- Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы
- Орындаған:Төлегенова Б.Д
- Тобы: ЖМҚБ-05-21
- Қабылдаған:Сатыбалдиева Н.М
- Тақырыбы: Заттар және энергия алмасуы.Тамақтану
- Жоспары:
- Заттар мен энергия алмасу туралы жалпы түсінік
- Негізгі алмасу
- Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны.
- Энергия алмасуын зерттеу әдістері
- Зат алмасу реттелуі. Азот тепе-теңдігі.
- Тамақтану. Қоректік заттардың маңызы мен физиологиялық нормалары
- Заттар мен энергия алмасуы туралы жалпы түсінік
- Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.Зат алмасу тағамның,оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады.
- Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
- Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
- Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
- Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
- Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
- Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады: Анаболизм (ассимиляция)-жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі.Катаболизм (диссимиляция)-зат алмасуына қатысқан заттардың тотығу арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.
- Заттар алмасуы барысында энергия өзгеріп отырады: аспен түскен күрделі органикалық қосылыстардың потенциалдық энергиясы механикалық, электрлік, жылу энергияларына айналады.
- Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны арасында тепе-теңдік сақталады (энергияның сақталу заңына бағынады)
- Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдары:
- АТФ синтезі
- Механикалық жұмыс
- Химиялық синтез
- Заттардың тасымалдануы
- Электрлік жұмыс (МП, ӘП)
- Дене температурасын сақтау
- Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз ету.
- Организмде түзілген энергия жылу бірлігі – калория немесе кджоуль (СИ жүйесі) түрінде көрсетіледі
- Организмде тотыққандағы қоректік заттардың калориялық коэффициенті
| | | | | | | | | | | | - Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
- аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
- дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
- комфортты температурада – 18-22оС
- Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні 1 ккал/кг/сағ тең.
- Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні = 1700 ккал/тәул
- Әйелдер үшін = 1500 ккал/тәул
- Энергияның «жұмысшы алмасуы»
- Энергия шығынының мөлшері жұмыс түріне қарай өзгереді.
- Еңбек қарқынына байланысты ересек адамдар үшін энергия, қоректік заттар тұтынуының ұсынылатын орташа мөлшерлері жасалған
- Кәсіп түріне қарай организмнің энегрия шығыны
| | - Энергия шығыны, ккал/тәул
| | - Қара жұмысқа қатысы жоқ мамандықтар: мекеме басшылары, ғылыми қызметкерлер, баспасөз қызметкерлері, инженер-техник қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер т.б.
| | | | | | - Еңбегі механикаландырылған мамандықтар: станокта істейтін жұмысшылар, токарьлар, жеңіл көлік жүргізушілер, хируротар, бригадирлер.
| | | - Жартылай механикаландырылған мамандықтар: ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мұнайшылар, металлургтер, балташылар, от жағушылар, ұсталар.
| | | - Қара жұмысшылар: тасушылар, шахтерлер, болат қорытушылар, ағаш кесушілер.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |