Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент


Тақырып №8. Ұйымдардың алғашқы мағлұматтарын енгізу



бет3/40
Дата19.02.2017
өлшемі5,17 Mb.
#10648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

Тақырып №8. Ұйымдардың алғашқы мағлұматтарын енгізу

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-ді бірінші қосқан кезде ақпараттық базаның алғашқы толтырылуы автоматты түрде орындалады.

Конфигурациямен жұмыс істегенде бірінші этапында ұйымдар туралы мәліметтерді, олардың құрылымын және солармен байланысты ақпараттарды бейнелеуді, яғни – бөлімше, жауапты тұлғалар туралы мағлұматтар және т.б. енгізу керек. Ұйымдар туралы мағлұматтар «Кәсіпорын»-«Ұйымдар» меню көмегімен ашуға болатын «Ұйымдар» анықтамасында енгізіледі.

Әрбір ұйымдар үшін қысқа және толық атаулар және ұйымдардың басқа да мағлұматтарын, яғни ұйымдар шоттарын, контактілі ақпараттарын және т.б. көрсету қажет. Конфигурациямен әріқарай жұмыс істеуде мағлұматтар құжаттарда эәне есеп беру қалыптарында автоматты түрде қойылатын болады.

Бірінші кезекте ұйымдардың түрін таңдау керек – заңды немесе жеке тұлға, және барлық қажетті реквизиттерін толтыру керек.

Кәсіпорын заңды да және жеке де тұлға болатын бірнеше ұйымдардан тұруы мүмкін. ұйымдардың біреуі басқаларына басты болып табылуы мүмкін. Өзара есеп айырысу әрбір ұйымдар аттарынан жеке жүргізіледі. Есеп беру кәсіпорынға кіретін әрбәр ұйым бойынша жеке де, және тұтас кәсіпорын бойынша да жүргізуге болады.

Мысалы, кәсіпорын «Авто-Альянс» және «Авто-Центр» ЖШҚ ұйымдарынан тұрады. ЖШҚ «Лито-Альянс» ЖШҚ «Авто-Центр» үшін басты кәсіпорын болып табылады. Мұндай ақпаратты орнату үшін ЖШҚ «Авто-Центр» ұйымының карточкасында «басты ұйым» өрісінде ЖШҚ «Авто-Альянс» ұйымын таңдау керек. Келешекте бұл кәсіпорын бойынша тұтас есеп беруді жинақтауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды мүмкіндіктері бойынша ұйымдарға конфигурациялы түрде бөлу үшін префикс қарастырылған. Сондай-ақ префикс арқасында белгіленген префикске сәйкес құжаттарды жекелей нөмірлеу қарастырылды. Мысалы, ЖШҚ «Авто-Альянс» бойынша құжаттар префиксі АА -; ал ЖШҚ «Авто-Центр » бойынша АЦ -.

Мұндағы құжаттауда, ЖШҚ «Авто-Альянсқа» байланысты құжат нөмірі алдында АА- болады

Сондай-ақ, мысалға «Кіріс кассалық ордер» құжатында ЖШҚ «Авто-Альянс» ұйымының нөмірі келесідей болады: АА – 00001. Ал ЖШҚ «Авто-Центр» құжатынна тиесілі нөмірдің алдында АЦ- жазылады. Мысалы, «Кіріс кассалық ордер» құжатындағы ЖШҚ «Авто-Центр» нөмірінің басында АЦ-00001 нөмір жазылады. Осылайша әрбір ұйым бойынша нөмірлік құжаттау сақталады.

Ұйымдардың бірі «Установить основной» пернесі арқылы құралдар тақтасындағы ұйымның анықтамалық тізімі негізгі болып табылады.

Маңызды қайта құрылған ақпараттық база «Біздің ұйым» атты негізі болып құрылған бір ұйымды құрайтын болады.

Келесіде бөлімшелері жөніндегі мәліметтерді енгізу керек. Оларды келесідей енгізеді: «Предприятие – Подразделения организации».

Ұйымның жауапты жұмыскерлері туралы мәліметтерді «Предприятие» - «Ответственные лица организации». Жауапты тұлғалар ретінде жетекшілер, бас бухгалтер және т.б. енгізуге болады, бұлар шаруашылық операцияларды тіркеуде қолданылады.



Есептік саясат туралы енгізу мәліметтері

Есептік саясат туралы мәліметтер конфигурациясы үш түрге бөлінеді:

- Есептік саясат (бухгалтерлік есеп);

- Есептік саясат (салықтық есеп);

- Есептік саясат (қызметкерлер бойынша).

Есептік саясат (бухгалтерлік есеп).

Бухгалтерлік есепті есептік саясат туралы мәліметтер «Учетная политика» (Бухгалтерский учет) регистірінде сақталынады, және оларды келесідей алуға болады: «Предприятие»-«Учетная политика»- «Учетная политика» (Бухгалтерский учет).

Есептік саясаттың құрылысында сәйкес келетін параметрлер мәндері іске асады.

«Способ расчета себестоимости производства» атты параметр мәндерінің құрылысы келесіде қарастырылады «Учет производства». «Учет временных разниц по налогу на прибыль» параметрлер құрылысы келесі бөлімде қарастырылады «Учет налога на прибыль».



Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспары

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары белгіленген синтетикалық және аналитикалық шоттармен және № 426 «Қаржылық есеп берудің халықаралық стнадартымен сәйкес қаржылық есеп беруді құрайтын ұйымдар үшін жұмыс жоспарын өңдеу бойынша инструкцияны бекіту жөнінде» 22.12.2005 ж. ҚМ бұйрығына сәкес толтырылған.

Қолданушы жаңа синтетикалық және аналитикалық шоттарын еңгізіп, олардың келесідей құрылымдарын белгілейді :

- активтік, пассивтік және активті – пассивті шоттарының белгілері;

- шотқа бағындыру баптауы;

- сандық есептің баптауы;

- валюталық есептің баптауы;

- баланстан тыс шоттардың белгілері;

- аналитикалық есептің баптауы.

Аналитикалық есепті баптау - шоттардың құрылымдары ретіндегі субконтоның түрі. Әрбір шот бойынша аналитикалық есептер субконтоның үш түріне дейін параллель жүргізіледі.

Шот үшін Шот өткізгішінде қолдануға тыйым салынуы мүмкін, өткізгіште орындалуында шот жоспарының қалыпы сары түспен белгіленеді.

Салықтық есептің шоттар жоспары (табыс салығы).

Салықтық есептің арнайы шоттар жоспары нормативтік құжаттармен қарастырылмаған және «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» әдістемелік есепке енгізудің бөлігі болып табылады. Бұл шоттар жоспары шаруашылық операциялардың салықтық есепте өзінің бет көрінісін табуы үшін қолданылады. Сонымен бірге бұл шоттар жоспары күнделікті және уақытша айырмашылықтар №12 «Табыс салығы» мен халықаралық бухгалтерлік есептің стандарттарын қолдану әдістемелік нұсқауларға сәйкес ҚР-ның Қаржылық министрліктер әкімшілігінің жиналысымен, 24.01.2005 жылғы №1 Протоколға сәйкес бухгалтерлік есеп пен аудит сұрақтары бойынша қолданылады.

Салықтық есептегі шоттар жоспары келесідей көрсетіледі: «Кәсіпорын» - «Шот жоспары» - «Салықтық есептің шоттар жоспары» («табыс салығы).

Субконто түрлері ( бухгалтерлік және салықтық есеп).

Субконтоның конфигурациясында аналитикалық есептің объектілері көрсетіледі. Субконто түрлерін көптеген бір типті аналитикалық есептің объектілері көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп үшін субконтоның жалпы түрлері қолданылады, оларды келесі меню арқылы ашуға болады: «Кәсіпорын» – «Шот жоспары» - «Субконто түрлері» (бухгалтерлік және салықтық есеп).

Салықтық есептегі шоттар жоспарының бухгалтерлік есептегі шот жоспарларына қарағандағы ерекшеліктер келесідей:



  • Салықтық есепте өткізгіштер корреспонденциясыз болып келе алады және барлық салықтық есептегі шоттар баланстан тыс болып келеді.

  • Шоттарды, өйткені көбісі корреспонденция түрінде көрсетіледі.

  • Салықтық есептің шоттар жоспарында «Қолайлы және істен шыққан нәрселер, жұмыс, қызметтер, құқық» атты шот көрсетіледі, және бухгалтерлік есептегі (жабдықтанушылармен, сатып алушылармен және т.б.) аналогтық шоттар есебінде рол атқарады.

  • Табыс салығына әсер етпейтін (мысалы, шоттар есебінің болмауы жарғылық капитал, бөлінбеген табыс және т.б.) обьектілердің шоттар есебінде болмауы.

Субконтаның жаңа түрі «1С:Кәсіпорын 8» әдісімен – «Добавить» пернесін басу арқылы субконто тізіміне жаңа жазба қосылады. Содан соң субконтоның жаңа түріне аты жазылуы керек.

Бухгалтерлік есептің салықтық есепке шоттардың сәйкессіздігі келесі құжат көмегімен құрылады. «БЕ және СЕ сәйкес орнату» («Кәсіпорын»- «Шот жоспары» - «Бухгалтерлік есеп пен салықтық есепті сәйкес орнату»). Ағымдағы шоттар сәйкестігінен келесі менюде көруге болады: «Кәсіпорын»- «Шот жоспары» - «Бухгалтерлік есеп пен салықтық есепті сәйкес орнату».



Параметрлер есебінің баптауы.

Конфигурацияда есепті бастамай тұрып, параметрлер есебін баптау керек. Параметрлерді баптау орындау үшін келесі менюді қолданады: «Кәсіпорын»- «Есеп параметрін баптау».

Әрбір есептің бөлімшелері үшін жекелей баптау қарастырылған. Баптау – бұл барлық ұйымдарды біріктіретін ақпараттық база болып табылады.

«Жалпы» атты қыстырмада конфигурацияның нөмірі автоматты түрде жүзеге асырылады және «қолмен» түзетуге жарайды.

Сондай-ақ қосымша ақпаратты сақтайтын каталогқа жол көрсетіледі, мысалы ішкі қайта өңдеулер және т.б.

«Валют» қыстырмасында регламентацияланған есептің валютасы (ұлттық валюта – теңге) құрылады.

Регламенттелген есептің валютасынан осы валютаға қатынасы бекітіледі.

Мәліметтер бзасына алғашқы құжатты енгізгеннен кейін, регламенттенген валюта есебі түзетуге жатпайды.

«ТМҚ аналитикалық есебі» қыстырмасында қордағы есепті енгізулер және сомалық есеп мәліметтері құрылады.

Бухгалтерлік және салықтық есептен басқа, шығындар түрлерін және т.б. табыстар мен шығыстарды көрсетуге болады.


Негізгі әдебиет: 1-4

Қосымша әдебиет: 18, 19, 20

Тақырып№9. Шаруашылық операцияларды енгізу
1. Операцияларды құжат бойынша енгізу.

Бұл программа есептің әртүрлі бөлімдері бойынша автоматизациялауды енгізеді. Бұл үшін құжат қолданылады («Құжаттар» менюі).

Құжаттардың бір бөлігі тек алғашқы құжаттарды енгізу, сақтау және теруге арналған. («Төлем қағаздары», «Шот», «Сенім хат», «Төлем құжаттары»).

Ал құжаттың басқа бөлігі өткізгішті автоматты құруға басқарады.

Оларға келесі құжаттар жатады:

«ОС-тің келіп түсуі», «ОС-ті пайдалануға енгізу», «Кіріс және шығыс кассалық ордер», «Шығару қағазы», «Материалдардың келіп түсуі», «Өндіріске материалдарды жіберу», «Еңбекақыны есептеу», «Еңбекақыны төлеу», «Өнімді тиеу» және т.б.

Әрбір құжат арнайы реквизитті – күні мен нөмірін қамтамасыз етеді және де нөмір – автоматты түрде жазылады, оны дұрыстауға да болады. Күні де сәйкесінше жұмыс күнімен қойылып, түзетілуге жатады.

Мұқият! Егер құжат алдында жазылған болса, оны дұрыстауға болмайды. Ол үшін жаңа құжатты енгізіп, (мысалға, ескісін көшіру арқылы), сосын ескісін өшіріп тастайсыз.

Қосымша өндірістік ақпаратты, жазу үшін құжатты «Түсініктеме» реквизиті пайдаланылады.

Кейбір құжаттар бухгалтерлік есептегі объектілердің тізімін қамтитын көп жолды кесте бөлігін енгізеді. Мысалы, «Материалдардың келіп түсуі» құжаты келіп түскен материалдар тізімінен, санынан, бағасынан, сомасынан және ҚҚС-тан тұрады.

«Жалақы есептеу» құжаты қызметкерлер тізімін және еңбекақы мөлшерін құрайды.

Көптеген құжат өлшемдері сәйкес анықтамалардан таңдалынады. Толтырылған жолдарды өңдеуге болады.



2. Құжаттар журналы.

Кіргізілген құжаттар – құжаттар журналында сақталады. («Журналы» менюі).

Мысалы: Көшірмелер «Банк» бөлімінде сақталынады, төлеу тапсырмалары «төлем құжаттары» бөлімінде. Құжаттар реестрін құруға болады («Реестр» батырмасы), басылымға шығарылады. Барлық құжаттар журналының формалары «Әрекет ету» батырмасын қосады. «Негізінде енгізу» пункті «Әрекет» батырмасы 1 құжат түрінен 2-ші түріне ақпаратты көшіреді. Құжат – негіздеуге курсорды қойып, «Негізге енгізу» пунктін таңдау керек. Шыққан құжаттар тізімінен керек құжатты таңдау керек , «ОК» батырмасын басыңыз.

3. Есеп айрысу және кассаның операциялар бойынша есеп операциясы төлем тапсырмаларын қалыптастыру үшін «Платежное поручение» құжаты қолданылады. «Документы» тізімінде мерзімі, алушы, есеп айрысу шоты, төлем не үшін керек екені және оның кезегі, жалпы сома, ҚҚС қойылымы көрсетіледі. ҚҚС сомасы автоматты түрде есептеледі. Есеп айрысу шоты бойынша операцияны есептеу үшін «Выписка» қолданылады.

Онда мерзімі, ақша құралдарының қозғалысы типтері (ұсынылғанның ішінен таңдалынады, мысалы: сатып алушыдан түсім, жабдықтаушыға төлем, банкте қолма-қол алу) төлем белгілеу, корреспонденттік шот, субконто түрі (анықтамадан таңдалынады), сомасы.

Тізімнен (бар болса) төлем тапсырмасы таңдалынады және келу құжаты (бар болса) осыдан кейін «Жазу» батырмасын басу қажет, одан кейін «ОК», өткізгіштер қалыптасады. Көшірмелерді тез толтыру тәсілі бар. Ол үшін тізім шаблонынан «Төлеу құжаты бойынша таңдау» батырмасын басу керек.

Осыдан төлем құжатын таңдау үшін диалог ашылады.

Диалог кестесінің үстінде төлем құжатының журналы орналасқан.

Төлем жүргізілген бойынша құжаттарды √ белгіленген белгілейді. Құжатты таңдау үшін оның үстінен тышқанмен 2 рет басу керек немесе «Толтыру» басу қажет.

Кестенің астыңғы бөлімінде таңдалған құжаттар көрінеді. Одан кейін «ОК» басу керек. Осыдан диалог жабылады, көшірме жолдары толтырылады. Үстіңгі жолды толтыру қалдық (ақша қозғалысының қозғалысы) кассалық операцияларды есептеу үшін «Кіріс кәсіпорын» және «Шығыс кәсіпорын» құжаттары арналған. Ордерлерде мерзімі, корреспонденттік шот, ақша құралдарының қозғалысы (тізімнен таңдалады, мысалы: банктен қолма-қол алу) кімнен алынды және кімге берілді (анықтамадан таңдалады) негізгі сомасы, салықпен немесе ҚҚС-сыз. Осыларды жазғаннан кейін өткізгіштер қалыптасады (√ белгісі тұру керек) кассирдің есеп беруін құру үшін тізімде «Отчеты» есеп беру «Кассалық кітап» арналған. Кассалық кітап қалыптасқаннан аралық көрсетіледі (күні, айы, квартал). Сондай-ақ кассалық кітап батырмасы бойынша кассалық журналдардан кассалық кітапты қалыптастыруға болады.

4. НҚ және МЕА –пен операция есептеу

НҚ және МЕА түскенін есептеу үшін «Аналмайтын активтер» бөлімінде «НҚ түсуі және МЕА түсуі» құжаттары қолданылады. Құжат шаблонында мерзімді, жабдықтаушыны, шот-фактураның мерзімі мен нөмірі , келісім-шарт , ҚҚС есептеу реті (18% ҚҚС үстінен немесе 18% сомадағы ҚҚС немесе табыс салығынсыз) көрсету керек. Құжаттың кесте бөлімінде «Анықтамадан» НҚ немесе МЕА құнын НҚ немесе МЕА құнын тандау керек. ҚҚС және жалпы сомасы автоматты түрде есептеледі. «Жазу» батырмасын басу керек , «OK», «Өткізу» деген сұрақ шығады «Иә» дегенді басу керек. «Операция журналында» осы құжаттарынан өткізгіштердің жазылымын көруге болады. Келесі сатып алу кітабында («құжаттар», «шот фактура», «сатып алу кітабына жазу») жазып қою керек.

Кіріс құжаттары бағдарламасы негізінде шот фактураны арттыруды ұсынады. «НҚ тусуі ( немесе МЕА ) құжатын» тандау керек. Құндылардың және төлеу мерзімін ( олар төленген болса ) кіріс мерзімін көрсету керек. Құжатты жазғанда «өткізу» сұрағы пайда болады.

Келесі сатып алу кітабына («құжаттар», «шот фактуралар», «сатып алу кітабына жазу) жазып қою қажет.

Жазу кезінде өткізгіштер істелінеді эксплуатацияға НҚ мен МЕА енгізу операциясын есептеу үшін біратты құжаттар қолданылады, толтыру реті ұқсас. Эксплуатацияға енгізілген актіні басуға болады. Сондай-ақ НҚ мен МЕА әрекет ету мерзімі аяқталғанын шығарып тастау құжаты бар.

5. Материалдармен операция есебі

Материалдардың келгенін есептеу үшін тізімде «Құжаттар», «Материалдар есебі» бөлімі тандалады, одан кейін «Материалдар түсуі» бөлімі. Кіріс ордері қалыптасады. Мерзімі, жабдықтаушы, шот фактура мерзімі мен нөмірі, келісім- шарт, қойма түрі, ҚҚС есептеу реті көрсетіледі. Кесте бөлімінде «Анықтамадан» материал түрі, саны таендалады. Бағасы, ҚҚС және сомасы автоматты түрде қойылады.

Одан құжатты жазып өткізу керек. Өндіріске материалдарды жеткізу бойынша операцияларды есептеу үшін біртекті құжат қолданылады, осыдан сұрау төлеу қағазы қалыптасады. Онда мерзім номенклатура түрі (өндіріске жіберген материалдар мысалы, стол) көрсетіледі.

Жұмсау түрі (материалдарды жұмсау) бөлімдері. Кесте бөлімінде «Анықтамадан» материалдар тандалады, сұраныс саны көрсетіледі, ал өткізілген саны автоматты түрде қойылады. Құжатты жазып өткізу қажет.



6. Амортизацияны есептеу.

Амортизацияны есептеу үшін «Регламенттер» «Амортизацияны есептеу» құжаты қолданылады.

Есептеу аралығы (соңғы ай күні) қою керек. Программа амортизация соммасын есептейді және өткізгіштерді қалыптастырады.

7. Жалақыны беру және есептеу үшін «Құжаттар» тізімінде «Жалақы» бөлімі тандалады, «Жалақыны есептеу» бөлімшесі есептесу ведомосы осында болады.

АУП жалақысын бөлек ведомосте есептеу ұсынылады. Жалақы бойынша жұмсау қатынасын есептеу көрсетіледі. «Қызметкерлер» белгісінде кесте көрінеді, онда біртекті «анықтамадан» қызметкерлер тандалады, жалақы мөлшері автоматты түрде қойылады, бірақ оны өзгертуге болады. Құжатты жазғанда өткізгіштер қалыптасады.

Назар аударыныздар! Программа құжат өтті ме, өткен жоқ па, қателер туралы хабар береді. Жұмысшылар жалақысы бөлек бөлімде есептеледі, 20-23 шотта көрсетіледі, және номенклатура түрі.

Жалақыны төлеу үшін біртекті құжаттар қолданылады. Төлем ведомості қалыптасады, қызметкерлер тандалады, төленген сомма автоматты түрде қойылады. Құжаттарды жазып өткізгіштер қалыптастыру.

Берілген жалақы соммасына шығыс кассалық ордер толтыру қажет.

Назар аударыныз! Айды жапқанда ЕСН есептеу өндіріледі.



8.Айналым бойынша операция есебі.

Дайын өнімді қоймаға шығару және жіберу бойынша операция есебі үшін «материал есебі» бөлімінде «Қоймаға ДӨ жіберу» құжаты қолданылады. Төлем қағазы қалыптасады, онда өнім түрі (анықтамадан) саны көрсетіледі, сомасы автоматты түрде қойылады. Құжатты жазғанда өткізгіштер қалыптасады.

Сатып алушыға шот жазып береді одан кейін өнімді төлеу бойынша төлеу қағазы толтырылады. («Құжаттар айналым тауар есебі», «Тауар төлеу» құжаты) құжатты жазғанда өткізгіштер толтырылады. Одан кейін шот-фактура жазылады және өткізіледі.

Назар аударыңыз! Құрау алдында бұл құжаттарда қойма типін көрсету керек. «Сервис» тізімінде «Жалпы параметрлер» бөлімінде.



9. Басқа ұйымдардың қызметін есептеу, контрагенттердің қызметін есептеу үшін, мысалы сумен қамтамасыз ету, тоқпен қамтамасыз ету, мүліктерді жалға беруді ұсыну, «Құжаттар» тізімінде, «Жалпы белгіленген құжаттар» бөлімі, «Басқа ұйымдардың қызметі» құжаты қолданылады.

Басқа ұйымдардың қызмет көрсеткені туралы Акт жасалынады. «Контрагенттер» анықтамасынан орыдаушы таңдалынады. Одан кейін корреспонденттік шот, субконто, қызмет түрлері, ҚҚС-сыз сома көрсетіледі. ҚҚС және жалпы сома автоматты түрде есептеледі. «OK» басқанда өткізгіштер қалыптасады.



10. Айды жабу.

Айды жабу үшін «Регламенттік құжаттар», «Айды жабу» құжаттары қолданылады. Өнімді айналдырудан қаржылық нәтиже анықталады, кіріске салық есептеледі.

11. Есеп беру. Есеп беруді қалыптастыру үшін «Есеп беру» тізімі немесе белгілер «Операция журналында» қолданылады. Бағдарлама кері-қалдықты ведомості шахматканы, есептеу нәтижесі және субконто, шот кәртішкесі және субконто, субконто бойынша шот анализі, кассалық кітап, сату бойынша кітап, сатып алу кітабы, Бас кітап. Аралық тапсыру қажет. Бухгалтерлік және салықтық есеп құрастыру үшін «Арнайы есеп беру» қолданылады. Аралықты беру қажет, мысалы қаңтар - желтоқсан 2007ж., содан кейін «Заполнить» батырмасын басыңыз.
Негізгі әдебиет: 1-4

Қосымша әдебиет: 18, 19, 20
Тақырып №10. Кадрлық есеп
Қазір біз кәсіпорынның қызметкерлерінің кадрлық есебінің мини-жүйесін құрамыз. Ол қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан шығаруға, сол сияқты кадрлық құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір коефигурация жеке каталогтарда сақталуы керек.

1. Кез келген дискіде жаңа бума құрыңыз, мысалы, "C:\Учебная"


2. «1С:Предприятие»-ны іске қосыңыз. Ақпараттық базаның тізімі ашылады.

1С:Кәсіпорын бағдарламасы бірнеше базалармен бір компьютерде жұмыс атқара алады. Мысалы,бір базада кадрлық есеп, екіншісінде – тауарлар есебі, ал үшіншісінде А фирмасы үшін бухгалтерлік есеп, төртіншісінде Б фирмасы үшін бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

3. «Добавить» батырмасын басыңыз. Тізімдер базасында көрсетілгендей ақпараттық база атын көрсетіңіз, мысалы, «Учебная». База аты кездейсоқ болуы мүмкін, одан еш нәрсе тәуелді емес.



4. Келесі өрісте 1 қадамдағы бумаға жол көрсетіңіз. «…» батырмасын басып, бумаға кіріңіз де «Выбрать» батырмасын басыңыз.


Бума компьютердің локальді қатты дискісінде орналасуы мүмкін, мысалы,

«C:\Учебная» немесе басқа компьютердің желісінде «\\SERVER\KADR». Бұл кезде бумаға барлық құқықтары беріліп, жеткізілуі тиіс (оқылуы, жазылуы, т.б.).

5. «ОК»-ді басыңыз. Ақпараттық база тізімінде жаңа жол пайда болады. Оны өзгерту үшін «Изменить» батырмасын басу қажет. Мысалы, ақпараттық базаны басқа жерге ауыстырды немесе сіз ақпараттық базаға басқа ат бергіңіз келсе. Ақпараттық базаны өшіру үшін «Удалить» батырмасын басу қажет. Бұл уақытта ақпараттық база тізімде өшіріледі де, бірақ дискіден өшірілмейді.

6. Іске қосу режимінде «Конфигуратор»-ды көрсетіңіз.



7. «Конфигуратор» режимінде базаны іске қосу үшін «ОК» батырмасын басыңыз.

8. Құрылған бумада ештеңе жоқ болған соң, онда 1С, мәліметтер базасы қай пішімде сақталғанын сұрайды: DBF немесе SQL-Server-де. «Файлы DBF» пішімін көрсетіңіз және «ОК» басыңыз.




9. «Конфигуратор» іске қосылады. Конфигурация ағашын ашыңыз, мұнда енді біз жиі жұмыс жасаймыз. Ол үшін: «Конфигурация» => «Открыть конфигурацию» командаларын немесе батырмасын басыңыз. Конфигурация ағашының терезесі пайда болады. Оған дұрыс өлшем беріңіз.

Бұл терезеде барлық конфигурация объектілері, оның ішінде: анықтамалар, құжаттар, есеп берулер және т.б. сияқты берілген. Ондағы бұтақтарды ашу үшін, екі рет «+»-ті немесе екі ретоның атына басу қажет.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет