Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы


Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-зөі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы, Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері, Аннотация Махабхарата” және “Рамаяна, «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары, Ежелгі Арабия мәдениеті, Ежелгі Парсы Мәдениеті мен Діні, Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы, Эмоция мен сезім түрлері, Эмоция мен сезім түрлері, Очерки по истории Алаш Орды, Ми қызметiнiң патологиясы және ерiктiк әрекеттiң бұзылуы, Тарихшы Е Бекмахановтың, 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны құрамы, Тевкелев
4.8 Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-зөі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Педагогикалық қолдау –қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы. Педагогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым - қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. қамтиды. Педагогикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.
Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық - психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан дүниесін сезіну, түсіну, тұлғалық, тұлғаралық қасиеттерін түсіну және іс - әрекетке еркіндік беру, жақсы нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуі, көмек көрсетуі, оқушыға өмірден, қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишрат, жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім, оның құқығын қорғау, тəрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы, шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруі т.б.
Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді, педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын іске асыратын шаралары болып табылады. Гуманистік парадигма ізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап етіледі. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне тәрбиенің әдістері ынталандыру, бағалау, мадақтау т.б. негізінен басшылыққа алынады.
Педагогикалық қолдауда баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат (идеал) және екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет