Лекция №5 Оқу тобы : 1502-19 Физикалық лабораториялар мен физикалық эксперименттерге эем-дерді және компьютерлік модельдеуші бағдарламаларды қолдану әдістемесі
Лекция №5 Оқу тобы : 1502-19 Физикалық лабораториялар мен физикалық эксперименттерге ЭЕМ-дерді және компьютерлік модельдеуші бағдарламаларды қолдану әдістемесі. 5.1. «Электроника бастамалары» виртуальді модельдеуші ортасын қолдану әдістері.
5.2. «Виртуальді модельдеуші лабораториялар»
Мектепте жүргізілетін лабораториялық эксперимент белгілі ерекшеліктеріне қарай 5 топқа классификацияланады :
І.Лабораториялық экспериментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша: 1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық лабораториялық жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін лабораториялық жұмыстары болып бөлінеді.