Лекция. Эволюцияның элементарлы факторлары. Қолдан сұрыптау және оның әдістері


Популяция толқыны және олардың эволюциядағы ролі



бет2/5
Дата09.12.2023
өлшемі38,54 Kb.
#196130
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 лекция

Популяция толқыны және олардың эволюциядағы ролі. Популяциялық толқын дегеніміз – бұл популяцияда дарақтар санының өзгеруі. Популяциялық толқын ұғымын С. Четвериков енгізді, оны тіршілік толқыны деп те атады. Сандардың ауытқуы әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жыртқыштарнемесе паразиттер және басқалардың санының жыл мезгілдері, зілзала және сүргін (тасқын, топан су ), адамның араласуынан өзгеруі. Популяциялық толқынның негізгі эволюциялық рөлінің мәні санның артуы барысында іріктелуге арналған материалдар орнының өте көбірек болып кетуінен. Дарақтар саны ең көп болып, толқын шегіне жеткенде іріктелуде фенотиптер мен геонтиптерді қисапсыз таңдап алу қолданылады. Әйтсе де толқын құлдырау нүктесіінде тұрғанда тіршілік үшін кұрестің күшейтіні соншалық, тек қана ең бейімділері тірі қалады. Мұндай жағдайда іріктелу қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жаңа толқынды егер гендер ығып кетпесе, ең жақсырақ ағзалардың ұрпақтары түзіледі.Популяция толқынды зерттеу кезінде көрсетілген тағы бір маңызды проблема түрлердің экологиялық және эволяциялық өзара байланысты сандарының тәуелділігі болып табылады. Мысалы, жыртқыштар және олардың олжалары, паразиттер мен олардың иелері, қоректік бәсекелестік жағдайдалардағы жақын туыстас түрлер және тағы басқаларды айтуға болады.
Оқшаулану- генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор. Популяцияның оқшаулануы генетикалық жабық жүйе. Бастапқы түрдiң популяцияларының арасынан эклогиялық не физиологиялық жөнiнен оқшауланып бөлiнiп кеткен популяциялардан жаңа түрлер шығады. Осы оқшау қалған популяцияның не популяциялар тобының өкiлдерi сол түрдiң басқа өкiлдерiмен шағылысуы тоқталысымен экологиялық дивергенция басталады. Бұл жаңа түрдiң түзiлуiне ғана соғуы мүмкiн. Мұнда олардың өз ара шағылысу қабiлетiнiң болмауы iшкi себептен бе (гаметаларының физиолого – генетикалық ерекшелiктерiнен) немесе сыртқы себептен бе (өсiп - өну кезеңiнiң тұтаспауы), биология тұрғысынан мұның мәнi бар. Оқшаулану табиғатына қарай әр типті болып келеді.
Оқшаулану – тірі ағзалардың әр түрлі табиғи кедергілердің салдарынан еркін шағылыса алмай бөлініп қалуы.
Биологиялық оқшаулану – бұл жеке түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын анатомиялық, физиологиялық, этологиялық себептердің пайда болуы.
Анатомиялық себеп – жыныс мүшелер құрылысының үйлеспеуі.
Физиологиялық себеп – көбею мерзімдеріндегі айырмашылық немесе тозаңдардың өну жылдамдығының әркелкілігі.
Этологиялық себеп – шағылысуға мүмкіндік бермейтін жыныстық мінез-қылықтық айырмашылық.
Географиялық оқшаулану – бір түр популяцияларының бір-бірінен өте алшақ територияларда орналасулары себепті олардың еркін араласуына географиялық кедергілер мүмкіндік бермейді.
Экологиялық оқшаулану – бір аймақта тіршілік ететін бір түрдің популяциясын бөліп тастайтын мекен ету жағдайларының жиынтығы.
Гендердің ығуы (дрейфі) – саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет