Лекция 7 Ас қорыту физиологиясы



бет1/8
Дата21.10.2022
өлшемі40,68 Kb.
#154400
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 лекция нутриент ад
тауар фетишизмі, Жас кезеңдері туралы ақпарат(педагогика1), №1МЕж бақылауға арналған есептер 2, document 3

Лекция 7
Ас қорыту физиологиясы
Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. 
Физикалық өнделуі дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар – белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.
Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0,8-1,0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99,2-99,6%, 0,4-0,8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған. Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар: 1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады; 2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады; 3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.
Тұз қышқылының қарындағы ролі: 1- қарында қышқыл орталық жасайды; 2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады; 3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады; 4 - бактерицидтік қасиет береді; 5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады; 6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар: 1- рефлекторлық кезең – тамақ жегеннен соң итте 5 минуттан кейін басталып, 1-2 сағатқа созылады. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де итте сөл бөлу басталады. 2- нейро-химиялық кезең - итте тамақ қабылданғаннан соң 30-40 минуттан кейін басталып, секреция 5-8 сағатқа дейін созылады Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.
Ас қорыту– қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық және биологиялық өңдеулерге ұшырап, төменгі молекулалық қосылыстарға (т.м.қ) дейін ыдырайды. Тіршілік орта жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланысты ас қорытудың 4 түрі бар:

а) жасушалық ас қорыту- тығыз немесе сұйық заттарды жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферментінің әсерімен ыдырату процесі. Мысалы: амеба.Фагоцитоз– тығыз заттарды сіңіру,пиноцитоз- сұйық тамшы сіңіру.

б) жасушадан тыс ас қорыту– қоректік заттарды ыдырату процестері маманданған жасушадан тыс;Қуыстық– қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердегі ферменттермен ыдырайды.Мембраналық– жасушаның сыртқы бетінде мембрана ферменттерімен ыдырайды.

в) сыртта ас қорыту– қоректік заттардың ағзадан тыс ыдырайды. Бұл буынаяқтылар - өрмекшілер де кездеседі.

г) ұжымдық ас қорыту– топтасып азықты қорытады. Мысалы: ара, термит, құмырсқа.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет