қалмауды, мүмкін болғанынша одан әрі кеңейте түсуді көздеген Испания теңізде де, құрлықта да бірде жеңіп, бірде жеңіліп дегендей дамылсыз соғыс жүргізіп жатқан.

Алайда 1605 жылғы қаңтар айының бас кезінде орын алған, былай қарағанда болмашы да қарапайым бір оқиғаны маңыздылығы жағынан; үлгі аталған жайлардың бірде-бірімен салыстыруға болмайтын. Қаңтардың сол бір күні Мадридтегі кітап дүкендеріне әдеби дабырасынан гөрі Алжирде тұтқында болып, азап шегуімен даңқы көбірек шыққан, жасы егде тартып қалған, оның үстіне өзі мүгедек бір жазушының романы сатуға түскенді.



2. Жазушының есімі - Мигель де Сервантес Саведра, шығармасының аты - "Айлакер идальго Ламанчалык Дон Кихот" болатын. В.Г. Белинскийдің бейнелілігімен айтқанда, "адамзат өнеріндегі жаңа дәуір" де, міне, дәл осы кітаптан басталған еді. Кітаптың жарық көргеніне төрт ғасыр толды. Сервантес катысқан жене куә болған сол заманның қанды шайқастары баяғыда ұмытылды, корольдер, қолбасшылар мен саясаткерлер келмеске кетті, бірақ қаламгердің аталмыш шығармасы оқырманды әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп, толыққанды тіршілігін әлі жалғастырып келеді.

Император болудан үміткер кезбе рыцарь Дон Кихот пен онын бір аралдың бастығы болуды аңсайтың аңғал атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен шытырман оқиғаларын суреттейтін Сервантестің бұл туындысы адамзат баласымен мәңгі біріге жасай беретін шығарма екенін әлем зиялылары бір – ауыздан мойындап отыр. Соның алдында бірер жыл бұрын ғана Норвегиядағы Нобель институтының ұйымдастыруымен 54 елдегі 100 айтулы қаламгерден құралған (ішінде Нобель сыйлығының бірнеше лауреаты бар) қазылар алқасы "Дон Кихот" романын әлем әдебиетінің ең үздік туындысы деп таныған болатын. Одан кейінгі орынды Марсель Прустың "Жоғалған уақытты іздеу әурешілігі" романы алды. Бұл екеуінен кейінгі орындар Гомердің, Толстойдың, Достоевскийдің, Кафканың, Фолкнердің, т.б шығармаларына тиді.

Сервантес өмір сүрген заман аласапыран оқиғалар заманы болды. Ұлы суреткер алпыс сегіз жыл ғұмыр кешті. Ол V Карл патшалығының соңғы жылдарын көрді, II Филипп пен оның баласы III Филипптің патшалық құрған алғашқы он сегіз жылдағы оқиғалардың куәгері болды және өзі де біраз жайды бастан кешті. Өз тарихындағы бұл кезеңде Испания әлемдік үстемдіктен бірте-бірте қол үзе бастаған. Әлемнің бестен бір бөлігін құрайтын жері, алпыс миллиондай халқы бар империяны әкесінен мұраға алған III Филипп оны өлі де өз ықтиярынша билеп-төстеп отырған. Бірақ осынау орасан үлкен монархияның іргесі шым-шымдап сегіліп, қатты бір дауылдан калмайтындай халде тұрған. Көлемі одан әлдеқайда шағын мемлекеттер, Англия, Франция, Голландия, - Испанияның шабуылдарына тойтарыс беріп қана қоймай, өздері де оған қарсы соғыс ашып жатқан. Екінші жағынан, XVI ғасыр - ұзақ уақыттар бойы "реконкистамен" (туған жерін басқыншы маврлардан тазартумен) айналысқан халықтың қолы босауымен ерекшеленетін. Соның нәтижесінде елдің арқасы кеңіп, аз уақытқа болса да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күй кешкен.

3. Испан әдебиеті “Дон Кихот”.

Сервантес “Дон Кихот” романының бірінші томын 1605 жылы ал екінші томын 1615 жылы жазып шықты. Ол Дон Кихотында есуастың бетке ұстап өмір шындығымен санаса алмайтын адамның, суреттелген бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір, жапа шекккендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық-зомбылықты, есушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдікпен бостандық орнауын арман етеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиялдық қаһармандық ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігін жағына оны еріксіз құрметтейді. Романда Дон Кихотпен біз былай танысамыз: “Ломанча аймағының кішкене бір жұпыны деревнясының Дон Кихот дейтін идальго тұрды. Басқа дворяндар сықылды, о да өзінің ата тегінің ақсүйек екендігіне масаттанып, ерте заманғы бір қалқанымен ата мұрасы болып келген найзасын ардақтап, көзінің қарашығындай сақтайтын. Оның қорасында бір арық мәстегі мен аңға қосатын тазысы болатын. Бар табысының төрттен үші, сиыр етімен шөп шалаңнан істелген, күндегі ішетін быламығымен винегретіне кететін, жұма күндері ол аузына қызыл алмай, суға пісірген бұршаққа қанағат етіп отыратын, бірақ оның есесіне, жексенбі сайын кептердің қуырған етін жеп жеңіл басатын. Дон Кехана мейрам күндерінде үстіне жұқа маңытыдан тігілген бешпет, бархыт шалбар аяғына сақтан башмақкиюші еді, ал жай күндері қарадүрсін шұғыдан тігілген киім киіп жүретін. Оның үйінде жасы қырықтан асқан экономика (үйдегі ас суды жамғараты әйел), 18-19-дағы жиен қарындасы және қаусаған кәрі шал қызметкері болатын. Ал Идальгоның өзі елуге жақындап қалған қураған қу сүйектерімен тырысқан терісі басқа дымы жоқ, ап-арық болғанымен ол өте берік адам еді.

Дон Кихана өзінің бос уақытын- ал оның бүкіл тәулік бойына қолы бос болатын серілер туралы ескі романдарға үңіліп оқумен өткізетін. Бұл іске ол аса құмартып, шын ықыласымен берілді, осыған бола аң аулауды да, шаруашылығын да қойды. Бұл іске өте құмартып кеткендіктен ол, тіпті, осы серілер туралы кітаптанрды сатып алу үшін өзінің егістік жерін едәуір бөлігін ойланбастан сатып та жіберді.”

Романдағы ғашықтық жөніндегі лепірме хаттар, бірін-бірі жекпе-жекке шақыру өте ұнаушы еді және жиі кездесе беретін кейбір қисынсыз жерлеріне түсіне алмайтын. Мысалы “Бельянис деген атақты сері басқаларды жарақаттап өзі де бірнеше рет жарақаттаныпты” деген сөзге нану оған қиынырақ болды, ол серіні емдеген дәрігерлер қанша білгір болғанымен, оның беті мен денесінде жарақаттардың орны қалуы тиіс сықылды болып көрінді. Ал романда Бельянис майданға тыртығы жоқ болып шығады.

Бірақ романдардағы ерлердің істеріне әуестенуіне Дон Кехана үшін мұның бір де бірі бөгет болған жоқ. Ол кітап оқудың қызығына түсіп, күні-түні демей оқитын болды. Ол жұмысының бәрін қойып, ұйқысынан айрылды, тамақ ішуді де ұмытып кете беретін. Оның басы серілер туралы кітаптардан оқыған cорақы тарихтарға тың толы еді.Сондықтан ол қанды соғыстарда,серілердің жекпе-жек ғашықтық кездесулерді қыз алып қашуды түгіл өңінде де айтып сандырақтайтын болды.Ол, Сид Рун Диас ер жүрек сері болыпты дегенге қосылатын,бірақ екі үлкен дәудібір сермегенде қақ бөліп шарып түскен жалынды қылыш серікіне қайдан жетсін деуші еді. Ал солай деп тұрса да,жауырыны жерге тимеген Ролланды Ронсеваль қуысында жеңіп шыққан Бернардо де Карпионы ода жоғарырақ бағалайтын. Ақырында, байғұс адамға есалаң болып кетті. Нақ осы кезде ешбіресуастың қиялына кіріп шықпаған бір ғажап ой сап ете қалды. Өзін жихангер серілердің қатарына қосылуға міндеттімін деген пікірге келді. Дон Кехана ,өз басының даңқы үшін,туған өлінің қамы үшін жауыздарды жазалауды әділеттікті қайтадан қалпына келтіруді қасиетті борышым деп білді.Осы ойын жедел орындауға асықты. Үйдің шатырында тот басып жатқан ата –бабаларының қалған сауыт саймандарын тазартты, осылардың бәрін жиып-теріп келгенде, дулығанық төбесінде шошарынан басқа ешнәрсесі қалмағанын көріп қатты ренжіді. Бұл істі жөндеу үшін оның бар өнерін салуына тура келді. Ақырында дулыға тәрізді бір нәрсені істеп шығарды. Содан кейін ол мұның ұрыста қаншалықты төзімді боларын байқағысы келіп кетті. Қанжарын суырып алып дулығаны екі рет тартып-тартып жіберді. Бір ұрғанда ақ дулыға быт-шыт болды. Ол қатты ренжіді. Дегенмен, ол бұл істі қайтадан қолына алды, бірақ енді мықты болсын деп қатырма қағаздың астына қаңылтыр салды. Енді оны сымнан өткізуге қажет деп таппады.

Қорадағы атын басынан аяғына дейін қарап өтті. Оның бұл аты ауруға шалдыққан бір кәрі мәстек еді. Бірақ солай бола тұрса да, менің бұл атыма ұлы Александрдың Буцефалы да, Сидтің Бальегі де тар келе алмайды деді. Ол өзінің кәрі мәстегіне енді есім іздеп қатты қиналды. Ақырында ол Рошнат деген есімге тоқтады. Бұл есім оған әсерлі болып көрінді.

Ол енді өзіне де лайықты есім қоймақшы болды.Мұны ойлап бір жетідей жүрді. Ақырында ол өзінің Дон Кехана деген елеусіз есімін Дон Кихот деген есіммен өзгерте салды және Ламаншарық Дон Кихот деп атанбақ болды.

Сонымен, қару-жарақ тарқатуы дулыға жөнделді, мәстегіне жаңа ат қойылды, өзі де есімін өзгертті, енді оған ғашық жар іздеп табу ісі ғана қалды, Дон Кихот өзіне былай деді: “Егер мен тағдыр жазып бір алыппен кездесе қалсам (ау жихангер серілерге бұл жиі кездесе беретін нәрсе), оны айқасқан бойда алып ұрып, еріксіз кешірім сұрата қалса, онда мен серілік заңдары бойынша оны өзімнің бикешіме жіберуім керек. Ол сері менің тал шыбықтай бұралған сүйкімді әміршіме кіріп барып, тізе бүгіп отыра кетеді де, басын иіп былай дейді: “Мен Малиндрани аралының патшасы Каракуляндро дейтін алыппын. Мені жекпе-жек ұрыста айбынды сері, Ла-маншалық Дон Кихот жеңіп шықты. Ол маған сіздің ұлы мәртебеңіздің алдына барып бас июге бұйрды, міне, сондықтан алдыңызға келіп тұрмын, енді сіздің ұлы мәртебеңіз маған не істесе де ерікті... ”

“Оһо!-деп дауыстап жіберді Идальго,-мен өзіме қалайда болса ғашық жар тауып алуым керек: серінің ерлігіне тек сүйген жары ғана лайықты баға береді. Бірақ оны қайдан табу керек?” осыны айтып, Дон Кихот ойға шомды. Кенеттен оның көңілін бір қуанышты пікір сергітіп жіберді. Көршілес деревнядағы Альфонсо Лоренсо дейтін бір жап-жақсы шаруа қыз есіне түсті. Сол қыздың дәл өзін, біздің сері жүрегінберіп ғашық жары етіп жарияламақ болды. Оны Дульсинея Тобоссная деп атады, осы әзірліктің бәрі біткеннен кейін Дон Кихот көп кідірмей, өз үйін тастап, серілік оқиғалар іздеп кетуге бел байлады. Міне, сонымен, ол жаз айының тамаша күнінде төсегінен таң атпай көтерілді де, үстіне сауыт сайманын, басына сиықсыз дулығасын киіп, Росинатқа қарғып мініп алды да, қалқанын қарына іліп алып найзасын қолына ұстады. Жасырынып мал қораның сыртқы қақпасы арқылы шықты да, ен даланы бет алып жүріп кетті.


Бақылау сұрақтары:

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу

2. ауызша – лиро –эпикалық поэзияның дамуы

3. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері

4. Испан әдебиетіндегі роман жанрларының түрлері

5. Рыцарлық романның генезисі орта ғасырлық куртуаздық романдармен, рыцарлық дастандармен

байланыстары.

6. М. Сервантестің өмірі мен шығармашылығы.

7. М. Сервантестің “Дон Кихот” шығармасы.

8. Өсиет-өнеге мен новеллалары.

9. «Дон Кихот романы» оның продиялық астары

10. Романның гуманистік риторикасы


17- лекция. Тақырыбы: Ағылшын әдебиеті

Жоспары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу.

2. В.Шекспир (1564-1616)өмір жолы.

Лекция мақсаты:

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетте прозаның, поэзияның, драматургияның дамуы мен жазушылардың ішінде Вилям Шекспир шығармашылығындағы студенттердің бірігуімен қойылған драмалардың кейіннен театрға ауысып отыруы шығармаларының танымдық еркшелігін көрсету.



Лекция мәтіні:

1. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның. Прозаның драматургияның дамуы.

2. Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Вилям Шекспир 1564жылы 23апрелде Эйвон өзені бойындағы Стратфорт деген кішкентай қалада дүниеге келген . Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар –толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның бізге мәлім болған екі поэмасы Венера мен Адонис және Лукреция 154сонеті, 36 пьесасы бар. Поэмалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!

Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,

Семгенімен солған гүлдер жапырағын,

Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,

Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.

Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,

Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,

Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.

Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,

Келер жылдар кереметтей дақылың!,-деп үлкен бір ой айтады.Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы;сонет “қалай өссек”деп аталады.

Қалай өссек, солай біздер соламыз,

Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.

Мұрагердің бойындағы күш-қуат,

Қаусып қалған менікі деп санаңыз.

Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,

Мұңсыз өмір өтер еді жабылып

өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,

мына жалған құрыр еді қаңырап.

Жерге,өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,

Түссіз,түлей –қайта оралмай жоғалсын

Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,

Мың есе енді қайтаратын боласың.

Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің

Ғасырларға өз белгіңді бергейсің,

Керемет емес пе? Сонымен әр бір жолында философиялық ой жатыр.

Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.
Бақылау сұрақтары:

1. У.Шекспирдің өмірінен мәлімет

2. У.Шекспирдің драматургиясы

3. Шекспирдің өлеңдері

4. У.Шекспирдің “Ромео мен Джулеттасы”

5. У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясы

6. “Ромео мен Джулеттадағы” тргедиялық қақтығыстардың шешімі.

7. Шекспирдің сонеттері

8. Шекспирдің “Оттелосы”

9. Шекспирдің “Корол Лирі”




18- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1. 17 ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет

2. 17 ғасырдағы итальяндық әдебиет

3. 18 ғасырдағы неміс әдебиеті

Лекция мақсаты:

17 ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет, 17 ғасырдағы итальяндық әдебиет,

18 ғасырдағы неміс әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық, экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы, пәлсапалық ирония, автордың шешіміндегі фантастикалық нышандар шығармаларының танымдық сипатын көрсету.

Лекция мәтіні:

1.15ғ. Ренесанстық гуманизмнің дағдарысы. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері. 17ғ. әдебиетіндегі 3 бағыт және оның көрнекті өкілдері.

17ғ. Ренесанстық реализм. (Лопе де Вега, Бен Джон Сон) Олардың шығармашылығындағы демократиялық бағыттар. Авантюралық романдар. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

Классицизм. Классицизмнің эстетикалық бағыттар. Көркемдік әсер алуының бағыты. „Жоғары“ трагедия мен „жоғары“ комедия туралы түсінік.

2. Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің маңызы. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар. „Кампанелла, Күн қаласы“, әдебиеттегі аристократиялық гадонизм. Марино шығармашылығындағы Барокко.

3. Он үш жылдық соғыстың экономикалық саяси зардаптары. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары. Грифиустың „Отанының көз жасы“ туындысы.

Гимельсхаузеннің „Симплиции Симплициссимус“ романы, оның соғысқа феодализмге қарсылық бағыты. Романдағы демократиялық бостандық сүю, ойлары. Романның көркемдік ерекшеліктері. Пәлсапалық ирония, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.



Бақылау сұрақтары:

1. 15ғ. Ренесанстық гуманизмнің дағдарысы.

2. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері.

3. 17ғ. әдебиетіндегі 3 бағыт және оның көрнекті өкілдері.

4. 17ғ. Ренесанстық реализм. (Лопе де Вега, Бен Джон Сон)

5. Лопе де Вега, Бен Джон Сон шығармашылығындағы демократиялық бағыттар.

6. Авантюралық романдар.

7. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

8. Классицизм.

9. Классицизмнің эстетикалық бағыттар.

10. Көркемдік әсер алуының бағыты. „Жоғары“ трагедия мен „жоғары“ комедия туралы

түсінік.

11. Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің

маңызы.


12. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар.

13. „Кампанелла, Күн қаласы“, әдебиеттегі аристократиялық гадонизм.

14. Марино шығармашылығындағы Барокко.

15. Он үш жылдық соғыстың экономикалық саяси зардаптары.

16. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары.

17. Грифиустың „Отанының көз жасы“ туындысы.

18. Гимельсхаузеннің „Симплиции Симплициссимус“ романы, оның соғысқа феодализмге

қарсылық бағыты.

19. „Симплиции Симплициссимус“ романындағы демократиялық бостандық сүю, ойлары.

20. „Симплиции Симплициссимус“ романның көркемдік ерекшеліктері.

21. Пәлсапалық ироия, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.

19- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1.17 ғасырдағы испан әдебиеті

2.17 ғасырдағы француз әдебиетінің өкілі Ж.Б.Мольер.

3. 17 ғасырдағы ағылшын әдебиеті

Лекция мақсаты:

17 ғасырдағы испан әдебиеті ренесанстық реализм, 17 ғасырдағы француз әдебиетіндегі сатиралық, тамаша комедия театрын құрушы Жан Батисто Мольер дүниеге келді. Мольердің “Дон Жуан” деген комедиясында адамгершілік қасиеттен жұрдай болған өзімшіл азғындаған оңбағанды сахнаға шығарады. Мольер өз комедияларында халықтан шыққан жағымды – жағымсыз бейнелерді жасап оларды өткір тілмен көрсетіп беріп отырды.

17 ғасырдағы ағылшын әдебиетіндегі Бен Джонсон шығармашылығындағы ренесанстық реализм шығармаларының танымдық сипатын көрсету.
Лекция мәтіні:

1. Әдебиеттегі ренесанстық реализм. Ұлттық драма теориясы. Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары.

„Қой қайнары“ батырлық драмасы „Севил жұлдызы“ драмасындағы дворияндыққа қарсылық сыны. Гонгор және гонгоризм. Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокканың саяси және көркемдік принцптері. Калдеронның „өмір деген түс“ атты пәлсапалық драмасы. Калдерон драматургиясындағы кейіпкерлер. Пәлсапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.



2. Әйгілі Француз Революция кезеңінде 1789-1794 жылдары басты тарихи уақыттарында идеологиялық ағарту салаларында шыңдалған ағартушылар Вольтер, Дидро және жоғары лауазыммен Руссолар әдебиет жанырындағы ауыспалы кезеңінде әдебиет төрінен орын алды.

Революция кезеңінде әдебиет саласында Наполеонның Француз мемлекетін басқару уақыттарында мемелекеттің әдебиет пен мәдениет және көркем өнер салалары дамыды. Бұл кезеңде «Ревалюционного классизма» «Революция классиктері» деген мерзімі болды. Вольтер, Руссо және Дидро сияқты атақты жазушылардың өмірден кеткені франция есік орны толмастай әдебиет саласын ойсыратып кетті. Бірақ олардың із басарлары болып әдебиет саласында жарқырап Пьер Огюстем Корон де Бомарше 1732-1799 жылдары әлемге әйгілі «Сервия шаштаразы» қойылымы 1775ж. және «Ессіз күндер» мен «Фигаронның үйленуі» 1784ж. және Фигаро жайындағы үшінші пьессасы «Қылмысты ана» немесе «Жаңа Партов» қойылымы 1792ж. комедиялық пьессалары өмірге келді.

Сонымен қатар Француз әдебиетіне көзінің тірісінде біреу біліп, біреу біле бермейтін, атақ даңқының өмірден өткен де әлемге әйгілі болған Андре Шенье сол кезде Садоның ерекше тұлғасын жасады. 1740-1814 жылдары Роман авторы Жюстина 1791-1797ж. «Жюльетта» 1797ж. «Бударедегі Философия» деген туындылары жарыққа шықты. Жазушыны тек XX-ғасырда ғана талантын мойындады.

Сонымен бірге сол кездегі атақты ғалымдар өздерінің пеьссасын, романдарын жарыққа шығарып отырды.



Мольер шығармашылығы

17 ғасырдың 2 ші жартысында Францияда ұлы драматург тамаша комедия театрын құрушы Жан Батисто Мольер.

Пессалары алдыңғы қатарлы буржуазия идеяларына әдебиеттегі бағыттың жарқын көрінісі болды. Мольер корол сарайының мебел жасаушысының баласы еді. Яғни біршама ауқатты буржуазия ортасынан шықты. Мольер көпке дейін өмірден өз орнын таппй кезбе актер ретінде өмір сүрді. Ол көптеген қиыншылықтардан кейін корол сарайы сахынасында өз пессаларын қойдыруға мүмкіндік алды. Бірақ содан кейін де оның көптеген спетакльдерінің қойылуына қарсылық көрсеткен реацияшыл дворяндармен дін басыларымен тынбастан күрес жүргізуге тура келді. Мольердің халыққа жақын тұрғандығы оған халықтың көңілді комедия дәстүрін қабылдауға және дамытуға мүмкіндігін берді. Оның пессаларындағы адамдар әр түрлі топтан шыққан қарапайм тілде сөйлейтін өз замандастары еді. Мольер дворяндардың думанды өмірін ащы тілімен жеткізе сынады. Мольердің “Дон Жуан” деген комедиясында адамгершілік қасиетен жұрдай болған өзімшіл азғындаған оңбағанды сахнаға шығарады. Мольер өз комедияларында халықтан шыққан жағымды – жағымсыз бейнелерді жасап оларды өткір тілмен көрсетіп беріп отырды.

3. Бен Джонсон шығармашылығындағы ренесанстық реализм.

17 ғасыр ортасындағы буржуазиялық революция. Мильтон шығармашылығы. Көсемсөздік шығармалары «Жоғалған жұмбақ», «Оралған жұмбақ» атты поэмалары, «Самсон крескер» трагедиясы. Ақынның шығармаларындағы пуритандық дүние таным мен гуманистік ойлары арасындағы қайшылықтар.

Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті.

Англиядағы классицизм, Драйден шығармашылығы


Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиеттегі ренесанстық реализм.

2. Ұлттық драма теориясы.

3. Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары.

4. „Қой қайнары“ батырлық драмасы

5. „Севил жұлдызы“ драмасындағы дворияндыққа қарсылық сыны.

6. Гонгор және гонгоризм.

7. Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокканың саяси және

көркемдік принцптері.

8. Калдеронның „өмір деген түс“ атты пәлсапалық драмасы.

9. Калдерон драматургиясындағы кейіпкерлер.

10. Пәлсапалық пайымдау.

11. Оқиға және кейіпкер.

12. Кейіпкерлер тілі.

13. Классицизм - ХVІІғ.ғы француз әдебиетінің көркемдік стильдік бағыты.

14. Мольер шығармашылығы.

15. Мольер комедияларындағы пәсапалық мәселелер

16. 17 ғасыр ортасындағы буржуазиялық революция.

17. Мильтон шығармашылығы.

18. Көсемсөздік шығармалары «Жоғалған жұмбақ»

19. «Оралған жұмбақ» атты поэмалары

20. «Самсон крескер» трагедиясы.

21.Ақынның шығармаларындағы пуритандық дүние таным мен гуманистік ойлары

арасындағы қайшылықтар.

22.Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті.

20- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1. 18 ғ. Батысеуропалық әдебиет.

2. 18 ғ. Ағылшын әдебиетінің ұлы өкілі Д.Дефо өмірі шығармашылығы

Лекция мақсаты:

Әдебиеттегі ағартушылық, эстетикалық бағыт сипаттары. Ағартушылық эстетикасының басты принцпі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандарды көрсету

Д.Дефоның әлемге әйгілі «Робинзон Крузо» романының мән – мазмұны елсіз аралда қалған Робинзон өмірінің көпшілік қауымға әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшелігін көрсету

Лекция мәтіні:

1. Әдебиеттегі ағартушылық бағыт, эстетикалық бағыт, сипаттары. Ағартушылық эстетикасының басты принцпі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Ағартушылық әдебиеттегі батырлық және әсерлілік, ұнамды кейіпкер сентиментальдық, сатиралық бағыттар.Ағартушылық әдебиеттің басты жанры – пәлсапалық роман мен повесть. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандар. Трагедиялардағы ағартушылық классицизм. Драма жанры және дараматургиялық реформа.

2. Ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Д.Дефо 1661 жылы Англияның Лондон қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның әкесі саудагер болған. Ол баласын монастрда оқуын қалайды. Бірақ жастайынан саяхат етуді теңізге шығуды армандаған Даниел әкесі күткендей болып шықпайды. Даниел тек әдебиет саласында ғана емес сонымен бірге қоғам қайраткері журналист, жазушы сондай – ақ үлкен ірі бизнесмен де болған. Оның негізгі сауда көзі кеме саудасы болып Чили, Мексика жарты аралдарына қатынайды. 1715 жылы өз өміріне арнап жазған “Робинзон Крузо” библиографиялық туынды. Бұл еңбегінде үстем тап өкілдердің озбырлығын әшкерелейді. Оның ескі өмірін көксейді романның алғашқы бетінде үлкен ірі саудагердің кемесі экватор дауылында адасып адам жоқ жалғыз аралға барады.

Робинзон Крузо” романының мазмұны.

1.“Робинзон Крузо” романының мазмұны.

2. Романның көркемдік ерекшелігі.

Өткен дәуірдегі жаушылардың қай-қайсысын болса, біз қазіргі жазушы дейміз, бірақ ол олай емес. Ал, Дефо басқаша. Егерде Шекспир дәуірі Англияның Буржуазиялық революциясы XIIV ғасыры, артта қалса Дефо заманы ол Буржуазиялық өмірдің басы.

Сондықтан Дефо 1660-1731 толық мағынада қазіргі жазушы. Ол өзінің Шекспирмен теңестірген, сол тағдыр жүз жыл өтседе. Бір ғасыр бойы көп нәрсе өзгереді, Шекспир-шеттен келген, астанаға келгенде ол қалалық адамдарға қорқынышпен қарайды.

Дефо Лондонда туылып өскен, ол сол жерде өзін еркін суген, Шекспир үшін дүниетану. Ол табиғатта серуендеу болса, Дефо үшін табиғат шеберхана. Ол сол жерде еңбек , кәсіпшілік, іскерлік танытады.

«Петр Алексеивичтің тарихы»,

Ол кітабында Дефо былай деп жазады. Петр Дефоның ата-бабаларының кәсібін үйренуге шығады. Олар Голлондтар Англияға қашып келген Ағылшындарды жүнді иіріп мата жасауға үйреткен. Англия дүние жүзіне осы кәсіппен белгілі болған.

Әдебиеттің аса биігіне шықса кейде өте төмен жағдайда ұшырап өзі жазған еңбегін біреудің атымен шығарады. Ол 60 та 40 жыл әдебиетпен шұғылданады. Өмірдің өмірінің бәрі өтті, бірақ ол қайтадан жаңғырады. Ол мәңгі жаңа өмірді бастайды.

Дефо 350-ден астам шығармалар жазған. Оның бірігінің аты-Робинзон Крузо. Бұл кітап емес, бейне емес, ол адам аңыз ол ғасырдан-ғасырға жаңарып келеді.

Кітаптың тарихы былай.

XVIII ғасырдың басында адмирал Вильем Дампер тынық мұхитқа шығады. Ол саяхаты сәтсіз болады. Кеменің үстінде ұрыс-керіс болады. Сондықтан адамдар қашады. Мас-а Твер аралдарында Хуан-Фернандес Штурман Алькирк архипелагінде қалып қояды. Төрт жыл өткен соң сол жерге тағыда бір кеме барады оның капитаны Вуджа Роджерса. Олар жаңағы жерге Мас-а Твераға тұщы су алуға кіреді.

Роджер осы туралы жазғанда ізінен келе жатқан капитан Кук те осыны айтады.

Робинзон туралы айтсақ, бір өзі айналасындағы жан жоқ жерде теңіздің жағасында өмір сүруге бел буады. Бұл жерде адамның мінез-құлқы бейнеленбейді. Адамның тірі қалуы ертеңге деген сенімі, оның ойлау қабілетінің жылдамдығын іскерлігі көрсетіліп отыр. Әр сәт Робинзонға ол мағыналы шындық.

Егерде Робинзонның орнына Шекспирді қоятын болсақ батырын ол ойлау қабілеті нашар әбіржулі адам, мысалы: Робинзонның сынып қалған кемесіне ақша жатса ол оған таң қалмайды. Ол Шекспирдің былай дейді,- не көріп тұрмын? Алтын, мынау шындық па? Сап-сары жылтылдайды, жоқ жоқ мен алтынды қастерлеймеймін, бірақ алайын! Ал Робинзон болса былай дер еді. «Керек емес қалдықтар» бірақ қалтасына салар еді, және неге қажет болар екен деп ойланар еді.

Робинзон Крузо –бірінші ағылшын классикалық роман.

Дефоның принципі ол өтірікті шындай қылып жазу.

Дефодан кейінгі ағылшын және дүние жүзілік әдебиеті дами берді бірақ әр уақытта ол Дефоны еске түсіріп, қайта-қайта, сонымен бірге аяқ алып отырды. Өткен және осы ғасырдағы продиктер Дефодан әлде-қайда алда, кешкен жазушылар, оның еңбектерімен көптеген осы кезге сай дүниелерді таба білген. Дефоның міндеті әр адамның тарихтың бір бөлігі ретінде бейнелеу, көру, қазіргі өтіп бара жатқан уақытты тарих деп білу. Ол айналасына өзімде осыған қатыстымын деген көзқараспен қараған.

Бақылау сұрақтары:

1. Д.Дефо өмірі.

2. Д.Дефо шығармашылығы.

3. “Робинзон Крузо” шығармасы.

4. Романдағы адамның табиғат пен еңбектің етене араласуының сипатталуы

5. В.Белинский, Ж.Руссо «Робинзон Крузо» туралы көркемдік шешімінің орны

6. Д. Дефоның ұстанған принцпі

7. Д.Дефоның тарихи кітап жазуы.

8.“Робинзон Крузо” романының негізгі идеясы.
21- лекция. Тақырыбы: ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті

Жоспары:

1. Джонатан Свифт өмір жолы

2. «Гулливердің саяхаттары» әлеуметтік, сатиралық қалыппен бейнеленген роман

Лекция мақсаты:

Джонаттан Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі алғашқы басылымдарда-ақ 4-бөлімнен тұратынын айқындау.

Бірінші бөлімде лилипуттардың өмір сүруі жайлы айтылса мысалы: Вильям Темпльдің өмір сүруі. Бұл шығарманың негізгі мақсаты романдағы Исху және автордың адамзат қоғамы дамуының тарихи қозғалысына авторлық көзқарасы, танымдық сипатын айшықтап көрсету.

Лекция мәтіні:
1. Д. Свифттің әкесі өмірден ерте өтеді . Жазушының анасы мен әпкесі болған. Бірақ Свифттің әкесі қайтыс болған соң әпкесі мен шешесі тақыр кедей болып қалады, ал Свифттің тәрбиесімен әкесінің ағасы шұғылданады. Әкесінің ағасы Ирландияның Дублин қаласында адвокат қызметкері болады...

Әкесінің ағасы Свифттің діни қызметкер болғанын қалап болашақ жазшыны дін қызметкері болуға жетелейді. Свифттің мінезі де өте тік, әкесінің ағасының да мінезі діл осы іспеттес бір бет, өте тік болған дейді...

Ирландияда Дублин қаласында Вильям Темпль деген лордтың үй хатшысы қызметін атқарады, және сол Лордттың кішкене қызын оқытады (репититор ), философия лық тұрғыдан астарлы көп ойларды жазып үйретеді.

Лондонға Темпльдің бұйрығымен барады...

Лондонның корольі Вильгельем Оранскиймен кездеседі. Бірақ бұл кездесу ешқандай әсерлі болмайды. Сонымен қайтадан болашақ жазушы Дублин қаласына келеді.

Бұл қалада жазушыны Горд Темпльдің Мур-Паркі күтіп тұрған болатын. Ирландияның лорді Вильям Темпльдің үй хатшысы болып жүрген кезінде жазушының жағдайы қайыршының жағдайымен бірдей еді.. (өзім айтып түсіндірем)

Осы үйде жүріп Свифттің сауаты ашылады.

Темпльдің үйінде тәулігіне 16 сағат оқитын оқымыстылар жиылатын еді, жазушы сол сабақтарға қатысып көп тәлім-тәрбие алады. “Гулливердің саясаты” романын осы король, лорд, басшы және патша,ақсүйектердің тойымы жоғалғанын әжуәлап, сықақтап, мысқылдап, сатиралық үлгіде осы романын жазған...



  1. Бұл романның алғашқы тақырыбы, аты мүлдем ауыр, ұзақ еді. Бірақ уақыт өте келе романның аты жазушының қалауымен “Гулливердің саясаты” деп ауыстырылады . Романда кішкене бойлы адамдар және лилипуттар жайлы еді. Лилипуттар кі биік аяқ киім киіп алып екі топқа бөлгендер жайлы болады.

Романда буржуазиялық топтардың барлығы дерлік сынға ұшырайды.(өзім түсіндірем)

  1. 2.Джонаттан Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі алғашқы басылымдарда-ақ 4-бөлімнен тұратынын айқындау.

Бірінші бөлімде лилипуттардың өмір сүруі жайлы айтылса мысалы: Вильям Темпльдің өмір сүруі, және Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм.

Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп, суретте шындық қиялға негізделеді, қиял шындықтың өзі-осы шақтікі емес, не өткен, не келер шақтікі, шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, автордың тілі де тым бояулы, оқыс әсерлі келеді.

Дегенмен осы ерекшеліктерге қарамастан романтизмді реализмнен бөліп әкетіп,араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Романтизм мен реализм кей ретте бір-біріне керағар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады: екеуінің басын бір жерге қоса алмайды;ол-не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс десек, қателесер едік.

Керісінше, әрбір ірі суреткерде реализм мен романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жатады.

Батыс Европа әдебиетіндегі реализм.

Реализм - әдіс; ал - әдіс көп құбыла бермейтін тұрлаулы дүние . Бірақ бұл тұжырым оның даму тарихындағы,жетілу, кемелдену кезеңдерін жоққа шығармаса керек. Реализм XIX-XX ғасырлардың шекарасында осы жаңа заман жағдайына лайық туды.

Батыс Европадағы ояну дәуірі.

Батыс Европадағы әдеби –эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, ояну дәуірін айрықша атау керек.

Лондонның корольі Вильгельм Оранскийдің өмір сүруі...

Жазушының Мур –Парктегі өмірі жайлы...


Бақылау сұрақтары:

1. Д. Свифт өмір жолы.

2. Д. Свивт шығармашылығы.

3. Свифттің «Бөшке туралы ертегісі» көсемсөздік, сатиралық шығармасы

4. Д.Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі идеясы.

5. Свифттің даңқын шығарған романы.

6. “Гуливердің саяхаты” әлеуметтік шындық сатиралық қалыпта бейнеленген роман.

7. Свифт Лондонның королі Вильгелммен кездесуі.

8. “Гуливердің саяхаты”романының көркемдік қызметі

9. Шығарманың идеялық көркемдік мазмұны .

10. Романтизм мен реализм бағыттары.
22- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы француз әдебиеті

Жоспары:

1. Сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі, Ж.Ж.Руссо өмірі шығармашылығы

2. 18ғ. итальян әдебиеті

3. 18 ғ. АҚШ әдебиеті

Лекция мақсаты:

1.Сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі «Теңсіздіктің тегі мен негізі туралы ой» қоғамның негізін сынауға арналған еңбектерінің бірі.

Бұл еңбекте автордың адамзат қоғамы дамуының тарихи қозғалысына авторлық көзқарасы, танымдық сипатын кеңінен көрсету.

2.18ғ. итальян әдебиетінде Карло Галдони, Карло Гоцци итальяндық көрнекті – ағартушы, театрдың реформаторлары өмір сүрді. Театрдағы ертегілік сипаттарды «Екі қожаға бір қызметші», «Үш апельсинге сүйіспеншілік» атты түрлі көрсетілімдер арқылы көрерменге жеткізе білді.

3.18 ғ. АҚШ әдебиетінде Тәуелсіздік және АҚШ – тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнелеуі (көсемсөз, поэзия) Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы қоғамы дамуының тарихи қозғалысына авторлық көзқарасы, танымдық сипатын айшықтап көрсету.

Лекция мәтіні:

1.Жан – Жак Руссо (1712-1778) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеуші, қарапайым жоқшылықтың тауқыметін көп көрген нашар отбасында дүниеге келген. Олар бір орынға көшіп жүріп, білімдіде дұрыс алмайды. Дегенмен өзінің әр уақытын босқа кетірместен үнемді пайдаланып оқуға әрекет жасайды.

Руссо өзін аяғанды ұнатпайды ол өз мүмкіндігіне сенеді, сондықтан оған қол ұшын бергісі келгендердің көмегінен бос тартады. Қарапайым шаруа адамы болып, төменгі таптың өкілі болсада Руссо халық қос не керегін жақсы білді. Және даму қарқынында Франциялық жаңару кезеңі құртады.

Бір күні түрмедегі досын Дидроны көруге барған Руссо хабарландыруға көзі түседі.Онда”Ғылым мен Мәдениеттің” өркендету мүмкіншілігі болды ма? деген сұрақ қойылған қағазға көзі түседі. Бұл мәселе Руссоны қатты ойландырады. Және осы мәселе жөнінде 1750ж “Ғылым мен мәдениет жайлы толғаулар”деген тақырыпта трактат жазады. Бұл трактат оқырман көлінен шығады және Руссо үшін үлкен құрмет, мармпат әкеледі.”Біздің ғылым мен мәдениет-дейді ол,- өз дамуы мен пайда болуында біздің ата-бабаларымыз алдында міндетті” Осы Руссоның жазған еңбектері алғашында халықты жоқтағандығы деп ұғынбай, олар онытөменгі тап өкәілдерін құлдықта ұстап тұру үшін эксплуататорларға өте үлкен көмек тигізді.

Руссо өмір бойында оқып жетіліп, кемшілігін орнын толтыра отырып ол мынаны алға тартады.”Адам-табиғаттан серімділігімен,сезе біліуімен биік.”

Ал сезім болса табиғаттың бір бөлігі деген философиялық пікірін білдірді.

Өмірінде елеуі орынға ие болған Руссоның “Қоғамдық келісім” деген трактаты (1762) Трактатының бірінші фрозасф бүкіл әлемге жарсалғандай:

“Адам азат болып туылған, бірақ қазір әр ұрада тығылып күн кешіуде.

Мемлекет –деп Руссо өзін жалғастырды-жетінші бір адаммен санасқан күйде құрылатын, және де сол мемлекетте бәрі тең құқылы әрі азат болуы тиіс деп тұжырым жасады.

“Қоғамдық келісім” трактаты бойына бұржуазиялықтардің құқықтық акттысыныңнегізі болды.Руссо халық алдында бірінші халық жақтаушысы ретінде сипат алды.Француз әдебиетінің тарихына Руссо сементамизмнің негізін салушы ретінде енеді. Өзінің ең жақсы және өз замандастарына лайық заман проблемасын қамтыған теңсіздікті қамтыған роман “ Жаңа Эпоиза немесе Юлия” Бұл қызбен бала арасындағы махаббт. Қыз бай, аухаты семия оданы ал бала өте қарапайым сен Пре деген бала жайында.

1741 жыл Парижге барады. Сол жерде біраз уақыт хатшы болып істейді. Дидро осы кезде Руссоға энциклопедияға ендіру үшін музыканың мәліметтер жазуды өтінеді.

1749 жылы адамдар аралығында жек көрушілік жайлы трактат жазады.

1762 жылы қоғамдық келісім туралы шығарма жазды. Бұл шығармада мемлекеттің саяси бағдарламасы туралы жазады. Юлия немесе жаңа Элайза атты романын 1756 жылы жазады. Бұл романда француз интелегенциясы шыңы ретінде бағаланады. Мұнда Зулия атты қызға мұғалім Осы Преяға ғашық болады. Бұл қарым-қатынасқа яғни Юлия мен Сен-Преяның махаббаты романында лерикалық сарын береді. Соңында Юлия суға кеткен баланы құтқарамын деп қатты науқастан көз жұмады. Руссоның соңғы атақты кітабы «Уағыз» «1765» бұл еңбек сентименталды тенденцияның шыңы деп аталды. Мұнда Руссо 12 жылдай үйінде тұрған Версанс мырза жайлы жазылды. Яғни Версанс бұл кітаптың негізгі кейіпкері. Бұл кітапты Англияда жүйке ауруына шалдығып келгенде жазған.



2. Карло Гольдони – итальяндық көрнекті ағартушы, италиян театрының реформаторы. Голдони комедияларындағы демократизм; қызметші бейнесі, кейіпкерлер тілі. («Екі қожаға бір қызметші», Есерсоқтар, Деревниялық трактарищица» Гольдони мемуарлары.)

Карло Гоции (1720 - 1806) және оның италиян әдебиетіндегі орны. Гоцци комедияларындағы дель арте дәстүрі. «Үш апельсинге сүйіспеншілік», «Турандот ханшайым», «Король бұғы». Гоци театрындағы ертегілік сипаттар.



3. Тәуелсіздік және АҚШ – тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнелеуі (көсемсөз, поэзия) Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. В.Франклин, Т.Пейн, Т.Джеферсон атты сотүстік америкалық ағартушылардың қызметі., көсемсөздік шығармашылығы. Ф.Френо (752-1832) шығармашылығы – АҚШтың тұңғыш ұлттық ақыны екендігінің көрінісі. Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларды қосудың сипаты, оның шығармаларына классицтік және романтикалық бағыттардың қатынасы.

Бақылау сұрақтары:

1.Ж.Ж.Руссо өмір жолы.

2.Руссоның шығармашылығы.

3.Руссоның соңғы атақты кітабы «Уағыз» «1765» бұл еңбек сентименталды тенденцияның

шыңы деп аталуы.

4. Романдарының көркемдік ерекшелігі

5.Карло Гольдони – итальяндық көрнекті ағартушы, италиян театрының реформаторы. 6.Голдони комедияларындағы демократизм; қызметші бейнесі, кейіпкерлер тілі.

7. Карло Гоции (1720 - 1806) және оның италиян әдебиетіндегі орны.

8. Гоцци комедияларындағы дель арте дәстүрі. «Үш апельсинге сүйіспеншілік», 9.«Турандот ханшайым», «Король бұғы». Гоци театрындағы ертегілік сипаттар.

10.Тәуелсіздік және АҚШ – тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнелеуі 11.Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы.

12. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. 13.В.Франклин, Т.Пейн, Т.Джеферсон атты сотүстік америкалық ағартушылардың қызметі., көсемсөздік шығармашылығы.

14.Ф.Френо (752-1832) шығармашылығы – АҚШтың тұңғыш ұлттық ақыны екендігінің көрінісі.

15 Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларын қосудың сипаты,
23- лекция. Тақырыбы: 18 ғасырдағы неміс әдебиеті

Жоспары:

1. Гете өмірі мен шығармашылығы

2. Г.И.Вольфганг неміс халқының ұлы ақыны

Лекция мақсаты:

Г.И.Вольфганг неміс халқының ұлы ақыны өмірі жайлы мәлімет беру. Гетенің алғашқы эстетикалық еңбектерінің идеялық мазмұнынын ашу. Жазушының философиялық еңбектерінің мазмұын ашу.

Гете романдары, өлеңдерінің алуан түрлі болып келетіндігін жанрлық сипатына қарай тоқталу.

Лекция мәтіні:

1. 28 тамыз 1749 ж. Франкфурт на Майнеде туылды. Оның нағашы атасы қаладағы беделділердің бірі еді. Болашақ ақынның атасы, әкесі заң ғылым докторы болды. Гетенің жастығы өзінің туған қаласында Бұғылы беткейде өтті. Оның әкесі Иоганнды қатты қадағалап, жалдамалы мұғалімдер ұстады. Олардың үйінде тәртіп пен тыныштық мықты орнағанеді. Осындай жағдайда бала Гете тәрбиеленген еді. 16 жасында Леймуигке лекция тыңдауға барды. Универстетте шынайы ықыласпен оқуға беріле қойған жоқ. Көңілді, кейінді көп ойланбайтын бала Иоганн шынында да университетегі ғылым мәселесіне онша икеміде жоқ еді. Гердер Гетенің портретін: «Өте сүйікті, талантты жас азамат Гете , жеңілтекте еді» деп суреттеді.

Гете жазумен ерте шұғылдана бастады. Лейпцигте жазылған өлеңдері сол кездегі дәстүрлі, сәнді поэзия үлгісінде жазылды. Махаббат жайы жеңіл, күлкілі жағдайда суреттеледі. Ол адамда, ақын болып та қалыптаспай тұрған кездің өзінде өлеңдері шаттыққа, көңілді әзілдерде толатын.



2.1769 ж. Гете ауырып, университеттен кетуге мәжбүр болды. Бір жылға жуық төсек тартып жатып, Библияны оқып шықты. Оның ойында уақыт өте келе жаңа пікірлер келе бастайды.

Бірақ мұның бәрі уақытша жер тұғын. 1770ж. Страсбург қаласына сауығып барды. Енді оның өлеңдерінде терең сезім, терең ой пайда болды. Мецкер деген біреу «Гете студент кезінде Кукус тұрғыны баяндама жасады. Иусус дінді кешіп, көп көрген данышпандар мен данатайлардің тауып алған әшейін есімі деп қайта-қайта нақтылап айтты»-деп келтіреді. Гете Синпозаның философиясын оқып, соның жолын қууға кіріседі. Ол ақынның дүние танымына үлкен әсерін тигізді. Гете өзінің «Поэзия және шындық» автобиар еңбегінде: «Синпозаның этикасы мен үшін үлкен әлемді ашып береді», -дейді.

Гете әрбір гүлді жұлған сайын, ғажайып жағдайларға тап болуы аңсады. Үлкен мәселелермен қолы босамай, сьудент кезінде-ақ түрлі діндер мен олардың шығу тарихын оқып, зерттеп жүрді. Ганье деген жазушының «Мұхаммедтің өмірі» кітабын оқып шығып, сол туралы жазуға отырады. Бірақ бізге Мұхаммед туралы жазылған дырамасын лекция қалдырды. Жеке жеке шумақтар ғана дайндалып, солар бізге жетті Гетте Мұхаммедті философ деп көрсетіп, Спинозаның ойтолғағы драма бойында байқалып тұрады. Ал, «Ганимед» деген өлеңінде (1774ж.) әдемі жас бала Зевс ұрлап кеткен Ганимед туралы аңызды жырлайды. Адамның, құдай-табиғатпен құймасы туралы. Солардан пайда болғандығын айтады.
Бақылау сұрақтары:

1.Г.И. Вольфгангтың өмірге келген жылы?

2.Г.И Вольфгангтың қай халықтың өкілі ?

3.Гете қай жылы халық өлеңін жаза бастады ?

4.Немістің қай жазушысы әр гүлді жұлған сайын ғажайып жағдайға тап болуды аңсаған ?

5.«Күзгі хан» деген балладасы қай жазушының шығармасы



24- лекция. Тақырыбы: 18 ғ. неміс әдебиеті

Жоспары:

1. Гете балладалары

2. Гете трагедиялары

3. Гете өлеңдері

Лекция мақсаты:

Гете балладалары, трагедиялары, өлеңдері 1600 ге жуық.

Гете керемет мазмұн, формаларды, қайырма, сурет, теңдеу, паралелизм, контарстылықты тауып, түсініп, ана тілінің түрлі әдемі, айшықты тұстарын дамытып, бағалай білді.

Лекция мәтіні:

1. Гете 1600 ге жуық өлең жазып қалдырды. Оның көп өлеңдерін халық қағып әкетіп, халық әніне айналып, көптеген сазгерлер өлеңіне ән шығарды. Халық ән әуендері, түрлі шешендік көсемдік сөздерін Гете өте мұқият таңдауды. Халық сөзінің ең тұнық жерінен су алуға дайын екендігін танытты. Керемет мазмұн, формаларды, қайырма, сурет, теңдеу, паралелизм, контарстылықты тауып, түсініп, ана тілінің түрлі әдемі, айшықты тұстарын дамытып, бағалай білді. «Орман патшасы», «Кринф қалыңқуысы», «Жолаушының түнгі», «Танаптағы раушан гүл» өлеңдері дүние жүзіне танымал. Бізге жеткен өлеңдердің аударылуынан, қолжазба күйіндегі әсері әлдеқайда мықты екендігіне күмән жоқ. Гетенің лирикасы өмірді сүге, шатануға шақырады. Таза сезімді адам, қызылды, жасылды құлпырған табиғат-Гете лирикасының негізгі арқауы. Гете ақындардың өмірінің қатысынсыз лириканы жазуға болмайды деді.

1773ж. «Прометей» драмасын (филиософиялық) жазып шықты. Атағын шығарған драмасы «Гец фон Берлихинген» 1771ж. жазылды. «Афртебелі неміс халқының тарихын драмалық мазмұнмен сабақтастыра жырлап отырмын.

Тамаша адамның ұмыт болып кетуінен сақтауын» дейді ол.

Осы шығармасы неміс елінің сол кездегі көркемдік талғамына жаңалық әкелді. Оншақты жазушы-ақындар Гете жолын ұстанып, жаңа «сарбаз драмасы» жазуға кірісті. Оқиға 16ғ. басында болған.



3. Гете 1774 жылы Вецлар қаласында өзінің досы Кеспіндердің жұбайымен кездесіп қалады. (Шарлота буф). Ол ғашық болып, бірақ өзі жоғалып кетті, арасына түспей кетті. Арасына түспей кетті сол жерде Шарлотта Кеспінерге күйеуге шығып, елшіліктің хатшысы өзін-өзі өлтіріп, үлкен оқиға ұласады. Осы жағдай «Жас Вертердің қайғысы» деген роман жазуға әкеліп соғады.
Бақылау сұрақтары:

1.Гетенің жазған шығармалары

2.Вольфганг досының әйеліне ғашық болып одан қандай шығарма туындайды

3.Гете Фауысты қанша жылдай жазған.

4.«Орман Патшасы» балладасын кім жазға

5. Гетенің піртұтып, ұстазы болған шығыс ақыны

6.«Гец фон Берлихинген» драмасын қай жылы аяқтады

7.«Фауст» трагедиясының алғаш қазақ тіліне аудармасымен шұғылданған



25- лекция. Тақырыбы: Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805) өмір жолы.

Жоспары:

1. Ф.Шиллердің өмір жолы

2. Шиллердің шығармаларындағы лирика

Лекция мақсаты:

Шиллер Иоганн Фридрих өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Ақынның өз өмірбаянын өзі жырлаған өлеңдерін салыстыра отырып қарау. Ақынның әдептілік, эстетикалық мәселелерін ту еткен шығармаларын көрсету. Шиллер Иоганн Фридрихтің пәлсапалық өлеңдер мен балладаларына, поэзиясының көркемдік ерекшелігіне шолу жасау.



Лекция мәтіні:

1.Ақын шығармаларындағы лириканы талдау. қалады деу қате, бұл саз басқа бір жаңа сазға ұласады, сөйтіп, қимыл-қозғалысқа көшеді. Лирикадағы адамның жан диалектикасы дегенің өзін осылай түйсіну керек.

Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне, ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» дегендей тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сондықтан ақын көкірегіндегі сезім-сыр, оқырман сыры болады да шыға келеді.

Арманмен келеді адам бұл өмірге,

Тағдырды табындырып бір жеңуге,

Алдына қойып алып алтын мақсат,

Бақытты қол созады күндеріне.

Дауылды күндер өтіп бұрқыраған,

Туады бақыттылық бір күн оған.

Жақсы іздеп жақсыдан да жанталасып,

Тоймайды дүниеге, шіркін, адам алық өлеңін алып қарайық.

Ашыл, сайдың тұманы,

Тара, түнек мұнары!

Құмармын қайдан арманды?

Қанар ма жайың құмары?

Жалындап гүлмен лаулайтын,

Қызыл төбе көремін

Қанатым қайда самғайтын

Басына со бір төбенің.

Көңілің қалар жеңілдеп,

Үнімен сырлы шектердің.

Соғады қоңыр жел үрлеп,

Лебі боп нұрлы көктемнің.

Сол жерде жеміс жарқылдап,

Ағашты тұрар алтындап,

Дөңесте, жазық көгалда

Соқпайды боран аңқылдап.

О, сұлулық, мас қылдың!

Керемет көктем сол жерде

Жұтқандай исін жас гүлдің

Тулайды жүрек кеудеңде!

Міне, бұл «Үміт» атты өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл күйін тербегендей, өзінің жан сырын ақтарғандай болады; әркімнің-ақ жас шағы, жастығы мен бірге өтіп кеткен сауығы мен сайраны мол, уайымы мен қайғысы жоқ жас кезі ойға оралады. Лирика дегеніміз осы ғой. Тек ақын талантты болсын да... ірі болсын, қолыңнан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын,-былай дейді Белинсий,- өзі туралы, өзінің жеке міні туралы айтса,-жалпы жұрт туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».

2. Лириканың күші-әсерлігінде: әсерлік әр нәрсені әшейін ауызекі әңгіме қылғандай сылдыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыруда, демек лириканың күші-баяндауда емес, суреттеуде жатады. Ал лириканың суреттер шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирикті не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, Белинскийше айтсақ, оқыған жанның сана сезімін түгел баурап, көңіл күйін түгел тербетіп, барлық пернені бірден басып, барлық шекті бірден басқандай сөйлеп кетеді. Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады.

Лирикада реалистік эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы күресі, қат-қабат қақтығысы шиеленісуі, өрбу үстінде көріне бермейді. Лириканың қаһарманы, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйте тұра лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Дәлірек айтқанда, шындықты қатал, сұсты күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салиқалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады.

Лирикада мінез болады. ол ақынның мінез: өлеңін, өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды.

Шиллердің біз талдаған өлеңдерінен басқа «Ойнап жүрген бөбек», «Құпия сыр», «Жолаушы» сияқты шығармалары да бар. Олдарды қазақтың белгілі ақыны С.Мұқанов аударған.



Бақылау сұрақтары:

1.Ф.Шиллердің өмір жолы.

2.Шиллердің “Тілек” атты өлеңі.

3.“Сезім сыры” жайында жазған өлеңі

4.“Фауст” трагедиясының негізгі идеясы

5.Шиллердің трагедиялары

6.Шиллердің көркемдік әдісі В.А. Жуковскийдің аудармалары

7.“Үміт” атты өлеңіні мәні.

8.“Құпия сыр” С.Мұқанов аудармасында.

9.«Фиеско бүлігі» драмасының мазмұны

10 «Зұлымдық және махаббат» әнімен жазылған өлеңін талдау
26- лекция. Тақырыбы: ХХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті.

Жоспары:

1. Э.Т.А. Гофман өмірі шығармашылығы

2. Э.Т.А. Гофман романтизмінің мазмұны дворияндық ортамен тоғышарлар әлемін

сатира тілімен сынау.

Лекция мақсаты:

Э.Т.А. Гофман өмірі мен шығармашылық жолы. Жазушы романтизмінің мазмұны дворяндық ортамен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау.

Гофманның лирикалық өлеңдерін таныту. Ақынның озбырлық жасаушыларды сынаған шығармаларына талдау жасау. Гофманның романтикалық әдісіндегі ирония, сарказм, юмор, сөздерінің әуезділігін көркемдік тағылымын талқылау.

Лекция мәтіні:

1. Шығармашылық ғұмырнамасы. Кәсіби музыкант Эрнест Теодор Амадей (Вильгельм) Гофман неміс әдебиетіне жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол-керемет суретші, кескіндемеші, безендіруші, композитор. 1812 жылы "Ундина" операсын жазып, оны 1816 жылы сахнаға шығарды. Фортепьяноға арналған көптеген пьесалар жазды, музыка сыншысы болды, сөйте тұра ашқұрсақ өмір сүрді. Музыкадан ақылы сабақтар берді, Бамбергте капельмейстер болып жұмыс істеді. Кейіннен өзінің "Шайтанның шипасы" ("Эликсир сатаны") атты шығармасында туған қаласын, өзінің оқушысы, Юлия Маркке (Аврелия) деген алғашқы махаббатын суреттеді, ал оның соңғы махаббаты Иоанна Эунике бикеш Ундинаның бірінші орындаушысы болған еді. Гофманның алдында екі жол тұрды: ол әдебиет пен композиторлық. Өзін толық мойындату үшін осы екеуінін қайсысын таңдау керек деген сұрақ оны көп мазалады. Ол Кенигсберг университетінен керемет заңгерлік білім алды, ал заңгерлік оның ата-бабасынан келе жатқан дәстүр еді. Алайда өмірі осылайша бірте-бірте қалыптасқан Гофман енді көпшілік қауымға әдебиет саласынан да кең таныла бастады.

Оның тырнақ алды тұңғыш әдеби шығармасы "Глюк мырза" ("Кавалер Глюк") новелласы 1809 жылы музыкалық газетте жарияланды. 1810 жылы "Иоганн Крейслердін музыкалық азаптары" ("Музыкальные страдания Иоганна Крейслера") туындысы шықты. Алайда оны жұртшылыққа кеңінен танытқан— 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған Калло мәнеріндегі қиялдары" ("Фантазии в манере Калло") жинағы болды. Осы аталған "қиялдарына" ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылықтарын суреттегені көрінеді. Ағылшын романтизміндегі қарама-қарсылық Байронның Шығыс поэмаларының" (Восточные поэмы") кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуірге тән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінің ұлттық тұрғыдағы ерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ, неміс романтиктер тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, озбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудыруға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздерінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды.



2. Неміс романтизмінің алғашқы кезеңінің лидері Новалистің тұжырымынша "адам өзінің ішкі жан дүниесінің заңдылығымен өмір сүреді, сөйте тұра сыртқы әлемдік тәртіпті бұзбайды" - ал, Гофманның ойынша: "адамдардың түсінігінің біртектілігі мен өмірдің күрделілігі арасында сәйкессіздік бар". Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі - образды қарама-қарсылық мәнде жасау. Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка - өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі. Ол (музыка) автордың сүйікті қаһарманы. Музыкант әрі композитор И.Крейслер жазушылығын, аlter egocы, Гофман оның бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады. Крейслер күн көріс тіршілігі үшін өзінің талантын сатуға мәжбүр. Ал Крейглер өмір сүрген және тіршілік үшін жанталасқан жағдайлар бұл Алманияның өткен ғасырдың басындағы феодалдық бөлшектенген шындық келбеті еді. Крейслер тек Гофмонға ғана тән бейне. Неміс романтизміндегі Гофманның рөлі жиынтық сипатта, ол екі мектептің (иендік және гейдельбергтік) тәжірибесін қабат қамтығысы келеді. Оның қаһарманы Новалистің қаһарманы Генрих фон Офтердтен секілді қиялымен семіріп өмір сүрмейді, дегенмен ол (И.Креислер) басқа мектептерге қарағанда өзінің жан дүниесінің тереңдігімен, жинақылығымен, кемеңгерлігімен ерекшеленеді. Қиялшы сакы, (сері) Генрих фон Офтердиннің орнына бүлікшіл капельмейстер Крейслер келеді Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшыльның өте терең сезінеді. Өйткені музыкамен суарылғам деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірлемейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, онын келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И.Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Шығармашылық ғұмырнамасы

2. 1815-1816 жылдардағы Гофманның «Шайтанның шипасы» романы

3.Гоффманның эстетикасы

4.“Глюк мырза” новелласының мәні

5.Гофманның «Скюдери бикеш» романтикалық шығармасының мазмұны

6.«Мартин шебер және оның көмекші шебері» романтикалық шығармасының мазмұны

7. Гофманның өнер мен өмірдің гармониясы туралы романтикалық қиял-ғажайып

еңбектері

8.«Құрттақандай Цахес» бөтен еңбекті иелну идеясының фантастикалық бейнеленуі

9.Гофманның романтикалық әдісіндегі юмор

10.Автор шығармаларындағы әуезділік

11.“Эликсир сатаны” мән – мазмұны

12.“Иоган Крейслердің музыкалық аспаптары” тындысының мазмұны

13.“Ундина” операсының мәні.
27- лекция. Тақырыбы: Англиядағы романтизм.

Жоспары:

1.Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі

2. Байрон өлеңдері Қ.Бекқожин аудармасында

Лекция мақсаты:

Дж.Г.Байрон өмірі мен шығармашылық жолы. Жазушы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісін сатира тілімен сынау.

Байрон және дүниежүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық – эстетикалық және тарихи маңызы. Байрон шығармаларын Қ.Бекқожин т.б. аудармашылар қазақ тіліне аударып кең өріс алуының әуезділігін көркемдік тағылымын талқылау.

Лекция мәтіні:

1.Батыс Еуропа романтизмінің ең бейнелі тұлғасы ағылшын ақыны Джордж Ноэль Гордон Байрон өзі өмір сүрген ғасырына шығармашылығымен ғана емес, өз өмірімен де айрықша белгілі болды.

Байрон Грек артиллериясы мен флотын, әскери отрядын күшейту мақсатында өзінің қаражатын да аямады, өзі де тікелей күреске қатысты. Осы тақырыпкд жазған шығармаларының бірі - "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңі.

Байрон үшін әдебиет, поэзия оның өміріндегі екінші, үшінші дәрежедегі қосалқы дүние, ал ол үшін ең бастысы -қоғамдық - саяси күрес болды.

Өз әулетінде Байрон алтыншы атадан тарады, Дкон Байронның әкесі капитан, азғындықка беріліп кеткен, ысырапшыл адам екен, Байрон одан үш жасында айрылды. Шешесі Катерина Гордон - шотландиялық текті дворяндардан шыкқан. Байрон 1788 жылы 22-қаңтарда белгілі ағылшын дворяндар отбасында өмірге келді. Лондонда туған, балатық шағы Шотландиядағы Абердин қаласында өтті. Аристокаттар тұқымы алты жасар Байрон 1794 жылы алдындағы Байронның Корсикада өлуімен байланысты Лорд лауазымының мирасқоры болды. Кішкентай, Байрон он жасында Парламент мүшесі болды.

Байронның шығармашылық кезендері:

1805-1812 ж. -бірінші кезеңі. Алғашқы, тырнақ алды өлеңдерін 1802 ж. бүркеншік атпен жариялаған. "Өткінші нобайлар", "Әр түрлі оқиғалар өлендері" Стихотворения на разные случай", 1807), "Бос уақытта" "Часы досуга",1807), "Еркін болғым келеді" "Хочу я быть ребенком вольным"). Бұл ақынның қалыптасу кезеңі.

Оралса екен жас күнім алыс қалған



Кезсем, шіркін, тау ішін таныс маған,

Тербетілсем теңіздің толқынында

Болмай қойса орманым табыспаған.

І.Мәмбетов

Асыл достар жүр ғой менен,

Жанымда жоқ қымбаттым деген

Жабығады жүрегім жалғыздықта,

Үміт қашан өшеді бұл кеудеден!

Кім досым болса - алыста,

Жоқ мұнда сүйсем кімдерді.

Жүрекпен жалғыз алысып,

Өткіздім небір күндерді,



2. Бұл өлең жолдарын Қ.Бекхожин еркін аударған.

К.Бекхожин:

Еркін бөбек боламын мен,

Ойнақтаймын туған тауда.

Тербелемін толқынменен,

Сайраңдаймын бақша бауда.
Мен еркіндік жаным бар да,

Сүймен саксон қырсықты елін

Артық көрем мен онан да

Жартасты ұрған судың селін

1809-1811 ж.ж. Байрон Еуропа елдеріне саяхат шегіп, оңтүстік Еуропаны аралайды.

1812-1817 жылдар екінші кезең. Бұл өте күрделі кезең десе болады. «Чайльд Гарольдтің» үшінші, төртінші өлеңі шықты, «Шығыстық циклдар», («Восточные поэмы»), «Прометей» т.б.

1817-1824. Күресу жылдары.

1817 жылы- «Тассо шығымы» («Жалобы Тассо»)-тақырыбы махаббат пен түңілу; «Манфред» атты филофосиялық-символикалық драмалық поэмасында билік пен байлықты мақсат етпейтін діндер безген, өр мінез, өзімшіл кейіпкерлер суреттеледі.



1812 жылы шыққан "Чайльд Гарольдтен" кейін Байрон бір күнде Еуропаға атағы кеңінен тараған даңқты ақын ретінде мойындалды. Шығармаларында өзімшіл, қатыгез тәкаппар бүлікшіл, романтикалық бейнені сомдады.

Басты кейіпкер Чайльд Гарольд бірінші өлеңде қолына музыкалық аспабын алып қоштасу жырын бастайды. Қоштасу сәтте: жас аристократ – сһіld-серілік өмірдің үлгісін ұстаған, бірақ әлі серілікті қабылдамаған жігітгік дәуренін суреттейді. Өмірден, ойын сауық куған ортасынан тойған, "ештеңеге кейімейді, ешкімді есіне алмайды".

Шығыс-Байронның ерекше сүйген жері, ерекше үміт артқан елі Испания мен Португалия суреттер. Бұл кезде Еуропалық әскерлер осында соғыс жүргізіп жатқан еді, ол жайындағы Байронның деректері, ресми деректерден өзгеше болды, ал Чайльд Гарольд болса жаңа кейіпкер. Поэманың аталуы, басты кейіпкері Чайльд Гарольд болғанымен, бұл Байронның идеялық-эстетикалық жоспарында сырттағы кейнжер десе болады.



Абидостық қалыңдық" (1813) - бұл да махаббат туралы. Басты кейіпкері Селим, немере ағасы Гефальдың сарайында тұрады. Гефальдың қызы Зылихаға ғашық, бірақ әкесі оны Қарасман бейге беруге уәделескен. Шығарманың сюжеті "Гамлетті" еске түсіреді. Гефал бір кезде Селимнің әкесін (өзінің бауырын) өлтіріп мал-мүлкін, байлығын иемденіп кеткен, енді Селим кек алудың жоспарын құруда. Қарақшылар тобын жасақтап Гефалға қарсы шыққан Селим шайқаста мерт болады. Зылиқа сүйіктісінің өлімінен кейін қайғыдан өледі.

Ақыңдық кемеліне келіп, толысқан шағында Байрон үлкен эпикалық шығармаға бет бұрды. 1823-1828 жылдарда үлкен жоспарлы, панорамасы кең эпикалық сатира (еріс sаtіrе) суретін жасамақ болған. Үлкен оқиғаларға толы "Дон-Жуанның" он алты өлеңін жарыққа шығаруға қыруар еңбек етті. Шұрайлы шумақтардан, тартымды тармақтардан тұратын соңғы роман-поэмасы толық аяқталып тиянақталмады.



Бақылау сұрақтары:

1. Қ.Бекқожин Байрон өлеңдерін аударуы.



2. Байронның Еуропа елдеріне саяхаты.

3. “Чайлд Гаролд” романын Қ.Бекқожин аудармасында.

5. Байронның шығармашылық кезендері.

6. "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңінің мән - мазмұны.

7. Байронның ақындық, даналығын жоғары бағалап, өздеріне ұстаз тұтқан орыс, қазақ

әдебиетінің даналарын ата.

8. Ақын өлеңдерін басқа ақындармен салыстыр

9. Байрон шығармашылығының швейцарлық кезеңі

10. Байрон шығармашылығындағы пәлсапалық мәселелер

11. Байронның шығармашылық кезендері.

12. "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңінің мән - мазмұны.

28- лекция. Тақырыбы: Англиядағы романтизм.

Жоспары:

1. Ағылшын жазушысы В.Скотт өмірі шығармашылығы

2. В. Скоттың романтикалық романдары.

Лекция мақсаты:

Ағылшын жазушысы В.Скотт өмірі шығармашылығы. Англиядағы әдеби романтизмді дамуды дәуірлеу. Англия әдебиетіндегі роман жанрының түрлері.

В.Скотт әлем әдебиетіне танымал «Айвенго» романы, оның пародиялық астары бар шығармасының дидактикалық сарынын көрсету.

Лекция мәтіні:

1.Ағылшын жазушысы В.Скотт әлем әдебиетіне жаңа үлгідегі тарихи романды қалыптастырушы ретінде енді. Шығармашылық жолын ақындықпен бастаған адвокаттың баласы балалық шағын Эдинбургте өткізіп, әкесінің басшылығымен құқықтық тәжірибемен айналысады. Өмір жолын заңгерлікпен бастаған.

В Скотт алғашында үлкен тәжрибие жинауда болды. Ол барлық топтағыжәне әр жастайынан-ақ зерделі. В Скотт отанының өткен кеткеніне зор ықласпен қарады.

Шатландық фольклор мураларын жинауды ерте бастаған. Жазушы балладаллармен өлеңдерді жазып алып, тарихи оқиғалар орнын зерттеп Шатландия, Англия және басқада Еуропалық елдердің тарихыцмен жүиелі түрде шұғылдапды.

Халық ауыз әдебитіне құштарлығы оны романтикалық баллада жазуға итермелеп қызығушылығын арттырды. Алайда тырнақ алды шығармаларының сарқылмас бұлағытек Шотландық фольклор ғана емес, еурапалық ағылшын, неміс, француз, итальян, испан әдебиеттерімен жете танысты. Мұндай халық ауыз әдебиетінің ескерткішінің ішінде ерте заманда өмір сүрген қарапайым адамдардың пікір-сезімдері, шотландия халқының үні лебізі ұман-теңіз тарихы мәліметтер деректерімен ерте суарылды.

1802жылы 2 томдық Шотландия шекарасының халық әндері жинақтары жарыққа шықты. 1803жылы осы жинақтардың 3 томы жарық көрді. Осындай басылымдардан кейін 1805жылы Соңғы Менстрель жырлары Ропби т.б. орта ғасырға арнаған өлеңдері В Скоттың есімін кеңінен танытып даңқын асырды.

Мысалы: “Соңғы Менестрель” жырларында басқа поэмаларындағыдай шындықпен фантастика, тарих кескіні мен фактілер біртұтас байланыста өрбіген. Ақынның өмірге көз қарасы қарама – қайфшылықта қалыптасқанын байқатады ол көбінесе болып жатқан жағдайларға халық жақтаушысы ретінде халқының көзімен қарайды солардың жоғын жоқтайды.



2. В.Скоттың шығармалары кезінде 19-ғасыр оқушылары тарапынан әдебиет мамандары тарапынан да жоғары бағасын алғанда орыс ақыны В.Скотты Шекспирмен, Пушкинмен таныстырды және саыстыра отырып бағалады. О.Балзак В.Скотты ұстазым деп есептеді. Стендал Скоттан тарихи суреттемлерді үйренді. Ол әлем әдебиетіндегі ұстаздығы өзінше жеке тақырып бола алады. 1820 жылдары ол Шотландиялық тақырыптан қол үзбей Ағылшын, Француз тарихынада көп мән бертінін байқатты. Англияның тарихына арналған “Айвего”, “Монастр”, “Абатт”, “Вудсток”, тақ иесі Людовик он бір мен байланысты атауға болады. В.Скотт үшін еңбасты мәселе уақыт пен жергілікті әдет – ғұрыптар.Автор өткен ғасырдың оқиғалардың бізге куәгер көзімен бейнелеуге тырысты. Заманның дәуірдің проблемаларын алға тартып сонымен қатар сол дәуірге апаратын жолдарын белгілерін уақыттың тылсыммен сездіретін еске түсіретін бөлшектерін асқан шеберлікпен енгізіп отырды. Шотландияға барып көрегендей жол бұрылыстарын табиғаттың ағаштарын т.б. барлығын толық бейнелеуден талмады, ол оның басты міндеті болып қалыптасты. Оның романдарында біз “Бернард құзының биіктерін” “Тей өзенінің жағалауларын ” сол жерде болғандай тамашалаймыз. Англиямен соғыс кезіндегі Шотландияны суреттеуде В.Скотт өзінің жерлестеріне аяушылығын білдіре отырып, қарапайым халықтың ұлтшылдығын, айбындылығын қатал мінезімен қатар қарапйымдылығын сүйіспеншілікпен суреттейді. В.Скотт Шотландықтардың ұлттық белгілеріне Ағылшындардың олар туралы қалыптасқан пікіріне жоқтық жалаңаш бірақ таза деген түсініктеріне басқада суреттемелерді қарсы қоя білді.

В.Скоттың тарихи романдарындағы тартыс пен сюжеттік қарым – қатынасы туралы былай деуге болады. В.Скотт 19 ғасырдың 1-ші жартысында батыс европадағы тарихи жанрдың негізгі принцптерін қалаушы және дамытушы болды. Мысалы


Бақылау сұрақтары:

1. В.Скоттың тарихи романдарындағы тартысы.

2. Романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі.

3. В.Скотт 19 ғасырдың 1-ші жартысында батыс европадағы тарихи принцптерін қалаушы,

дамытушы.

1. В.Скоттың романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі

2. В.Скоттың әлем әдебиетіне тарихи романды қалыптастырушы ретінде енуі.

3. В.Скотт Бальзакты шәкірт етуі.

1. Скоттың “Соңғы монастр” жинағы шындықпен фантастикаға құрылуы.

2. 1802жылы 2 томдық “Шотландия шекарасының халық әндері” жинақтары жарыққа шықты.

3. “Соңғы Менестрель” жыры.

29- лекция. Тақырыбы: Франциядағы романтизм

Жоспары:

1. А.Дюма (1803-1870) өмірі мен шығармашылығы

2. Оқыс оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігі

Лекция мақсаты:

Француздың ұлы жазушысы А.Дюма (1803-1870) өмірі мен шығармашылығы.

Франциядағы әдеби романтизмді дамуды дәуірлеу.

А.Дюма әлем әдебиетіне танымал ««Үш ноян» шығармасындағы оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігінің дидактикалық сарынын көрсету.



Лекция мәтіні:

1. Парижде Александр Дюмаға ескерткіш орнатылған. Ол креслоға жайғасып алып, ұзақта қиын, бірақ кісі жаны жай табатын еңбектен кейін тынығып отырған тәрізді, ал, биік тұғырдың жан-жағына автор даңқын асырған шығармаларының аттары қойылып жазылған. Бұл мүсін қоладан құйылған, бірақ 1883жылы ескерткіштің ашылу салтанатында дәл айтылғанындай, егер Дюманың талантына табынушы әрбір кісіден тек бір тиыннан жинағанның өзіне сол ескерткіш саф алтыннан салынған болар еді.

Александр Дюма (1802-1870) кісі есінен кетпейтін романтикалық сарындағы кейіпкерлер образының тұтас бір галереясын жасады, олар қалың оқушының сан алуан ұрпақтарының жадында жатталып қалды, ақиқат өмірде болған тарихи кісілердің бірде-бірінен кем емес. Ең алдымен оның д,Артаньяны тап сондай герой,ол өзін жасаған автормен бірдей ескерткіш қойылатын кейіпкерлер қатарына жатады. Жазушының жан тыныштығын күзетіп тұрғандай-ақ, ержүрек мушкитёр шпагасын жалаңаштап, Дюманың париждегі ескерткішінің етегіне жайғасқан. Арада жарты ғасыр өткеннен кейін туып өскен Гасконь уәлаятының орталығы Ош қаласында д,Артаняньның өзіде тұғырға көтерілді. Егер біз бұл мүсін романист әлгі жалған мемуарын туындысына пайдаланатын нағыз д,Артаняньға емес, Дюманың кейіпкерлерінің құрметіне қойылған десек қателеспейміз.

Дюма жөнінде жазылған еңбектердің кезкелген оны жақсы көрген «Ұлы оқырмандардың» ұзақ тізімі беріледі. Олардың ішінде Маркс пен Гейне, Толстой мен Достаевский, Чехов пен Менделеев, Луначарский мен Горкий, Балзак пен Фловер, Гюго мен Мерине, Дикенс пен Теккери, Голсуарси мен Джек Лондон бар. Солардың абырой беделіне сүйеніп, Дюманың жазушылық салмағын арттыра түскісі келеді, өйткені кейбір зерттеуші, сыншылар оны оқушының көңілін көтеріп, еліктіру үшін оқиғаны бетінен қарпып, ұдайы жеңіл көшеді де отырады деп, кемітеді.

Жазушының шыққан тегі де, өзінің кітаптары секілді жатқан бір романтика. Оның әкесі француз маркизі мен Сан-Доминго (Гаитиді ол кезде осылай атаған) аралынан шыққан қара түсті күңнен туған. Францияның ұлы революциясы жылдарында будан-жігіт қарапайым атты сарбаздан генералға дейінгі жолды бір-ақ секіріп өте шығады. Қара торы алып Напалеон атанған кезде Дюма республикалық сенім-нанымы үшін қуғынға ұшырайды. Революция толқынымен асқақтап кеткен билеуші енді өзіне берілген бонапардшыларды табанды қайсар республикашылардың көпе-көрнеу артық санайды, сол себепті де кереметтей солдат болғанымен, саясаттан махрум қалған турашыл генерал билеушінің қырына алынып, өмірінің соңғы кезеңін Парижден қол созым жердегі Вилле-Коттре деген шағын қалада және соның төңірегінде өткізеді.



2. Романда он сегіз жастағы д,Артаньян отбасы, ошақ қасынан аттанардан әкесінің шпагасын, өсиет сөзъ, ақыл-кеңесімен шипалы бальзамының шіріткісінен басқа, тағы бір үш сый:түс-түгі өзгеше бір мәстек, он бес экю мен капитан де Тревильге арналған хатты алушы еді-ау. «Үш ноянның» болашақ авторы арада екі жүз жыл өткеннен кейін үйінен шығарда қалтасына болмашы ақша мен аманат хаттарын алып шығады (жолы болғанда оның хатын ешкім ұрламайды). Ол ат орнына жолаушы күймесіне отырады, оған керекті ақшаны биллиард ойнап ұтып алады. Даңққұмар екі жастың екеуі де «Парижді жаулап алуға» бел байлаған-ды, оны бұның екеуі де ойдағыдай орындайды. Д,Артаньян оған қарумен жетсе, Дюма қаламымен жетеді.

Өз очерктерінде Дюма жолжазбаларын Россияның өткен тарихына асқан шеберлікпен шолу-серуен жасап, орыс әдебиеті мен өнері жайлы хикаяларымен толықтырады және осы әңгімелерін Пушкин мен Лермонтовтың, Вяземский мен Рылеевтің, Некрасов пен Полежаевтың, Бестужев-Марлинскийдің туындыларынан жасаған үзінді аудармаларымен байытып отырады.

Рас, Дюма кейде жаңсақ басып, жаңылып кетеді, бірақ «орташа французға» тұңғыш рет Россияның өткені мен бүгінгісін, оның тұрмысы мен мәдениетін молынан таныстырғаны даусыз.

Әр алуан сыншылар Дюманың көзі тірі күнінде-ақ оны тарихты бұрмалайсың деп кінәлады. «тарих бізге фактілерді ғана мирас етіп қалдырды»,-дейді автор «Антони» пьесасында осыған қарсы дәлел келтіргендей- ал сол фактілер ақынның еркінде: ол өткен заманның адамдарын көрінен тұрғызып алып, әр алуан киімдермен киіндіреді, олардың әрқайсысын өзіне ғана тән мінез-құлықпен, құмарлық құштарлықпен байытады және осынау құмар-құшықтың қызуын жазушы оқиға драматизміне сай бірде күшейіп, бірде азайтып отырады.

Егерде Дюма тарихтың қасаң дәнінен қызғылықты хикаяның тәтті жемісін ала білген десек артық болмас. Оның романдарының көпшілігі, шынына келсек, нағыз тарихи-шытырман оқиғалы туынды болып келеді. Бірақ өзінің таңдаулы туындыларында жазушы сол дәуірдің рухы мен кескін-келбетін дәл береді. Бұған суреткердің нәзік интуициясы ғана емес, тарихи мемуарларды, деректерді, жылнамаларды мұқият зерттеген қыруар еңбегі себін тигізген. «Үш ноян» кіріспесінде автордың романның сұлбасын ойластырып жүрген кезде оқып зерттеген кітаптарымның тізімі тұтас бір тарау болар еді- деген сөзі әсіресе леп айтқандық болмасқа керек.

Шығарманы жазу үстінде Дюма көп жағдайда көмекшілердің еңбегін пайдаланған (оның артына орасан мол мұра қалдыруының бір себебі осы болса керек ), олар авторға күллі дайындық жұмысын жасап береді екен, кейде осындай жұмыстың тиянақты жасалатыны сонша, соларды тіпті қосымша автор деп те атауға болар еді. Сондай көмекшілердің ішіндегі ең көріктісі Огюст Маке деген кісі «Үш ноянды» жазысуға қатысқан. Ұстазымен жүз шайысып қалып және оның атақ даңқын күндеген байғұс романдарының соңғы тарауларының бірін өзі жазған күйінде жариялайды. Сөйтсе, шығарманың күллі әрі мен нәрін, ажар көркін Дюма беріпті. Оның көмекшілері әлгі холсты (кенепті) жылтырата өңдеп картинаның нобайын салатын шәкірт дәрежесіндегі кісілер екен, ал, Дюманың өзі болса, шабытты қаламымен бағы заманның келмеске кеткен оқиғаларымен адамдарын қайта тірілткен ғажайып суреткер еді.

Дюма туындыларының тарихи арқауы, әдетте, мейлінше дәйекті тартылады. («үш ноян»романындағы оқиғалардың шет-шегі 1625жылдан 1628 жылға дейін дәл көрсетілуі тегіннен тегін емес). Түгелдей ойдан шығарылған немесе жартылай ойдан шығарылған қызықты хикаялармен кейіпкерлер тағдырын №сол тарихи арнаға шеберлікпен сыйғыза отырып, автор мушкетер-нояндар туралы трилогиясында өмірде болған көрнекті кісілер бейнесін жасауда шындықтан онша аулақтап кетпейді.

Мәселенки, «Виконт де бражелон»романында Людовик ХІҮ жағымсыз портреті өте сәнді шыққан, ресми тарихи еңбектерде «Күн-король» атанған билеушінің бейнесі бұл туындыда едәуір көмескіленіп қалады.

Дегенмен кейде автор турашыл қалпынан айнып кетеді. Бірақ нағыз шындықты, тіпті оқымысты тарихшылардың өзі ұдайы тап басып айта бермейді ғой. Дюма болса, ондай атаққа таласпағаюма болса, ондай атаққа таласпаған: ол тек кәнігі суреткер ғана.

Дюманың көптеген кітаптары сияқты, «Үш ноянның да» біз айрыша назар аударатын ерекшелігі бар. Ол ерекшелік- бұл туындының бваспасөз бетінде тарау-тарау болып басылуға лайықталып, фельетон-роман болып жазылуында. «Үш ноян» әуелі 1844жылы «Ле съекль»(«ғасыр») газетінде ұзақ уақыт бойы нөмерденш нөмер қуалай басылады, шығарманың композициясы да құрылған. Романның басылған әр бөлшегінің оқиғасы біткен сияқты болып көрінсе де, енді не болады екен,- деп оқушыны ынтықтырып қоюға тиісті... Әр қилы қосымша жәйттерді суреттеуді мейлінше азайтып, әрекет-қимылдың серпінін әлсіретпей, ұдайы ширатып отыру қажет, әрине, Дюманың бұл міндеті ойдағыдай орындағаны белгілі. Бұл жерде оған кәнігі драматургтың тәжірибесі көп көмек көрсетеді. Оның сықық пен күлкіге толы диологы люксембург сарайының сыртында сайысқа шыққан сарбаздардың қылышындай қылпып тұрады.

Жанрдың талап талғамына сай шытырман оқиғаларды өрбітіп, оқушыны еліктіру үшін ол жиі ескі қолжазбалардан тапқан фактілерден гөрі аңыздар мен анекдоттарға көбірек жүгінетін болған, ал, ауыз әдебиетінің бұл жанрларында өз шама-шарқынша сол дәуірдің әдет ғұрпы көрінетіні айқын емес пе. Көңіл-көзге қанша тұрпайы көрінсе де, жазушы ХҮІІ ғасыдың аса беделді деректерінен көптеген фактілерімен тарихи қайраткерлер мінездемелерін тауып алады, олар кейде тіпті шындыққа жанаспайтын тәрізді. Мәселенки кейбір сыншылар тап бүгінгі күнге дейін жазушы Решельені «Мелодрамалық зұлым» етіп көрсетеді. «Үш ноянның» негізгі тартысы құдіретті кардинал министрі мен герцог Бекингэмнің Анна Австрикаяға ғашық бақталас бәсекесіне құрылған және екеуінің осы бәсекесі Ла-Рошельді қамау-қоршау әрекетімен байланыстырылған деп жатады да сынайды.

Д,Артаньян мен оның жанқияр үш досының сарқылмас күш-жігермен, жан сүйсінер жомарт көңілмен «ойнап жүріп» жасаған ерліктері (сер-Жербэқамалында ішкен таңғы асының өзі қандай десеңізші), керемет тапқырлықпен нар жігітке тән мәрттік пен жауларын жардан құлатып кететін батылдығы оқушыға дәм беріп, қанаттандырып, жігеріне жігер қосады.

Осынау төрт ноянның мәңгі өшпес, өлмес бір қасиеті- жомарт жанды ержүрек азаматтардың жанқиярдың достығы бір-біріне шексіз берілгендігі адалдығы мұндай ізгі қасиеттерге қалың жұрт әр уақытта әр жерде тәнті бола береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Александр Дюманың өмір жолына шолу.

2. Дюманың “Үш ноян” романының жазылу тарихы.

3. “Үш ноян”романының қазақ тіліне аударылуы.

4. Дюма жөнінде жазылған еңбектер.

5. “Үш ноян” романының негізгі тақырыбы.

6. Жазушының шыққан тегі, және кітаптары.

7. Тұңғыш сахналастырылған пеьсасы

8. Әуел баста ол хатшылық қызметті кімнің қолында атқарды

9. Дюманың туындыларының орыс баспаларында жарық көруі



30- лекция. Тақырыбы: Франциядағы романтизм.

Жоспары:

1. В. Гюго (1802-1885) өмірі мен шығармашылығы

2. В. Гюго – ақын драматург, прозашы

Лекция мақсаты:

В.Гюго (1802-1885) өмірі мен шығармашылығы. Француз романтизмнің ірі тұлағасы.

Ақынның «Қаһарлы жыр», жинағы мен «Тоқсан үшінші жыл» атты романындағы қайшылықты көзқарстарын жан-жақты талдау, ондағы көтерілген негізгі әлеуметтік мәселеге тоқталу.

Лекция мәтіні:

1.Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго (1802-1885) шаруа отбасынан шыққан офицердің баласы: Гюгоның әкесі бірінші француз республикасының соғыстары мен Напалеон жорықтарына талай рет қатысқан. «Тоқсан үшінші жыл» романында Францияның солтүстік- батысында (Бреталь мен Ванделда) республиканың контрреволюциямен соғысын суреттей келіп Гюго «менің әкем осы соғысқа қатысқан адам; демек, мен бұл соғыс туралы купердің сөзімен баяндай аламын»,-дейді.

Валдеяға жасалған жорық кезінде ақынның әкесі Кант қаласының тұрғыны шкипердің қызы соғыс Трибюшемен танысып, кейіннен соған үйленеді. Виктор Гюгоның анасы кейіннен революция құлатқан Бурбондар династиясын шақтаулы, поелист болған. Ол 1814 жылы Бурбондардың тағына оралуын шаттана қарсы алды. Әкесі отбасымен бірге тұрмады десе де болады. Өйткені ол үнемі жорықта болатын.



2. Балалары тек аналардың және сол кісі сенім артқан тәрбиешінің қолында өсті. Бұл туралы ақынның «одалар» деп аталған өлеңде айтылған. Гюго ұзақ жасады. Жүз елуге тарта шығарма жазды. Атақты романдары «Париж құдай ана соборы», «Тұл қалғандар», «Күлімпаз», «Теңіз бейнетхорлары», «Тоқсан үшінші жыл».

Гюго жастайынан-ақ манорхиялық идеядан аулақтап, прогресшіл идеяға ден қоя бастады.

Февраль ревалюциясынан кейін (1818) Гюго біржолата республикашыл болып алды. Напалеон Біріншінің жиені 1851 жылғы 2 декабрьде франциядағы екінші республика дейтінді тұншықтырып тастағанда ауыл осынау өрі-тұра француз императорынан, Напалеон үшіншіге қарасы батыл күреске шығын, ақыры туған елінен қашуға мәжбүр болды.

1870 жылы Напалеон үшінші құлағаннан кейін Парижге қайтып келді. Мұнда халық оны қошеметпен қарсы алды. Ол прусс әскерлері Парижді қоршағанда барлық қишылықтарға төзіп, Парижді қорғау туралы прокламация басып шығарды.

1851 жылы 18 мартта Париж Коммунасы жарияланды. Коммуна талқандалысымен іле-шала жеңілген коммуналарға дүрсе қоя берге буржуазияшыл жендеттерге қарсы шықты. Буржуазия Гюгоға үшінші республика дейтінінің парламент сайлауында оның кандидатурасын екі рет сүріндірумен жауап берді.

Гюго 1885 жылы қайтыс болды.


Бақылау сұрақтары:

1. Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго өмір жолы.

2. Гюгоның «93-жыл» романы

3. Гюго демократияны жақтаушы, нағыз шындықтың

рыцары.

4. «Париж құдай ана соборы» романының мән мазмұны.



5. «Тұл қалғандар» шығармасының мазмұны.

6 «Күлімпаз» романының мазмұны.

7 «Теңіз бейнетқорлары» романының мазмұны.

8 Гюгоның «93-жыл» романының маңызы

9 Гюго демократияны жақтаушы, нағыз шындықтың

рыцары.


31- лекция. Тақырыбы: Американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға – Эдгар Аллан По (1809-1849)

Жоспары:

1. Эдгар Аллан По өмірі мен шығармашылығы

2. Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

Лекция мақсаты:

Американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға Эдгар Аллан По өмірі мен шығармашылығы. Э.А.По поэтикалық жаңашылданған шығармалары «Қоңыраулар», Эстетикалық теориялық еңбегі «Композиция пәлсапасы», новеллалық еңбегі – «Эшерлер үйінің құлауы» шығармаларында көтерілген мәселелердің көркемдік жағы мен әлеуметтік мәнін көрсету.



Лекция мәтіні:

1. Эдгар Аллан По 19 ғ/ғы американ әдебиетінің көрнекті әлемге танымал белді өкілдерінің бірі.

19ғ/ң алғашқы жартысында –ақ қысқа әңгіме жанр американ әдебиетінде толық қанды танымал бола бастаған. Эдгар Аллан По осы жанрдың зергер шебері оның қаламынан туған шығармалар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған емес. Оның шығармашылығы еуропа әдебиетіне, соның ішінде Француз поэзиясынада үлкен әсер етті. Ол сим волизмнің бас ты өкілі болып табылады.

Эдгар Аллан По ұлы жазушының шебер қаламы тудырған дүниенің табиғатына терең бойлау әрі қызық, әрі күрделі. Кезінде Б.Шоу Америка туғызған екі алыптың бір деп бағалаған

Эдгар Аллан По 1809 жылғы 19 қаңтарда Бостон қаласында актерлер отбасында дүниеге келді.

Шыққан тегі Ирландық оның әкесі Давит По ертеректе айрылып кетеді де болашақ жазушының шешесі, тегі ағылшын, Елизабет Арнольд По үймемелі – сүйемелі үш жасбаламен жесір қалады.

Бірақ оның да өмірі қысқа болды. 1811 жылдың аяғында Ричмондта гасторлде жүрген кезінде ауырып 24 жасында дүние салды. Үш жетім әркімнің қолында кетеді. Эдгардты сол жердегі темекі саудасымен айналысатын, баласы жоқ Джон Аллан деген бір бай комерсант асырап алады. Жас кезінде Шатландиядан келген саудагер Эргардты бетінен қақпай еркін өсіреді.



2. Эстетикалық теориялық еңбегі «Композиция пәлсапасы», новеллалық еңбегі – «Эшерлер үйінің құлауы» шығармаларында көтерілген мәселелердің көркемдік жағы мен әлеуметтік мәнін көрсету.

Мистер Аллан фирмасының жұмысымен кейін Англияға сапар шеккенде ол Эдгардты өзімен бірге ала кетіп, сонда 5 жыл тұрады. Мұхиттың арғы жағында саяхат жасау Лондонның айналасындағы алуан-алуан тарихи орындар мен құбылыстар баланың балғын санасына қатты әсер етеді де сезімтал, мөлдір көңіліне берік ұялап қалады. Кейін соның бәрі жазушының қанатты қиялы мен шеберлігін танытатын «Вильян Виль Сон» атты тамаша әңгімесінде келісті бейнеленеді. 1820 жылдың жазында Алландар Ричмондтқа қайтып оралады. Оңтүстіктің ауқатты адамдар балалары мен бірге оқып жүрген кезінде Эдгар өзінің өгей екенін біліп қатты жапа шегеді. Ол өз тағдырының осы олқылығын толтырғысы келгендей құрбыларының арасында тапқырлығы мен оқуда білгірлігімен көзге түсумен ұмтылады. Өгей әкесі өзінің де , баласының да болашағын ойлай келе, Эдгардты 1826 жылы Виргиния университетіне оқуға жібереді. Осы оқу орнының негізін қалаушы Томас Джефферсон оның ректоры болады. Лекциялар Шарлоттцвил төңірегіне саяхат, әрине, сезімтал жастың қанатына қанат бітіріп, кейін жазылған «Асқар таулар» аңызына желі болғаныа күмән жоқ. Эдгар Аллан По оңтүстіктің асыл жастарынан қалғысы келмей, солармен бірге карта ойнап, арман қуалайды. Дырду думан – құрады сөйтіп «шаш етектен

Қарызға батады. Өгей әке оның бұл қылығын көтере алмайды, Эдгардтың кірерге беті болмаса да, оқуды тастап қайтадан Риямондқа қайтып оралады. Джон .Аллан Сара Елмира ройстерімен атастырлып «аяғына тұсау» салады да асқақ арманның сағымын өшіреді. Бұл өмірден өз орнын табу үшін Эдгар Аллан По алғаш рет үйінен қашып шығып, 1727 жылдың сәуір айында Бостанға келеді.бірақ онда шығарған шағын өлеңдер жинағы тамағына талшық етуге де жарамайды. Амалсыз Эдгар Аллан По 1828 жылы армия қатарына жазылып, екі жыл сонда қызмет етеді. 1829 жылы көктемде өгей шешесі қайтыс болған соң Эдгар жалғыз қалған мистер Алланның үстемдігін кешіп татуласады. 1840 жылы өзінің әңгіселер жинағының кіріспесінде «Гофманға еліктейді» деген айып тағылуына қарсы «Менің жан түршігерлік қорқынышты әңгімелеріме неміс романтикасы негіз болған жоқ, ол менің жан дүниемнен туындайды» деп жауап жазған. Элдорадасын таба алмаған серідей Эдгар Аллан По өмірден өтеді. Ол адал, таза, ақ еді.
Бақылау сұрақтары:

1.Эдгар Аллан По - американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға

2.Эдгар Аллан По - шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

3.Эдгар Аллан По - поэтикасындағы жаңашылдық

4.Эдгар Аллан По - детектив жанрын қалыптастырушы

5.Эдгар Аллан По – ғылыми фантастиканы қалыптастырушы

6. «Қоңыраулар» әңгімесінің мән-мазмұны

7.«Компазициялық пәлсапасы» новеллалық еңбектері

8.«Морг көшесіндегі кісі өлтірушілік» - фантастиканың қалыптастырушы

9.«Ганс пфал деген біреудің әдеттен тыс басынан кешкендері» фантастикалық жанрдағы еңбегі

10.Эдгар Аллан По - Америка әдебиетінің классигі

11.Эдгар Аллан Поның психологиялық новеллаларының неміс романтизімінің принциптерімен байланысы

12.Эдгар Аллан По шығармасындағы поэтикалық идеял

32- лекция. Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм

Жоспары:

1. О. Бальзак ( 1799-1850) өмірі және ХІХ ғасырдағы француз әдебиетіндегі реалистік

романның алыбы.

2. Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар.

Лекция мақсаты:

О. Бальзак ( 1799-1850) өмірі және ХІХ ғасырдағы француз әдебиетіндегі реалистік

романның алыбы.

Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар, жартылыстану ғылымдарының дамуы және олардың материалистік түсініктің қалыптасуы үшін маңызы бар «Адамдық комедияға кіріспе», «Бейл туралы этюд» атты шығармаларында шындықты бейнелеу арқылы жазды.

О. Бальзак көтерген мәселелер, оның көркемдік жағы мен әлеуметтік мәні.

Лекция мәтіні:

1.Бальзак (Balzac) Онре де (20.05.1799 Тур – 18.08.1850 Париж )

Тур қаласында Оноредо Бальзак Стендальдан 16 жас кіші еді. Ата – анасының еркімен

1819 жылы Парижде құқық мек тебін бітіріп, әрі Сорбоннада өз қалау ымен әдебиет курсын тыңдап, жазушы болуға бекінді. Оноредо Бальзак – жазушының классикалық типі. Алған қарыздарын төлеу керек екендігін естен шығармай, әрә шығармашылық ырғақтан адасып қалуданда қорықпастан ол тәулігіне 18 сағаттай еңбек етті, қаражұмыскердей тер төге, әрі жылдам жұмыс істеді. Өзін кофемен сергіте отырып, ол кіні- тнімен жаза берді. Ол ең алдымен бір бүтін дүние саналатын 90 – томдық «Адамдар әжуасының» авторы.

Оноредо Бальзак тың өзіде бұл туралы білетін еді және өзі ол туралы айтатын – ды. «Адамдар әжуасының» авторымен соның заманымен өмір шындығы арасында дау дамайды көлеңкелейтін әдебиеттанушылық еңбектер жетерлік еді. Шетелдік кейбір бальзактанушылардың Оноредо Бальзак өміріндегі көп кездесетін күйкі жайлармен анкдодтарға баса ден қоюын осылармен түсіндіруге болады.



2. Оноредо Бальзак ХІХ ғ/ы Француз өте ірі есім. Реалистік романның алыбы. Бірақ оны танудың одүниеден өткеннен кейін біраз жылдардан соң ғана басталды.

Алғашқы шығармаларын Оноредо Бальзак әртүрлі бүркешік аттармен бастырады.

Оноредо Бальзак «Адам комедиясының» алғысөзінде эпопеяның құрылысын мазмұндаумен қатар, оны негіздей де білді:

1- ші бөлім – құлықтар этюдтар немесе адамгершілік этюдтары;

2- ші бөлім философиялық этюдтар

3-ші бөлім аналитикалық талдау этюдтарынан құралды.

2. Оноредо Бальзак әлемі жасанды бірақ оқырмандар оған сөзссіз сенуге дайын Басты шарт, олар кейбір жекелеген шығармаларда ғана емес, бұл дүниені толықтай бір бүтін ретінде қамтығанда ғана тұтас «Адамдар әжуасының» оқырмандары бола алады. Себебі мұндағы тұтастық (бүтіндік) - реализмнің ғажап ерекшеліктері.

француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған Алғашқы жарық көрген шығармасы «Кромвель» трагедиясы (1920) батырдың есімі «Шуандир» (1829) атты тарихи романмен белгілі болды. Бальзактың тоқсан шығармасы енген «Адам комедиясы» адамгершілік этюдтері, филос, аналит этюдтер болып үш топқа бөлінеді. «Адам комедиясы» француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы 1 адамгершілік этюдтер тобының негізгі шығармалары. -«Гобсен» (1830) «Отыздағы әйел» (1831) «Горио атай» (1934-1935) «Евгения Грилде»(1833) «Беатриса» «1839) «Кәрі қыз» (1836) «Бойдақтың өмірі» (1841) т.б. 2)Филос Этюдер тобының негізгі шығармалары «Жендет» (1830) «Шегірен былғары» (1830-1831) «Көп жасаудың құпиясы» (1930) «Қызыл қонақ үй» (1931) «Серафита» (1839) т. б. 3)Аналют этюдер тобының негізгі шығармалары неке физологиясы (1829) «Адам комедиясында» тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғырды. Бальзак шығармалары Х1Х-ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдіс жиынтығы формада (гуманизм ағартушылық идеясы готикалық роман, романтикалық мектеп т. б. Көрініс берді Бальзак шығармаларын Ф. Жиро, В.Гюго, Ж.Санд. М.Әуезов шығармаларын жоғары бағалаған. «Шегірен былғары» романы «Горио атай» повесі (1984, 1985,1987) пьесалары қазақ тілінде аударылған.


Бақылау сұрақтары:

1.Бальзак шығармаларын қазақ тіліне аударылуы.

2.Бальзактың “Адам” комедиясының негізгі таақырыбы.

3.Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.

4.19-ғасырдағы сыншыл реализм.

5.Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық пәлсапалық және эстетикалық алғышарттар.

6.Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.

7.19-ғасырдағы сыншыл реализм.

8.Бальзактың “Бойдақтың өмірі.” атты ірі шығармасы.
33- лекция. Тақырыбы: ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1. Француздың ұлы өкілі Ги де Мопассан (1850-1893,1924) өмірі мен «Шал» әңгімесі

2. Германия әдебиеті

3. Скандинавия елдерінің әдебиеті

Лекция мақсаты:

Француздың ұлы өкілі Ги де Мопассан (1850-1893,1924) өмірі шығармашылығы. Мопасан шығармалары негізі сыншыл реализмге құрылған. Мопасанның «Шал» әңгімесінің әлеуметтік маңызы. Германия әдебиеті. ХХ ғасырда неміс әдебиетінде сыншыл реализм мен натурализм басым болды. Сыншыл реализмнің Германия әдебиетіндегі жаңа кезеңін дамытуда натурализмнің маңызы ерекше орын алды. Скандинавия елдерінің әдебиетінде сыншыл реализмнің қалыптасуы мен дамуы. Декаденттік ағымдар. Натуралистік, символистік эстетиканы сызба нұсқалар арқылы талдау.



Лекция мәтіні:

1. Ги Де Мопассан 1850 жылы 18 августа дүниеге келді. Ол — француздын, XIX ғасырдың аяқ шеніндегі реалист жазушысы. Мопассан өзінің қысқа өмірі ішінде жемісті еңбек етіп, алты роман, үш жүзден астам новелла, жол дәптерінен жазылған үш кітап, көптеген өлендер, фельетондар мен мақалалар жазды. Оның творчествосы буржуазиялық тұрмысты жиіркене әшкерелеп, француз коғамыныц реалистік суретін шебер береді, Стендаль мен Бальзактыц реалистік дәстүрін берік ұстанады. Мопассаннық тұңғыш шығармасы — «Пышка» атты новелла. Одан кейін «Өмір», «Сүйікті досым», «Монт-Ориоль», «Пьер мен Жан», «Ажалдай айбатты» романдары жарық көрді. Бұл романдары және аса жатық тілмен, сұлу, образды етіп жазған көркем әңгімелері капиталистік дүниенің сансыз кеселдерін айыптау, жеке меншіктілердің сараңдығы мен жалмауыздығын әшкерелеу тақырыбына жазылған. Бұларды оқығанда сол дәуірдегі француз қоғамына тән әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері көз алдыңа елестейді.

Мопассан еңбекші халық өкілдерін шын жүректен, жаны аши суреттеді. Жанашырлық, мейірбандық, таза адамгершілік сезімдер тек осы адамдарға ғана тән қасиет деп түсінді. Басқыншылық соғыстарға ол мүлде қарсы болды. Гуманист жазушы буржуазиялық қоғамдағы адам тағдырына қатты қиналды, бірақ одан қалай құтылудың жолын біле алмады. Сондықтан да көптеген шығармаларынан тарығушылық сарыны байқалады.

Кертартпа сыншылар Мопассанның шыншыл, өткір үнін өшіре алмайтынын біле тұрса да, оны қудалаумен болды. Олар қоғамдық «таза адамгершілікке» кір келтірдің, діннің қадірін түсірдін, адамға теріс көзбен қарадың деп оған жала жапты. Бірақ ұлы жазушының реалистік шығармалары буржуазиялық қоғамдағы, капиталиста дүниенің баяндылығы жөніндегі жалған пікірлерді жоққа шығарды. Сондықтан да Мопассан шығармаларының прогресшіл зор маңызы бар.

Мопассан 1893 жылы 6 июльде дүние салды.



ШАЛ (Әңгіме)

Қоңырқай күз күні дуалдық биік ағаштарының арасынан сығалап, ферма ауласына нұр төгіп тұр. Сиыр жайылып тұқылдаған жердің шөбі жуырдағы жауыннан жылт-жылт етеді; әбден су сіңіп мидай болжыраған жер аяқ тайдырып жүргізбейді; жемісі мол алма ағаштардың бұтақтары жерге тәжім етіп, әбден піскен ал қызыл алмалары көк шөп үстіне топ-топ түседі. Қатар арқандалған төрт тайынша шалғында жайылып жүр, олар анда-санда үйге қарап мөңіреп қояды: ат қораның алдындағы көңді қопарып жүрген ақтылы-қара тауықтардың ортасындағы екі әтеште дамыл жоқ, жем тапса болды, қытқылдап мекиендерін шақырады.

Ауланың есігі ашылып, жасы қырықтар шамасында болса да, алпысқа келген шалдай белі бүкірейіп, жүзін әжім басқан бір шаруа шықты; ішін сабанмен кептеген зілдей ауыр ағаш кебіспен қарыштай адымдап келеді. Бойына лайықсыз ұзын қолы тізесінен төмен салбырайды.

Фермаға жақындай бергенде зәулім биік кәрі алмұрт ағашына байлап, қасына үйшік орнына бөшке қойған сары иті құйрығын бұлғақтата шәуілдей үріп алдына ұмтылды.

— Қой, Фино! — деді қожасы.

Иті жымдай болды.

Әлден уақытта үйден шаруаның әйелі шықты. Үстінде тоқыма кофтасы тақтайдай кең кеудесін қаусара қысып тұр. Сұр юбкасы тобығынан жоғары тұр да, көк шөлке киген сирағы сидиып көрінеді, оның да аяғында сабанмен септеген ағаш кебісі бар. Басындағы көне орамалы сирек шашын жауып тұр; қоңырқай, жүдеу, өксіз кескіні мен опырылған аузы шаруа әйелдерінде көп кездесетін доғал, тұйық адамның пішінін аңғартады.

— Шалдың халі қандай? — деп сұрады одан күйеуі.

— Кюренің айтуынша халі әбден біткен, ертеңге де жетпейтін сияқты,— деді әйел.

Екеуі бірдей үйге кіреді.

Ac үйден өтіп, олар аласа, күңгірт бөлмеге барды. Әйнегіне шыттан құрап перде ұстаған бөлмеге болар-болмас қана сәуле түседі. Төбенің жұқалтаң шатырын ұзыны мен көлденеңінен салынған екі жуан бөрене ұстап тұр, ол ескі-ріп, ыс басып карайып кетіпті, шатыр үстінде күндіз-түні егеуқұйрықтар асыр салады. Дымқыл тартып сызданған ойлы-қырлы жер еденді бөлменің бір жақ бұрышында сәл ғана ағараңдап бір кереует көрінеді. Сол қараңғы түкпірде шаруа әйелдің қарт әкесі ауырып өлім үстінде жатыр. Оның ауыр тыныс алғаны, бұзылған насостай бірыңғай қатты қырылдап, қысылып жатқаны осы жерге естіледі.

Ерлі-зайыптылар әл үстінде жаткан сырқаттың үстіне келді де, самырқау пішінде қарады.

Күйеуі тұрып:

Әрине, енді бітіпті, таң атудан қалмайды,— деді.

Түстен бері ол енбойы осылай қырылдап жатыр,— деп жауап берді әйелі.

Олар бүдан әрі үндеген жоқ. Әкенін. көзі жұмулы жа­тыр. Топырақтай қоңыр, қуарған өңі ағаш бейнедей сұлық тәрізді. Тынысы тарылып, аузын әрең ашып, зорға дем алады, әр тыныс алған сайын үстіндегі кір ақжайма бір көтеріліп, бір басылады.

Күйеуі біраз уақыт үндемей тұрған соң барып:

— Ол өткенше аялдай тұру керек. Басқа амалың жоқ. Жалғыз-ақ арам шөпті не істер екем, күннің "райы жақсы, ертең отау керек еді,— деді.

Мына сөз әйелінің тынышын алды. Ол сәл ойланып тұрды да:

— Егер де ол бүгін өлсе, сенбіден бері жерлей қоймайды ғой, олай болса арам шөпке сенің ертең күні бойғы уақытың бар,— деді.

Күйеуі кепке шейін ойланып барып, ақырында:

— Солайы солай ғой, дегенмен жерлеуге ертең шақырған жөн; Турвильден бастап, Манетоға дейінгінің бәрін менің шарлап шыққанымша қанша, оған алты сағаттан кем уақыт кетпейді,—деді.

Әйелі екі-үш минут байымдап тұрып:

— Ендеше сен қазір бар, Турвиль жағын айналып шық, үлгересін, әлі ерте,— сағат екіден жаңа асты. Қайтыс болды деп айта бер, өйткені ол енді кешке де бармайды,— деді.Күйеуі айтылған болжалдарды қостар-қостамасын білмей екшеп-текшеп біраз ауытқып тұрды. Ақыры бекініп:

— Жарайды ендеше, барайын,— деді.

2. Неміс әдебиетіндегі сыншыл реализм және натурализм. Сыншыл реализмнің Германия әдебиетіндегі жаңа кезеңін дамытуда натурализмнің маңызы.

Томас Манн /1875-1955/ . ХХғ. Неміс әдебиетіндегі сыншыл реализмнің және пәлсапалық романның шебері, жазушы гуманист. «Буденброктар» романындағы психологиялық иірімдер, көркемдік жинақтаулар. «Тристан» , «Тонио Крегер», «Венециядағы өлім» новеллаларындағы өнер мәселесінің тақырыбы.



3. Скандинавия елдерінің әдебиетінде сыншыл реализмнің қалыптасуы мен дамуы. Декаденттік ағымдар. Натуралистік, символистік эстетиканы сызба нұсқалар арқылы талдау. Герних Ибсен /1828-1906/ - Норвегия әдебиетіндегі әлеуметтік – психологиялық драманы қалыптастырушы. Шығармалары: өлеңмен жазылған пьесасы» Махаббат комедиясы» қарасөзбен жазылған ұлттық - тарихи драма «Тақ үшін күрес» жазылған еңбектері.

Бақылау сұрақтары:

1. 1850 жылы 5-тамызда Трувел сюр Арк маңында дворян отбасында дниеге келген

жазушы

2. Мопассанның алғашқы шығармалары қай жылдары шыға бастады?



3. XIX ғасыр аяғындағы француздың реалист жазушы

4. Г. Мопассан қанша роман жазады

5. Стендаль мен Бальзак кімнің реалистік дәстүрін берік ұстаған жазушы?

6. Мопассанның алғашқы шығармасының аты

7.«Өмір» «Сүйіктім» романдарының авторы кім?

8. Ги Де Мопассан қай жылы дүниеге келген?


34 - лекция. Тақырыбы: ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1. Англия әдебиеті

2. АҚШ әдебиетінің ұлы өкілі Джек Лондон өмірі мен шығармашылығы

3. Азия елдерінің әдебиеті қатарындағы қытай әдебиетінің әлемдік әдеби жаңа

байланыстар ауқымында

Лекция мақсаты:

Англия әдебиеті. Сыншыл реализм-ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт. «Неоромантизм», натурализм эстетизм және т.б. ағымдардың пайда болуы.Сыншыл реализмнің американ әдебиетіндегі ерекшелігі Спенсер позитивизмнің сыншыл реалистердің шығармашылығына әсері.

Джек Лондон Американ жазушысы. Қазақ оқырмандары оның “ Ақ азу”, т.б. Көптеген туындыларын ана тілінде оқыды. Солардың бірі – “Мексика ұлы” атты әңгімесі.

Жазушының адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздаған еңбектерін талдау.

Қытай әдебиеті. Ежелгі қытай әдебиеті. ХІY - XYIII ғ.ғ. тарихи тақырыптағы прозалық шығармалар.ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басындағы револяциялық әдебиеттің өрістеуі.

Осы кезеңдегі “Шан - шу” (Ежелгілік туралы жазу) – деклорациялыр , указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазмұнды мәдени ескерткіш еңбектердің тақырыптық мазмұнына, көтерген мәселелеріне назар аударып, әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшелігін көрсету.


Лекция мәтіні:

1. Англия әдебиеті. Сыншыл реализм-ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт. «Неоромантизм», натурализм эстетизм және т.б. ағымдардың пайда болуы. Оскар Уайльд \эстетизмнің теоретигі\, Р.Л.Стивенсон \неоромантизм өкілі\ , А.Конан-Дойль \детектив жанрын жазушы\ шығармашылық ерекшеліктері. Р.Киплинг, Т.Гарди, Дж Голсуорси, Г.Уэллс шығармалары.

Бернард Шоу \1856-1950\-ағылшын драмасындағы жаңа кезең өкілі. Ағылшынның әлеуметтік драмасын, интеллектуалдық «дискуссиялық драмалар»жасаудағы ролі, «Ыңғайсыз пьесалар» жаңа «Пуритандар үшін песьалар ». Тарихи тақырыптарды интерпретациялау «Перінің шәкірті» «Цезарь мен Клеопатра» . Қорғансыздарды қорғау тақырыбы «Майор Барбара». Шоудың демократизмі. «Пигмалион» комедиясы. Империалистік соғысқа қарсылық. «Жүректі жарақаттайтын үй» песьасы. Шоудың әлемдік драматургияға әсер-ықпалы.



2. Сыншыл реализмнің американ әдебиетіндегі ерекшелігі Спенсер позитивизмнің сыншыл реалистердің шығармашылығына әсері.

Джек Лондон Американ жазушысы. Қазақ оқырмандары оның “ Ақ азу”, “Солтүстік жорығы”, “Өмірге құштарлық”, “Киш туралы аңыз”, “Әйел ерлігі”, т.б. Көптеген туындыларын ана тілінде оқыды. Солардың бірі – “Мексика ұлы” атты әңгімесі.


Мексика ұлы.

Ривера рингке елеусіз көтерілді. Әр тұстан шашыраңқы сараң ғана соғылған алақандар көрермен қауымның оған деген сенімсіздігін айқынсездіргендей. Шынындада, бұл қауым үшін Ривера бөрі аузына тасталған жетім лақпен пара – пар еді. Өйткені оның қазіргі қарсыласы аты шулы азулы боксер ұлы Дени болатын.

Жас мексикандық өз бұрышына жайғасып, қарсыласын күтті. Әр минут жылдай созылып баяу жыжыды. Дени өзін ұзақ күтуге мәжбүр етті. Тіс қаққан жырындының бұл қағидасы темір қанат боксершісінің талайына сабырын сарқып, көңіліне қоқыныш ұялататын жүйкесіне тиетін

Ривера өзінің бұл айқаста қалайда жеңу керек екенін бірсәт есінен шығарған жоқ оның осы айқасқа итермелеген ұлы күш сыры зал толы көрермендердің бірінің ойына да кіріп шықпайды. Дэнни Уорд ақша үшін сол ақшаға негізделген жеңіл өмір үшін айқасып келеді. Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін төбелесетінін терең түсінеді. Оның көз алдында бір сәт туған елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза – кекке толыққахарлы бейнесі көңілдегідей ап – айқын елестеп өтті.

Қым –қиғаш көріністер: “компания ләпкесі алдындағы алаң, сол алаңда иін тірескен мыңдаған аш жұмысшылар, солардың қамшы ысқыртып, қылыш ойнатқан генерал Росальо Мартинеспен Парфирно Диастың солдаттары, қанды қырғын... осы бір көріністер өмір бақи таусылмастай жазықсызтөгілген жұмысшы қаны мәңгі тиылмастай көрінеді... қаралы түн , қапас түн ! сол түн құшағында тағдыры үшін тартысқан жандар мүрдесі Вера - Круске жөнелтіліп, акулаларға жемболып жатыр. Өліктер арасымен ілгері еңбектеген ол жендеттер айуандықпен азаптап өлтірген ата- анасының парша-парша мүрдесінғана тапты әсіресе кеудесіне тауболып үйілген өліктер астынан бас ғана көрініп жатқан ана бейнесі санасын семсердей тілгілейді. Тағы ... Тағы да солдаттар винтовкасы ажал оғын қардай боратты. Сол оқ астымен аш күзендей бүгіле еңбектеп қашқан жетім ұлан жүрегі уланған қасқырдай алас ұрады” Дауыл соққан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селтетіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдайц жоғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап соғылған алақандар даулы бесминут бойы дүрілдеп тұрды.

Ал Ривераға назар салмады тіпті оны ешкім оны осы жерде бар – жоғын білмейтін, білгісііде келмейтін тәрізді.

Зал тағыда дуқол соқты. Дэнни Уорд қарсыласына қарай беттеген еді. Ол еңкейіп, Ривеаның оң қолын екі қолмен алып, ашына жай сілкіп қойды. Содан – соң бетін Ривраның бетіне тақай күлімсіреді...

3. Қытай әдебиеті. Ежелгі қытай әдебиеті. ХІY - XYIII ғ.ғ. тарихи тақырыптағы прозалық шығармалар.ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басындағы револяциялық әдебиеттің өрістеуі. Ежелгі қытай әдебиеті б.д.д 200 жылдықта біздің заманымызға ІІІ дейінгі 3 кезеңі.Шань - иньдік тайпалық одақ (б.д.д –18-19ғ/ғ) Қала – мемлекеттік Үжбулық дәуір. (б.д.д 12-8ғ/ғ)

Импониялық дәуір біздің заманымызға дейінгі 3-ші ғасырды біздің заманымызға дейінгі 2-ші ғасыр.

“Шан - шу” (Ежелгілік туралы жазу) – деклорациялыр , указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазмұнды мәдени ескерткіш.

Ескерткіштегі риторикалық сөздер Сыма Цынның тарихи жазбалары.

Біздің заманымызға дейінгі Қытай патшалығының тарихы өркениеттің тез дамуының тарихы.

Конфуцийи (551-479) жылдар Мо Ди (479-400) жылдар адамды сүю гуманизмнің өкілдері.

Сыма Циянь (145-87) шамасында тайша (тай аға басұғымында ежелгі египетте пеғауындар сарайларындағы шенуніктерге қолданған сөз.)

Сыма Циянь - әкесі сыма Тияньның ісінжалғастырушы тайшылық қызмет – мемлекеттік архивтегі бүкіл құжатты сақтаушы күнтізбені құрушы уақытты – бақытсыз күндерді белгілеуші елдегі оқиғалармен істерді жинаушы жазушы. Сыма Цияньнның “Тайшицзи” (тайшы жазбалары) атты еңбегі Сыма Циянның осы тарихи жазбалардағы

5- бөлім:

1-шісі Қытайдың ежелгі заманнан хандық дәуірге дейінгі уақыт.

2-шісі Чжоу заманынан империяға дейінгі ежелгі билеушілер туралы таблица.

3-шісі Әртүрлі әдеп –ғұрыптар жағрафиялық шаруашылық мәселелер.

4-шісі Өмірбаяды баяндау.

5-шісі Жеке тұлғалардың өмірін сипаттау. Бұл бөлімде қытаймен шекаралас халықтар туралы да очерктерде енген.

Орта ғасырдағы қытай әдебиеті классикалық дәстүрдің жалғасуы.

14-18 ғ/ғы Қытай әдебиеті тарихи тақырыптағы прозалық шығармалардағы фольклорлық дәстүрдің жазба әдебиетке жалғасуы.

19 ғ/ғы Қытай әдебиеті. Отаршылдыққа қарсы Апииндық соғыс кезеңіндегі ақындары мен публицистер, Конфуциондық ілім көзқарасы ізіндегі әдеби дәстүр. Ұлы Тайпин көтерілісі (1850-1864 ж/р) ықпалындағы әдеби дәстүрдің дамуы.

Бақылау сұрақтары:

1. Англия әдебиеті.

2. Сыншыл реализм-ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт.

3. «Неоромантизм», натурализм эстетизм және т.б. ағымдардың пайда болуы.

4. Бернард Шоу \1856-1950\-ағылшын драмасындағы жаңа кезең өкілі.

5. Қытай әдебиетінің інжу маржаны қытайдың классикалық романы.

6. Қытай поэзиясының алғашқы дәуірі.

7. Қытай әдебиетіндегі алғашқы прозалық шығарма.

8. Кытай әдебиетінің жарқын үлгісі.

9. Қытай императорлары жайлы.

10. Қытайдың ежелгі заманнан хандық дәуірге дейінгі уақыт.

11. Әртүрлі әдеп –ғұрыптар жағрафиялық шаруашылық мәселелер.

12. Жеке тұлғалардың өмірін сипаттау.

13. Д.Лондонның өмір жолы.

14. Д.Лондонның шытырман оқиғалары.

15. «Мексика ұлы» атты еңбегі

16. Ривера атты ұл бала қай еңбегінде кездеседі

35- лекция. Тақырыбы: Түрік әдебиетінің өкілі Омер Сейфиддин өмірі, шығармашылығы.

Жоспары:

1. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік сатирасын қалыптастырушы .

2. О.Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.

Лекция мақсаты:

Омер Сейфиддин (1884-1920) өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында түрік сатирасын қалыптастырушы. Еңбектері “Әулие құтқарушы” буржуазия саяхатшы сымақтарының суайттығын “Эфруз бей”, “Прогресс” феодалдық, патриархалдық мешеулікті “Діннен безген” деген әңгімелерінде мейілінше сатиралық бейнелеуді көрсеткен. Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.



Лекция мәтіні:

1. 28.02.1884 жылы Генен қаласында туып, 06.03.1920 жылы Стамбулда қайтыс болған Түрік жазушысы Омер Сейфиддин әскери білім алған. 1914 жылдан Стамбулда Қабаташ лицейінде әдебиеттен сабақ берді. Шығармалары 1911 жылдан бастап жарияланды. Оның туындыларында жас түріктер 1908 жылы кеійінгі түрік буржуазиясына тән қайшылықтар ашылды. Дін иелерімен дін басыларының надандығын, пәлеқорлығын, арамзалығын әшкерелеген. “Әулие құтқарушы” буржуазия саяхатшы сымақтарының суайттығын “Эфруз бей”, “Прогресс” феодалдық, патриархалдық мешеулікті “Діннен безген” көрсеткен әңгімелерінде сатиралық бейнелеуде бой ұрды.

2. Реализмдік әуенмен жырлаған Сейфиддин негізгі тақырыбы ұлт мәселесі. “Білім ошағы”, “Бостандық жалауы”, “Биік өкшелер” 1923 жылы, “Ақ гүл”1938 жылы, “Ноқат” 1956 жылы, “Эфруз бей” 1970 жылы т.б әңгіме жинақтарының авторы.


Бақылау сұрақтары:

1. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік сатирасын қалыптастырушы .

2.Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.

3.Омер Сейфиддин әскери білім алған. 1914 жылдан Стамбулда Қабаташ лицейінде әдебиеттен сабақ берді.

4.Шығармалары 1911 жылдан бастап жарияланды

5.Оның туындыларында жас түріктер 1908 жылы кеійінгі түрік буржуазиясына тән қайшылықтар ашылды.

6. Дін иелерімен дін басыларының надандығын, пәлеқорлығын, арамзалығын әшкерелеген.

7.«Әулие құтқарушы” буржуазия саяхатшы сымақтарының суайттығын “Эфруз бей”, 8.“Прогресс” феодалдық, патриархалдық мешеулікті “Діннен безген” көрсеткен әңгімелерінде сатиралық бейнелеуде бой ұрды.

9.Омер Сейфидин негізгі тақырыбы ұлт мәселесі.

10. “Білім ошағы”, “Бостандық жалауы”, “Биік өкшелер” 1923 жылы, “Ақ гүл”1938 жылы, “Ноқат” 1956 жылы, “Эфруз бей” 1970 жылы т.б әңгіме жинақтарының авторы.



36- лекция. Тақырыбы: ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1.Назым Хикмет Ранның өмірі /1902-1963/

2.Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері, драмалық шығармалары

Лекция мақсаты:

Назым Хикмет Ранның өмірі /1902-1963/ шығармашылығы. Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы. Түрік поэзиясына жаңа ырғақтар, еркін өлең түрін енгізуі. «Адамдық панорамасы» түрік тілінде жазылған эпопеясы, «Дарақы» қоғамдағы жеке адам жөнінде жазылған мұраларының көркемдік ерекшелігі.



Лекция мәтіні:

1.Назым Хикмет-түрік әдебиетінің көрнекті тұлғасы, түрік революциялық поэзиясының негізін қалаушы. 1918 жылы КССРО-ға келеді, Бакуде болды. Мәскеудегі Шығыс халықтарының коммунистік университетінде оқиды.

1938 жылы соғыс қызметкерлерін көтеріліске шақырғандығы үшін әскери-соғыс трибуналы Назым Хикметті 15 жыл, одан кейін тағы да 13 жыл түрмеге отыруға үкім етеді. Бірақ Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бірақ халыққа арналған өмір-жыры өшкен жоқ, өрши берді, еңбек жұртының жүрегіне, ойына тарады, студенттердің қойнына, солдаттардың қонышына түсті. Хикметтің тиым салынған шығармалары офицерлердің чемодандарынан да табылды».

36 жастағы ақын Бурса қаласындағы түрмеге түскеннен кейін тағы да 27 жылдық түрме жазасы қосылады. Сонымен отыз алтыдағы Хикмет ақын табандатқан елу бес жыл түрмеде отырып, тоқсан бір жасында түрмеден құтылмақ еді.

Назым Хикмет 1950 жылы шілде айында түрмеден босатылады.

Назым Хикметке Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүзілік екінші конгресінде агрессияға қарсы жазылған әдеби-шығармашылық еңбектері үшін Халықаралық Бейбітшілік сыйлығы берілді. Ол дүниежүзілік бейбітшілік қорғау Кеңесінің бюро /1950/ және Президиум мүшесі /1950/.

Жаңару, өркендеу жолындағы тәуелсіз мемлекет Туркияның ұлттық әдебиетінің дамуында, әрине, Назым Хикмет шығармашылығы-өзіндік өрнекті мұра. Олай дейтін себебіміз, оның шығармашылық өмірбаянын күресшіл, революцияшыл мазмұнға құрылады. Көркем шығармашылық әлемдегі көркемдік. Әдістер, романтизм мен релазим әдістерін егіз қолдана жазған, халқын сүйген талай-талай ақындар шығармашылығынан біз осыны танимыз. Үндістанның ұлы ақыны Рабиндранат Тагордың, 1922 жылға дейін Иранда өмір сүрген иран-тәжік әдебиеттерінің ақыны Әбілқасым Лахутидың, қазақ ақындары С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Қ.Аманжоловтың және қазіргі әңгіме арқауындағы ақын Назым Хикмет шығармашылығынан біз осындай ерекшеліктерді танимыз.

Назым Хикмет-әдебиет тарауындағы ұлы ақын. Сонымен қатар ол-көркем прозашы, драматург, киносценарииші. Шығармалары /жарияланған кітаптары/:


  1. «Күн нұрына суарылғандар жыры » /1928/

1. «835 тармақ» /1929/

2. «Даусын жоғалтқан қала » /1931/

3. «Адамдық кеңестік» /1941-61 ж.ж. Бұл түрік тілінде 1966-67 ж.ж. жарияланған эпопея/.

4. Драмалық шығармалары: «Елеусіз қалған есіл ер» /1935/; «Дарақы» /1955... т.б.

Назым Хикметтің шығармашылығы әдеби тек жағынан лирика, эпос, драма түрлерін түгелдей қамтиды. Назым Хикметтің әлемдік сөз өнеріндегі негізгі тұғыры-ақындығы. Ақынның лирикалық шығармашылық құдіретін әлемге танытқан ерекшелік-оның туған елін Туркияны, Анадолы жерін, Ыстамбулды, дүниежүзінің еңбекшілерін азаматтық, гуманистік жүрекпен жырланғандығы Хикметті түсіну үшін лирика табиғатына үңілу керек. «Лирика... шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөліп, ойымен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі»... «Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты». Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, - сол өз кезінің шындығымен сыры жатады.

... «Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі... Өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақынмен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді... Сонда ақын көкірегінде сезім-оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр-оқырман сыры болады да шығады». /Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалары. А., Жазушы. т.2. 315-316, 319 беттер/ Бұл айтылған тұжырымдарды Н.Хикмет жырлары арқылы түсінеміз. Назым Хикметтің лирикалық шығармашылығын өлең тарихындағы қалыптасқан жіктеулер тұрғысынан саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы түрлерінде қарастыруға болады.



2.Назым Хикметтің саяси лирикасына мынадай өлеңдері жатады:

«Лидия Ивановнамен сырласу», «Сендердің қолдарың хақында һәм жалғандық жайлы өлең», «Мадрид қақпасы алдында», «Шығыс адамы және СССР», «Үміт», «Сені ойлаймын», «Құрыш білектер», «Ағаштар», «Қайран, он тоғыз!», «Бес тәулік ашыққанда», «Мұнайстанға саяхат», «Мен түрмеге түскенге», «Ешбір ағаш берген жоқ мұндай ғажар жемісті», «Әлем достар, жаулар, сен және жер», «Поль Робсонга», «Айқас» және т.б.

Ақынның саяси лирикасынан адамзаттың бақыты жолындауы күреске өмірін арнаған лириканың қаһарманның асқақ мұраттары жырланды. Құрлықтарды мекендейтін барлық нәсілдегі адамдарда сүйетін гуманистік бауырмал үні шынайы қалпымен естіледі.

Африка не Азиядан,

Не Таяу Шығыс елінен.

Не Қиыр Шығыс,

Не Тынық мұхитының шегінен.

Қай тараптан да бол, мейлің,

Планетамның халқының төрттен үш бөлігі,

Бөрі де маған бауырлас туған ел деймін.

/ «Сендердің қолдарың хақында»/

Ал, «Өлген қыздың елесі» жырында Хиросимадан басталған атомдық зұламатқа қарсылық үнін танимыз. Мәңгілік апат, қырғын атаулыға жаны түршіге қарсы ақынның күрескерлік жырының қуаты айқын.



Бақылау сұрақтары:

1. Түрік поэзиясының негізін салушы Н.Х.Ран

2. Назым Хикмет Ранның өмір жолы.

3. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

4. Ранның өлең жинақтары.

5. Назым Хикмет қай жасында түрмеден құтылмақ едi.

6. Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері.

7. Драмалық шығармалары.

8.Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

9.Н.Ранның өлең жинақтары.
37- лекция. Тақырыбы: Иран әдебиеті.

Жоспары:

1. 19 ғ. соңынан бастап Ирандағы мәдениеттің өрлеуі.

2. Парсы газетінің шыға бастауы.

3. Парсы прозасының дамуы.

Лекция мақсаты:

Иран әдебиетінің ХІХ ғасырдағы мәдениеті өзіндік ерекшелігі. Иран әдебиетінің дамуында газеттердің, прозаның, фольклордың, әдеби жанрлардың шыға бастауы ерекше орын алады. Парсы газетінің шығуымен әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.



Лекция мәтіні:

1. ХІХ ғасырдағы Ирандағы мәдениеттің өрлеуі. Парсы газетінің шыға бастауы, ондағы прозалық жанр, ұлттық фольклорлық және әдеби жанрлардың бай дәстүрлерін жаңғырта қолдану /ертегілер, монзаре екі не одан да көп кісілердің дауласуы не әңгімелесуі; Сафар – наме - қолжазба, шығыстық юмор мен сатира/. Парсы прозасының дамуы.Иран Ислам республикасы (Джамхурийе Иран) – Оңтүстік Батыс Азиядағы мұсылман мемлекеті. Иран мемлекетінде ислам діні – мемлекеттік. Ал, қолданыс тілі – парсы.

19 ғасырдың 2- ші жартысымен 20- ғасырдың басында иран мемлекеті европалық ірі- ірі державалық жартылай отарына айналған мүшкіл жағдайда болды.

1905 жылы – 1911 иранда импералистік - отарлық қанаушылыққа қарсы революция болды. Реза – шах Пехлевидің буржуазиялық помещиктік диктатурасы орнады. 1941 жылы Иран шахының тағына өзінің ұлы Мұхаммед Реза Пехлеви отырды. ХХғасырдың 40 жылдарының ортасынан бастап, иранда тәуелсіздік үшін күреске дайын демократиялық қозғалыстар етек алды. Саяси әлеуметтік жағдайлардың бәріде Иран әдебиетінің тақырыптық шеңберінде қамтылып жатты.



2. 19 ғасырдың 2 ші жартысында иран елінің ағартушы қайраткерлері елді өзгерістермен дамытатын реформаларды жасауды талап ете бастады. Олар жұртшылықтың санасын ояту үшін парсы тілінде газеттер шығарып сол газеттердің беттерінен көсемсөздік (Публицистика) мақалалармен прозалық көркем шығармаларды үздіксіз жариялады. Дүниежүзілік әдеби даму мазмұнындағы проза үлгілерін иран топрағында дүниеге келтірген жазушылар туған халқының фрольклорлық және әдебиеттің қазынасындағы жанрлық үлдгілерді жаңғырта түлете пайдаланды. Мысалы ертегілер және монозаре жанры 2 не оданда көп адамдардың диалогынан тұратын пікір талас/, сафар –наме/ қолжазба /, сатиралық – юморлық әңгімелер.

3. Иран әдебиетіндегі прзаның қауырт дамуын, әрине қоян қолтық араласып жатқан европалық әдебиеттердің / әсеріне француз / әдебиетінің әсер – ықпалы мол болды.

Иранның ағартушылық бағыттағы зиялы қаламгерлері европалық прозалық шығармаларды парсы тілне де аударумпен де айналысты.

Иран елімен көршілес әзербайжан елінің реалистік жаңа әдебиетінің көш бастаушысы М.Фатали Ахундовтың пессаларымен повестері,нің жазылу әдісі жаңа парсы әдебиетәнің қалыптасуынада игі әсер етті.

19-ғасырдың 2-ші жартысымен 20ғасырдың баскезіндегі жаңа парсы әдебиетіндегі реалистік шығармашылықтың қалыптасуында мына тұлғалар дараланып қалыптасты:

М.Малком – Хан , Зейіноль – Абедин Мараген /1837-1910/ және Әбдірахим Талибов /1834-1910/.

М.Малком - Хан / Назым- од Дәуле/ ирандағы бюрократтық – шенеуніктік ортаның дүниеқоңыздық пиғылын 4 пессасын ың мазмұнында күлкі етеді.

Мұндай мазмұндағы өткір шығармалардың парсы тілінде пайда болуы Иран елінің саяси - әлеуметтік маңызды ықпал етті.

Пессалардағы авторлық түйін - әділде мейірімді билеушіні мінезсіз ел басшысын аңсаушылық. Сонымен қатар мұсылманшылық қағидаларына орай, әділсіздік озбырлық жасаушыларды өсиет – үгіт арқылы түзеуге әділдік салтанат құратын қоғамдық құрылысты орнатуға болатынына автор кәміл сенеді. ХІХ ғасырдың парсы пооэзиясындағы даму мазмұнда екі түрлі бағыт айқындала байқалады.

Панегрикалық поэзия. Бұл бағыттағы поэзиялық шығармалардың өркендеуіне шах ордасындағы сарай ақындары ерекше түрткі ьолды. Олардың дәстүрімен парсы поэзиясында мадақтау жырлары қасиданы жазушылар дәстүрі қалыптасты. Қасида жыр – жазушылар әрине сый сиапаттарын алтынды. Бұлай ақындар арасында да өлең өрімен үздік меңгергендерде болды. Парсы поэзиясындағы бұндай бағытқа қарама – қарсы көзқарастағы ақындар озбыр, әділетсіз билеушілерді және оның төңірегінднгілерді өткір сыншыл тілмен сынап жазды.

Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Иран мемлекетінің

әлеуметтік жағдайы.

2. ХІХ ғ. соңынан бастап Ирандағы әдебиеттің өрлеуі

3. Парсы газетінің шыға бастауы

4. Парсы әдебиетнің көрнекті өкілі – М.Малькомхан

5. Иран Ислам Республикасы – Оңтүстік Батыс Азиядағы мұсылман мемлекеті.

6. Иран мемлекетіндегі ислам діні.

7. 1905-1911 ж.ж. Ирандағы импералистік-отарлық қанаушылыққа қарсы ревалюция.

8. Иранның ағартушылық бағыттағы зиялы қаламгерлерінің аудармаға көңіл бөлуі.

9. ХХ ғасырдың бас кезіндегі парсы әдебиетіндегі реализмнің қалыптасуы.

10. Иран елімен көршілес Әзірбайжан елінің реалистік жаңа әдебиетінің көшбастаушысы

М.Ф.Ахундов

11. Мирза Фатали Ахундовтың парсы әдебиетінің қалыптасуына тигізген игі әсері.

12. Әбдірахим Талибовтың Иран әдебиеті тарихындағы атақты үш көркем шығармасы.

13. Иран әдебиетінің тарихы.

14. Иран елі ағартушы қайраткерлерінің қарапайым жұртшылыққа тигізген еңбектері.

15. Иран әдебиетіндегі проза жанрының дамуы.



38- лекция. Тақырыбы: Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Абдоррахим Талибов

Жоспары:

1. Абдоррахим Талибов өмірі мен шығармашылығы

2 .«Білімдер жинағы және Ахметтің кітабы» - ағартушылық мазмұндағы еңбек

Лекция мақсаты:

Абдоррахим Талибов өмірі мен шығармашылығы

Бірінші кітабы «Білімдер жинағы және Ахметтің кітабы» - ағартушылық мазмұндағы еңбек. Екіншісі «Өмірдің мәселелері» - қайыршылық пен қараңғылық мемлекеттің артта қалушылығы туралы кітабы. Үшіншісі «Тақуаларды жолы» кітабының қоғамдық, әлеуметтік теңсіздікті сынауы. Жазушының адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздаған еңбектерін талдау.

Лекция мәтіні:

1.Абдоррахим Талибовтың Иран әдебиеті тарихындағы атақты үш көркем шығармасы оның шығармашылық ортадағы лайықты орнын белгіледі.

2. Жазушының 6ipiнші кітабы "Білімділер жинағы немесе Ахмедтің кітабы" ағартушылық мақсатта жазылған туынды. Ал, "Өмip мәселелері" деген кітабы алғашқы туындысының жалғасы іспеттес. Бул кітабында Иран мемлекетін қайыршылық, мешеулік жайлаган калпына күйіну сарынында жазылган. Автор ойыньщ шарықтау шегінде елді басқарып отыргандарды, елді қанап отырған еуропальщ мемлекеттерді айыптайды. Романның оптимизмге толы түйінінде автор Шығыс елдерінде мәңгілік болашағында бостандық, тәуелсіздік, халыктардын, байлыкқа кенелген бакытты тұрмысы болатындығына деген сенімі айкын танылды. Ал, жазушынын, "Әділдік жолдары" атты үшінші кітабында коғамдағы әлеуметтік қайшыла деген автордың өткір сыны барынша куатты үнмен естіледі.

XIX ғасырдың, парсы поэзиясындағы даму мазмұнында екі түрлі бағыт айқындала байқалады. Біріншісі — панегрикалык; поэзия. Бұл бағыттағы поэзиялық шығармалардың өркендеуше шах ордасындагы сарай ақындары ерекше түрткі болды. Олардын, дәстүрімен парсы поэзиясында мадақтау жырлары қасынданы жазушылар дәстүрі калыптасты. Қасында жырын жазушылар, әрине, сый-сияпаттарып алтынды. Бұлай ақындар арасында да өлермен үздік меңгергендер де болды. Парсы поэзиясындагы бұндай багыща қарама-қарсы көзкарастағы акындар озбыр, әдепсіз билеушілерді және оның төңірегіндегілерді өткір сыншыл тілмен сынап жазды.

Халық ойын әділет үшін айкын бояулармен жырлаған бұндай

акындардың ішінде акын Эдиб-оль-Мамелек Фараханидьң /1861-917/ шығармашылығы белгілі. Оның елендерінде кайыршылық, жоқшылық. жайлаған елдегі әкімдердің озбырлығын, шетел мемлекеттерінің Иранды талан-таражға салып жаткандыгын ашына жазды. Дәстүрлі классикалық парсы поззиясындағы өрімдік-өлшемдік, керкемдік үлгілерді толық пайдалана отырып, парсы поэзиясыда озық ойлылықпен, жаңашылқпен жыраушылықты енгізді.

1905-1911 жылдардағы революцияльқ өзгерістерден кейін парсы поэзиясында әлеуметтік, азаматтык әуендер күшейіп, өлең пішіндеріне халық ұғымына түсініктілікпен жыраушылық кең орын алды. Қасыда /мадақ жыры/, газел /лирикальқ өлең/ халык; ортасында сақталады, парсының бай әдеби-фольклордың дәстүрлі жанрлары уақыт еткен сайын жаңғыра колданыска түсті. Халық әдебиетінде ежелден өмір cүpiп келе жатқан өлең пішіндері, байырғы өрімдер - жаңарған уакыт мазмұнына сәйкес түрлене қолданылды.
Бақылау сұрақтары:

1 Абдоррахим Талибов өмірі

2.“Өмір мәселелері” Иран мемлекетінің құлдилауына арналып жазылған, тәрбиелік мәні бар шығарма.

3. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Иран мемлекетінің әлеуметтік жағдайы.

4. ХІХ ғ. соңынан бастап Ирандағы әдебиеттің өрлеуі

5. Парсы газетінің шыға бастауы

6. Иран Ислам Республикасы – Оңтүстік Батыс Азиядағы мұсылман мемлекеті.

7. Иран мемлекетіндегі ислам діні.

8. 1905-1911 ж.ж. Ирандағы импералистік-отарлық қанаушылыққа қарсы ревалюция.

9. Иранның ағартушылық бағыттағы зиялы қаламгерлерінің аудармаға көңіл бөлуі.

10. ХХ ғасырдың бас кезіндегі парсы әдебиетіндегі реализмнің қалыптасуы.

11. «Білімдер жинағы және Ахметтің кітабы» - ағартушылық мазмұндағы еңбек

12. «Өмірдің мәселелері» - қайыршылық пен қараңғылық, мемлекеттің артта қалуы туралы еңбегі

13. «Тахуалардың жолы» кітабының қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті сынауы

14. Парсы әдебиетіндегі қасы да, Газель жанрларының жаңғыруы

15. Халықтық лирикалық жыр – Тиснефтің саяси-әлеуметтік жырда кең қолданылған шығармалар


39 - лекция. Тақырыбы: Иран әдебиеті

Жоспары:

1. Әбілқасым Лахути (1887-1957) парсы әдебиетінің ірі тұлғасы

2. Ә. Лахути поэзиясындағы көңіл - күй лирикасы

Лекция мақсаты:

Әбілқасым Лахути (1887-1957) парсы әдебиетінің ірі тұлғасы өмірі мен шығармашылығы. Ә.Лахути поэзиясындағы көңіл - күй лирикасы. «Ираным менің жұтады» өлеңінде халық тағдырының анық суреттелуі. Күрделі релиф пен екі тармақтың қайырмаға құралған «Халық айқайы» өлеңінің дәстүрлі пішінінің қуаттылығы. «Иран халқына үндеу» өлеңіндегі иран елін қанаушылардан азат ету ойлары көркемдік ерекшеліктері.



Лекция мәтіні:

1. Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны. Ол Ираңдағы кедей Керманшахтың кебіс тігушінің отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап жоқшылықты, зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп есейген ол қарапайым халық тұрмысын реалиетікпен жырлай білетін жыршыға айналды. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысты. Ол 1922 жылға дейін туған елі Иранда тұрды. Лахути шығармашылығы - ежелгі парсы поэзиясының шығармашылығындағы жырларды тақырыптық жағынан бірнеше топтарға бөлеміз. Олардың ең бастысы -туған елі, Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар. Мысалы, "Қирады ғой жұрты - Иран" /1909/, "Қалталының шаңырағы" /1909/, "Керемет қой адам бұл" /1910/, "Шығыс" /1914/, "Отанға қайтып оралу" /1914/, "Біреу Рим, Эллада құдайларын" /1916/, "Иран халқына" /1950/, "Иранның әнші қызына"/1950/т.б.

Туған елі, тағдырлас Шығас халықтарының жат жұрттықтарға тәуеллді болған мүшкіл халіне күйінген ақын жырлары перзенттік махаббаттан ең кіршіксіз тазалық, мөлдірлік қалпымен жыр болып төгілді. "Қирады ғой жұртым - Иран" атты жырын парсы поэзиясындағы газел жанрының ежелгі пішінінде жазады да, сол газел-жырдың мазмұнында Туған халқының мұңлы-шерлі тағдырын лирикалык сезім тереңдіктерімен жырлайды:

Қирады ғой жұртым - Иран,

бақшадайын жайнап қашан тұрады?

Мұсылман ба, кәпір ме әлде,

халқының бұл қайғысына кінәлі?

— Білмеймін.

Бәрі-дағы өз Отанын

сүйем деуді қайталайды әрқалай,

Сүйем ме, жоқ сүю жайлы

ғаламға тек жар салу ма бұл әлі?

-Білмеймін

Отанымды кім құтқармақ?

Ақсүйектер жиыны ма қалаулы?

Әлде жауды аяу білмес,

тіліп түсер қанжарым ба қайраулы?

— Білмеймін.

Ә.Лахути жырларының алтын арқауы — адам. Адамның еңбек ету арқылы жер-жаһанды жайнатқаны, талай-талай ғажайыптарды жасағаны, ақын тілімен өрнектеледі. "Керемет қой адам бұл" жырында ақын туған ел тақырыбындағы ойларының гуманизмдік биіктігін онан сайын айқындайды.

Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат мәселесі. Әлемдік әдебиеттің арқауы болып келген махаббат тақырыбы Ә.Лахути жырларында Шығыс поэзиясының дәстүрлі нақыштарымен түрлене көз тартады. Мысалы, "Шырағдан мен көбелек" /1914/, "Пәренжімен көздің нұрын" / 1917/, "Иран қызына" /1918/, "Жан жүректі" /1918/, "Сүйгеніне берік сенген" /1918/, "Тордан қарап тұрған бұлбұл" /1919/, "Жайдарылау қарасаңшы" 1919/, "Таң қаламын" /1920/, "Сүйіктімді ертерек" /1921/, "жарқ етіп бір қарағаның" /1921/ деген жырлардағы лирикалық кейіпкер — Ақынның ғашықтық, ынтызарлық сезімдері шынайы, нәзік көңіл-күй үрдісінде шарқ ұрады. Ақынның ғашықтық-сүйіспеншілік сезімдеріне арқау болғандар — иран, түрік, араб қыздары. Бұлар — ақын жырларының мазмұнында сыртқы кескін-келбеттерімен де, ішкі жан-дүниелік мінез-құлық қалыптарымен де бейнеленеді. Шығыс сұлулары — әлем әдебиетіндегі сұлулық тақырыбындағы дара тұрған кейіпкерлер. Ә.Лахути жырларындағы Шығыс қыздары — еркек жынысының мәңгілік ардақталатын асылдары. Мысалы, "Иран қызына" жырындағы аруды ақын "Иранның алтын айы", "Жақұты Шығыстың", "Сымдай түзу сымбатың", "Хош иісті қолаң шашың", "Оқтай өткір отжанарың және т.б. дәстүрлі баламалы бейнелеу сөздермен мадақтай отырып Шығыс аруының халық болашағына тірек боларлық азаматты парасат биіктігіңді уағыздайды:

Ұл мен қызың алсын сенен ұлағатты тәрбие,

Лайық Ана болу үшін өзің де бол Арға ие!

Ұл мен қызың ұлы еңбектің сырына әбден қанықсың,

Ел алдында еңбек ету — парызы ғой, соны ұқсын!

Біле-білсін — тоңмойындық —. жанын қолдау екенің,

Біле-білсін — адал еңбек — арын қолдау екенін.

Біреулерге үстемдік қып, біреуге көз алартып,

Еңбек етпей нан жегенше, өлгенінің өзі артық!

Сүйсін балаң бостандықты, ғылым, шындықты, еңбекті,

Елге деген жан алауы жарқыратсын жер-көкті!

Сонда ғана ұлы анасың, қонды дей бер қолға құт,

Айың туып, әкелгенің Отаныңа мол бақыт!

2.Ә.Лахути поэзиясыңда көңіл-күй лирикасы да бар. Бұндай өлеңдерінде ақынның заман, тұрмыс, адамдармен қарым-қатынас мәселелерінің ортасында жүріп, алуан сырлы көңіл-күй әуендерінің теңсізінде жүзетіндігі байқалады. Мысалы, "тағдыр маған қаталдығын" /1921/, "Құдіретті екі қол бар біздерде" /1921/деген өлеңдерінде өмірді сүйген өршіл гуманизм рухындағы күрескер жігерлі ақын көңіліңнің табиғатына қанығамыз. Мысалы, "Тағдыр маған қаталдығын" деген жырындағы философиялық мағынада алынған бейнелі сөздердің астарында тағдырдың асу-белестерінде өмірді сүйген ер бейнесін еңкейтпей өтерлік Ақын қайсарлығына сенеміз.

Дауыл — менің желпеуішім, соққан кезде аңызақ,

Түні бойы жүріп келем... әлі алдымда жол ұзақ.

Түні бойы жүріп келем, бағдар табам жасыннан,

Ал, қоп-қою қараңғылық шөлді қымтап жасырған...

Отаршылық езгінің қараңғылығы тұмшалған елінің жағдайы түндей болса, сол елінің бақытты күндерге жетуге ербір елдің абыз ақындары аңсап өткен емес пе? Халқы үшін Жерұйық — болашақ іздеген ақындар дәстүрімен сол жолда Ә.Лахути да қиындықтан тайсалмаған. Сондықтан да ол "Құдіретті екі қол бар біздерде" деген өлеңінде адамдардың бақытты болашағы үшін күресте жүрген сапарында өзінің Азаматтық тұлғасын айқындай жырлайды:

Суық қанжар тірелсе де алқымға,

Бола алмаспыз салқын жүрек — сыз кеуде!

Көмек күту жараспайды мәрт ұлға,

Құдіретті екі қол бар біздерде!

Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы кезең Тәжікстанда өтті. Кеңестер Одағындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың, коммунистік идеологияның қалың ортасында жүріп Ә.Лахути халықтық мазмұндағы шығармашылығы тоқтаткан жоқ. Халықтар достығы, жер бетіндегі баянды бейбітшілік, адам еңбегінің ұлылығы және т.б. тақырыптар ауқымында лирикалық өлеңдер, эпикалық дастаңдар да жазды.

Әбілқасым Лахути шығармашылғы — иран-тәжік әдебиеттерінде ортақ тұлға ретінде қарастырылатын мұра. Қазақ поэзиясындағы ауызша дәстүрлі ақындардың алыбы ұлы Жамбыл да Шығыс әдебиетіндегі осы тұлға туралы арнау жыр шығарған еді. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде "Жамбылға" деген құттықтау жырын жазғанда туысқан иран-тәжік халықтары перзентінің жүрек-лебізіне ұлы Жамбыл қуана, тебірене жыр арнайды:

Сорғалат, көтер даусың, әидет әсем,

Ұрпағы Фердаусидің ақын Ғасем.

шындардың астын қуған бұлақтай боп,

Сылдырлар бізбен бірге миллион шешен...

Газелі парсы елінің, қазақ жыры,

Қосылып толтырады бірін-бірі.

Мадақтап ел ағасын, жұрт данасынш.

Шырқаған азат елдің шығады үні.

Ә. Лахути - Иран және тәжік халықтары әдебиеттерінде ортақ тұлға. Әрине, ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері тұрғысынан талдауға тиісті.

Бақылау сұрақтары:

1.Ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық

көркемдік мәселелер

2.Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы

кезең (Тәжікстанда өтті)

3. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде "Жамбылға" деген құттықтау

жыры


4. Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі

ақыны.


5. Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат

мәселесі.

6. Ә. Лахути өмір жолы.

7. XX ғасырдың басындағы ірі ақын.

8."Иранның алтын айы" мән – мазмұны.

9. Ә.Лахути поэзиясында көңіл – күй лирикасы.

10 Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар.

11"Қирады ғой жұрты - Иран" /1909/ өлеңінің мәні

12. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысуы

13. "Қирады ғой жұрты - Иран"

40- лекция. Тақырыбы: Үндістан әдебиеті ХІХ – ХХғғ. әдеби – фольклорлық мұралар

Жоспары:

1. Үнді әдебиетінің өкілі Рабиндранат Тагор 1816-1941өмірі шығармашылығы

2. ХІХ соңы Тагор танымал ақын ретінде қалыптасты

Лекция мақсаты:

Рабиндранат Тагор өмірі мен ақындық шығармашылығы туралы мәлімет. Тагор

драматург, көсемсөзші, философ, педогог, ағартушы, филолог, суретші, композитор, музыкант, актер, режиссер. Тагор - бенгал әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салушы. Тагор шығармашылығындағы реалистік және романтикалық сипаттардың өмір шындығы мен тығыз байланыстылығы.

Ақынның «Гәуірмаһан», «Күйреу», «Үй және әлем» романдарының көркемдік жағы мен әлеуметтік мәні.



Лекция мәтіні:

1. Үнді халқының ағылшын отаршылдығына қарсы күресі. Үнді әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыптарды жаңғырту. Аңыздық және мифологиялық кейіпкерлерді қазіргі адам бейнесімен ұштастыра бейнелеу. Жаңа үнді прозасындағы романтизм, ағартушылық сыншыл реализм сипаттары.

Үндінің ұлы жазушысы ақыны ағартушысы нәсілділікке қарсы күрескен қаһарман патрют перзенті қоғам қайраткері гуманист Рабиндронат Тагор Бенгальяның астанасы. Калькулаттада 1861 жылы 7-мамыры күні дүниеге келген. Зияны жанурда тәрбиелеген зерделі Рабиндронат ес білген шақтан ақ өзін қоршаған болмысқа ойлы назар сезімтал жүрекпен зманда әділ ажырата біледі. Оның ілкі сауат ашқан мектебі мезгілі оншалықты ұзақ емес. Небәрі 12-13 жасында тәмандалады. Бұл туралы ол кейінірек былай деп жазды: Менің жастық шағым үшін ең бір игілікті нәрсе, жанұямызда орын тепкен артистік сонымен бірге әдеби атмосфера болды.

Шынында да Тагор үйі өзінше бір Университет сияқты етеді.

Олардың жанұясында Бенгольянның сондай көрнектілер музиканттар қоғам қайраткерлері дәйім қонақта болып маслиқат құрған Ұлы жазушының өзі еске алғандай осынан тәлімгері ортаның әсерінен ерте көз ашқан ол 16 жасынан бастапақ өлеңдерінен мақалаларымен баспасөз бетінде жиі көріне бастады. Тырнақ алды өлеңдер жинағы кешкі жырлар 1881 жылы ал көлемді еңбегі «Баутхакуранир хат» 1883 жылы жарық көрді. Сол 80 жылдың соңына қарай әлеуметке «Диаздер мен бемальдер» суреттер және жырлар атты жинақтарын ұсынады.



2. ХІХ соңы Тагор танымал ақын ретінде қалыптасты. Оның ақындығы лирикалық өлеңдеріндегі терең ойшылдық ерешеліктерімен байқалады. Ақын бұл жылдары табиғат лирикасында өндірте жазып, табиғат пен адамның сезім әлемін ұштастыра біртұтас бірлікте жырларымен ерекшеленеді. Жас ақынның бұл саладағы өлеңдеріндегі адамдық сезімнің көп қырлы алуан өзгерісті қалпы, күйзелістерімен қуаныштар, өлеңдегі саздылық әуезділік тіршілік тынысына деген адамдық ғашықтық, перзенттік іңкәрлік лирикалық өлеңге халық тілінің байлығын сарқа пайдаланды – бәріде оның өзіндік шағармашылық ізденісінен туындап жатты. Тагор шығармашылығының бұлақ көзі – оның фольклорлық ежелгі дәуірмен орта ғасыр әдебиеттерімен халықтық даналық тағылымдарынан өнегесі. Тагордың бұл кезде «Кешкі жырлар» (1881ж) тырнақ алды «Диездер және бемалдар», «Суреттер және жырлар» деген жыр жинақтары жарияланды. Жастық шақтың аңғалда албырт, өжет те өткір, өмірге құштар көңіл – күй әуендері осы аталған жинақтарда жарияланды. Алғашқы өлеңдері жинақтарынан ақын гуманистік- философиялық байсалдылыққа толы ойларымен халықтық наным сенімдерге сүйене отырып жаңарған мұрат- мақсаттар туралы толғанады.

Әлемдік тарихта Р.Тагор ақын ретінде танылған Үндістанда оны «Кавиндра» (Ақындар құдайы), «Махакаби» (Ұлы ақын ) деп атайды. Бұл – Тагор поэзиясының халықтық қуатының көрінісі.

Тагордың «Халық ықыласы» атты жыры Үндістан республикасының әнұраны болды. Бұл жырда Үндістан халықтарының ортақ мақсат жолындағы бірлікке ынтымаққа шақыра отырып, әлем халықтарының бейбітшілікке, нұрлы болашаққа үндейді..

Тагор жырлары – философиялық ойшылдық тереңдіктеріне дараланған қазына «Кемеңгер көңіл» , «Жалақымен қайыр» «Жер жұмағы», «Мақтау мен даттау», «Мәңгі жасау» (1899ж) «Көп нәрсенің керегі жоқ», «Жан досым», «Күннің көзі бүгін» деп т.б. жырларында лирикалық кейіпкер – ақынның ойшылдық дүнитанымдығын кең әлемін танылады.



Бақылау сұрақтары:

1.Үнді халқының ағылшын отаршылдығына қарсы күресі.

2 .Үнді әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыптарды жаңғырту.

3. Тагордың аңыздық және мифологиялық кейіпкерлерді қазіргі адам бейнесімен

ұштастыра бейнелеу.

4. Жаңа үнді прозасындағы романтизм, ағартушылық сыншыл реализм сипаттары

5. Р.Тагордың өмірі, шығармашылығы.

6. Тагор Үнді әдебиетінің ірі өкілі.

7. Тагордың көлемді еңбектері.

8. “Баутхакуранирхат ” шығармасының жазылу тарихы.

9. Ақынның ойшылдық дүниетанымдылығын таныттын шығармаларына шолу.

10. Тагор поэзиясының халық поэзиясынан көрінуі

11. Тагордың ақын ретінде танытатын шығармалары.

12. Тагор философ, ағартушы ақын.

13.Тагор Халықаралық Нобель сыйлығының лауреты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет