Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет1/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Биология кафедрасы


Ботаника пәнінен лекциялар жинағы

Байдуйсенова Т.У.


Шымкент 2022

Лекция 1. Ботаника пәніне кіріспе


Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған. Қазіргі кезде ботаника үлкен көп салалы ілім болып отрып. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастығын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер және олардың қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді.


Өсімдіктердің құрылыстары мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланыстарын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастығының таралуымен, сол жерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын; шаруашылықта қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және т.б. өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру; өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылымдарының алуан түрлілігін, олардың тіршілік әрекетін, ерекшеліктерін, адам баласының өсімдіктерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру. Сонымен қатар ботаника ілімінің басты міндеттерінің бірі қоршаған ортаны және өсімдіктер қорын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе «Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр.
Өсімдіктер әлемінің негізгі даму кезеңдері
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ, әрі күрделі энолюциялық даму барысында үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуге байланысты болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада - дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары жасушаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір жасушалылар және колониялылар болған. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп жасушалылар пайда болған.
Катерхей эрасын есептемегенде жердің даму тарихын бес эраға бөлу қабылданған. Олар: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой эралары. Жер бетінде алғашқы өсімдіктердің қашан пайда болғаны әзірше беймәлім.
Біздің планетамызда тіршілік бұдан 3,5 млрд. жылдай бұрын архей эрасында пайда болған деп есептелінеді. Оған архей тау жыныстарынан бактериялар мен балдырлардың тіршілік өнімдерінің табылуы осының дәлелі болып отыр.
Бұған дейінгі қатархей эрасында (шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын) дүние жүзінде физиқалық-химиялық процестер жүріп, тіршіліктің пайда болуына қажетті орта жағдайлары қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет