Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы


Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы



бет5/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы, Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері, Аннотация Махабхарата” және “Рамаяна, «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары, Ежелгі Арабия мәдениеті, Ежелгі Парсы Мәдениеті мен Діні, Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы, Эмоция мен сезім түрлері, Эмоция мен сезім түрлері, Очерки по истории Алаш Орды, Ми қызметiнiң патологиясы және ерiктiк әрекеттiң бұзылуы, Тарихшы Е Бекмахановтың, 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны құрамы, Тевкелев
4.5 Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту»,- деп атап көрсеткендей дарындылық тұлғаның ақыл-ойы, танымы, сана, оқуы, шығармашылық, тұлғаралық қатынаста және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.
Акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, радиотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондықтан, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, жұмыс факторлары акселерация құбылысының ерекшеліктеріне сай құрылуы керек (мысалы, баланы алты жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене және психикалық дамуында айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (лат.– жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Тәрбие – бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие – баланы қалыптастырудағы негізгі күш.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілің түсініктері бір - біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, ‑ деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс -әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бұл тұлғаның бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс- әрекетінен, тәрбиелік қарым-қатынасынан, зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттерінен еркін көруге болады. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы көрініс береді. Ал, арнайы қабілет әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б. атауға болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. М.Горький «адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да болады. Туа бітетіні тұқым қуалаушылық. Бұл биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарындылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді.
В. Крутецскийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деп тұжырымынан дарындылық қабілеттіктің жиынтығы екенін, іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің дамуының жоғары деңгейі дара ерекшелік деп бағалауға болады.
Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы олардың темпераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей байланысты болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет